Материал: 1билет Сауатсыздыты жою, ызыл отау тарихи терминдеріні анытамасын берііз

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
[15]
19-билет
1) «Антропогенез», «антропология», «этногенез», «этнология» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

Антропогенез- (грек. Anthropos-адам, genesis-шығу тегі)-антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке билогиялық түрінде болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.

Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.

Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді

Антропология (көне грекше: ἄνθρωπος — адам) — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.

[5]

2) «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі мазмұнын жеті құндылық негізінде түсіндіріңіз.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізіндегі маңызды жалпыұлттық 7 құндылық:
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

[10]

3) «XIX-XX ғасырларда қазақ өлкесінің моноэтникалық құрамы патша үкіметінің саясаты барысында өзгеріске ұшырады». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

XIX-XX ғасырларда қазақ өлкесінің моноэтникалық құрамы патша үкіметінің саясаты


барысында өзгеріске ұшырады деген пікірмен толықтай келісемін. Оған осындай дәлелдеркелтіре

аламын. XIX-XX ғасырларда болған бұл үдерісті мен өзім 4 кезеңге бөлуші едім.

1-ші кезең: XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы Ресей үкіметінің отаршылдық

саясатының бағыттарының бірі орыс шаруаларын осында көшіру болды. Бұл үшін жағдайлар 1861

жылы Ресейдегі басыбайлық құқықтың жойылуымен жасалды. Империяның шығыс аймақтарына

шаруаларды көшіру арқылы патша үкіметі Ресейдің ішкі провинцияларындағы аграрлық

мәселесіншешугеуге тырысты, сонымен қатар олардан әлеуметтік қолдау табады деп күтті.

Қазақстанды отарлаудың алғашқы кезеңінде Ресей үкіметі әскери казак елді мекендерін

құрумен шектелді. Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанға шаруаларды көшіру XIX ғасырдың

60-жылдарының ортасында басталды. 1866 жылы Батыс Сібірдің бас басқармасы қоныс

аударушыларды қазақ даласына "қондыруға" рұқсат беретін қаулы қабылдады. 1867-1868

жылдардағы реформа бойынша Қазақстан жерлерін мемлекеттік меншік деп жариялау оларды алып

қоюға (экспроприациялауға) жағдай жасады.

Жетісу облысына қоныс аударған шаруалардың үлкен ағыны жіберілді. 1868-1880 жылдары

мұнда 3 мыңнан астам отбасы қоныстанды. Көші-қон саясаты кезінде Сырдария облысында қоныс

аударушы шаруалар үшін 37 кент құрылды. Сырдария және Жетісу облыстарына қоныс аударған

шаруалардың көпшілігі Ресейдің орталық және Оңтүстік провинцияларынан, әсіресе Воронеж

губерниясынан болды.

2-ші кезең: XIX ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап Қазақстанға шаруалардың

одан да қарқынды қоныс аударуы басталады. 1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысына

байланысты" Сібір темір жолының Арнайы комитеті " пайда болды, ол патшалық аграрлық

саясатының белсенді жүргізушісі болды, әсіресе жерді қоныс аудару қорына бөлу бөлігінде. 1896

жылдан бастап Қазақстанның Дала облыстарында артық жерді анықтаған экспедициялар жұмыс

істеді.

3-ші кезең: Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі – ұйғырлар мен дүнгендердің

Жетісу өлкесіне қоныс аударуы. Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-1877 жылдары ұйғырлар мен

дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да қатысты.

Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы


басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс басылғаннан кейін Жоңғария мен

Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы – Шыңжан болды. Ұйғыр

мен дүнгендерге қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты болды.

1881-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық

құбылыс болды. Алғашқыда 45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыз

өңіріне қоныстанды. Қазіргі Алматы облысының жерінде алты ұйғыр болысы ұйымдастырылды.

Ұйғырлар негізінен егін шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, Шарын өзендерінің

бойында орналасты. 1897 жылғы санақ бойынша, ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға

көбейді.

