тауар өндіру
қызметтер өндіру
мүлік
жабдықтар
қойма ғимараттары
көлік және байланыс коммуникациялары
игіліктер дайындау
қызметтер көрсету
бағыт
әрекет
жеке адамның білімі
жеке адамның кәсіби дайындығы
жеке адамның тәжірибесі
жеке адамның денсаулығы
жеке адамның қабілеттері
жиынтық
адамның еңбегі
шеберлік
өнегелілік
жоғары
сайын
өсу
табыс
көбею
қоғам
тиімді
өзін-өзі ақтау
кәсіпкерлік іс-әрекет
белсенділік
іскерлік
саналылық
жауапкершілік
тәуекелдік
кәсіпкерлік қабілет
кәсіпкерлік қызмет
4 – тапсырма. Сөздерді тіркестеріңіздер де, 5-6 жай сөйлем құрастырыңыздар.
|
1 |
2 |
|
табиғи іс-әрекет көлік байланыс техникалық еңбек игіліктер қызмет бағытталған әрекет жеке адамның адам жоғары табыс қоғам кәсіпкерлік
|
фактор нәтижесі факторы қолдану байлықтары коммуникациялары жақсарту тиімділік табыс көбею қоғам өзін-өзі ақтау іс-әрекет белсенділік іскерлік саналылық жауапкершілік тәуекелдік қабілет қызмет |
5-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
Шығынға ұшырау; сәйкес қызмет ету; шешуші әсер ету; іскерлікті талап ету.
6-тапсырма. Аударыңыздар.
1. Значительными преимуществами по сравнению с крупными фирмами обладают малые предприятия. 2. Малые предприятия создают новые рабочие места, возрождают народные промыслы, содействуют экономическому и социальному развитию малых городов. 3. Под предпринимательством понимается деятельность, осуществляемая частными лицами, предприятиями или организациями по производству, оказанию услуг, приобретению и продаже товаров в обмен на другие товары или деньги к взаимной выгоде заинтересованных лиц, предприятий, организаций. 4. Субъектами предпринимательства могут быть как отдельные частные лица, так и объединения партнеров. 5. Для формирования предпринимательства необходимо создать определенные экономические, социальные и правовые условия.
Әдістемелік ұсыныстар: Мәтін бойынша сұхбат құрып және оны ойнау дағдысын қалыптастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[198-203], 2.Нег.[144-157] 9.Қос.[69-71]
Бақылау сұрақтары:
Материалдық игіліктер дегеніміз не?
Өндіріс сөзіне түсініктеме бере аласыз ба?
Материалдық өндіріс пен индустриалдық өндіріс туралы айтып беріңіз.
Қажеттілік дегеніміз не?
2-апта. 6-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Кәсіпкерлік және кәсіпорын
Кәсіпкерлік кең тарағанда қоғамның өмірі нарық экономикасына сәйкес формаларда жүріп отырады. Кәсіпкерлік - бұл коммерциялық табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет, ал кәсіпкер - кәсіпорнын иемденетін адам немесе иемденушінің атынан кәсіпорынның жұмыстарын басқаратын өкілетті менеджер.
Ірі өндірісте меншікті иемденуші мен кәсіпкер бір-бірінен ажыратылады. Олардың қызметтерінің бөлінуінің негізіңде капитал функциядан капитал меншіктің бөлініп шығуы туады.
Кәсіпкерлік шаруашылық іс-әрекеттің белгілі түрінен тұрады. Жаңашылдық, ресурстарды тиімді пайдалану, тәуелділікке бел байлаушылық, технологиялық процестерді қолдап пайдаланудағы икемділік пен тапқырлық- осы және т.б. кәсіпкерлікті сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялык, консультативтік іс-әрекеттерді және құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларды қамтиды.
Нарық экономикасында шаруашылық жүргізудің кәсіпкерлік іс-әрекеті тиімді және белсенді жүріп отыруы үшін белгілі шарттар қажет:
еркін тауар өндірушілердің шаруашылық әрекеттерінің толық еркіндігінің болуы;
меншіктің барлық түрлерінің тең қүқықтығы жағдайында, экономикалық әрекеттің нәтижесіне толық жауапкершіліктің болуы;
игіліктер мен
қызметтер өндірісін ынталандыратын
фактор ретінде өндірушілердің
бәсекелестігінің болуы;
нарықта бағаның еркін белгіленуі;
экономиканың ашықтығы, оның бүкіләлемдік шаруашылық жүйесімен интеграцияда болуы, сыртқы экономикалық операциялар жүргізуге кәсіпкердің құқы болуы.
Кәсіпкерлердің әдетте іс-әрекет формаларын тандауда, жалдамалы еңбек негізінде өндірушілерді өндіріске тартуында кең мүмкіндіктері болады.
Қоғамдық өндіріс әр түрлі ұйымдастыру-құқықтық құрылымдық буындардан тұратын, күрделі интеграцияланған жүйе болып табылады. Қоғамдық өндіріс шеңберінде кәсіпкерлік әрекеттің негізгі бірлігі - оның кәсіпорны. Ол меншіктің әр түрлі формаларының негізінде құрылады: жеке, мемлекеттік, арендалық, ұжымдық және шындық болмыста фирма, концерн, шаруашылық ассоциациясы, акционерлік компания, фермерлік отбасылық шаруашылық, т.б. түрде болады.
Кәсіпорын микродәрежеде шаруашылықты ұйымдастыру әрекетінің көп тараған бірлігі. Өндірістің көлеміне қарай олар кіші (шағын), орта, аса ірі кәсіпорын болып бөлінеді. Оның көлемі шығарылатын өнімнің шамасымен ғана байланысты болмайды, ол кәсіпорнының нарықтағы үлес салмағымен бәсекелестік ортаға бейімделуімен байланысты болады.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формасы деп қандай кәсіпорынды алсақ та, оны нақты тауар мен қызметтерді жасауға бағытталған өндірістік-техникалық тұтастық деп және экономикалық ынталары пайда мен жеке табысты көздеген адамдар ұжымы деп қарау керек.
Барлық өндіріс факторларын пайдаланудың нәтижесі кәсіпорынның табысын құрайды.
2–тапсырма. Мына сөздерді жазып алыңыздар.
кәсіпкерлік - предпринимательство
коммерциялық табысқа жету – добиться к коммерческому успеху
іс-әрекет - деятельность
иемдену – присвоить, овладеть
иемденушінің атынан – от имени владельца
өкілетті менеджер – уполномоченный менеджер
ірі өндіріс – крупное производство
меншік – владение, имущество
жаңашылдық - новизна
ресурстарды тиімді пайдалану – рациональное использования ресурсов
тәуелділікке бел байлаушылық - рискнуть
икемділік пен тапқырлық
способность и изобретательность
3–тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып әрқайсысыңыз 3-4 сөйлем құрастырыңыздар.
Нарық, табыс, іс-әрекет, кәсіпкер, кәсіпорын, өндіріс, шаруашылық, жаңашылдық, ресурстар, тиімді пайдалану, тәуелділік, икемділік, тапқырлық, өндірістік, коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, инновациялык, консультативтік іс-әрекеттер, құнды қағаздар.
4–тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
Шаруашылық жүргізу/ кәсіпкерлік іс-әрекет/ тауар өндірушілер/ шаруашылық әрекеттерінің толық еркіндігі/ экономикалық әрекет/ толық жауапкершілік/ ынталандырушы фактор/ еркін баға /ашық экономика / шаруашылық жүйесі/ сыртқы экономикалық операциялар.
5–тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Кәсіпкерлік деген не? Ал кәсіпкер деген кім? 2. Ірі өндірісте меншікті иемденуші мен кәсіпкер бір-бірінен қалай ажыратылады? 3. Кәсіпкерлік шаруашылық неден тұрады? Кәсіпкерлікті сипаттап беріңіздер. 4.Кәсіпкерлік қандай іс-әрекеттерді және қандай операцияларды қамтиды?
6-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.
1.Бұл кәсіпорын меншіктің ... формасы негізінде құрылған. 2. Кәсіпорын өндірістің көлеміне қарай ... болып табылады. 3. Кәсірорнынның көлемі шығарылатын ... шамасымен ғана байланысты емес. 4. Кәсіпорнының нарықтағы үлес салмағы ... ортаға бейімделуімен байланысты болып отыр. 5. Кәсіпорынның ... барлық өндіріс факторларын пайдаланудың нәтижесінде құралады.
Тірек сөздер: бәсекелестік; орта кәсіпорын; өнімінің; табысы; акционерлік компания.
7-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.
Қоғамдық (производство) күрделі интеграцияланған жүйе. Меншіктің (разные) формалары бар: жеке, (государсвенный), арендалық, (коллективный) және (в реальной жизни) фирма, концерн, шаруашылық ассоциациясы, акционерлік компания, фермерлік отбасылық шаруашылық, т.б. Микродәрежеде шаруашылықты ұйымдастыру әрекетінің көп тараған (единица) - кәсіпорын. (по объему прозводства) кәсіпорындар кіші (шағын), орта, аса ірі кәсіпорын болып бөлінеді.
8-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар.
1.Нарық экономикасында кәсіпкерлік ... . 2. Шаруашылық іс-әрекеті тиімді және белсенді жүріп ... .3. Нарықта баға еркін ... . 4. Сыртқы экономикалық операциялар жүргізуге кәсіпкердің ... .
9–тапсырма. Аударыңыздар.
На всех этапах развития экономики основным звеном является предприятие. 2. Именно на предприятии осуществляется производство продукции, происходит непосредственная связь работника со средствами производства. 3. Предприятие самостоятельно осуществляет свою деятельность, распоряжается выпускаемой продукцией, получаемой прибылью, оставшейся в его распоряжении после уплаты налогов и других обязательных платежей. 4. В условиях рыночных отношений ключевой фигурой выступает предприниматель. 5. Статус предпринимателя приобретается посредством государственной регистрации предприятия. 6. Субъектом предпринимательской деятельности может быть как отдельный гражданин, так и объединение граждан.
Әдістемелік ұсыныстар: Тыңдау дағдысын жаттықтырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[123], 2.Нег.[37-38] 7.Нег [11-14] 15. Нег. [79-88] 16 Нег.[152-155]
Бақылау сұрақтары:
1. Нарық экономикасында шаруашылық жүргізу үшін қандай шарттар қажет?
2. Қоғамдық өндіріс қандай жүйе болып табылады?
3. Қоғамдық өндіріс шеңберінде кәсіпкерлік әрекеттің негізгі бірлігіне не жатады?
4. Кәсіпорын түрлерін атаңыз.
5. Кәсіпорын өндірістің көлеміне қарай қандай болып бөлінеді?
6. Кәсіпорынның табысы деген не?
2-модуль МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
3-апта. 7-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Меншік - экономикалық категория
Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затты жеке пайдаланбаса , меншік туралы сұрақ та тумайды. Меншік субъектінің осы затты пайдалануға ерекше құқы барын сипаттайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар, олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет, халық құрайды.
Сонымен, меншік туралы алғашқы тұжырым: меншік - материалдық және рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдісі болып табылады. Меншік дегеніміз адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді және оларды өндірудің шарттарын пайдалану туралы қатынастар.
Меншік экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған заманында қалыптаса бастаған.
Экономикалық қатынастардың кемелденген жүйесінде, меншік ең өзекті өзара байланыстарды, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық болмыстың мәнін көрсетеді. Меншік - өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» құбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихта меншіктің екі формасы мәлім: жалпы және жеке меншік.
Жекешелендіру дегеніміз меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол халықтық меншікті жеке меншік етіп қайта құру болады, ал национализациялау – керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің қоғамға айналуы, форманың ауысуы болып табылады.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Меншік / зат /игіліктер/ ат/ жеке пайдану / ерекше құқық/ жеке адамдар/ топ/ бірлестік / дәреже / мемлекет/ халық.
3-тапсырма. Мына сөздерді пайдаланып, жағдаяттарды ойлап тауып, сөйлем құрастырыңыздар.
меншік – игіліктер
меншік – зат
меншік - құқық
меншік – субъект.
4–тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
алғашқы тұжырым /материалдық игіліктер / өндіру шарттары
5–тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Меншік сөзін қалай түсінесіздер? 2. Меншік пен зат түсініктері туралы айтып беріңіз. 3. Затты жеке пайдаланасыз, меншік туралы сұрақ туындайды ма? 4. Меншік нені сипаттайды? 5. Меншіктің субъектін кімдер немесе нелер құрайды?
6-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.
1.Меншік экономикалық (отношение). 2. Меншік - өте күрделі және (многосторонний) қүрылым, «сегіз кырлы, бір сырлы» (явление). 3. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім: (общее) және жеке меншік. 4. Жекешелендіру дегеніміз меншіктің алмасуы, ауысуы, (оборот) емес, ол (народное владение) жеке меншік етіп қайта құру болады. 5. Национализациялау – керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің қоғамға (превращение) айналуы, форманың ауысуы болып табылады.
7-тапсырма. Аударыңыздар.
1.Рыночная экономика основана на системе экономических стимулов и санкций, которые исходят не от некоего руководящего органа, а от самого потребителя. 2. Средством координации труда в этой системе выступают товарно-денежные отношения и конкуренция. 3. Основу рыночной экономики составляет частная собственность. 4. Она является гарантией соблюдения добровольно заключенных контрактов и невмешательства третьих лиц.
8-тапсырма. Сөздерді санмен жазыңыздар (Қызықты ойын!)
Үлгі: түбір – тү+1
Жетістік, қорытындылаушы тоқсан, жұмыс күші, қондырғылар, секілді, келісімге келу, иемденбес бұрын.
Әдістемелік ұсыныстар: Жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.
2.Нег.[41-44] 7 нег.[43-44]
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[38-43] 2.нег[39-41]
Бақылау сұрақтары:
1. Меншік дегеніміз қандай қатынастар?
2. Меншік қай заманда қалыптаса бастаған?
3. Меншік қандай құбылыс?
4. Меншіктің қанша және қандай формасы мәлім?
5. Жекешелендіру дегеніміз не?
3-апта. 8-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Меншік және иемдену заңдары
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Меншік пен иемдену жеке ұғымдар және олардың экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Иемдену –көпдәрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс.
Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланыста болатын өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін, еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекеленген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы орындалады: аңшылық, балық аулау, өңдіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.
