Жалпы, елбасымыз бүгінгі әлемнің жаңа тарихында бұрынғы халифалар мен сұлтандардай бір басшы, бір жолбасшы ретінде дінаралық және ұлтаралық татулық пен үндестік идеологиясын жүргізіп, әлемге бейбітшілік шаңырағын тұрғызуға қадам жасауы – біздің еліміздің бейбітсүйгіштік қасиетін үлкен айғағы. Мемлекетіміздің көптеген азаматтары Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен асыл қасиеттерін әрдайым мақтан тұтады. Бұл жетістіктеріміз әлем жұртшылығына үлгі екені де мәлім. Жаңа мыңжылдықта толастамай отырған әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстардың алдын алуға ықпал ету үшін еліміз көптеген іс-шараларды қолға алуда. Астанадағы әлемдік Діндер Съезді – еліміздің осындай табанды ұстанымының бір көрінісі. Сондықтан, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының әр үш жылда бір рет өтіп тұратын съезі дүние жүзінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өркениеттердің өзара үндестік табуы ісінде айтарлықтай маңызға ие.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері. Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Бұл біздің мәңгі құндылығымыз. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы» – дегені бар. Басқа елдерге үлгі болып жүрген мемлекетіміз бейбітшілік пен өзара келісім ішінде 140 ұлт пен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Біздің ішкі саясатымыздың өзі бейбітшілік пен келісімді ту етіп, басқалар құра алмаған қоғам бізде орнағанын нық көрсетеді.Қазақстан Республикасның Конституциясына сай, еліміз құқықтық, зайырлы және демократиялы ел. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі екені бізге мәлім. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс мол болары айдан анық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде былай деген болаын: «Конституция бойынша, заң бойынша өмір сүру – жай ғана қажеттілік пен азаматтық міндеттілік емес. Бұл – азат адамдардың артықшылығы. Өз құқықтарының бағасын біліп, басқалардың да осындай құқықтарын мойындайтын адамдардың артықшылығы. Осындай жағдайда ғана біз – жеке азаматтар емес, Қазақстан халқымыз, тұрғындар емес, қоғамбыз, азаматтық қоғамбыз. Географиялық кеңістік емес, бізді біріктіретін – еліміз». Әрине, әрбір азамат өз ортасы мен қоғамының бейбітшілігі мен келісімін құрметтей алуы тиіс. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген қазақтың даналық сөзі бүгінде «Мемлекетіне қарап, азаматын таны» дегеннің кері боп тұр. Мемлекетіміз қайтсе «мәңгілік ел» болады? Бұл – замандастарымыздың өз міндетіне деген жауапкершілікті түсінуіне, әділдік пен адалдықты, бейбітшілік пен келісімді басты ұстаным ретінде алуына тікелей байланысты. Бір ғана мысал, президентіміз ЕЭО-ны құрудағы тағы бір мақсат – бұл әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудың төте жолы. Осы одақ арқылы адамзаттың татулығын сақтау үшін көптеген мүмкіндіктер ашылады.
Бірлік бар жерде – тірлік барын ұққан халықпыз. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық, бейбітшілік пен келісім үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатынын еліміздің соңғы жылдардағы тәжірибесі дәлелдеп берді. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, әлемдік беделі қалыптасып, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы және бұл жер бетінде қырғи-қабақ боп жатқан басқа елдерге үлгі. «Халқымыздың, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілігі мен келісімін көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек» деген президентіміздің сөзі әрбір Қазақстандықтың жүрегінде нық орнаулы. Біз әлемдік кеңістікте күллі адамзаттың бейбітшілігі мен келісімін сақтау жолында еңбек етіп жүрген президентімізді бір жұдырықтай қолдауымыз қажет. Бейбітшілік пен келісімнің туы құламауы үшін де Қазақстан алдағы уақытта тек Дін Съездерін ғана емес, ұлттар съезін, бейбітшілікті насихаттаған мемлекеттер съезін өткізіп тұруы тиіс. Біз әлемге осылайша нұрымызды шаша береміз!..№78 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ-ПЕДАГОГТІҢ ӨСУ НЕГІЗІ Республикамыз қазір ТІМSS зерттеулеріне қатысатынын білеміз. Халықаралық ТІМSS зерттеуі - бастауыш сыныптар бойынша 4 сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төрт жылдық мерзіммен өткізіледі. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады. Бағдарламаны оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық Қауымдастығы (IEA) үйлестіреді.1995 жылдан бері бастау алатын TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуінің негізгі мақсаты 4 сынып оқушыларының математика мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау және басты мектепішілік және мектептен тыс білім детерминанттарын анықтау болып табылады.Қазақстанның аталмыш жобаға қатысуы білім сапасын дамытуда стратегиялық маңызға ие, әсіресе елімізде Халықаралық білім берудің көпшілікпен мақұлданған принциптеріне негізделіп құрылып жатқан 12 жылдық білім беруді енгізу аясында бағыт береді. Зерттеу нәтижесінде алған мәліметтер білім сапасы мен әлемдік білім беру жүйесіндегі орны жөнінде ой өрбітуге мүмкіндік береді.Ал, енді осы зерттеулердегі еліміздің орынына тоқталайық. 2007 жылы TIMSS зерттеуіне еліміздің 141 мектебі қатысты. Оның ішінде 89 қала , 52 ауыл мектептері еді. Жалпы зерттеуге 3 990 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Соның ішінде 2 394 қазақ тілінде, 1596 – орыс тілінде білім алушылар.
Зерттеуге қатысушы 36 мемлекет ішінде қазақстандық оқушылардың білім жетістігі жоғары және халықаралық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары деп бағаланды. Оқушыларымыздың математикадан орташа көрсеткіші 549 ұпай, бұл көрсеткіш 36 ел ішінде 5 орынға лайық болса, ал жаратылыстанудан орташа көрсеткіші - 533 ұпай, аталмыш көрсеткіш 36 қатысушы елдер ішінде 11 орынды көрсетеді. Жалпы алғанда осы сынақта еліміз 7 орынды иеленді.Араға үш жыл салып, осы көрсеткішті көрсете алмадық. 2011 жылғы зерттеу кезінде елімізден 154 білім беру ұйымы қатысты. 78 – қала, 76 – ауыл мектептері. Жалпы зерттеуге 4 385 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Соның ішінде 2 660 - қазақ тілінде, 1 725 - орыс тілінде білім алушылар. Нәтижесінде орташа көрсеткіш төмен екені анықталды. Қазақстандық 4 сынып оқушыларының математикадан орташа көрсеткіші 501 ұпай, 27 орынғасәйкес, ал жаратылыстану пәнінен – 495 ұпай, 32 орын. Сөйтіп сарапшылар еліміздің оқушыларының деңгейін 28 орынға қойды. Бұл қалай сонда? 3 жыл ішінде білім деңгейіміз соншалықты құлдырап кеткені ме?Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы,олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет».
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген.Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.Оның бірінші механизмі - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту / МЖБС -мемлекеттік стандарт/ . Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практиакалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:1. Басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;2. Ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;3. Коммуникативтік /қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;4. Әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;5. Тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;6. Азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/ технологиялық / ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;7. Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.
Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі - оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған / Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS , PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы . Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін, жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады.Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі - ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез - құлық, әдеттрден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс. Бұл үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылады.Төртінші механизм - қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады.