Бастысы бізге білімді тек жаттау емес, оны өмірде пайдалану керек. Ұлы ғұлама Сағди айтпақшы: «Білімді игеріп, оны өмірге қолданбаған адам жерін айдап, дәнін сеппеген дихан секілді». Білімді көкірегіне тоқып, миына сақтап ғана үйренген, оны өмір тәжірибесінде қолданбаған адамнан не пайда, не қайыр? «Көзі танып тұрғанмен, қолы етпесе іс бітпес» дегендей «жаттанды» оқушыларды қашанғы дайындай береміз. Мұнымыз тас құдыққа су құйып, ағытылғалы тұрған бұлақтың көзін ашпаудан аумайтын іс екенін талайлар айтып та жүр. Сондықтан оқушының жаттап айтқан сабағына ғана қарап емес, жанбай жатқан жалынына қарап бағалап, оны өмірге бейімдеу керек. Сол арқылы бала білімін дамытып, оны өмірінде қолданған дұрыс. «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» дегендей біз мектептегі баланың өзін үлкен өмірге дайындауымыз керек. Яғни, білім берілумен ғана маңызды емес, оның өмірде қолданылуы, қайтарылуы, шексіз пайда әкелуімен маңызды. Бұл біз айтып жүрген дамыған елдердің ұстанымы.№
79 МЕКТЕПТЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ РӨЛІМектеп өзін-өзі басқару - бұл әр мектепте бар ескі жүйе. Ол кеңес дәуірінде дүниеге келген. Дегенмен, кеңес мектебінің өзін-өзі басқару жұмысы қазіргі заманнан айтарлықтай ерекшеленді.Бұл айырмашылық неде? Кеңес уақытында биліктің қатаң орталықтандыруы сияқты мұндай құбылыс кең тараған. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар мектеп басшысының қызметіне әсер ете алмады. Демек, мектептің өзін-өзі басқаруы қатаң құрылымға ие болды, толықтай және толығымен режиссерге бағынады, тек оның бұйрықтарын орындады. Мектеп өзін-өзі басқарудың негізгі мақсаты студенттер арасында қатаң тәртіпті орнату және жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау болды. Тиісінше, мұндай өзін-өзі басқарудың тиімділігі нөлге тең.Қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Біздің билік ресми түрде демократиялық болды, яғни барлық оқушылар мектептің жұмысына дауыс беруге және өз үлестерін қосуға құқылы екенін білдіреді. Мұғалімдер мен ата-аналар мектеп әкімшілігінің саясатымен келіспеушіліктерді айтуға және мәселені шешудің жолдарын ұсынуға құқылы. Мектеп өзін-өзі басқару - бұл мектеп директорына мойынсұнудың ғана емес, сонымен қатар мектептегі жұмысын ұйымдастыруға әсер етуі мүмкін жүйе. Мектеп өзін-өзі басқару міндеті - мектепке қызықты және әдемі болу, студенттердің қызметін бақылау және дамыту, үйлестірілген жүйені ұйымдастыру.Мектеп өзін-өзі басқаруға түрлі органдар кіреді. Мәселен, мектепте оқушылар мен тәртіптерге жауапты орган бар. Оның міндеті - студенттердің көрінісін тексеру, мектеп алаңдарын тазалауды ұйымдастыру және басқа да іс-шаралар. Іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты орган, түрлі мерекелерді, жарыстарды жоспарлайды және өмірде ойластырылған нәрсені бейнелейді. Спорттық шаралар спорттық шараларға жауап береді. Редакциялық кеңес мектеп ғимараттарын жобалау мен жобалауға жауап береді. Баспасөз орталығы мектеп газетін шығарады, мектепте болып жатқан жаңалықтар мен қызықты ақпаратты жинайды.Мектеп басшылығының басшылары айына бір рет кем дегенде өз органдары мен сыныптық активтерінің басшыларына кеңес өткізеді. Кеңес мектеп өзін-өзі басқарудың одан әрі жұмысын үйлестіреді, нәтижелерді қорытындылайды, мектептің өзекті мәселелерін анықтайды және оларды шешудің жолдарын ойластырады.Сонымен қатар, мұндай кеңестер мектеп өзін-өзі басқарудың жұмыс жоспарын талқылайды. Әдетте мұндай жоспар бастапқы және соңғы кездесулерді жылдың соңында және жыл басында, іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді, аумақты тазалауды және аумақты тазалауды, студенттердің пайда болуын тексеруді қамтиды.