Иемденудің
әдісі
және
оның формалары болады. Иемдену әдісіне,
өндіріс
әдісіне
және
айырбас пен бөлудің дамуында жүріп
отыратын
өзгерістер тұрақты
әсер етеді. Ал иемдену формаларының,
иемдену әдістерімен салыстырғанда,
өзгерістерге
икемділігі төмен
болады. Кейбір жағдайда иемдену
формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс
әдісінің дәрежесіңде жасанды
түрде тоқтап қалуы мүмкін.
Тауар
айналымы - ең бастапқы иемдену әдісі.
Ірі
қоғамдық өндіріс
осы заңдарға
негізделеді. Бұндағы
иемдену
де
екі жақты жүреді, бірақ ол басқа
формалар
арқылы - тауар айналымы және табыстарды
болу арқылы
жүреді.
Тауар айналымы заңдарында сәйкес, онімді жасаған жүмыскердің тауар нарығында болуы міндет емес: нарықтың субъектері тауарлардың меншік иесі болады. Иемдену шарттары өзгереді. Алғашқы кезде өнімге иелік етудің негізін еңбек және өндіріс шарттарына озіңдік меншік болуы құрайтын еді. Енді өндіріс шарттарының иемденушісі болудың өзі жеткілікті болады: шеттелген жұмысшы күші капиталға жататын құрылымға айналып, жасалған өнім соның туындысы ретінде қаралатын болады.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Меншік қатынастары, иемдену қатынастары, салыстыру, иемдену, зат, қоғамдық әдіс. көпдәрежелі, күрделі, әлеуметтік-экономикалық процесс, кезеңі, қоғамның мақсаттары ынта, байланыста болу, еңбек өнімдерін иемдену, табыс алу, жүйе.
3-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Меншік
қатынастары мен иемдену қатынастарын
не үшін салыстыру қажет? 2. Иемдену деген
қандай әдіс? 3. Меншік пен иемдену бір
ұғым ба? 4. Иемдену қандай процесс? 5.
Иемденудің
ең бастапқы кезеңін не құрайды? 6.
Иемденудің
әдісі және оның формаларын атаңыз.
4-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.
1.
Иемдену әдісіне,
өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің
дамуында жүріп отыратын
өзгерістер ... етеді. 2. Ал иемдену
формаларының, иемдену әдістерімен
салыстырғанда, өзгерістерге ... төмен
болады. 3. ...
айналымы - ең бастапқы иемдену әдісі.
4. Ірі
қоғамдық ... осы заңдарға негізделеді.
Тірек сөздер: тауар; өндіріс; икемділігі; тұрақты әсер.
5-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.
Нарықтың субъектері тауарлардың (владелец, обладатель) болады. 2. Иемдену шарттары (меняются). 3. Иемденудің (способ) және оның формалары болады.
6–тапсырма. Аударыңыздар.
1.Форма собственности также накладывает отпечаток на формы хозяйства. Индивидуальная частная собственности порождает домашнее хозяйство. 2. Групповая частная собственность дает возможность организации предприятия, их объединения (концерны, тресты). 3. Натурального хозяйство существовало за многие тысячелетия до нашей эры в Древнем Египте и Вавилоне, в античные века — в Греции и Риме в условиях рабовладельческого строя, а затем в условиях феодализма. 4. Поместье помещика и крестьянское подворье представляли собой натуральное хозяйство. 5. Однако натуральное хозяйство продолжает существовать в наши дни, особенно в тех странах, которые не отличаются достаточными индустриальными условиями развития и характеризуются наличием докапиталистических форм собственности (Индия, Китай, некоторые африканские страны).
Әдістемелік ұсыныстар: сұрақтарға жекелей, жұппен, топпен бірге жауап беруге дағдыланыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[41-44] 7 нег.[43-44]
Бақылау сұрақтары:
1. Тауар айналымы иемденудің қай әдісі болып табылады?
2. Ірі қоғамдық өндірісте иемдену қалай жүреді? Олардың формасы бірдей ме, әлде жоқ па?
3. Тауар айналымы заңдарында сәйкес өнімді жасаған жұмыскердің тауар нарығында болуы міндетті ме?
4. Тауарлардың меншік иесі кімдер болады?
3-апта. 9-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Экономиканы реформалау және ондағы меншіктің орны
Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдік ететін меншік формасының өзгеруі қалай да қажет деп тілемейді. XX ғ. басына қарай нарық механизмдеріне негізделетін және еркін нарықпен реттелетін экономикалық үлгі өзін өзі жоюға мәжбүр болды. Еркін нарық механизмінің орнына реттелген нарық механизмі келді. Экономиканы мемлекеттік реттеу бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Соғыс біткен соң одан бас тарту бұрын болмаған экономикалық дағдарысқа әкеліп соқты (1929-1933 жж). Кейнс және оның мектебі осы жағдайды дұрыс түсініп, экономиканы реформалау қажеттігін ұсынды. АҚШ-ғы Рузвельттің курсы практика жүзінде олардың қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеді.
Меншік формасы экономикалық бағыттың өзгеруінің қатал жүргізілуіне кедергі етпейді. Белгілі жағдай, монополияда, бюрократияда экономикалық өкіметтің тоталитарлық сипатына икемділігін білдіреді. Осылай, XX ғ. 30-шы жылдарының ортасында КСРО-да қоғамдық меншік жағдайында әкімшілік экономика орнады, ал Германияда, жеке меншік негіздерінің мықтылығына қарамастан, бұйрық экономикасы орнады. Кейін осы жағдай Франко тұсындағы Испанияда, Пинечет тұсындағы Чилиде қайталанды. Бұлардың барлығында тоталитаризмнің келуіне үлес қосқан, сол мерзімде осы елдерде орын алған, экономикалық және саяси шешімдердің үстемдігі болды.
Әлем тәжірибесінің дәлелі бойынша, тауар ондірісінің дамуында меншік формасы ешқашан шешуші бастама болған емес. Нарық шаруашылығының негізін құрайтын бәсекенің өзі меншік формасына парықсыздықпен қарайды. Бұл бекер емес, өйткені меншіктің екі формасы да мыңдаған жылдар бойы біртұтас мәннің көрінісі болып келеді. Меншік формаларының эволюциясы қоғамдық өндіріс процесінде жүріп отырады.
Өндірістің шоғырлануы мен бәсеке меншіктің орталықтануына атсалысады. Бұл процесс шаруашылық субъектілері болып табылатын меншік иелерінің санын біршама төмендетеді. Мысалы, меншік иелерінің (акциялар иелері) санына қарамастан, акционерлік қоғам нарықта келісім жасасатын бір ғана заңды тұлға болып танылады.
Тіпті меншікте капиталдың үлес салмағының тұрақты түрде төмендеу тенденциясы және банктік несие мен облигациялық капиталдың күрт көбеюі байқалады. Акционерлік капиталдың құрылымында өзгерістер болып жатыр. Акциялардың индивидуалдық иемденушілерінің үлес салмағы азайып, меншік иелерінің акцияның индивидуалдық ұстаушысы ретіндегі рөлі төмендеуде, компанияны басқару менеджерлерге көшіп келеді.
Осы замандағы барлық экономикалық жүйелердің негізі -тауар өндірісінің болуы, экономикалық үлгінің бір түрінен екіншісіне көшуді жеңілдетеді. Ал экономикалық жүйелердің өздеріне тон айырмашылықтары сақталады: тауар өндірісі мен тауар айналымының даму дәрежесі; экономикалық өкіметтің типі жоне оны жүзеге асыратын формалар; осы қоғам жүйесіндегі байлық деп түсінетін экономикалық әрекеттердің орны, рөлі. Реформа жүргізу сырттан қарағанда субъективтік акт болып көрінеді. Оны жүргізудің дуниежүзілік тәжірибесі осы процестерді анықтайтын бірсыпыра кұбылыстарды ашты.
Алдымен көзге түсетін жағдай, ол реформа жүргізуде қолданылатын шараларды таңдау арқылы жүзеге асырылуы. Табиғи ортада тұратын халықтар, тек өздерінің дәстүріне зиян келтірмейтін өзгерістерді қабылдайды. Реформалау болмыстың рухани-өнегелік, әлеуметтік, психологиялық жақтарын қозғайды. Реформалау өз мақсатына жету үшін халық өмірінің ақиқатынан қол үзбеу керек. Қазақстандағы реформаның сәтсіздіктерінің көбі, оның өркениет ерекшеліктерімен есептеспеуімен дәлелденеді. Қазақстанда көп мәселе дәстүрлік қоғамнан деуге болады. Өйткені осы қоғамның белгілері бізден табылып отыр.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Реформалау бір түрінен басқасына өту, меншік формасының өзгеруі, нарық механизмдеріне негізделу, еркін нарықпен реттелу, экономикалық үлгі, өзін өзі жою, мәжбүр болу, реттелген нарық механизмі, экономиканы мемлекеттік реттеу, экономикалық дағдарыс, қажеттігін ұсыну, қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу.
3–тапсырма. Жаңа сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
Меншік, экономика, бағыт, өзгеру, жүргізілу, кедергі, ету, сипат, икемділік, әкімшілік, орнау, жеке, негіз, бұйрық, үлес қосу, мерзім, экономикалық, саяси, шешім, үстемдік.
4–тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
Әлем тәжірибе, шешуші бастама, біртұтас мәннің көрінісі, меншік формаларының эволюциясы,өндірістің шоғырлануы, меншіктің орталықтануы, заңды тұлға.
5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Реформалау дегеніміз не? 2. XX ғ. басына қарай еркін нарық механизмінің орнына қандай механизм келді? 3. Экономиканы мемлекеттік реттеу қашан пайда болды? Одан бас тарту неге әкеліп соқты? Ол қашан болды? 4. Кім экономиканы реформалау қажеттігін ұсынды? 5. КСРО-да қашан әкімшілік экономика орнады? 6. Қандай меншік жағдайында? 7. Бұйрық экономикасы осы жылдары қай елде орнады? Кейін осы жағдай қай елде қайталанды?
6-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.
1.Меншікте капиталдың үлес салмағының тұрақты түрде ... тенденциясы және банктік несие мен облигациялық капиталдың ... байқалады. 2. Акционерлік капиталдың құрылымында ... болып жатыр. 3. Акциялардың индивидуалдық иемденушілерінің ... азайып, меншік иелерінің акцияның индивидуалдық ұстаушысы ретіндегі рөлі төмендеуде, компанияны басқару менеджерлерге көшіп келеді. 4. Осы замандағы барлық экономикалық жүйелердің негізі-тауар өндірісінің болуы, экономикалық үлгінің бір түрінен екіншісіне көшуді... .
Тірек сөздер: 1. өзгерістер; 2. үлес салмағы; 3. жеңілдетеді; 4. күрт көбеюі.
7- тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.
1.Реформа жүргізу (со стороны) субъективтік акт болып көрінеді. 2. Оны жүргізудің (всемирный опыт) осы процестерді анықтайтын бірсыпыра кұбылыстарды ашты. 3. Алдымен көзге түсетін жағдай, ол реформа жүргізуде қолданылатын через выбор мероприятий) жүзеге асырылуы. 4. Табиғи ортада тұратын халықтар, тек өздерінің дәстүріне зиян келтірмейтін (изменения) қабылдайды. 5. Қазақстандағы реформаның сәтсіздіктерінің көбі, оның (цивилизация) ерекшеліктерімен есептеспеуімен дәлелденеді. 6. Қазақстанда көп (проблема) (от традиционного общества) деуге болады.
8-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар.
1.Акционерлік капиталдың құрылымында өзгерістер ... . 2. Акциялардың индивидуалдық иемденушілерінің үлес салмағы ... . 3. Меншік иелерінің акцияның индивидуалдық ұстаушысы ретіндегі рөлі ... . 4. Компанияны басқару менеджерлерге ... .
Даналар сөзін тыңдайық
«Егер әрбір адам экономиканы білсе, сол мемлекет күшті».
Аристотель
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінездеген нәрселермен озады, одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылық».
Абай
Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[52-56]
Бақылау сұрақтары:
1. Тауар өндірісінің дамуында меншік формасы шешуші бастама бола ма?
2. Меншік иелерінің (акциялар иелері) саны көп дейік, акционерлік қоғам нарықта келісім жасасатын қанша заңды тұлға болып танылады?
3. Реформалау болмыстың қандай жақтарын қозғайды?
4. Реформалау өз мақсатына жету үшін не істеу керек?
5. Қазақстандағы реформаның сәтсіздіктерінің көбі нелермен дәлелденеді?
6. Қазақстанда көп мәселе дәстүрлік қоғамнан деуге бола ма?
4-апта. 10-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Дәстүрлі қоғамның негізгі белгілері және Қазақстандағы реформа туралы
Дәстүрлі қоғамның негізгі белгілері мынадай:
экономикалық іс-қимыл біріншілік мұра деп қабылданбайды;
жеке дара адам ұзақ мерзім бойы бастапқы әлеуметтік қауымнан бөлінбеген;
қашан да жоғарғы экономикалық өкімет тым ортақтанған болады және ол жоғарғы саяси өкіметпен біріге отырып өз әрекетін әміршіл-өкімшілік әдістермен жүргізеді.
Сонда да осы қоғам ерекше, күрделі типтес қоғам болып табылады. Қазақстан көп ұлтты мемлекеттік құрылым болып этникалық бірлестіктерді – мәдениеттің көп түрлі өкілдерін -біріктіру әдістерін іздестіруге мәжбүр болды. Шаруашылық өмір тым көп түрлі болса да, ол тұтас экономикалық жүйеге айналмаған. Экономикалық біркелкілік болмау себебінің тамырлары тарихи, табиғи, этникалық және мәдени негіздерге дарыған. Суперэтникалық тұтастық элементтерінің ара байланыстарын берік етуші экономика, әуел бастан олардың жақындасу күшімен қамсызданған. Қазақстан өзін ұлттық және дін жағдайында сабырлы, төзімді ел деп танытқан, мұнда халықтар өз елдерінің әдет-ғұрпы заңдарына сәйкес өмір сүруге мүмкіндігі болған, ал саяси бірлестіктер белгілі тұрмыс қалпына әр халықтың құқы бар деген принципке негізделген. Еуразияның күн көрісті қамтамасыз ететін ландшафты әр халықка ұнамды территория игеруге мүмкіндік берген. Өнеркәсіп өндірісіне көшу, шаруашылық өмірдің кажеттігін жоққа шығармай, оның объективтік мәні бар екенін айқындады. Бұл болмысты құлдыратуды көздеген, экономиканы баршаға ортақ үлгіге көшіруді мақсаттанған әрекеттер, әрдайым алыстатып, ажырату күштерін жандандырып отырды. Нәтижесінде, суперэтника бірлігіне зиян келді және ұлттық экономика құлдырауға айналды. Экономиканы реформалауда сырттан алып пайдаланылатын жағдайларды таңдау қажеттілігінің маңызы еселеп өседі. Әсіресе, шаруашылықтың жаңа құрылымына көшу процесінде, бөтен тәжірибе немесе мақтауы асып кеткен үлгі, өнеге деп қабылданса, әдетте, реформаторлар, өздерінің іс-қимылының жемісін көзі тірісінде көруді мақсат етіп, асығыстық жасайды, әлеуметтік және экономикалық ақиқатты басып озады, болып тұрған шаруашылық формаларын жояды, жаңа мүмкіндіктер әлі жоқ болса да, ескіні күйретеді. Әдетте, бұлар өздерінің ұлттық мәдениетімен санаспай, оған менсінбеушілікпен қарайды. Қазақстандағы реформалар олардың жүргізілу бағыттарын қосып айтқанда, кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасай алмады, сондықтан еңбекке және кәсіпкерлікке ынталандыру механизмі де жұмысқа қосылмай отырды.
2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Дәстүрлі қоғамның қандай негізгі белгілері бар? 2. Қазақстан қанша ұлтты мемлекеттік құрылым болып табылады? 3. Қазақстан өзін ұлттық және дін жағдайында қандай ел деп танытқан? 4. Мұнда халықтар қай елдің әдет-ғүрпы заңдарына сәйкес өмір сүреді?
3–тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Дәстүрлі қоғам, экономикалық іс-қимыл , жоғарғы экономикалық өкімет, ортақтанған, әміршіл-өкімшілік әдістер, көп ұлтты мемлекеттік құрылым, этникалық бірлестік, мәдениеттің көп түрлі өкілдері, біріктіру әдістері, шаруашылық, тұтас экономикалық жүйе, жақындасу күші, әдет-ғұрпы заңдары, белгілі тұрмыс қалпына әр халықтың құқы, күн көріс, өнеркәсіп өндірісіне көшу, ажырату күштері.
4–тапсырма. Жаңа сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
Дәстүрлі, қоғам, белгі, жүйе, айналу, тарихи, табиғи, этникалық , мәдени, негіз,
экономика, ұлттық, дін жағдайы, халық, тұрмыс, күн көріс, қамтамасыз ету, көшу, кажеттігі, айқындау, таңдау, өсу.
5–тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
Көп ұлтты мемлекеттік құрылым, мәдени негіздер, төзімді ел деп тану, ортақ үлгіге көшіру, жаңа мүмкіндіктер, қолайлы жағдайлар.
6-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.
Қазақстан өзін ұлттық және дін жағдайында (спокойная, толерантная) ел деп танытқан. Мұнда халықтар (традициям своих народов) заңдарына сәйкес өмір сүруге мүмкіндігі бар. Қазақстанның (политические объединения) белгілі тұрмыс қалпына әр халықтың құқы бар деген принципке негізделген. Еуразияның күн көрісті қамтамасыз ететін ландшафты әр халықка ұнамды территория (чтобы освоить) мүмкіндік берген. Өнеркәсіп өндірісіне (переход), шаруашылық өмірдің кажеттігін жоққа шығармай, оның объективтік мәні бар екенін айқындады.
7- тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар
Қазақстан көп ұлтты ... . Қазақстан өзін ұлттық және дін жағдайында ... танытқан. Экономиканы реформалауда сырттан алып пайдаланылатын ... . Әсіресе, шаруашылықтың жаңа құрылымына көшу процесінде, бөтен тәжірибе немесе мақтауы асып кеткен үлгі, ... . Әдетте, реформаторлар, өздерінің іс-кимылының жемісін көзі тірісінде көруді мақсат етіп ... . Әлеуметтік және экономикалық ақиқатты басып озады, болып тұрған шаруашылық формаларын жояды, жаңа мүмкіндіктер әлі жоқ болса да, ескіні ... . Әдетте, бұлар өздерінің ұлттық мәдениетімен санаспай ... .
8-тапсырма. Аударыңыздар.
1. В экономике, основанной на рыночных отношениях, вопрос «что производить» решается потребностями и спросом потребителей, которые лучше всех знают, что им нужно и за что они готовы заплатить. 2. В свою очередь спрос и цена на рынке заставляют производителей товаров искать наиболее эффективные способы производства товаров, используя новую технику и технологию, повышая производительность труда и тем самым отвечая на вопрос «как производить». 3. Наконец, ответ на вопрос «для кого производить» решается теми, кто владеет деньгами, кто может заплатить за предлагаемые товары. 4. Таким образом, решение данных вопросов возможно только в условиях свободы выбора, которую предоставляют рыночная экономика.
Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат тілі дағдысын, есте сақтау мен зейінді жаттықтырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[252-253],[57-60]
Бақылау сұрақтары:
1. Ал саяси бірлестіктер қандай принципке негізделген?
2. Экономиканы реформалауда сырттан алып пайдаланылатын жағдайларды таңдау қажеттілігі бар ма?
3. Реформаторлардың оң және теріс әрекеттерін мәтін ішінен тауып оқып, оны орыс тіліне аударыңыздар.
4. Оның Қазақстан экономикасы жағдайындағы реформаға еткен әсерін айтып бере аласыз ба?
4-апта. 11-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары
Адамзат қоғамы өндіріс-еңбек әрекеттерін, еңбек бөлінісі, мамандану, кооперация және айырбас арқылы ұйымдастырудың негізінде, өзінің материалдық, рухани жағдайының жақсартуында жақсы жетістіктерге ие болды.
Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасында - шаруашылықта - байлықтың табиғи формасының көрінісі натуралдық өнім түрінде болады. Бұл өнімге, біріншіден, тұтыну бағалылығы, екіншіден, еңбек нәтижесі деген қасиеттер тән болады,
Заттың пайдалылығы, оның өзіне тән белгілі физикалық, немесе, басқа да қасиетгерінің арқасында адамдардың белгілі бір қажеттерін қамтамасыз ететін қабілеті, өнімнің тұтыну бағалылығын құрайды.
Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратын жаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалылығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады - басқаша айтсақ, бүл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Қоғамдық тұтыну бағалылығының өлшемі болу қызметін сұраныстың көлемі аткарады. Өнімнің өндірісі ұсыныс көлемін белгілейді. Егер ұсыныс сұранысты қанағаттандырған болса, онда заттарға қоғамдық тұтыну бағалылығы тән болғаны. Кез келген зат тауар бола ала ма? Жоқ, тек адамның еңбек жұмсап, жасаған заты тауар болады. Мысалы, өзендегі балық оны ұстап алғаннан соң тауар бола алады. Өйткені оны ұстауға еңбек жұмсалады.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Өндіріс-еңбек әрекеттері, еңбек бөлінісі, мамандану, айырбас арқылы, ұйымдастыру, материалдық, рухани жағдайы, жақсарту, жетістік.
3-тапсырма. Жаңа сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
Жақсы / экономика / жетістік/ шаруашылық /байлық / өнім /нәтиже / зат /пайда/ көрініс/ қабілет/ жетістік
ұйымдастыру /қажет /қамтамасыз ету/тұтыну
4-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
Еңбек өнімі, материалдық жағдайын жақсартуы, адамның жасаған заты, экономиканы ұйымдастыру, қажеттерін қамтамасыз ету, сұраныстың көлемі.
5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Ұсыныс көлемін не белгілейді? 2. Қашан заттарға қоғамдық тұтыну бағалылығы тән болады? 3. Кез келген зат тауар бола ала ма? Мысал келтіріңіз.
6-тапсырма. Мына сөйлемдерді түрлендіріп, оларға сұрақ қойыңыздар.
1.Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратын жаңа ерекше қасиеттерге ие болады. 2. Қоғамдық тұтыну бағалылығының өлшемі болу қызметін сұраныстың көлемі аткарады. Өнімнің өндірісі ұсыныс көлемін белгілейді. 3. Егер ұсыныс сұранысты қанағаттандырған болса, онда заттарға қоғамдық тұтыну бағалылығы тән болғаны. Кез келген зат тауар бола ала ма? Жоқ, тек адамның еңбек жұмсап, жасаған заты тауар болады. Мысалы, өзендегі балық оны ұстап алғаннан соң тауар бола алады. Өйткені оны ұстауға еңбек жұмсалады.
7-тапсырма. Аударыңыздар.
1.Как же возникло товарное хозяйство? Оно возникло в период разложения первобытного строя. Товарное производство получило значительное распространение в рабовладельческом обществе, при феодализме и приобрело всеобщий характер при капитализме. 2. Под товарным производством разумеется такая организация общественного хозяйства, когда продукты производятся отдельными, обособленными производителями, причем каждый специализируется на выработке одного какого-либо продукта. Так что для удовлетворения общественных потребностей необходима купля-продажа продуктов (становящихся в силу этого товарами) на рынке. 3. В условиях товарного производства продукты труда выступают как товары.
Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[57-60]
Бақылау сұрақтары:
1.Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасын атап беріңіз. Олар қандай өнім түрінде болады?
2. Бұл өнімдерге қандай қасиеттер тән?
3. Заттың пайдалылығы нені құрайды?
4. Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі қандай қасиетке ие болады?
5. Сұраныстың көлемі қандай қызмет атқарады?
4-апта. 12-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Тауар және оның құны
Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жағдай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның кажетін қанағаттандыру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Енді тауарға анықтама берейік. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалган қогамдық бағалылықты иемденген және айырбасқа арналган заттар, немесе қызметтер. Заттар өзінен өзі тауар бола алмайды. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектіне айналуға тиіс. Сондықтан тауар адамдар арасындағы еңбек өнімінің айырбасы арқылы білінетін қатынастарды көрсетеді. Тауармен алмасудын формалары сан алуан болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайда осы айырбастың әрекетінің нәтижесінде бір зат өтіп орнына екінші зат келуі қажет. Осыдан шығатын тұжырым: айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас қүнына ие болады. Яғни белгілі сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық қабілетке ие болады.
Нарықта сұраныс пен ұсыныста өзгерістердің әсерімен нарықтық бағалардың ауытқулары болып тұрады. Еңбектің құн теориясы бойынша, осындай ауытқулар бағаның құннан ауытқуы деп түсініледі. Осыған байланысты, тауардың өндірушілері, олардың айырбасталуында, бағаның негізі болып табылатын тауардың қоғамдық еңбектің құнымен есептесуге мәжбүр болады. Сұраныс және ұсыныс бір-бірімен сәйкестікке жеткенде тепе-теңдік орнайды. Игіліктің бағасын шекті пайдалылық теориясы негізінде белгілегенде, бағаның ауытқулары "шекті өнімнің" бағалылығының маңайында жүріп отырады. Тауардың тепе-теңдік нарықтық бағасы, сатып алушылар мен сатушылар жағының осы тауардың пайдалылығын субъективтік бағалауларының нәтижесі болып табылады.
Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Осыған сәйкес, тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Тауар, жетімсіз жағдай; басқаларға өткізілуі, басқа адамның кажеттін қанағаттандыру,. анықтама беру, қогамдық бағалылық, иемдену, айырбастау, заттар, кызмет, айырбастың нысаны, еңбек өнімінің айырбасы, катынастарды көрсету, айырбас құны, айырбастау қабілеті.
3-тапсырма. Жаңа сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
Тауар, адам, кажеттілігі, қанағаттандыру, анықтама, беру, зат, айналу, қатынас, нарық, айырбас, қүны, процесс, шығын
4-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
Бағаның құннан ауытқуы, еңбек өнімінің айырбасы, басқа адамның кажеті, еңбек шығыны.
5-тапсырма. Мына сұрақтарды пайдаланып 1-2 жағдаяттық сұхбат құрыңыздар. Сұхбаттарды рөлдер бойынша оқып шығыңыздар.
1. Нарықта нарықтық бағалардың ауытқулары болып тұратынын білесіз бе? 2. Ол неге байланысты деп ойлайсыздар? 3. Еңбектің құн теориясы бойынша осындай ауытқулар қалай түсініледі? 4. Сұраныс және ұсыныс бір-бірімен сәйкестікке жетті дейік, сонда не орнайды? 5. Тауардың құны қандай шығыннан тұрады?
6-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.
1.Нарықта сұраныс пен ұсыныс өзгерістерінің әсерімен нарықтық бағалардың ... болып тұрады. 2. Еңбектің құн теориясы бойынша, осындай ауытқулар бағаның ... деп түсініледі. 3. Сұраныс және ұсыныс бір-бірімен сәйкестікке жеткенде ... орнайды. 4. Тауардың тепе-тендік нарыктық бағасы, сатып алушылар мен сатушылар жағының осы тауардың пайдалылығын субъективтік ... нәтижесі болып табылады. 5. Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған ... тұрады.
Тірек сөздер: 1. еңбек шығынынан 2. бағалауларының; 3. тепе-теңдік; 4. ауытқулары; 5. құннан ауытқуы.
7-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.
1.Нарықта (цены) ауытқулары болып тұрады. 2. (Спрос и предложения) бір-бірімен сәйкестікке жеткенде тепе-теңдік орнайды. 3. (Стоимость товара) оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. 4. Тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және (необходимое рабочее время) белгіленеді.
8-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар.
1.Сұраныс және ұсыныс бір-бірімен сәйкестікке жеткенде ... . 2. Тауарды жасауға жұмсалған еңбек шығынынан ... . 3. Тауардың қүнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс ... .
9-тапсырма. Аударыңыздар.
Товар - это продукт труда, способный удовлетворять какую - либо человеческую потребность и произведенный для обмена. Каждый товар обладает двумя свойствами: потребительной стоимостью и стоимостью.
Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат тілі дағдысын, есте сақтау мен зейінді жаттықтырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[61-63]
Бақылау сұрақтары:
1.Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы жеткілікті ме? Дәлелдеңіз.
2. Басқа адамның кажеттін қанағаттандыру үшін жасалған сыйлық тауар бола ма?
3. Тауарға анықтама беріңіздер.
4. Заттар өзінен өзі тауар бола алады ма?