4-ші кезең: Столыпиннің аграрлық реформасының негізгі мақсаты елді мекендерде аграрлық

буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдің аграрлық мәселесін

шешу болатын.

Петр Столыпиннің Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін

өте қолайлы Қазақ өлкесінің жері де ерекше көзіне түсті. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды

қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді.

Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілді. Жер бөлуші мекемелерге

жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен

кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.

Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына

күшті серпін берді. Мәселен 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына үш жүз

мыңға жуық адам қоныстанса, кейінгі жылдары қоныстанушылар саны 770 мың адамға жеткен. 1897

жылғы жалпыхалықтық санақ бойынша Дала елкесінде орыстардың үлесі жиырма пайызды құраса,

ал 1917 жылы олардың үлесі 42%-ға жетті.

[15]
20-билет


  1. «Руна жазуы», «Орхон-Енисей жазулары», «трактат» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

Руналық жазу (көне сканд.run - көне, құпия) орыс. руническое письмо — 2—3 ғғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудың таңбалары сына тәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған. Бұл әліпбидің құрамы, таңбалануы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған.


Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.

Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы).

Трактат — нақты бір тақырыпты талқылайтын және шешу жолдарын көрсететін философиялық, теологиялық немесе ғылыми шығарма.
[5]

2) Қазақ аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру себептерін түсіндіріңіз.

Бүгінгі мемлекеттердің басым көпшілігінің халқы көпұлтты сипатқа ие. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформалары барысында алғаш рет қазақ халқының құрамында үлкен өзгерістер басталды. Қазақ халқының ұлттық құрамы моноэтникалық тұтастықтан полиэтникалық сипатқа ие болды. Халық саны жайлы мәліметтер салық мөлшерін, жер иелігі мен жерді пайдалану жүйесін айқындау үшін қажет еді

[10]

3) «Қазақтардың этногенезі көшпелілер өркениетінің пайда болуымен тығыз байланысты». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты

[15]
21-билет
1) «Кодекс куманикус», «Дешті Қыпшақ», «Құтты білік» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

[5]

2) VI ғасыр мен XIII ғасырдың бас кезіндегі қазақтар этногенезінің ерекшелігін түсіндіріңіз.

[10]

3) «Қазақстан – ұлтаралық келісім мен татулық орнаған мекен». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

[15]

22-билет
1) «Жошы ұлысы», «Маңғыт жұрты», «Өзбек ұлысы» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

[5]

2) «Депортация», «арнайы қоныс аударылғандар», «полиэтн икалық қоғам», «моноэтникалық қоғам», «интернационализм» ұғымдарын пайдалана отырып Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіріңіз.

[10]

3) «Қазақстан Ресей империясының құрамына қосылғаннан бастап өлкеде ғылыми зерттеу үдерісі басталды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

[15]
23-билет
1) «Азамат соғысы», «интервенция», «депортация», «коммунистік партия» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

[5]

2) XVIII-XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы зерттеулердің мақсаттары мен бағыттарын анықтаңыз.

[10]

3) «Қазақ халқының этногенезіне моңғолдардың жаулап алуы кері әсерін тигізді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

[15]
24-билет
1) «Ориенталистер», «Орыс географиялық қоғамы», «саяси жер аударылғандар», «экспедиция» терминдерінің анықтамасын беріңіз.

[5]

2) Қазақ қоғамындағы шежіре және туыстық қатынастар қағидасының маңыздылығын түсіндіреді.

[10]

3) «Кеңестік биліктің ұлттарға қатысты саясатты дұрыс жүргізбеуі ұлтаралық мәселелерді шиеленістірді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер мен дәйектерді келтіріңіз.

[15]
25-билет
1) «Жүз», «шежіре», «ру-тайпалық бірлестік», «патрономия» терминдерінің анықтамасын беріңіз.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/215581