Әрине, мектептегі өзін-өзі басқару, дәлірек айтқанда, оған кіретін органдарда өздерінің бірегей атаулары болуы керек. Осылайша, Кеңестің жұмысы өздігінен басқаруды қызықты әрі қызықты етіп жасайтын оқушылардың көптігін қамтиды және мектеп өзін-өзі басқарудың түпнұсқалық жүйесі бар мектеп ерекше және ерекше!№80 МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ-АДАМНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ӘЛЕМДЕГІ НЕГІЗГІ ДАҒДЫСЫБіз білетін сауатты адам әріп танып, қолына қалам ұстай алады. Әріп таныған адам мәтін оқып, оның мағынасын түсіне біледі. Оқыған адам өзі шимақтап, біртіндеп жазуды үйренеді. Бұл – мектеп табалдырығын аттаған кез келген бала машықтанатын қабілеттер. Баршаға аян нәрсені неге тәптіштеп айтып отыр дерсіздер? Сол оқып отырған мәтіннің түрі мен түпкі мағынасын түсіну қаншалықты қиын болуы мүмкін? Бір қарағанда, оп-оңай.Ал мақаламызға арқау болған медиа сауаттылық тұрғысынан келгенде әріден бастауға тура келеді. Ең алдымен «медианың» не екенін анықтап алайық. Бірден газет-журнал, радио, телевизия, интернет дерсіз. Қолыңыздағы кітап пен смартфон, көше бойындағы жарнама тақтайшалары, дүкеннің маңдайшасы, фильм, көне ескерткіштер, видео ойындар, музыка, аңыз-ертегілер мен ауызекі сөзге дейін медиаға жатады дегенге не дейсіз? Медиа – ағылшынша medium сөзінің көпше түрі, ақпарат жеткізетін кез келген коммуникация құралын осылай атауға болады. Енді технологияның қарыштап дамуымен енген медиасауаттылық ұғымы нені білдіреді?Біз жоғарыда айтқан ақпарат құралдары арқылы адам күніне қанша ақпарат алатынын білу үшін, 2020 жылы орташа есеппен күн сайын қанша дерек пайда болғанын қарап көрейік. Бұл сан күніне 2,5 квинтиллион байтты құраған. Квинтиллион деген сан мөлшерін бірінші рет көріп тұрсаңыз, жалғыз емессіз. Салыстырып көру үшін 18 нөлі бар екенін айта кетейік. Әрине, осы секілді адам күніне, секундына қанша ақпарат өңдейтінін көрсететін толып жатқан өзге де статистиканы келтіре беруге болады.Десе де, үй мен жұмыстың арасының өзінде қанша нәрсе көріп, қанша ақпарат оқитыныңызды өзіңіз де біліп отырсыз. Ол мәліметтің барлығына зер салып қарау міндетті емес, миыңыз өзі қабылдап өңдей береді, ал жадыңыз сақтай береді. Бұл ақпараттарға ортақ бір нәрсе бар, ол – авторының болуы. Кез келген ақпаратты таратарда белгілі бір себептің болатынын есте ұстау керек. Ал сол себепті түсіне білу – медиасауаттылықтың негізі.Бізді қоршаған дижитал заманда ақпараттың қайдан, қандай мақсатпен шыққанын, қаншалықты сенімді екенін анықтау одан сайын қиындай түсті. Дегенмен, мойындағымыз келсе де, келмесе де, бұл бүгінгі күннің ең маңызды қабілеттерінің біріне айналды. Қоршаған ортаны енді танып-біліп, дүниетанымы қалыптасып келе жатқан, болашақта толығымен технология дәуірінде өмір сүретін балаларға бұл, тіпті, өзекті. Медиасауаттылықты балаларды ақпараттан қорғау деп түсінуге әсте болмайды. «Баланың миын улайтын контент көрсетпеймін» деген желеумен теледидарды өшіріп, интернетті шектейтін ата-ананың әрекетімен ақпаратты айыра алатын ұрпақ тәрбиелеудің арасы жер мен көктей.
Медиасауаттылық анықтамаларында бірінші мән беретін нәрсе – адамның сыни ойлай білу қабілеті. Бұл шетінен барлығын сынау емес. Сыни ойлай білетін адам біржақты пікірден аулақ болады, кез келген ақпаратты түрлі ракурстан талдай біледі. Бұл – негізі мектеп жасында қалыптасатын машық. Батыс елдерінде білім алған отандастарымыз біздің білім беру бағдарламамыз осы жерде ақсайтынын жиі алға тартады. Ата-ананың, ұстаздың, не өзінен жасы үлкен адамның айтқанын өздігінен саралап, жеке пікірін білдіру – бұрыс не тәрбиесіздік емес. Кішкентайынан кез келген айтылған нәрсені сұраққа алып, шамасы келгенше талдай білетін балалардың уақыт өте келе сыни ойлау қабілеті қалыптасады. Міне, осы машықты бойына сіңірген бала медиасауаттылықтың негізін меңгерген десек артық емес.Ақпарат көбейген сайын оның ақиқат не жалған екенін анықтау қиындап кетті. Оған пандемия кезінде толық көз жеткіздік. Коронавирус туралы бұрмаланған ақпараттар әр отбасында талқыланды. Бұған шүбә келтірмейтініміз анық. Вакцина салған жерді магнитпен тексерген талайды көрдік, әлі көретінімізге сенімдімін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданысқа пандемиядан қаупі кем емес «инфодемия» терминін енгізді.