5. Тауар болу үшін зат неге айналуға тиіс деп ойлайсыздар?
6. Тауар адамдар арасындағы қандай катынастарды көрсетеді?
7. Әр тауар нарықта айырбас қүнына қандай процесте ие болады?
5-апта. 13-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Ақша - тауарлық қатынастардың дамыған формасы
Экономиканың даму тарихы, сонымен қатар, тауар өндірісі мен тауар айналымының тарихы болып табылады. Бұнда өндірушілердің бір-бірімен байланыстары бір тауарды басқа тауарға айырбастау арқылы жүзеге асып отырған. Тауардың белгілі бір пропорцияда басқа тауарлармен айырбастала алатын қасиеті айырбас құнын құрайды. Алғашқы даму сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болған, ақшаның көмегінсіз жүрген. Айырбастың осындай ыңғайсыз жағдайы аз болмаған. Айырбастың бүл сатысына құнның жәй, кездейсоқ формасы сәйкес келеді. Жеке тауардың құны басқа бір тауар арқылы тек кездейсоқ түрде бейнеленген.
Қоғамдық өндіріс дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргізуге көмектесетін жалғыз тауардың бөлініп шығуының қажетгігі пайда болды. Ақшаның анайы, түңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялык аймақтарда олар әр түрлі болды -егіншілерде бидай, малшыларда мал, аңшыларда терілер, т.б. Өкінішке орай, осы тауарлар барша территорияларда қызмет ете алмады, олар кең тарамады. Айырбастың кездейсоқ процесі айырбас эволюциясында ауқымды қадам жасауға мәжбүр етті. Түбінде тауар қатынастарының дамуы, ақшаның ролін асыл металдарға: алтынға, күміске жүктеді. Өзінің табиғи касиеттері - бір тектілігі, бөлшектеп бөлуге болатындығы, ықшамдылығы, қолайлылығы, көп уақыт сақталатындығы жағынан асыл металдар осы рөлді атқаруға неғүрлым бейімді болды. Ақшаның есеп бірлігін оның салмағы атқаратын болды.
Бара-бара ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын, күміс кесектеріне оның салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай куәландырған алтын, күміс кесіндісі монета деп аталған. Жер әлемінің көптеген халықтарының монета заңды айырбас және төлем қүралы болып табылған. Бірте-бірте ол айырбаста қолайлы дөңгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын және сынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен растап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында, металдық ақша айналымы жүйесі қалыптасқан.
Осылайша ақша әдеттен тыс ерекше, өзіне жалпылама айырбас құралының рөлі тән болып кеткен, тарихи жағынан тауарлық табиғатқа ие болған құбылыс.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Ақша, ақша айналымы, айырбас құралы, ақшаның мәні, дүниежүзілік ақшалар, қазына жинау құралы, металдың салмағы, металдың сынамасы, төлем құралы, айналым құралы, жинақ жасау құралы
3-тапсырма. Сөздерді тіркестіре отырып, 2-3 сөйлем құрастырыңыздар.
Даму, айналым, тауар, тарих, өндіріс, тауар, өндіруші, байланыс, айырбастау, қасиет, айырбас, құн
4- тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
Ақша айналымы, кемелденген дәрежесі, ақшаның мәні, металдық бағыты, ақшаның тауарлық табиғаты, құн өлшеуші, қазына жинау, құн өлшемі, айналым кұралы, төлем құралы, жинақ жасау құралы, дүниежүзілік ақша.
5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Тауардың қандай қасиеті айырбас құнын құрайды? Алғашқы даму сатысында айырбас болған ба? Айырбастың бұл сатысына құнның қандай формасы сәйкес келеді? Жеке тауардың құны қалай бейнеленген? Ақшаның алғашқы формалары неге байланысты дүниеге келді? Ақша эволюциясын ретімен атап беріңіз. Монета деп қандай ақша аталған? Сипаттап беріңіз.
6-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.
1.Қоғамдық өндіріс дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргізуге көмектесетін жалғыз тауардың бөлініп шығуының ... пайда болды. 2. Ақшаның анайы, ... формалары дүниеге келді. 3. Әр халықтарда, әр географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды - ... бидай, малшыларда мал, аңшыларда терілер, т.б. 4. Өкінішке орай, осы тауарлар барша территорияларда ... ете алмады, олар кең тарамады. 5. Айырбастың кездейсоқ процесі айырбас эволюциясында ... мәжбүр етті. 6. Түбінде тауар қатынастарының дамуы, ақшаның ролін асыл металдарға: ... жүктеді. 7. Ақшаның есеп бірлігін оның ... атқаратын болды.
Тірек сөздер: 1.алтынға, күміске, 2. тұңғыш, 3. қызмет, 4. салмағы; 5. егіншілерде, 6.ауқымды қадам жасауға, 7. қажеттігі.
7-тапсырма. 5-тапсырмадағы сұрақтарды пайдалана отырып жағдаяттық сұхбат құрастырыңыздар. Рөлдер бойынша оқыңыздар.
8-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.
Бұрын ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын, күміс кесектеріне оның салмағын көрсететін (знак) басатын болған. Осылай куәландырған алтын, күміс (обрезки) монета деп аталған. Жер әлемінің көптеген халықтарының монета заңды (средства обмена и оплаты) болып табылған. Бірте-бірте ол айырбаста қолайлы дөңгелектенген форма алып монетадағы металдың (вес) және (проба) мемлекет өзінің белгілі (печать) растап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында, металдық (денежное обращение) жүйесі қалыптасқан.
9-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар
Ақша айналымының әр алуан ... . Ақша қоғам дамуының кемелденген дәрежесін де ... . Ақшаның мәні, оның атқаратын ... . Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д.Рикардо ақшаның басты қызметі деп ... . К.Маркс ақша құнының еңбектік сипатына сүйене отырып, ақша теориясын дәлелдеп ... .
10-тапсырма. Аударыңыздар.
1.Деньги – особый товар, служащий всеобщим эквивалентом, благодаря которому действует экономика. 2. Сущность денег полнее раскрывается через их функции. 3. Мера стоимости – первая и главная функция денег. 4. Цена товара определятся мысленно, или идеально с учетом различной ситуации в экономике. 5. Как сравнить имеющиеся разные цены? Для этого неоходимо цены свести к одному масштабу. 6. В прошлые века масштабом цен было принято называть весовое количество металла. 7. В настоящее время это законодательно закрепленная денежная единица (доллар, тенге, и т.д.), служащая для измерения цен всех товаров.
11-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыздар.
Ақша айналымының әр алуан типтері болады. Оның осы немесе басқа типі ақша айналымының даму дәрежесін ғана көрсетіп қоймайды. Ол қоғам дамуының кемелденген дәрежесін де көрсетеді. Ақшаның мәні, оның атқаратын қызметтерінен көрінеді. Ақша теориясының металдық бағытының өкілдері, ақшаның тауарлық табиғатын ескере отырып, оның құн өлшеуші, қазына жинау құралы және дүние жүзілік ақшалар қызметтерін атқаратынына назар аударады.
Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д.Рикардо акшаның басты қызметі деп, айналыс құралы болуын атап көрсетіп, ал басқаларын осы айналыс құралы қызметінен туады деп есептеген.
К.Маркс ақша құнының еңбектік сипатына сүйене отырып, ақша теориясын дәлелдеп әрі қарай дамытқан, ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактілік коғамдық еңбектің жалпылама көрінісі дей отырып, оның мәнін анықтайтын, атқаратын бес қызметіне назар аударады: құн өлшемі, айналым кұралы, төлем құралы, жинақ жасау құралы, дүниежүзілік ақша.
Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[64-68] 16. Нег.[45-47]
Бақылау сұрақтары:
1.Ақша айналымының қанша типі болады?
2. Ақшаның мәні оның қай қызметінен көрінеді?
3. А.Смит және Д.Рикардо кім және олар ақшаның басты қызметін қалай көрсеткен?
4. К.Маркс ақша теориясын қалай дәлелдеген? Ол ақшаның қанша қызметіне назар аударады? Оларды атап беріңіз.
5-апта. 14-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Ақшаның қызметтері
Осы замандағы экономикалық әдебиетте ақшаның атқаратын үш қызметі аталып отыр: құн өлшемі, айналым құралы, жинақ құралы.
Ақшаның пайда болуымен байланысты, жалпы тауар айналысын Т-А-Т түрінде бейнелеуге болады. Бұл процесте ақша сарапшы және айналыс құралы кызметін атқарады. Ақшаның айналыс процесіңдегі сарапшылығының арқасыңда, тауардың тауарға айырбасталуына тән болатын индивидуалдық уақыттық және кеңістік шектелу жойылады.
Тек нақтылы, қолма-қол ақша айналыс құралы қызметін атқара алады. Бұл қызметті ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқанша ғана атқаратынына байланысты, нақтылы ақша материалы, ақшаның белгісімен, немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін. Бұл үшін осы символды қоғам ақша материалының белгілі мөлшері деп мойындайды деген кепілдік қажет. Осылайша, толық бағалы емес монеталар, кейіннен қағаз ақшалар пайда болған.
Ақшаны айналыс құралы ретінде қолданғанда, сатып алу-сатуға жұмсалатын іс-қимыл мен уақыттың үнемделуінің арқасында айналыс шығындарының төмендеуінің нәтижесінде, ақша сауданы дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті.
Бұл жағдай еңбек өнімділігін жоғарылатты, демек коғамның хал-жағдайы жақсара түсті.
Құн өлшеушісі қызметін атқарғанда, ақша тауарлардың құндарын оларды өзара салыстыра отырып өлшейді. Заттың құнының ақшалай түрі, оның бағасы болып табылады. Тауардың бағасын белгілеу үшін нақтылы ақша қажет емес, бұл оймен, идеалды түрде белгіленеді. Әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды біркелкі өлшемге келтіру керек. Яғни, бір масштабқа жатқызу қажет. Бұрын баға масштабы деп осы елде ақша бірлігі ретінде және басқа тауарлардың бағаларының өлшеушісі ретіңде пайдаланатын металдың салмақ мөлшері қолданылатын. Қазіргі уақытта баға масштабы болып, ақшаның санын және тауардың бағасын өлшеуге қолданылатын, заңмен бекітілген, ақша бірлігі пайдаланылады. Ақшаның осы қызметі арқылы, жеке және мемлекеттік экономикалық жоспарлау мүмкіндігі жүзеге асырылып отырады, экономикалық қорлар мен ағымдардың көлемін өлшеп есептеу қамтамасыз етіледі. Толық бағалы ақша (алтын) қолданғанда, олар қандай болмасын сондай тауар сатып алуға мүмкіндік берген және қоғамдық байлықтың көрінісіне айналған. Байлық жинауды мақсаттау ақша жинауды, оларды қазынаға, қорға айналдыруды талап еткен.
Бұл қызметті толық бағалы және нақтылы ақша атқарған. Ақшаның белгісі қор жинау қызметін атқара алмайды, ол бұл қызметті жинақтау қызметіне айналдырады. Жинақ түріндегі ақша тауарларды сатқаннан соң сақталған және оның иесінің болашақта сатып алу қабілетін қамтамасыз ететін, ерекше актив болып көрінеді. Ақша өте өтімді құрал болғандықтан, ол байлықты сақтаудың қолайлы формасы болып табылады (әрине қарқын алып келе жатқан инфляция кезінде бұл шығынға ұшыратады).
Айналыс құралы болып табылатын ақша қоғамның экономикалық әрекеттерін келісімді түрде реттеуге мүмкіндік береді.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Ақшаның қызметі, жеке/мемлекеттік экономикалық жоспарлау, мүмкіндікті жүзеге асыру, экономикалық қорлар, ағымдардың көлемін өлшеп есептеу, толық бағалы ақша, тауар сатып алуға мүмкіндік беру, қоғамдық байлық, байлық жинауды мақсат көру, ақша жинау, қазынаға/қорға айналдыру, толық бағалы/нақтылы ақша.
3-тапсырма. Сөздерді тіркестіре отырып, 2-3 сөйлем құрастырыңыздар.
Ақша, заман, қызмет, құн, өлшем, айналым, жинақ, тауар, пайда болу, айналыс, кызметін атқару, айырбасталу жою.
4-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
Нақтылы ақша, ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқанша, ақшаның белгісі, ақша материалының белгілі мөлшері, қағаз ақшалар.
5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Заттың құнының ақшалай түрі не деп аталады? 2. Ақшаның белгісі кор жинау қызметін атқара ала ма? 3. Ол бұл қызметті қандай қызметке айналдырады? 4. Ақша қандай құрал? 5. Ақшаны байлықты сақтаудың қолайлы формасы деген дұрыс па?
6-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыз.
1. Ақша ... дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті. 2. Құн өлшеушісі қызметін аткарғанда, ақша тауарлардың құндарын оларды өзара ... отырып өлшейді. 3. Заттың құнының ақшалай түрі, оның ... болып табылады. 4. Қазіргі уақытта баға масштабы болып, ақшаның санын және тауардың бағасын өлшеуге қолданылатын, заңмен бекітілген, ... пайдаланылады.
Тірек сөздер: бағасы, салыстыра, ақша бірлігі, сауданы.
7-тапсырма. 5-тапсырмадағы сұрақтарды пайдалана отырып жағдаяттық сұхбат құрастырыңыздар. Рөлдер бойынша оқыңыздар.
8-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.
1.Байлық жинауды мақсат ету (накопление денег), оларды (казна, фонд) айналдыруды талап еткен. 2. Бұл қызметті (полноценные) және (наличные) ақша атқарған. (Денежные знаки) кор жинау қызметін атқара алмайды. 3. Ол бұл қызметті (накопление) қызметіне айналдырады. 4. Жинақ түріндегі ақша (после реализации товаров) сақталған және оның иесінің болашақта (покупательская способность) қамтамасыз ететін, ерекше актив болып көрінеді. 5. Ақша өте өтімді (средство) болғандықтан, ол байлықты сақтаудың (удобная форма) болып табылады.
9-тапсырма. Сөйлемді аяқтаңыздар.
1.Ақша арқылы жеке және мемлекеттік экономикалық жоспарлау мүмкіндігі ... , экономикалық қорлар мен ағымдардың көлемін ... . 2. Толық бағалы ақша (алтын) қолданғанда, олар қандай болмасын сондай тауар сатып алуға ... .
