Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Бізге белгілісі оның «Шежіре» және «Әлемге саяхат немесе Жердің си­­пат­тамасы» деп аталатын екі шығармасы. Оның өзі толық сақтал­ма­ған. Тек одан кейінгі авторлардың оған сілтемесі арқылы белгілі болып отыр.

Гектай алыс жерлерге саяхат жасаған, Африкада болған. Оның гео­гра­­­фия­лық шығармаларында Азия, Африка және Европа елдеріне сипат­та­ма бе­ре­ді. Ол елдердің табиғаты, өзен–көлдері, тұрғындары жөнінде мәлі­мет бе­ре­ді. Әлемнің картасын жасауға тырысқан, Анаксимандра картасын то­лықтыра-ды. Бізге дейін оның 300 фрагменттері жаткен. Әсіресе Африка жөнінде то­лық мағұлымат беруге талаптанады. Оның пигмей тайпасы ту­ра­лы жазған­дары осы күнгі этнограф–зерттеушілерді қызықтырары анық. Көне Мысыр жерінде абыздарға өзін құдайдың 16-ұрпағымын деп таныстырады. Әрине олар бұған сенбейді, бірақ оның тегін адам еместігін түсінеді.

Оның біздің пәнімізге жақын «Шежіре» еңбегінде өзіне белгілі әу­лет­терді тарихи оқиғалармен байланыстырады. Мұнда ол аңыз–әңгі­ме­лер­­ді, гео­графия­лық атауларды қарапайым скептицизм тұрғысынан қа­рас­тыр­май, рациональді түсіндіруге тырысады. Яғни, Гектай ондай шы­ғар­малар­ға тарих дерек ретінде қарады деп айтуға толық мүм­кін­ші­лі­гі­міз бар. Өкі­ніш­тісі шы­ғар­ма бізге толық жеткен жоқ, фрагменттерін Ге­ро­­дот өз ең­бегін жазу бары­сын­да пайдаланғаны белгілі.

Скилак - грек саяхатшысы, географ. Азиядағы Кария жерінде б.э.д. ҮІ ғас­ыр­да дүниеге келген. Парсы патшасы І Дарийдің тапсырмасымен 519–516 жыл­дары Инд өзенінің бойымен және Парсы шығанағы жаға­ла­уы­на сая­хатқа шық­қан. Осы саяхатының нәтижесінде жазған еңбегін ке­йін Гека­тей мен Геродот пайдаланады.

Логографтардың келесі ұрпағы Ү ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген. Олардың қатарына Ксанф, Ферекид, Гелланик және басқалар жа­­­­­­­та­­ды.

Ксанф – көне грек тарихшысы. Лидияда б.э.д. Ү ғасырдың екінші жар­ты­сын­да дүнеге келген. Лидия тархы жөнінде 4 кітаптан тұратын ең­бек жазған. Фереки́д – б.э.д. 583–499 жылдар аралығында Сирос қа­ла­сын­да өмір сүрген. Кос­­­мо­лог әрі мифограф. "Теогония" және "Кос­мо­­го­ния" атты шығармалар­дың авторы. Өз бетімен білім алған. Ең­бектері түсінікті тілде, қысқа сөйлем­дер­ді пайдалан­ып жазған, ең көп та­ра­ған грек аңыздарының авторы. Аңыз­дар­дың негізгі маз­мұны – әлемді жа­рат­қан құдай. Фере­кид­тің еңбектерін өзі­нен кейінгі көптеген авторлар пайдаланған.

Оның «Теогния» деп аталатын кітабында скифтердің патшасы Идан­фур­­дың парсының патшасы Дариге жіберген хат орнына тышқан, көл­бақа, құс, со­қа және оқ жібергендігі жазылады. Скифтердің бұл қы­лы­ғын Фер­кид­­­­­­те, бас­­қа ав­то­рларда әртүрлі жориды.


Гелланик - (шамамен б.э.д.. 496 – 411.) грек тарихшысы. «Фороней та­рихы», «Девкалион тарихы», «Троян оқиғалары», «Эолия тарихы», «Пер­­­­­­сия та­рихы», «Аттила», «Карней жеңістері», «Гера абыздары» си­я­қты шығар­мала­р­дың авторы.

Гелланиктен кейін өмір сүрген тарихшылар оның 30–ға жақын еңбек жаз­ғандығын айтады. Олардың бізге дейін жеткені 180–ге жақын фраг­мент­тері ғана. Логографтардың дәстүрінен айнымай ол барлық грек аңыз­дарын жинас­тырып бір жүйеге келтірген. Фукидит пен Страбон оның жі­бер­­­ген қате­лік­тері үшін сынаған.

Логографтардың кейбір шығармалары жат жерге саяхаттаудың не­гізін­де пайда болды. Мұндай еңбектерде сол елдерді мекендеген халық­тардың этно­гра­­фисы мен географиясы жөнінде бай мағұлыматтар бар. Аңыз–әңгімелер негі­зін­де олар грек полистері, варварлар елдері тари­хын, ақсүйектер әуле­ті­нің шежіре­сін жазуға тырысқан. Олардың кейінгі ұр­пағы мұрағат құжаттары (қала хрони­калары, мемлекет қызметіндегі адамдар­дың тізімі сияқты) негізі­н­­де Грекияның ертедегі тарихындағы оқиғалар­дың хронологиялық кестесін жа­сады. Бізге дейін жеткен Гел­ланик деген автордың «Аттила» атты шығар­ма­сында Афина және грек полистерінде болған оқиғалардың жылнамасы бе­ріледі.