Жалған ақпараттың кең тарағаны соншалық, медиа және коммуникация саласында фактчекиң бағыты пайда болды. Ол бойынша деректерді тексеріп, хабарлардың рас-өтірігі анықталады. Былтыр пандемия кезінде індетпен қатар, ақпараттық вирустың кең тарағаны соншалық, Қазақстан үкіметі арнайы stopfake.kz жобасын іске қосуға мәжбүр болды. Бұл салада жалған ақпарат мәселесінің кезек күттірмейтінін көрсетті.Қоғамда медиасауаттылықтың деңгейін көтермесек, салдары қандай болатыны туралы журналист, фактчекер, Factcheck.kz онлайн басылымының редакторы Павел Банниковпен әңгімелестік. Ол бұл мәселенің салдарын қазірдің өзінде байқауға болатынын айтады.– Қоғамда медисауаттылықтың төмендігі үрейге, сенімсіздікке, денсаулық саласындағы жобалардың сәтсіз болуына, әлеуметтік поляризацияға, жек көрушілікке алып келетінін былтырдың өзінде анық көрдік. Бәрімізге айқын күнделікті көріністің бірі – халық алаяқтардың алдында қорғансыз қалады. Былтырғы статистиканың өзінен алаяқтардың арбауына түскен адамдардың қаншалықты көп екенін көруге болады. Алаяқтар келтірген залал 2019 жылмен салыстырғанда 180 млрд теңгеге артқан. Бұл құқық қорғау органдарына шағымданғандардың үлесі ғана, ақшаға алданғанын айтқысы келмейтіні қаншама. Қоғамда медиасауаттылықтың төмендігінен туындайтын ең қарапайым мысал осы. Ал болашақта ең қорқыныштысы – қоғамдағы поляризация дер едім. Халықтың біртұтастығы бұзылғанда, медиасауатсыз қоғамда үлкен ақпарат ағынын радикалды топтардың теріс ойлары оңай жаулап алады. Бұл – Қазақстан үшін де ең қауіпті мәселе, – дейді сарапшы.
Расымен, интернет алаяқтарды айыра алмау – қауіпсіздік саласындағы үлкен мәселелердің бірі. Жауапкершілік құқық қорғау органдарының мойнына артылғанмен, бұл да медиасауаттылыққа келіп тіреліп тұр. Осы секілді ақпаратты саралай алмай опық жеген жан қаншама. Бұл, әсіресе, әлеуметтік желі мен интернеттен оқыған кез келген мәліметке сене кететін орта жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі.Мәселенің өзектілігін анықтадық. Оны шешу үшін не істей аламыз? Дамыған елдердің мысалына зер салсақ, бұл мәселе өткен ғасырдың соңында көтеріле бастаған. Сонда зерттеушілер мен сарапшылар медианың қоғамға теріс әсерін саралай келе, күнделікті тұтынатын ақпараттың қайдан, қалай, қандай мақсатпен тарағанын ажырата білу керек деген тоқтамға келген. Осылайша медиасауаттылық деп аталатын пән Батыста мектеп бағдарламасында оқытылатын болған. Қазір әлемдегі басқа да елдер бұл мәселенің өзекті екенін айтып, көбірек көңіл бөле бастаған. Осында бір қуанышты жаңалықты айтпай кетпеуге болмас. Жақында Қазақстандағы медиасауаттылық бойынша алғашқы оқу құралын мемлекеттік комиссия мақұлдап, білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынды. MediaNet халықаралық журналистика орталығы дайындаған оқу-әдістемелік кешенді еліміздегі оқу орындарында қосымша сабақ ретінде өтуге болады деген сөз. Су жаңа оқулық туралы жоба жетекшісі Алена Кошкинадан сұрастырып білдік.– Біз алдымен сынап көру үшін оқулықты 2019 жылы орыс тілінде басып шығардық. Оқу құралы Қазақстанның төрт мектебінде, тіпті бір университетте сынақтан өтті. Сонымен қатар, Алматы мен Қарағандыда медиасауаттылық курсының бағдарламасы қабылданды. Мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша тренингтер 2019 жылы басталып, әлі де өтіп жатыр. Енді Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мұғалімдерді оқу құралына негізделген бағдарлама бойынша оқытуды жоспарлап отырмыз. Оқуға тартылған мектептердің толық тізімі жақын арада келісілетін болады, – деді А.Кошкина.Мақалаға арқау болған мәселенің осылайша іс жүзінде шешім тауып жатқаны қуантады. Енді тек мектеп басшылары бүгін білімді жас ұрпақ тәрбиелеуде олардың медиасауаттылығын көтеру қаншалықты маңызды екенін бірден түсінсе дейміз. Шетелден келген тағы бір «сәндегі» сөздердің бірі ғана деп қабылданбаса екен.Жалпы, оқулық жоғары сынып оқушылары мен ересектерге де арналған. Бұл туралы жобаның қазақ тіліндегі редакторы Жұлдыз Әбділда айтып берді. Ол елімізде медиасауат деңгейі төмен екенін, тіпті әріптестерінің арасында кездесетінін алға тартты.