10-тапсырма. Аударыңыздар.
Деньги - это особый товар, служащий всеобщим эквивалентом.Деньги являются товаром потому, что по своему происхождению они стихийно выделились из всей массы товаров в результате развития обмена. В зависимости от исторических условий роль денег у различных народов выполняли разные товары — скот, меха, шкуры и др. С течением времени роль денег перешла к благородным металлам, которые обладают однородностью, делимостью, сохраняемостью и портативностью, что делает их наиболее пригодными к выполнению денежных функций.Деньги выполняют ряд функций, в которых проявляется их сущность. Деньги служат:
мерой стоимости;
средством обращения;
средством образования сокровищ;
средством платежа;
мировые деньги.
Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат тілі дағдысын, есте сақтау мен зейінді жаттықтырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[66-69]
Бақылау сұрақтары:
1.Ақшаның атқаратын қызметтері қандай?
2. Жалпы тауар айналысын Т-А-Т түрінде бейнелеуге бола ма?
3. Бұл процесте ақша қандай кызмет атқарады?
4. Қандай ақша айналыс құралы қызметін атқара алады?
5. Қағаз ақшалар бірінші пайда болған ба, әлде толық бағалы емес монеталар пайда болған ба?
5-апта. 15-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Ақша жүйесі
Ақша жүйесі дегеніміз – жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
• ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы ақша тілемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі металл атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір металл. Биметализм жүйесі Еуропада ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады.
Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим - б.д.д. V-III ғғ.), күміс (Ресей - 1843-1852 жж; Голландия, Үндістан -XIX ғ.), алтын (Англия - XVIII ғ. аяғынан, басқа елдер - XIX ғ. аяғынан).
Алтын метализмі алтын монеталық стаңдарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол дәуірде алтын монетасы еркін соғылған, құн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесегі құнының мөлшерімен шектелген.
Алтын девиздер стандарты тұсында алтынмен байланыс бұдан да алшақ болған: алдымен құйма алтын стандартын тұтынатын елдердің валютасын жинақтау қажет болады, осыдан кейін дүниежүзілік нарықта оны алтынға айырбастап алуға болатын.
Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар алтын айналымына жол бермейтін жүйелер болып табылды.
1944 ж. құрылған Халықаралық валюта қоры Тройская унция құнын белгілеген (35 американ доллары 31,1035г. алтынға тең). Ресми түрде жарияланған алтынның құнын ұстап тұратын резервтік валютаның қызметі американдық долларға және ағылшын фунт стерлингіне жүктелді. Егер алтын стандарты кезеңінде валютаның қайта қалпына келгіштігі деп ұлттық ақша бірлігінің алтынға айырбасталу мүмкіндігі түсінілсе, жаңа жағдайда, валютаның қайта қалпына келгіштігі деп валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі түсінілген. Бүгінгі күнге дейін валютаның еркін ауысатындық қабілеті, оның АҚШ долларына айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-ың өзінде 1971 ж. Орталық банктер үшін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылған.
Осы күнгі несие ақшасын борыш куәліктері құрайды. Бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы, олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы XX ғ. олар бірте-бірте өздерінің ерекше тауар қасиетінен айрылып келеді: олар нақты тауардың тұтыну құнымен тұтасып кете алмай отыр және көбінесе бухгалтерлік тіркеп-жазу формасында (чек, депозиттері, несие карточкалары, ақшаны электрондық құралдарды пайдаланып аудару, т.б.) орын алады.
Ақшаның ерекше табиғаты мен және оның атқаратын қызметтерімен қатаң айқындалған, ақша айналым заңдары әрекет етеді. Айналысқа артық шығарылған ақша қазына қоймасын толықтырады.
Ақшаның қағаз ақша айналысы кезеңінде, айналысқа түсетін ақшаның саны оның алтын ақша орнын алмастыратын санына тең болуы керек, басқаша болса, қағаз ақшалар арнасы артық толып кетіп, олар құнын жояды.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Ақша жүйесі, ақша табиғаты, ақша айналымы, ақшаның атқаратын қызметі, ақша айналымы, артық шығарылған ақша, борыш куәліктері, несие ақшасы, алтынның құны
3-тапсырма. Сөздерді тіркестіре отырып, 2-3 сөйлем құрастырыңыздар
1.Ақша, жүйе, бірлік, баға, белгі, сипат, валюта, ұлттық, қаржы, несие
2.Шығару, қамтамасыз ету, айырбастау, ұйымдастыру
4-тапсырма. Мына сөз тіркестері мәтінде кездесті ме?
Алтын метализмі, алтын монетасы, құйма алтын, алтын девиздер стандарты, алтын қоры, қағаз ақша, алтынға айырбасталу, валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі, доллардың алтынға айырбасталуы.
5-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Ақша жүйесі дегеніміз не? Оның негізгі элементтерін атаңыз. 2. Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, қандай органдар жүргізеді? 3. Металдық ақша жүйесі қанша типке бөлінеді? 4. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін қанша және қай металл атқарады? Монометализм тұсында ше? 5. Биметализм жүйесі ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қайда кең тараған? 6. Монометализм деген не? 7. Алтын метализмі алтын монеталық стаңдарт формасында қай уақытқа дейін болды? 8. Сол дәуірде алтын монетасы қандай болған, қалай айырбасталған? 9. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қандай стандарттар пайда болды? 10. Қай ел қандайсы стандартарды енгізді? 11. Құйма алтын кесек стандарты тұсында алтын монетасының еркін соғылды ма? 12. Қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы туралы айтып беріңіз.
6-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыздар.
1.Металдық ... негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. 2. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін ... атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында -... . 3. Биметализм жүйесі ... ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. 4. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім:
Тірек сөздер: Еуропада, мыс, күміс, алтын, екі металл, тек бір металл, ақша жүйесі.
7-тапсырма. 5-тапсырмадағы сұрақтарды пайдалана отырып жағдаяттық сұхбат құрастырыңыздар. Рөлдер бойынша оқыңыздар.
8-тапсырма. Жақшаны ашыңыздар.
1.Осы күнгі (кредитные деньги) борыш куәліктері құрайды. 2. Бұлардың (разница от наличных денег), олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы. 3. Ақшаның (особая природа) мен және (их функции) қатаң айқындалған. 4. Ақша (оборотные) заңдары әрекет етеді. 5. Айналысқа (излишние деньги) қазына қоймасын толықтырады.
9-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Мировые деньги
Международные экономические и политические отношения — внешнеторговые связи, международные займы, военные контрибуции и т.д. вызывают функционирование денег на мировом рынке.
Мировые деньги выступают в виде счетов благородных металлов - в виде займа.
Мировые деньги имеют следующие три назначения:
1) Международное платежное средство.
2) Международное покупательное средство.
3) Всеобщее воплощение общественного богатства
10-тапсырма. Мақалдарды көшіріп жазып, мағынасына мән беріңіздер.
Ақша тиыннан құралады.
Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп.
Теңгенің күші тиында.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[67-69]
Бақылау сұрақтары:
1. Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар неге жол бермейді?
2. Халықаралық валюта қоры қай жылы құрылды?
3. Осы күнгі несие ақшасын нелер құрайды?
4. Бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы неде?
5. Айналысқа артық шығарылған ақша нені толықтырады?
6. Ақшаның қағаз ақша айналысы кезеңінде, айналысқа түсетін ақшаның саны ненің санына тең болуы керек?
6-апта. 16-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Баға игілігі
Әр тауар мен әр қызметтің, олардың нарықта орналасу формасына байланысты, өз бағасы болады. Осы баға ақшаға айналып табыстың белгілі бір түрін құрайды.
Жоғарыда айтылғандай, бағаның негізін тауарлардың бағалылығы құрайды. Еңбек өнімдері өндіріс сферасынан нарықтық факторлар әрекет ететін айналыс сферасына келіп түседі. Олар бағаның жоғары немесе төмен ауытқуын тудырады. Ал баға өз тарапынан тауарлардың сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Яғни, сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетіне ықпал жасайды.
Бағаларға, айырбас пропорциясы болғандығы ретінде, бағаны құру механизмі деп аталатын, оларды белгілеу әдістері өте зор әсер етеді. Экономикалық практикада бағаны белгілеу туралы екі негізгі ықпал қалыптасқан: нарықтық және шығындық (өндірістік). Бұлардың айырмашылығы, ең алдымен бағаның қалыптасуына әсер ететін факторлармен анықталады.
Нарықтық әдістегі шешуші факторлар: нарықтың конъюнктурасы, тауарға сұраныс және ұсыныс. Шығындық әдісте баға белгілеу негізінде өндірістік шығындар, алдымен — тауарды жасауға жұмсалған еңбек шығындары жатқызылады.
Нарықтық баға құрылуында баға игіліктерді айырбастау процесінде байқалатын, олардың бағалылығын көрсететін форма болып табылады. Біріншіден, бұл жағдайда, тауарлардың бағасы және олардың тұтыну объектісі болуымен байланысты өздеріне тән бағалылықтың арасында тікелей байланыс бары байқалады. Екіншіден, тауардың бағасы тек оның акшаға немесе басқа тауарға айырбасталуында ғана көрінеді.
Сөздік:
тауар – товар
заң – закон
баға – цена
негіз – основа
ықпал жасау – влияние
2-тапсырма. Сөздердің синонимдерін табыңыздар.
Қызмет, баға, ақша, белгілі, ауытқу, айырмашылық, туралы, негізгі.
3-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерін бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.
еңбек а) әдіс
нарықтық ә) өнімдері
бағаның б) практика
тауарға в) объектісі
сатушылардың г) байланыс
экономикалық ғ) ауытқуы
тұтыну д) сұраныс
тікелей е) іс-әрекеті
4-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, 3-4 сөйлем құрастырыңыздар.
Ақша айналымы, табыс, тауар, нарық, шығын, ұсыныс, тауардың бағасы, өндірістік шығындар.
5-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді аяқтаңыздар.
Нарықта орналасу формасына байланысты .............................
Баға ақшаға айналып табыстың ...................................................
Бағаның негізін тауарлардың ....................................................
Экономикалық практикада бағаны белгілеу ..............................
Баға өз тарапынан тауарлардың ...................................................
Сатып алушылар мен сатушылардың ...........................................
6-тапсырма. Қазақ халқының маржан сөзіне зейін қойыңыздар. Қасиетті сандарды есте сақтаңыздар. Сандарға байланысты тұрақты сөз тіркестерін естеріңізге түсіріңіздер.
Қазақ халқында жеті, тоғыз, он үш, қырық сандары қасиетті сандар болып есептеледі. Мысалы. Жеті қазына, жеті күн, жеті ғалам, жеті ғашық ... .
Әдістемелік ұсыныстар: Естігендеріңізді түсіну жағын тексеруге дағдыланыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[ 69-71] 6 Нег. [381], [321]
Бақылау сұрақтары:
1. Тауардың және қызметтің бағасы дегеніміз не?
2. Бағаны белгілеудің негізгі ықпалдары қандай?
3. Баға тауарлардың сұранысы мен ұсынысына қалайша әсер етеді?
4. Нарықтық баға дегеніміз не?
6-апта. 17-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Бағалар және тарифтер
Сауда-саттық операциялардың масштабына сәйкес және сатылатын тауарлардың түрлеріне қарай, бағалар мынадай түрлерге бөлінеді:
• көтерме сауда бағасы арқылы көтерме саудада өнімдердің ірі партиялары сатылады;
• бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар индивидуалдық сатып алушыларға шағын мөлшерде сатылады;
• тарифтер көрсетілген қызметтер үшін (телефонды пайдаланғаны үшін, электр қуаты, газ, су үшін, пәтерді жөндеушіге) төленетін баға.
Еркіндіктің дәрежесіне сай баға былай бөлінеді:
қатаң белгіленген тұрақты бағалар — баға құру органдарының белгілейтін бағалары. Осындай бағаны қалай да болмасын бұзу заңға сәйкес қудаланады;
реттелген бағалар. Бұлардың мөлшерін мемлекеттік органдар реттеп отырады. Бірақ осы ықпал белгілі бір тауарлар тобына бағаның жоғарғы шегін белгілеумен аяқталады. Бағаларды реттеу рентабельдіктің шекті дәрежесін белгілеу арқылы жүргізіледі;
нарықтық бағалар — мемлекетгік оргаңдардың тікелей реттеуіне жатпайтын бағалар.
Сөздік:
сауда – торговля
көтерме сауда – оптовая торговля
бөлшек сауда – розничная торговля
қатаң – строгий, жесткий
тұрақты – постоянный
2-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Сауда, көтерме сауда, бөлшек сауда, сатушы, сатып алушы, айналым, мемлекеттік орган, нарықтық баға.
3-тапсырма. Сөздердің антонимдерін табыңыздар.
Қатаң, нарықтық, заңды, шығын, құнды, тікелей, ақылы, бөлшек сауда, шағын, тұрақты.
4-тапсырма. Аудармасымен сәйкестендіріңіздер.
1.баға а.регулирование
2.нарық ә.преследуется
3.мемлекеттік б.соответствие
4.реттеу в.делятся
5.қудаланады г.государственный
6.сәйкес ғ.рынок
7.бөлінеді д.цена
5-тапсырма. Аударыңыздар.
1.Впервые в научном труде слово «экономика» появляется в IV в. до н. э. у Аристотеля, который называет её «естественной наукой». 2. Главная функция экономики состоит в том, чтобы постоянно создавать такие блага, которые необходимы для жизнедеятельности людей. 3. Сегодня экономика — это система хозяйствования, включающая отрасли материального производства и нематериальной сферы. 4. Экономика современного общества представляет собой сложный и всеохватывающий организм, который обеспечивает жизнедеятельность каждого человека и общества в целом.
Әдістемелік ұсыныстар: Тыңдау дағдысын жаттықтырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[70] 5 нег.[192-193]
Бақылау сұрақтары:
1. Көтерме сауда бағасы деген не?
2. Бөлшек сауда бағасы деген не?
3. Тариф деген не?
4. Қатаң белгіленген тұрақты бағалар деген не?
5. Реттелген бағалар деген не?