Тарихты жазу процесінде аңыз–әңгімелерді де пайдалануға болады де­ген қорытындыға алғаш келген де сол логографтар еді. Олар аңызда ке­з­де­се­тін адам ойына симайтын, қалыптан тыс күштердің әрекетін алып та­стаса он­да­ғы мәліметтер шындықты көрсетеді деп ойлады. Өкінішке қар­ай лого­граф­тар­дың еңбектерінің бізге дейін тек азғана фрагменттері жет­ті. Олар Афинада сотқа қатынасатындар үшін сөз да­йындаумен ай­на­лыс­ты.

Грек тарихшылары. Біздің жыл санауымызға дейнгі VII ғасырда Гре­ция жерінде тарихи шығармалар әдеби жанрдың бір түріне айналды. «Тарих­тың атасы» аталған грек тарихшысы Геродот, одан кейінгілер Фукидид, По­либий т.б. өз шығармаларында болған оқиғаларды шын­дық­­­қа сәйкес жазуға тырысып, кей­­бір процестердің себебін, ішкі мәнін анық­тау­ға талаптанды. Де­ген­мен, олар­дың тарихи еңбектері баяндау әді­сімен жа­зы­лып, заманының бел­гілі адамдары­ның өмірін баяндаумен шек­телді.

Олардан кейін өмір сүрген Рим тарихшылары Тит Ливий, Тацит, Све­то­вий т.б. да осылардың кебін киді. Тарихи шығарма неше түрл ішытыр­ман оқиға­лар­мен көркемделіп, қызғылықты етіп жазылды. Ол кез­де тарих көркем шығар­маның, өнердің бір түрі болып қала барді. Ерте­дегі гректер тарихтың құдайын
«Клио» деп атады. Ол гректердің тоғызыншы музасы бо­лып есеп­тел­ді.

Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп таныл­­ған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жыл­дары өмір сүрген. Кіші Азияның оңтүстігіндегі Галикарнас қаласында дү­ниеге келді.

Барлық кіші­ азиялық гректер парсы билігінен босап шыққанда, Гали­кар­нас тұр­ғындары да жат жерлік билеушілерден құтылғысы келеді. Бі­рақ, олар­дың көтерілісі жеңіліс табады да, қайтадан басып–жаншу ке­зін­­де Ге­родот­тың ағасы, әйгілі эпик ақын Паниассий қаза табады.

Өз отанының саяси өміріне жас кезінен–ақ белсенді түрде араласқан Ге­­ро­­дот Галикарнастағы Лигдамида тиранды тақтан құлату жөніндегі сәт­­­сіз әре­­кет­терінен кейін елден кетуге мәжбүр болды. Бірнеше жыл­дар­­­дан ке­йін Геродот еліне оралып, тағы да азаттық көтеріліске қа­ты­сады. Ол б.з.б. 454 жылы г­аликарнастықтардың жеңісімен аяқталады. Осы­­­­дан бас­тап, Галикар­нас Афина қаласының сенімді серіктесіне айна­лып, сонымен бірге аттикалық бас­қарушылардың бір мүшесі болады.

Геродот б.з.б. 40–жылдардан бастап Грекияның көптеген өлке­лерін­де, тіпті парсы патшалығының өзінде болып сол жерлерді мекендеген әртүрлі халық­тардың тарихы мен этнографиясын зерттеді. Кейінірек ол солтүстік Қара теңіз жаға­лауында, Египетте, Финикияда, Вавилонда жә­не Грекия­ның еуропалық бөлігінде болды деген де мәліметтер бар. Ал ен­­ді Афина оның екінші рухани ота­нына айналды. Афинада сол дәуірдің танымал қай­рат­керлері Периклмен және Софоклмен танысты. Дүниетанымы, өмірлік көз­қарас­тары сәйкес келген­діктен, әсіресе Софоклмен жақсы қарым–қаты­нас­та болды.

Грек әлемінде қабылданған қағида бойынша әрбір адам туған же­рін­де ғана, яғни сол елдің азаматы болғанда ғана саясатпен айналысуға құ­қы­лы болатын. Геродот болса Самоста да, Афинада да шетелдік болып есептел­ді. Осы жағдай­лар оның өмірлік ұстанымы саясат емес, тарих болуына әсер ет­кен болуы мүм­кін.

Б.з.б. 444 жылы оңтүстік Италияда барлық гректерге ортақ Фурия ко­ло­ниясы құрылғанда Геродот сол жақтан жер алып, азамат болу құ­қығы­на ие бол­ды. Протогор Абдерский жаңа колония үшін бірқатар заң­дар жазса, архи­тек­тор Гипподам Мипетский қаланың жоспарын сызды.

