СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ -
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
-
Сөйлем мүшелері құрамына (құрылысына) қарай 3 топқа бөлінеді: дара мүше, күрделі мүше және үйірлі мүше.
-
Дара мүше – толық мағыналы бір сөзден болған мүше. (Дала қараңғы. сөйлемінде бастауыш та, баяндауыш та бір сөзден тұр.)
-
Күрделі мүше – күрделі сөзден, тұрақты тіркестен және шылаулы тіркестен болған мүше. (Мұғалім келе жатыр. сөйлемінде баяндауыш күрделі сөзден болып, күрделі баяндауыш болып тұр.)
-
Үйірлі мүше – бірнеше сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. (Жаны сау адам – бақытты адам. сөйлемінде анықтауыш үйірлі мүшеден болып тұр, себебі бастауышқа (жаны), баяндауышқа (сау) ажыратылады, бір сұраққа (қандай) жауап беріп тұр.)
-
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2 топқа бөлінеді: тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше.
-
Тұрлаулы мүше– сөйлем құрауға негіз болатын мүше. Оның 2 түрі бар: бастауыш пен баяндауыш.
-
Тұрлаусыз мүше – өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Оның 3 түрі бар: анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш.
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРБастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.
-
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі?
-
Бастауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалды:
Сөз табы
| Мысалы
|
зат есім
| Күн жылынды. Досым келді.
|
есімдік
| Бұл-үлкен үй. Өзің кел. Ешкім жоқ.
|
сын есім
| Ақылды ісіне сенеді. Сыпайы сырын сақтар.
|
сан есім
| Үшеуі сыртқа шықты. Төрт екіге бөлінеді.
|
етістік
| Іздеген жетер мұратына. Оқу инемен құдық қазғандай.
|
-
Бастауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
-
Дара бастауыш – бір сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Біз алғашқыда өз көзімізге өзіміз сенбедік. Жігіттер аттарын жетектеп, бұлақ басына жақындай берді.
-
Күрделі бастауыш – кемінде екі сөзден тұратын бастауыш. Мысалы: Кеншілер сарайы адамға лық толы. Ырыс алды - ынтымақ.
-
Үйірлі бастауыш – үйірлі сөздерден тұратын бастауыш. Мысалы: Уайымы көптер тез қартаяды.
БаяндауышБаяндауыш
– бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.
-
Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.
-
Баяндауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалды:
етістік
| Күн жылынды. Досым келді.
|
зат есім
| Бұл-үлкен үй. Оның алғаны - кітап.
|
сын есім
| Дала тап-таза. Күн ыстық.
|
сан есім
| Екі жерде екі - төрт. Оның жасырғаны- бес.
|
есімдік
| Менің айтарым осы. Біздің ауыл әне.
|
Баяндауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
1.Дара баяндауыш – бір сөзден тұратын баяндауыш.
Мысалы: Олар алыс жерден
келді. 2.
Күрделі баяндауыш – кемінде екі сөзден тұратын баяндауыш.
Мысалы: Ауыл мәдениеті
өсіп келеді. Мен бұл аттан
күдерімді үзіп тұрмын.
3.Үйірлі баяндауыш – үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш.
Мысалы: Оның ең үлкен кемшілігі – сабақ оқымау.
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІАнықтауышАнықтауыш зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады.
-
Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?
-
Анықтауыштың төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
сын есім
| Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті. Олар шалғай ауылдарды аралады.
|
есімдік
| Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.
|
зат есім
| Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр.
|
сан есім
| Оныншы сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік.
|
есімше
| Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар.
|
-
Анықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
-
Дара анықтауыш – бір сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ұлыған қасқырды көріп зәре-құтымыз қалмады. Сарыжапырақтар жерге түсіп жатыр.
-
Күрделі анықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш. Мысалы: Қара торы ат бірінші келді. Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі-өнеге болып отыр 3. Үйірлі анықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын анықтауыш. Мысалы: Ақылы бар жігіт өмірден опық жемейді.
ТолықтауышТолықтауыш іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды.
-
Сұрақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? (атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.)
-
Толықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
зат есім
| Қорқақ көлеңкесінен қорқады. Апама көмектестім.
|
есімдік
| Бұл сөз оған қатты әсер етті.
Оспан ешкімнен қорықпайды.
|
сын есім
| Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жақсыны жамандаса, әруағы тасады.
|
сан есім
| Бестен үшті алса, екі қалады.
|
етістік
| Оны айтар-айтпасын білмеді. Үйге баруға қолы тимей жүр.
|
-
Толықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
-
Дара толықтауыш – бір сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Жіңішке жолмен бір қос ат келеді. Оны ешкімге көрсетпе.
-
Күрделі толықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Олар аттардың қара торысын таңдап алды. Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.
-
Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.
Толықтауыш
мағынасына қарай 2-ге бөлінеді:
-
Тура толықтауыш – табыс септік тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар. Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап оқыдым.
-
Жанама толықтауыш – барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Екі қарт кісімен амандастым. Оның ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті. Сабақта жарыс туралы сөйлестік.
ПысықтауышПысықтауыш – сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше.
-
Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?
-
Пысықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:
Үстеу
| Ол ілгері басты. Кеше күн суық олды.
|
Барыс, жатыс, шығыс септ-гі сөздер
| Бүгін мал біткен аулағыраққа өрістеген. Балалапандардың даусы таяудан естіледі.
|
Есім сөздер
| Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті. Ол екі сөйлемейтін.
|
Еліктеу сөз
| Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.
|
Көсемше
| Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап сөйледі.
|
-
Пысықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:
-
Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Лавада жұмыс қызу жүріп жатыр. Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.
-
Күрделі пысықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Мерей жымың-жымың етіп сахнаға шықты.
-
Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.
-
Пысықтауыш мағынасына қарай 5-ке бөлінеді:
түрі
| ережесі
| сұрағы
| мысал
|
Мекен
| Іс-әрекеттің болу орнын, мекенін білдіреді.
| қайда? қайдан? қалай қарай?
| Олар жоғары көтерілді. Ауылға қарай аттылыбіреу келе жатыр.
|
Мезгіл
| Іс-әрекеттің мезгілін білдіреді.
| қашан? қашаннан бері?
| Ол түске шейін ұйықтады. Олар қыс бойыдемалды.
|
Себеп-салдар
| Іс-әрекеттің себебін білдіреді.
| неліктен? не үшін? неге?
| Кешке амалсыздан үйге қайттым. Ол Отаны үшін өлді.
|
Сын-қимыл
| Іс-әрекеттің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді
| қалай? қалайша? қайтіп?
| Оны зорға далаға алып шықты. Ол аптығып сөйледі.
|
Мақсат
| Іс-әрекеттің мақсатын білдіреді.
| неге? не мақсатпен?
| Оқу үшін қалаға келді.Біз әдейі жарыстық.
|
СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІСөйлемнің бірыңғай мүшелері – сұраулары мен қызметі ортақ болып, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын кемінде екі сөзден тұратын мүше.
Сөйлем мүшесі
| Мысалы
|
Бірыңғай
бастауыш
| Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.
|
Бірыңғай
баяндауыш
| Бір батальон артта, алыста.
|
Бірыңғай
анықтауыш
| Жүрісіміз -кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс.
|
Бірыңғай
толықтауыш
| Түн не қойыңды, не өзіңді жұтып қоятын сияқты.
|
Бірыңғай
пысықтауыш
| Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады.
|