6-апта. 18-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Бағалардың қалыптасуы, түрлері
Бағалар нарық конъюнктурасының сұраныс пен ұсыныс зандарының ықпалы нәтижесінде қалыптасады. Нарықтық бағалар сатып алушылар мен сатушылардың еркін саудаласу процесінде белгіленуге тиісті. Қатаң белгіленген мемлекеттік бағалардан нарықтық еркін бағаларға көшу бағаны ырықтандыру деп аталады. Бағалардың осы аталған түрлерінен басқа да экономикалық практикада қолданылатын сипаттары болады. Күнделікті бағамен қатар, экономикалық талдауда, жоспарлауда, статистикада, сонымен бірге зерттеуді көздеген мақсатта, салыстырмалы бағалар пайдаланылады. Оларды қолданудың мағынасы, мысалы, инфляция процесінде бағаның өзгерілуін анықтап зерттеуде зор болады. Демек, егер бір мезгіл шамасында отбасы тамақтануға 10 мың теңге жұмсаған болса, ал кейінде тұтынудың дәрежесі бұрынғы көлемде қалып, тамақтануға 20 мың теңге жұмсалса, азық түліктің бағасы екі есе өскені болып табылады. Есептеу арқылы белгіленетін бағалардың барлық түрлері есептелген баға деп аталады. Тауарлар мен қызметтерге қойылатын кейбір бағалар прейскуранттар, яғни бағалардың көрсеткіші арқылы белгіленеді. Бұндай бағалар прейскуранттық деп аталады.
Сөздік:
қалыптасу – формироваться
сұраныс – спрос
вқпал – влияние
нәтиже – результат
еркін баға – свободная цена
талдау – анализ
тұтыну – потребление
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Баға қандай жағдайда қалыптасады?
2. Нарықтық баға дегенді қалай түсінесіз?
3. Салыстырмалы бағалар қай кезде пайдаланылады?
4. Бағалардың көрсеткіші қалай аталады?
5. Мәтіннен не түсіндіңіз?
3-тапсырма.«Қазақстандағы нарық жағдайы» тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыздар.
4-тапсырма. Жақшаның ішідегі сөздерді аударып, сөйлемді толықтырыңыздар.
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы (является). Кез-келген мемлекеттің тарихына оның (свой) валютасының да тарихы кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы (формировался). Кез-келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын (изображает). Ал Теңгенің тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы (с указания) басталады. Республикада ақша айналысындағы металл ақшамен қатар (юбилейный) және ескерткіш металл ақшалар да қолданылады.
5-тапсырма. Сөздерді мағыналық жағынан топтастырыңыздар.
тез ....................................................
тәуелді ..............................................
тұрақтылық ..................................
талдау ..............................................
талаптану ........................................
демеу ...............................................
даму .................................................
бағынышты, жылдам, дереу, саралау, талпыну, қарману, тырысу, шапшаң, сараптау, арту, өркендеу, жалынышты, басыбайлы, табандылық, медеу.
6-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Бағалардың түрлері
Жоспарлау-басқару жұмыстарының орындалу барысында болжамды және жоспарланган бағалар пайдаланылады. Орталықталған экономика жағдайында, бағаларды жоспарлау оңай мәселеге жатпайды. Кеңес дәуірінде Қазақстандағы бағалар қағаз жүзінде ғана жоспарлы баға болған. Бұл бағаларды реттеу жұмысымен тек мемлекеттік басқару органдары айналысқан.
Нарық типтес экономикада болжамдалған бағалар кең пайдаланылады. Бұлардың негізінде фирмалар әрекеттері жоспарланады, мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар дайындалады және индикативтік жоспар деп аталатын мемлекеттік жоспар-болжау жасалады.
Келісімді бағалар сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы контракт құжаттармен айқындалған, көлемі сатып алу-сату алдында жасалған келісімде көрсетілген баға болып есептеледі.
Көбінесе бағаның түрі, оның қалыптасқан нарығының түрімен белгіленеді. Биржалық, аукциондық, комиссиондық бағалар болады. Әр елдерде әр типтес тауарларға, әр түрлі баға дәрежесінін болуы, дүниежүзілік бағаны пайдалану қажеттігін тудырады. Бүкіл әлемдік бағалар еркін айырбасталатын валюталар арқылы есептеледі.
Сөздік:
жоспарлау – планирование
басқару – управление
болжам – прогноз
реттеу – регулирование
жоба – проект
7-тапсырма. Мәтіннің көмегімен кестені ш/ж жауабымен толықтырыңыз.
|
Сөйлемдер |
Шын |
Жалған |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8-тапсырма. Сөйлемдерді қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қою арқылы толықтырыңыздар.
1. Өткен жылы 91,7 млрд теңге сомаға қолма-қол ақша айналысына қызмет көрсететін тозған банкноталар мен ақаулы монеталар .... . 2. Ұлттық Банктің резервтік қорларынан 592,2 млрд.теңге сомаға қолма-қол ақша ... . 3. Айналыстан алынған банкноталардың ... 5000 теңгелік банкнотаға тиесілі. 4. Банктердің кассаларына ... өткен жылғыдан артық, яғни 97,5% болды.
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: айналыстан алынды, қолма-қол ақшаны қайтару коэффиценті, айналысқа шығарылды, неғұрлым үлкен көлемі.
Әдістемелік ұсыныстар: Тыңдау дағдысын жаттықтырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[70] 5 Нег.[192-193]
Бақылау сұрақтары:
1. Жоспарлау-басқару жұмыстарын орындау қандай баға қолданылады?
2. Келісімді бағалар қалай айқындалады?
3. Бүкіл әлемдік бағалар қандай валюталар арқылы есептеледі?
4. Бағаны ырықтандыру дегеніміз не?
3-модуль
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР, ОЛАРДЫҢ МӘНІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ.
7-апта. 19-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Нарықтық қатынастардың теориялық негіздері
Экономикалык байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: өндірушілер мен тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жағынан өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне апарады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынада өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен қатар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
екі субъектінің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа құрылымдарды жалға алумен байланысты қатынастар;
еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
шетел фирмалары мен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары;
тауар, қор, валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын, нарықтық инфрақұрылымдардың іс-әрекет процестері.
Сөздік:
байланыс – связь
өнім – продукция
өндіруші – производитель
тұтынушы – потребитель
қамту – охватывать
әрекет – действие
құрылым – структура
2-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
Өнім, өндіруші, тұтынушы, жұмыс күші, кәсіпорын, экономикалық қатынас, жалға алу, нарық қатынасы, еңбек биржасы.
3-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1. Основным показателем, характеризиующим уровень инфляции в экононмике, является индекс потребительских цен. 2. Он определяется на основе индексов роста цен на отдельные товары и услуги. 3. Опыт Казахстана подтвердил возможность борьбы с инфляцией методами, фискально денежной политики. 4. В течение длительного времени зависимость между массой денег в обращении и инфляцией была обектом пристального внимания экономистов. 5. Монетаристы считают, что изменения в денежной массе являются основным фактором инфляции.
4-тапсырма. Сөздерді синонимдерімен сәйкестендіріңіздер.
байланыс а.қарыз
өндіруші ә.дербес
несие б.қиын
тәуелсіздік в.жұмыс
күрделі г.пайдаланушы
тұтынушы ғ.шығарушы
еңбек д.қатынас
Әдістемелік ұсыныстар: Естігендеріңізді түсіну жағын тексеруге дағдыланыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[72-74] 7 Нег.[20-22], [11-14] 15 Нег. [79-88], 16 Нег.[52-55]
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалык байланыстар дегеніміз не?
2. Айырбас процестері нелермен белгіленеді?
3. Нарық дегенді қалай түсіндіңіздер?
4. Нарық қатынастарына нелер жатады?
7-апта. 20-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Нарық қызметтерінің шарттары
Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Соңғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылык құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.
Бүгін осы шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа шектеулер, кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу, криминалдык әрекеттердің жандануы - рэкет, мемлекеттік-коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердін көбейуі. т.б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік-шаруашылық іс-қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.
Осыған байланысты, өркениеттік нарық қатынастарының біздің экономикадан тез орын алуына жол ашатын шарттардың зәрулігі өте жоғарылап отыр. Бұндай шарттарды екі топқа бөлуге болады. Біріншісі нарықтық байланыстарды қамтамасыз ететін жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен байланысты:
меншіктің алуан түрлі формаларына (жеке меншікке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншікке) жол ашу. Бұл шартқа бірте-бірте (құрылымдық өзгерістер экономикадағы сәйкестікті шұғыл бұзбайтын етіп) жол беру керек;
мемлекеттік реттеушілерді сақтай отырып, өндірісті демократияландыру. Бұнда есте болатын жағдай: нарық экономикасы өзін-өзі реттеп шексіз өркендеп тек жетіліп жандана беретін жүйе емес;
• үш негізгі элементтерді біріктіретін: тауар мен қызметтер нарығын, өндіріс факторларының нарығын, қаржы нарығын біріктіретін нарықтық инфрақұрылым жасау.
Сөздік:
шарт – условия
шаруашылық – хозяйство
меншік – собственный
кедергі – препятствие
қаржы – финансы
2-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.
1939 жылы (изобретатель) Лютер Джордж Симиян банкомат ойлап тапты. Лютер Джордж Симиян өз идеясының қолданыс табуы үшін «Ситигруп» корпорациясын (создал). Бірақ алты айдан кейін банк банкоматтарға (спрос) төмен екендігін (заявил). Дон Ветцельдің де патенті болды және жаңа үлгідегі банкомат концепциясын (создатель) болды. Банкомат жасап шығаруға және жетілдіруге 5 млн. доллар және (несколько лет) (потребовалось).
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді кестеден алып қойыңыздар.
1.Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы .... атқарады. 2. Олардың айналыста ұлғаюы .... қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. 3. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және .... тез икемді болып келеді. 4. Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың .... болып табылады. 5. Қағаз ақшалар бюджет .... жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металмен ауыстырылмайтын, мемлекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді. 6. Алғашқы қағаз ... Қытайда пайда болды.
|
1. А. қызметін Ә. қызметіне Б. қызметінің В. қызмет |
2. А. мемлекеттен Ә. мемлекетті Б. мемлекеттің В. мемлекетпен |
3. А. құнсыздану Ә. құнсыздан Б. құнсыздануды В. құнсыздануға |
|
4. А. өкілдерімен Ә. өкілдерінен Б. өкілдерін В. өкілдері |
5. А. тапшылығын Ә. тапшылығына Б. тапшылығынан В. тапшылығының |
6. А. ақшалар Ә. ақшаларды Б. ақшалардың В. ақшалармен |
5-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс аяқтаңыздар.
|
Басы |
Аяғы |
|
1.Нарық қызметтерінің |
1.айырбас құралы болып табылады. |
|
2.Инфляция ұдайы өндіріс процесіндегі |
2.бір-бірінен бөлінбейді. |
|
3.Кез келген тауар айналысында ақша |
3.ақша айналысы да болмайды. |
|
4.Тауар және ақша |
4.бағаның өсуі ретінде анықталады. |
|
5.Ақша айнасылы болмаса, онда |
5. белгілі шарттары болады. |
Әдістемелік ұсыныстар: Естігендеріңізді түсіну жағын тексеруге дағдыланыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[73,74]
Бақылау сұрақтары:
1. Нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылықтың себептері қандай?
2. Өркениеттік нарық қатынастарының біздің экономикадан тез орын алуына жол ашатын шарттарды атаңыз.
3. Меншіктің алуан түрлі формаларын атаңыздар.
4. Нарықтық инфрақұрылым біріктіретін негізгі элементтерді атаңыздар.
7-апта. 21-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементі өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны — екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканы реттеушілердің - баға, пайда нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.
Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
маржиналдық (шекті) талдауға;
балама таңдау шығындарына;
экономикалык рационалдық.
Сөздік:
өндіруші – производитель
тұтынушы – потребитель
сұраныс – спрос
ұсыныс – предложение
бәсеке – конкуренция
2-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Рыночный, важный, общество, инфраструктура, оптовая цена, соответствие, необходимость, конкуренция, производство, промышленность, предприятие.
3-тапсырма. 2-тапсырмадағы сөздердің аудармасымен сөйлемдер құраңыздар.
4-тапсырма. Сұрақтардың жауабын мәтіннен табыңыздар.
Нарық экономикасының қызметі нені талап етеді?
Баға деген ұғымды қалай түсінесіз?
Бәсеке не үшін керек?
«Бәсеке» жөніндегі А.Смиттің пікірі қандай?
Нарықтық инфрақұрылымды қалай түсінесіз?
5-тапсырма. Берілген сөзден бірнеше сөз шығарыңыздар.
Қажеттілік
Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа тақырып бойынша лексикалық материалды қайталаңыздар, жазбаша тілдің дағдысын қалыптастырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[70-78] 2 нег.[75,77]
Бақылау сұрақтары:
1. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементін атаңыздар.
2. Бәсекенің басты қызметі?
3. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмінің басты принциптерін атаңыздар.
8-апта. 22-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Нарықтың құрылымы
Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);
тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;
осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен.
Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:
Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:
игіліктер мен қызметтер нарығы;
өндіріс құралдарының нарығы;
ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
құнды қағаздар нарығы;
жұмыс күші нарығы.
Нарықтың көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді. Ол тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.
Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:
өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
халық тұтынатын тауарлар; азық-түлік тауарлар нарығы;
шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.
Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауылшаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбеюін тілейді.
Сөздік:
ұжымдық – коллективный
үлес – доля
тауар айналымы – товарооборот
серіктес – партнер
қор – фонд; запас
нарық - рынок
шикізат - сырье
2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыздар.
Аумақ, қолма-қол, үздіксіз, бақылау, дәреже, қажет, сала, өндіруші.
3-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңыздар.
Халық, кең, мемлекеттік, еркін, көтерме сауда, тез, қажет,
4-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Аумақ, қолма-қол, үздіксіз, бақылау, дәреже, қажет, сала, өндіруші, мемлекеттік, еркін, көтерме сауда.
5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
Әдістемелік ұсыныстар: Сұхбат тілі дағдысын, есте сақтау мен зейінді жаттықтырыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[72,74] 2 нег.[78]
Бақылау сұрақтары:
1. Нарықтың құрылымы қандай болады?
2. Нарықтың экономикалық құрылымы қандай жағдайлармен белгіленеді?
3. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша қалай жіктеуге болады?
4. Меншік формаларын атап шығыңыз.
8-апта. 23-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Нарықтың түрлері
Кеңістік (территориялық) критерийі бойынша мынадай нарықтар болады:
аймақтар ішіндегі;
аймақаралық;
республикалық;
республикааралық;
халықаралық (әлемдік) нарықтар.
Осыңдай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.
Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:
монополиялық;
олигополиялық;
салааралық нарықтар.
Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:
көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
Бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар - жеке азаматтар ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар — ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: жеке шаруашылық қожалықтары, фермерлер, агрокешендер т.б.
Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі — жабдықтаушы(жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек кооперациясы тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын зауыттар). Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі - коммерциялық орталықтар, биржалар.
Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
заңды, ресми нарықтар;
заңды
емес, «көлеңкеленген»
нарықтар, т.б.
Нарықтардың құрылымын
зерттеу, оларды негізгі түрлерге
бөлуге
мүмкіндік береді.
Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:
тұтыну тауарларының нарықтары — азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;
қызметтер нарығы — тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер: тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.
Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар:
жылжымайтын мүліктер нарығы;
еңбек құралдарының;
шикізат пен материалдардың:
қуат ресурстарының;
пайдалы қазбалардың нарықтары.
Қаржылар нарығы:
капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;
несие нарықтары;
құнды қағаз нарықтары - акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар және фьючерстік контрактілер, т.б.;
валюта-ақша нарықтары.
Интеллектуалдық өнімдер нарығы — инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық қызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күші нарығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.
Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Сөздік:
кәсіпорын – предприятие
ұйым – ұжым
шикізат – сырье
кешен – комплекс
ғимарат – здание
жылжымайтын – недвижимый
2-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерін бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.
1.нарық а.сауда
2.аймақтық ә.заңдылығы
3.қаржылар б.мүлік
4.экономика в.құралдары
5.жылжымайтын г.нарығы
6.еңбек ғ.өнім
7.интеллектуалдық д.нарықтар
8.көтерме е. қатынасы
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Нарық қатынастарының субъектілерінде қандай нарықтар болады? 2. Көтерме сауданың неше түрі болады? 3. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан қандай нарықтар болады? 4. Тауарлар мен қызметтер нарығына нелер жатады? 5. Өндіріс факторларының нарығына не жатады?
4-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Основатель, универсал, развиваться, начали выпускать, введен, объединилась, рекламировали, большинство, массовый, не заказывал.
5-тапсырма. 4-тапсырмадағы сөздердің аудармасымен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Әдістемелік ұсыныстар: мәтін лексикасына ерекше мән беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Нег.[78-80] 2 нег.[79-81]
Бақылау сұрақтары:
1. Кеңістік (территориялық) критерийі бойынша қандай нарықтар болады?
2. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша қандай нарықтар болады?
3. Өндіріс факторларының нарығына жататындарды атаңыздар.
4. Қаржылардың нарығының не жатады?
5. Көтерме сауданың қанша түрі болады?
6. Интеллектуалдық өнімдер нарығына жататындарды атаңыздар.
7. Тауарлар мен қызметтер нарығына жататындарды атаңыздар.
8-апта. 24-тәжірибелік сабақ
Аралық бақылау
9-апта. 25-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Нарықтық экономиканың үлгілері
1-бөлім
Қазіргі уақытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Бізге нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешеуін атап өтуге болады.
Американдық үлгі. Бүл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:
• мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен;
• кәсіпкерлікті барынша қолдау
• халықтың бай, кедей болып бөлінуі;
жалақы айырмашылығының тым алшақтығы.
• жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.
Жапониялық үлгі.
• ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары.
• өзін-өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын жасау.
• фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;
• жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес
• үлгінің әлеуметтік бағытталуы.
Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас.
Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:
• экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі.
• XX ғ. 70-ші жж.басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) ұстанымын қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;
• банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;
• жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес.
2-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып 5-6 сөйлем құрастырыңыздар.
Нарық, қызмет, үлгі, кәсіпорын, банк, көрсеткіш, кәсіпорын меншігі, жоспарлау ұстанымы, жұмысшыларды жалдау.
3-тапсырма. Мына сұрақтарды пайдалана отырып сұхбат құрастырыңыздар.
Нарық дегеніміз не? Нарықтық үлгіні Қазақстан шаруашылығы қашаннан бастап қолдана бастады? Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау қалай жүзеге асырылуда?
4-тапсырма. Жоғарыда берілген елдердің нарықтық экономикалық үлгілерін салыстырыңыздар.
5-тапсырма. Аударыңыздар және олармен сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
Виды и формы предпринимательской деятельности
Производственное предпринимательство
Коммерческое предпринимательство
Финансовое предпринимательство
Консультативное предпринимательство
Организационное-правовые и организационно-экономические формы предпринимательства
Современные формы предпринимательской деятельности
Әдістемелік ұсыныстар: мәтін лексикасына ерекше мән беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[86-87] 3 нег.[22]
Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілерді атап өтіңіздер.
2.Жапондық үлгі мен неміс үлгісінің айырмашылығы неде?
3.Американдық үлгі мен неміс үлгісінің ұқсастығы неде?
9-апта. 26-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Нарықтық экономиканың үлгілері
2-бөлім
Шведтік үлгі. Бұл үлгінің айырмашылықтары: әлеуметтік бағытталу, мүліктік теңсіздіктің төмендігі, жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау. Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген. Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.
Француздық үлгі. Бұл үлгінің елеулі ерекшелектері американдық пен неміс үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекеттің реттеуші рөлі күшті. 1947 ж. бастап бес жылдық жоспарлар — индикативтік жоспарлау жүзеге асырылып отыр. Бұл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.
Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі — мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді. Бұл әсердің экономикалық құралы - экономикалық дамуды жоспарлау. XX ғ. 70-ші ж. бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен алмастырылды.
Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие-қаржы сферасында мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк-несие институттары XX ғ.80-ші жылдары пайда бола бастады; сыртқы-экономикалық сфераны мемлекет реттейді.
Экспорт мәселелері ерекше бақылауға алынған.
Осының алдындағы бесжылдықта (1987-1991 жж.) экономикаға реанимация жасаған соң үкімет әлеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.
Сөздік:
барша – весь, все
жүйелік – системный
алшақтық – отдаленный, дистанционный
әл-ахуалы – состояние
мерзім – время, период
2-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдерін табыңыздар.
Барлық, қолданылу, жағдайы, жалақы, қамқорлық жасау, жоспарлау, жүзеге асыру, алмастыру, ерекше.
3-тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып жай сөйлемдер құрастырыңыздар.
Жалақы айырмашылығы, мемлекет әсері, жоспарларын жасау, әлеуметтік бағытталу, қамтамасыз етілген.
4-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, мағынасын қазақша мазмұндаңыздар.
Вексель
Вексель является одним из самых старых финансовых инструментов. Первоначально он появился в Италии в ХІІ веке. В те времена вексель использовался при проведении операций, связанных с обменом валюты. Меняла, получив денежные средства, выдавал долговую расписку, платеж по которой можно было получить в другом месте. Благодаря своей гибкости и удобству вексель быстро распространился по Европе. Увеличение объемов вексельных операций потребовало законодательного закрепления сложившихся обычаев делового оборта, и 1569 году в Болонье был принят первый вексельный устав.
5-тапсырма. Берілген сөйлемдердің қателерімен жұмыс жасаңыздар.
Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылғы 16 қарашадағы ?459 қаулысымен мақулданган Ұлттық Банктің 2003-2005 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негзгі бағытарына сәйкес ақша-кредит саясатының саясатының негізгі мақсаты 2003-2004 жылдарда орташа жылдық инфлияцияны 4-6% шамасында ұстап тұру және оны 2005 дылға қарай 3-5%-ға дейін төмендету болып табыфлады. Өз валютасының болмауы дербес дәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік бермеді.
Әдістемелік ұсыныстар: Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне ерекше мән беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[88,89] 3 нег.[22]
Бақылау сұрақтары:
1. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық қалай қамтамасыз етілген?
2. Швецияда жұмыссыздық бар ма?
3. Қызметтердің басым көбі қай мемлекетте тегін көрсетіледі?
4. Француздық үлгінің елеулі ерекшелектерін атаңыздар.
5. Оңтүстік Кореяда жеке меншіктік банк-несие институттары қай жылдары пайда бола бастады?
9-апта. 27-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Нарықтық экономиканың үлгілері
3-бөлім
Қытайлық үлгі. Қытайда экономиканы реформалау ауылшаруашылығынан басталды. «Халық коммунасының» орнына отбасы мердігерлігі келді (1984ж. аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді. Бұл ауылдың ілгері дамуы.
Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың «аралас үлгісін» жасаған болатын. Осы үлгінің мәні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында әрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді және үш жақтың мүдделерін ұштастырады - мемлекеттің, кәсіпорынның және жұмыскердің мүдделері. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын — кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару - пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылық байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық реттеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.
Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.
Өнеркәсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% - ұжымдық кәсіпорындарда және 5% - жекеменшік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорындарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті.
Сөздік:
мердігер – подрядчик
мүдде – интерес, желание
ұштастыру – соединить, связать
жетілдіру – совершенствовать
нығайту – укрепить, закрепить
2-тапсырма. Мәтіннен экономика және нарық сөзіне қатысты тіркестерді теріп жазыңыздар.
3-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс аяқтаңыздар.
|
Басы |
Аяғы |
|
1. «Халық коммунасының» орнына |
1. көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады |
|
2. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы |
2. өнеркәсіптің дамуын жандандырды |
|
3. Реформа 1984 жылдан |
3. артық өнімдер өндіру молайды |
|
4. Экономикалық реформалар ауылда |
4. қалада басталды |
|
5. Бұның нәтижесінде жоспардан |
5. отбасы мердігерлігі келді |
4-тапсырма. Мәтіннен септік жалғауы жалғанған сөздердің бірнешеуін теріп жазыңыздар
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
«Қытайлық үлгіні» қалай түсінесіз?
Отбасылық мердігерлік деген не?
Қытай ғалымдары қандай үлгіні ұсынды?
Реформалау қай жылдан басталады?
Өнеркәсіпті дамытуда Қытай нешінші орынға шықты?
Әдістемелік ұсыныстар: Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне ерекше мән беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[89-90] 6 нег.[45]
Бақылау сұрақтары:
1. Қытайда экономиканы реформалау қай саладан басталды?
2. Отбасының мердігерлігі шаруашылықты кімдердің күшімен және қандай жұмысты істеуге жүргізуге негізделген?
3. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың қандай үлгісін жасады?
4-модуль НАРЫҚТЫҚ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ
10-апта. 28-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Бәсеке
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратып экономикалық жарыс. Шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капитадды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
• өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;
өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
бәсекеге төзімді өнім өндіру;
өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;
пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
• жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;
• өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;
кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;
ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады.
Сөздік:
бәсеке – конкуренция
нәтиже – результат
күрес – борьба
сұраныс – спрос
қор - фонд
2-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Бәсеке, өндірістің өсуі, өнім өндіру, сұраныс, тапсырыс, шикізат, бағаның шарықтауы, бағаның төмендеуі.
3-тапсырма. Сөздердің синонимдерін табыңыздар.
Кемелдену, іс-қимыл, қолайлы, әдіс, ұдайы, төзімді, орны, уақыты, пайдалану, елеулі, бәсеңдеу.
4-тапсырма. Сөздердің антонимдерін табыңыздар.
Кемелдену, қолайлы, ұдайы, төзімді, орынды, пайдалану, елеулі, бәсеңдеу.
5-тапсырма. Мәтінге сұрақтар дайындаңыздар.
Әдістемелік ұсыныстар: Тыңдау дағдысын жаттықтырыңыздар
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[91-92]10 Қос.[49-50]
Бақылау сұрақтары:
1. Бәсеке дегеніміз не?
2. Өндірістің өсуі циклі дегеніміз не?
3. Кемелдену циклі дегеніміз не?
4. Ескіру циклі дегеніміз не?
10-апта. 29-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы;
тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері:
• ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Сөздік:
артықшылық – преимущество
кемшілік – недостаток
тиімді – выгодный
икемді – способный
кепілдік – гарантия
2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді аяқтаңыздар.
1. Өндіріс жағдайларына икемді болып, ................................................
2. Ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға .................
3. Тауарлар мен қызметтердің сапасын ..................................
4. Ұдайы өндірілмейтін ресурстарды ................................
5. Еңбек, табыс, демалу құқықтарына ..........................
3-тапсырма. Аудармасымен сәйкестендіріңіздер.
1. сапа а.производить
2. өндіріс ә.продукция
3. өнім б.необходимо
4. өндіру в.система
5. қажет г.хозяйство
6. жүйе ғ.производство
7. шарушылық д.качество
4-тапсырма. Қажетті әріптер мен қосымшаларды қойыңыз.
1. 1990 жылғы желтоқсан... республиканың егеменді... жарияланған... кейін Қазақстан нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын өзі... банк жүйесін құруға кірісті. 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірде... Заңы оның банк жүйесіндегі міндеттер... , функцияларын, құқықтық мәртебесін, рөл... мен орнын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдарымен өзара қарым-қатынастарын белгіледі. 3. Алайда, өз валютасының болмауы дербес тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізу... мүмкіндік бермеді. 4. Сондықтан Ұлттық Банк нақты дербес ақша-кредит саясатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналым... енген кезден бастап – 1993 жылдың 15 қарашасынан жүргізе бастады.
5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
1.Основной задачей Национального Банка является обеспечение внутренней и внешней устойчивости национальной валюты Республики Казахстан. 2. НБ организует бесперебойную работу платежной системы. 3. Республика Казахстан имеет двухуровневую банковскую систему. 4. Верхний уровень представлен Национальным Банком, а второй уровень – всеми иными банками. 5. Национальный Банк представляет интересы Республики Казахстан в отношениях с центральными банками и банками других стран.
Әдістемелік ұсыныстар: Жазу дағдысын қалыптастырыңыздар
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[93,94] 6 Нег.[352-355]
Бақылау сұрақтары:
1. Нарықтық бәсекенің артықшылықтарын атаңыздар
2. Нарықтық бәсекенің кемшіліктерін атаңыздар
3. Ұдайы өндірілмейтін ресурстарды атаңыздар
4. Ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтерге мысалдар келтіріңіздер
10-апта. 30-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Монополия
Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал XIX ғ. басында монополиялардың пайда болуымен байланысты шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагенттерге әсер етеді.
Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғымды береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. XXғ. дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Кейін монополиялану процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады — картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия,олигопсония, дуополия, билатеральдік монополия.
Сөздік:
шоғырлану – скопление, сборище
сирек – редко
үнемі – постоянно
шиеленісу – осложняться
2-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын табыңыздар.
Аумақ, қолма-қол ақша айналымы, үйымдастыру, банк өтімділігі, бағалы қағаздар, қаржы агенті, төлем жүйесі, үздіксіз жұмыс істеу, валюталық реттеу және бақылау.
3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құраңыздар.
Банктік желі, банктік әдістеме, банктік құпия, жарнама, қаржы, ұлттық валюта, несиелеу, аударма.
4-тапсырма. Банк туралы сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
Банк долгосрочных вложений, банк плательщика, банк развития, банк-кредитор, банк-хранитель, банкноты в обращении.
5-тапсырма. Сөздердің синонимдерін табыңыздар.
Үнемі, шиеленісу, мерзім, болмысы, сирек
Әдістемелік ұсыныстар: Жаңа лексиканы жазба жұмыстарда қолданыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[99] 6 Нег.[306-318]
Бақылау сұрақтары:
1. Монополистік қашан пайда болған?
2. Монополия деген термин сөзбе-сөз қандай мағына береді?
3. Фирманың монополиялық болмысы қай уақытта жасанды болады?
4. Монополияланудың қанша және қандай формалары болады?
5-модуль МИКРОЭКОНОМИКА. ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
ФИРМА ТЕОРИЯСЫ.
11-апта. 31-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Кәсіпкерліктің негізгі формалары
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:
индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
серіктестік немесе партнерлік;
корпорация (акционерлік коғам).
Жеке кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі — капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермерлерге, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық карыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жете түсінбеуі;
фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі - акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;
акционерлер қүқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқығы жатады. Жеке қүқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;
• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
2- тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Фирма дегеніміз не? 2. Фирманың жіктеу үшін қандай көрсеткіштер қолданылады? 3. Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар? 4. Бір адам иелік ететін бизнесті қалай атаймыз? 5. Индивиуалдық кәсіпкерліктің басты келешегі неде? 6. Серіктестік дегеніміз не?
3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, 3-4 сөйлем құрастырыңыздар.
Нарық, фирма, жеке кәсіпкерлік, серіктестік, менеджер, мүлік, корпорация, заңды тұлға, акционерлік қоғам, огблигация.
4-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыздар.
1.Фирма нарықтың экономиканың негізі экономикалық агенті. 2. Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың үш түрін атауға болады. 3. Жеке кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. 4. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі – капиталының аз мөлшерде болуы. 5. Серіктестік дегеніміз екі және оданда көп адам иелік ететін бизнес.
5-тапсырма. Жеке кәсіпкерлік пен серіктестікті салыстырыңыздар да, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып өтіңіздер.
6-тапсырма. Акционерлік коғам тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыз.
Әдістемелік ұсыныстар: Лексикалық бірліктерінің сиымдылығына ерекше мән беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[123-124] 7 Нег.[11-17]
Бақылау сұрақтары:
Бәсеке дегеніміз не?
Қандай әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады?
Өнімнің «өмір сүру циклі» қалай әсер етеді?
«Өмір сүру циклі» қанша фазадан турады?
11-апта. 32-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Фирманың көлеміне қарай бөлінуі
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (жеңілдік) жүйесі мен венчурлік ( бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактылар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.
Венчурлік косіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түңғыш рет АҚШ-да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын косіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
2-тапсырма. Мына сөйлемдерді күрделендіріңіздер.
1.Фирманың көлеміне сәйкес бизнестің бөлінуі. 2. Кіші бизнес шаруашылықтың секторын құрайды. 3. Венчурлық фирма ғылыми зерттеумен айналысатын коммерциялық ұйым. 4. Венчурлық фирмалар Қазақстанда құрыла бастады.
3-тапсырма. Мына сөздер және сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Бизнес, жеке фирма, венчурлік фирма, шағын бизнес, кәсіпорын, заңды тұлға, коммерциялық ұйым, акционерлік қоғам.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнын толтырыңыздар.
1.Фирманың көлеміне сәйкес .... кіші, орташа және ірі .... болып бөлінеді. 2. Кіші бизнес шаруашылықтын ең ірі .... құрайды. 3. Кіші фирмалар ірі .... өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері ..... атқарады. 4. Венчурлік фирма ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын ..... ұйым. 5. Ірі бизнес көбінесе бизнестің ең ...... 6. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес .... жатады.
Қажетті сөздер: атқарады, бизнес, сектор, тұрақтысы, коммерциалық, ұйымдар.
5-тапсырма. Төмендегі берілген сөздерді, сөз тіркестерін қатыстырып 3-4 сөйлем құрастырыңыздар
Фирма, кіші бизнес, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеу, қаржыландыру, нарықтық экономика, кешен, коммерциялық ұйым, кәсіпорын.
6-тапсырма. Сөйлемдегі сөздерді орын тәртібімен орналастырыңыздар.
Бизнес, кіші, орташа, фирманың, сәйкес, болып, көлеміне, бөлінеді, және, ірі, бизнес.
Типтік, бизнестің, франчайзинг, венчурлік, жатады, кәсіпкерлік, бизнестің, кіші, формасына, мен.
Фирмалар, венчурлік, бастады, Қазақстанда, құрыла.
Көбінесе, тұрақтылығы, бизнес, ірі, бизнестің, ең.
7-тапсырма. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
1.Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. 2. Франчайзинге ұсақ жеке фирмалар жатады. 3. Венчурлік фирма ғылыми зерттеумен және оны дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. 4. Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы.
8-тапсырма. Сөздердің аудармасын жазыңыздар (сөздіксіз).
Кіші бизнес
Шаруашылық
Тауар
Өнім
Кәсіпорын
Тұңғыш рет
Тұрақты
Заңды тұлға
Қор
Жарна
Әдістемелік ұсыныстар: аударма жұмыстарына, мәтін лексикасына ерекше мән беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[125,126]
Бақылау сұрақтары:
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар ма?
Қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды пайдаланудың қандай мүмкіндігі болады?
Еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік беріледі ме?
Жалпы білім беру жүйесінің дамуына жағдай жасалады ма?
11-апта. 33-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Менеджмент - фирманы басқару теориясы
Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент (ағылшын тілінен аудармасы - басқару) шешімдер қабылдап,оларды орындауға бағытталған жүйе. Материаддық, енбек және қаржы ресурстарын пайдалану вариан-ттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру көзделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің окіліне — менеджерлерге көшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметтерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.
Менеджмент XX ғ. басында қалыптасқан. Осының негізін қалаушылар американдық инженер Тэйлор және франциялық А.Файоль.
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оның қарқындылығын арттыру шарттарын ашқан Тэйлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды таңдау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.
2-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып, 3-4 сөйлем құрастырыңыздар. Оларға сұрақ қойыңыздар.
Басқару, пайда болу, менеджер, менеджмент, негіз.
3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
1.Нарықтың экономикада менеджмент фирманы басқарудың ..... . 2. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға ..... . 3. Менеджмент ХХғ. Басында .... . 4. Осының негізін қалаушылар ..... . 5. А. Файоль бойынша, менеджерді міндеті: болжау,
4-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.
еңбекті
фирма
нарықтық
қаржы
менеджердің
басқару
қызметі
ресурстары
жеке
экономика
саласы
міндеті
5-тапсырма. Мәтіндегі терминдерге түсініктеме беріңіздер.
Менеджмент, менеджер сөздерімен басқа сөздерді байланыстырып, қатысымдық бағытта 4-5 сөйлем құрастырыңыздар.
Әдістемелік ұсыныстар: Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне ерекше мән беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[137] 7 нег.[191,200]
Бақылау сұрақтары:
1.Басқарудың негізгі формасы не?
2. Менеджменттің пайда болуы немен байланысты?
3. Менеджер дегеніміз кім?
4. Менеджмент қай ғасырда қалыптасты?
5. Менеджмент негізін кімдер қалаған?
12-апта. 34-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Менеджменттің төрт қызметі
Осы заманда менеджменттің төрт кызметі көрсетіледі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.
1. Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар - жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты - басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады.
Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:
нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;
өнімдік стратегия;
өндірістік стратегия;
фирманы басқару жүйесінің және меншіктің дамуы;
қаржылық (экономикалық) стратегия.
Өздерінің даму дәрежесіне байланысты әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын көбірек аударады.
Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады.
Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара әсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.
Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психологиялық аспект те орын алады.
Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметтеріне түзету енгізу жатады.
Басқарулық шешімдер қабылдау үшін фирманың экономикалық іс-әрекеттерінің көрсеткіштеріне талдау жасаудың маңызы зор болады.
Көрсеткіштер жүйесінен мыналарды бөліп атауға болады:
экономикалық потенциалдың корсеткіштері;
шаруашылық қызметтер нәтижесінің көрсеткіштері;
фирманың төлем қабілетін сипаттайтын қаржы болмысының корсеткіштері.
Соңғысымен танысайық. Талдаумен маман-аудиторлар айналысады. Кейде фирманың өз құрамында аудиторлар болады, бірақ көбінесе олар сырттан шақырылады.
Олардың қызметі - фирманың нарықтық позицияларының мықтылығы (сенімділігі, тұрақтылығы) туралы ресми қорытынды жасау. Осы туралы мәлімет алуды қалаушылар:
банктер - фирманың несиені өтеу қабілетін айқын білу үшін;
партнерлер - фирманың өндірістік-сауда операцияларының тұрақтылығын айқындау мақсатымен;
фирманың акцияларын сатып алушылар капитал нарығындағы фирманың күнделік (ағымды) және болашақ (перспектива) жағдайы туралы ақиқат мәлімет алу үшін.
Фирманың қаржы көрсеткіштерінің аса маңыздылары:
• «қызметтегі капиталдың» мөлшері.
• акцияларды өтеу коэффициенті.
• облигациялардан түсетін пайыздық табыстың өтелу коэффициенті.
• акция әперетін табыс пен оның нарықтық бағасы арасындағы сәйкестік;
дивиденттер төлеу коэффициенті;
меншікті капиталдың рентабельдігі.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Несиені өтеу қабілеті, фирманың төлем қабілеті, қаржы болмысы, акцияларды өтеу, облигациялардан түсетін пайыздық табыс, табыстың өтелу коэффициенті, нарықтық бағасы арасындағы сәйкестік, дивиденттер төлеу коэффициенті, нарықтық позицияларының мықтылығы, меншікті капиталдың рентабельдігі.
3-тапсырма. Аударыңыздар.
1.Менеджменттің төрт қызметі көрсетіледі: ұйымдастыру, мотивациялау, жоспарлау, бақылау. 2. Бизнес-жоспар – жоспарлаудың негізгі элементі. 3. Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады. 4. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын көбірек аударады. 5. Талдаумен маман-аудиторлар айналысады.
4-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен 5-6 сөйлем құрастырыңыздар.
Менеджмент, қызмет көрсету, бизнес-жоспар, есеп беру, мотивация, бақылау, қаржылық стратегия, маман-аудитор, партнер, акция, дивиденттер төлеу.
5-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін орысша аудармасымен сәйкестендіріңіздер.
ұйымдастыру
бақылау
мақсат
негізгі
талдау
шешімдер
көрсеткіш
жоспарлау
анықтау
определить
показатель
решения
планировать
основной
организовать
кредит
обсуждать
миссия
6-тапсырма. Мәтін негізінде жағдаяттық сұхбат құрастырыңыздар да рөлдер бойынша оқып шығыңыздар.
Әдістемелік ұсыныстар: Мәтін лексикасына ерекше мән беріңіздер. Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне ерекше мән беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 2.Нег.[137,138]
Бақылау сұрақтары:
1.Менеджменттің қызметтерін атаңыз?
2. Жоспарлаудың негізгі элементі не жатады?
3. Бизнес-жоспар қанша жылға жасалады?
4. Бизнес-жоспар және қысқаша рефератпен деген нелер?
5. Мотивацияға не жатады?
6. Маман-аудиторлар немен айналысады?
12-апта. 35-тәжірибелік сабақ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, аударыңыздар және мазмұндаңыздар.
Фирманы басқару
Фирманы басқару оның құрылымының жасалуын талап етеді. Құрылым - басқарудың әр түрлі дәрежелері мен фирмалардың бөлімшелері арасындағы тұрақты байланыстар. Басқарудың әр дәрежесінде өздеріне тән сұрақтар кешендері шешіліп отырады. Осы замандағы ірі фирмаларда басқару жүйесі төрт сатыдан тұрады:
директорлар кеңесі;
президент, вице-президент, басқа басқарушылар;
функционалдық штабтар мен қызметтер;
орындаушылар.
Директорлар кеңесі — бас орган. Ол фирманың жалпы саясатын белгілейді. Оны құрайтын 10-20 адам акционерлер жиналысында сайланады.
Директорлар кеңесі мүшелерінің фирманың экономикалық, қаржылық және құқықтық қызметтері үшін иңдивидуалдық және ұжымдық жауапкершілігі болады.
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:
өндірістік менеджмент;
қаржы менджменті;
нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.
Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жұмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.
Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын, табыстардың барынша мол болуын және шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.
Нарықтық менеджмент - маркетинг - бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша - нарық) нарықтарды таңдау үшін, нарыққа кірудің уақыты мен әдістері үшін жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін баға саясаты үшін жауапты болады.
2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Фирманы басқару, фирмалардың бөлімшелері, басқару жүйесі, директорлар кеңесі, құқықтық қызмет, қаржы менеджменті.
3-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударыңыздар.
1.Фирманы (управлять) оның құрлымының жасалуын талап етеді. 2. Басқарудың әр дәрежесінде өздеріне тән сұрақтар (комплекс) шешіліп отырыады. 3. Осы замандағы (крупный) фирмаларда басқару (система) төрт (ступень) тұрады. 4. Директорлар (совет) – бас орган. 5. Ол фирманың жалпы (политика) белгілейді. 6. Менеджмент (структура) үш бөлімнен тұрады.
4-тапсырма. Егер сіз шенеулік болсаңыз, қандай экономикалық мәселені шешетін едіңіз. Пікір талас ұйымдастырыңыздар.