Геродоттың осыдан кейінгі өмірі туралы мәлімет жоқтың қасы. Фу­рия­­да ол өзінің тарихи еңбегін аяқтаған болуы керек. Бір қызығы оның «Та­­рих» еңбегі кей­де «...Геродот Галикарнастан жинап, жазды...», ал кей­­­де «Геродот Фуриядан жи­нап, жазды...» сөздерімен басталатын. Та­рих­шы өзін Фурия азаматы деп атау–атамауын көп ойланды. Тіпті оның өмірінің соңын Фурия­да өткізді деп ай­ту қиын.


Белгілі бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, ол кейін Афинаға оралды де­ген болжам бар, бірақ ол да анық емес. Бүкіл грек елінің қатысуымен бол­­ған, көп жылдарды қамтыған Афина мен Спартаның арасындағы Пело­пон­нес соғысы кезінде б.з.б. 425 жылы Геродот дүниеден өтті. 

Геродот Элладаның әлсіреп, Афинаның құлап, Кіші Азияның Пер­сия­­ның қол астына қайта өткенін көре алған жоқ. Оның заманында Гре­кия дәуір­ле­ген мемлекет болды. Геродоттың еңбегі эллиндер рухының кө­тері­луі­­не күш бер­ерлік әнұран болды. Бірақ тарихшы еңбегі аяқ­тал­май қалды, ол дүние­­ден өткен­нен кейін сол аяқталмаған күйінде жарық көр­ді.

Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Та­­рих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен оның еңбегін тоғыз му­за­ға сәйкес­тен­діріліп, тоғыз кітапқа бөлген.

Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахе­мен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қар­сы жо­рық­тарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек–парсы соғысына (біз­дің за­маны­­мыз­дан бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың та­­рихымен қатар этногр­­афия­сы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі–сырт­қы саясаты, экономи­ка­сы бер­ілген.

Шығарманың төртінші кітабында парсыпатшасы Дарийдің сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәлі­мет­тер кездеседі. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұс­қа­сы ағыл­шын, орыс, т.б. тілдерге аударылған.

Тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орнала­суы, саяси тарихы, әдет–ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Ол скифтердің Шы­­­­­­­ғыс­­­тағы да­ла­лық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек автор­ла­рының көпшілігі сияқты қазақ жерін мекендеген тайпаларды "азиялық скиф­тер" деп атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азия­ның көшпелі тайпаларына қатысты қол­да­ны­лады. Олардың тайпалық құрамы беріледі.

Мысалы, массагеттер, сарматтар(савроматтар), аргиппейлер, аримас­пылар, исседондаржәне т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шы­­­ғыс­­қа қа­рай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақ­тар­мен мас­­сагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей–тегжейлі әң­гі­мелейді.

Сақтар мекендеген жердің солтүстігіне қарай орналасқан сайримдер туралы барынша толығырақ деректер бар. Ол: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", –
дейді. Сарматтартайпа бірлесті­гі құ­ра­мына солтүстік–батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорс­тар да енген. Жа­йық–Елекөзендері аралығынан табылған археологи­ялық ес­­кер­­­т­кіш­терде аор­стар­дың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екен­­дігін анықтады. Геро­дот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", деп жазды. Оларды әйелдер басқара­тындығын айта келіп, амазонка әйел­дер – тайпа­сы тура­лы аңыз­ды баян­­дай­ды.

"Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жү­ре­ді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", – деп көр­се­те­ді. Халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп Геродот: Сол­түс­тік–шығыс Қазақстанды мекендеген «...аримас­пы­лар исседондар­ды өз же­рінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скиф­терді отыр­ған орны­нан қозғады, ал киммериліктер скифтердің теп­кісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті", – деп жазды. Ге­ро­дот: "Осынау көші-қон біздің за­м­анымызға дейін VII–VI ғасыр­лар­да жүзеге асты" деп көрсетеді.

Геродот келтірген "алтын қырыққан құзғындар" туралы аңыз Алтай өңірі­мен байланысты шықса керек. Себебі бұл өңір алтын кенішіне бай екендігі бе­­л­­гілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекен­деген деп топ­шылау­ға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлімаңын арги­п­пей және аримаспы тайпалары мекендегенін археоло­гиялық қазбалар да айғақ­тай­ды.

Геродот скифтерінің шығыстан қоныс аударған далалық көшпелі тай­па­лар екендігін хабарлайды. Ал біздің елдің шығысындағы сақтар­дың Берел, Пазы­рық, Ші­лікті қорымдарынан табылған жәдігерлер бұл жердеежелгі өркениеттіңқанат жайғандығын дәлелдейді. Геродоттың баяндауынан сақтайпалары ішінен массагеттермен исседондардың бір–біріне ұқсас тайпаларекендігін байқауға болады. Оның айтуынша, мас­сагет­терАракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қар­ай исседондарға қарама–қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.

Геродот «Менің міндетім – айтылғандарды қайталау, бірақ мен ол айтыл­ған­дардың барлығына сенуге міндетті емеспін» деп жазды. Геро­дот бір ғана халықтың, бір ғана мемлекеттің тарихын жазумен шектел­менген әмбе­бап тарихшы.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973