-
Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері
(Х-ХІІ ғасырлар).Наймандардың саяси тарихы.Найман тайпалық одағы VIII ғасырдың ортасында Ертіс пен Орал өзендері бойында пайда болған.• Одақ құрамында 8 тайпа болған (найман-моңголша сегіз). Наймандар: батыста-қаңлы мен қарлұқтар, солтүстікте Енисей қырғыздары, оңтүстікте- ұйғырлар, шығыста керейлермен шектеседі.X ғасыр - найман мемлекеті құрылып, ол бірнеше ұлыстардан тұрды. Әр ұлыстың ханы болған. Билеушісі- хан. Салық жинаушы- герби. Ұлыс әскері ондық принципке негізделді. Наймандар мен керейлер мемлекетінде құқық нормалары қарапайым әдет-ғұрып жүйесіне негізделді. Іс қағаздары ұйғыр жазуында жүргізілді.• 1007 жыл. - наймандар мен керейлер несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады.• 1204 жыл - Шыңғыс хан наймандарды бағындырды. Найман ханы Күшлік өз адамдарымен Алтайға, Қара Ертіс алабына көшіп, сол жердегі найман, керей топтарына қосылды.• 1211 жыл - наймандар Жетісудағы билікті қарақытайлардан тартып алды.• 1218 жылы Жебе ноян шабуылынан Найман хандығы құлады.Керейлердің саяси тарихы (Х-ХІІ ғасырлар).Керейлер туралы алғашқы жазба дерекгер X ғасырда кездеседі. Керейлер батысында-наймандармен, солтүстігінде-меркіттермен, шығысында-татарлармен, оңтүстігінде- мәңгүрттермен көрші тұрды. Керей хандарының екі астанасы болды:• Сотүстікте- Орхон өзені бойында Қатынбалық қаласы.• Оңтүстікте- Хуанхэ өзені бойында.
XII ғасырдың екінші жартысындағы территориясы: Селенга-Хуанхэ өзендері, Хангай тауы-Халқын көлі аралығы. Керейлер билеушісі Тұғрыл хан (Еуропада Иоганн король атанған) ордасында болашақ, билеуішілер мен көсемдер саяси және елшілік істерге тәрбиеленген (Темучин, Жамүқа т.б.).1203 жылы моңғолдар шапқыншылығынан Керей мемлекеті құлады. Халқы бірнеше аймаққа тарады:• Моңғол мемлекетінің құрамына енді.• Солтүстік Қазақстан мен Жетісуға көшті.• Батыс Сібірге жылжып, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері бойында мемлекеттік бірлестік құрды.Бұл мемлекеттік бірлестіктің негізін талушы - Тайбұға хан. Астанасы- Чимга — Тура (Тюмень маңы). Моңғол шапқыншылығнан кейін керейлер Жошы ұлысының қүрамына кіріп, қазақтардың Орта жүзінің тармағына енді.
-
1 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23
Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелесаймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайықаралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат.Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспийтнедейін, кейде Маңғыстаумен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о.Алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “МаңғытОрдасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында(1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған.Бұл атаудың шығу тегітуралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерініңқолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы”аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ныңнегізінЕдіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өзқолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісіР.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаныайтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектербегі”немесе “ұлыәмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырмабаласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ныңдаралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұрәд-Диннің (1426 – 40) тұсындааяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшыққ. болды. Алтын Ордаыдырағаннан кейін пайда болған өзгеде ордалар сияқты Н. о-нда этн.Құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Басбилікті “бектербегі”, әміратқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.),“қарахалық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болсада,Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. Тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едігеұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғдыңорташенінденоғайлар Сырдарияныңортаағысындағықалалардыбасыпалып,Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақасби, Мұсамырза,Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік
үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібікөшпелі малш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын,жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақхалқының этн. Құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о.Мен Қазақхандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ.Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. Орыс мемлекетіменсаяси және сауда-экон. Байланыстар орнатып, ноғай билеушілері МәскеуменҚазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н.о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғайордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды
-
Мұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
Керей өлген соң, 1474 жылы оның ұлы Мұрындық хан болды (1474-1511). Оның билігі тұсында мемлекеттік билікті орталықтандыру, хандықтың Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарында позициясын нығайту жолында едәуір шаралар жүргізілді.80 жылдардың басынан Мұхаммед Шайбанимен Сырдария жағалауы қалалары үшін күрестің жаңа кезеңі басталды. Ферғана мен Сырдарияның орта ағысын иемденуге ұмтылған моғол хандарының араласуымен бұл күрес тіпті шиеленісіп кетті. 1482-1485 жылдары Жүніс хан Сайрам мен Ташкентке ие болып, Мұрындық Мұхаммед Шайбани иеліктеріне таяу келді. Соңғыға аз уақытқа Сығанақты иеленудің сәті келді. Қазақтар Отырарды, Түркістанды, Арқұқты қоршап, Шайбаниді бұл жолы Хорезмге қашуға мәжбүр етті. Сайрам мен Ташкентте билік еткен Моғол ханы Сұлтан Махмұд Түркістанда өзінің ықпалын кеңейтуге тырысты және осы мақсатпен 90 жылдардың басында Мұхаммед Шайбаниді одақтасы ретінде қолдап, Отырарды бағындырды. Бұл стратегиялық қатынаста маңызды қаланы иеленген Шайбани Сауран мен Түркістанды басып алды. Сауранда Мұхаммедтің бауыры Махмұд сұлтан отырғызылды.Моғолдардың өзбектермен одақтасуына алаңдаған қазақ сұлтандары әскерлерін Сырдария алқабына тағы қозғады. Екі рет болған шайқаста моғолдар талқандалды, ал Сауран тұрғындары өзбек гарнизонына қарсы көтеріліс жасап, Махмұд сұлтанды серіктерімен қазақтарға ұстап берді. Мұрындық хан Отырарды бағындырғысы келгенімен, оның сәті түспеді, Отырар Түркістан сияқты Шайбанидың қолында қалды. Сонымен XV ғасырдың соңына таман Сырдария алқабы үш мемлекеттің – Өзбек, Қазақ және Моғол арасында бөлінді.
Қазақ хандары мен Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан арасындағы Сыр бойы қалалары үшін күрес XV ғ. 80-90-шы жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас нәтижесіне әмір Темір мұрагерлері мен Мағұлстан хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен, қазақ ханы Мұрындықтың (1474-1511ж. билік құрған) бұл соғысты XV ғ. соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Тынымсыз күрес нәтижесінде шайбанилар Отырар, Ясы (Түркістан), Арқұқ және Өзгеннен әмір Темір мұрагерлерін ығыстырады. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Арқұқ, Өзгеннен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446 ж.) Әбілқайыр ханның уақытша иемденгені болмаса, өзге қалаларды Мұхаммед Шайбанидың ата мұрасы санауға ешқандай да негізі жоқ-тын. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде Мағұлстан ханы Сұлтан Махмұд билік құрды.Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдария төменгі ағысы өңіріп, Арал жағалауын иемденді.XV ғ. соңғы он жылдықтарында шайбанилар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі қалалары үшін жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде бұл күрес белгілі дәрежеде Орталық және Оңтүстік Қазақстан далалы аймақтарын мекендеген халықтарды да өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары, осы аймақтарға жалғасып жатқан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан ары ұзап шыға алған жоқ.Сонымен, XV ғ. соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысы бар маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілқайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы аумағында қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен, бұл тарихи мезгіл қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVI ғ. бас кезінде Мауреннахрды әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде Шығыс Түркістанды (Қашғария) билеген Мағұл хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларына орнығу міндетін алдына қойған Мұрындық хан Жетісу, Орталық және Оңтүстік соңынан біртіндеп Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі ру-тайпаларды хандық билігінің төңірегіне жұмылдыра білді. XVI ғ. алғашқы он жылдығы қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани хан қолдарының тегеурінді шабуылына топтарыс беру жағдайында өтті.
-
«Зар заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық: Дулат Бабатайұлы Шортанбай Қанайұлы, Мурат Мөңкеұлы және т.б.
Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас – тартыс , алауыздық, арызқойлық – қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды.Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді.Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді.Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы ,Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді.Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат сияқты « зар – заман » ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан « замандастарының құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының