С) Су түбінде малта тастар жылтырап, су сылдыр-сылдыр етеді.D) Алаң да алаң, алаң жұрт, ақала ордам қонған жұрт.Е) Аулада асық ойнаған балалардан басқа селт еткен жан жоқ.
-
Шақыру одағайын табыңыз.
А) Ойпырай. В) Түу С) Шөре-шөреD) Беу Е) Тәйт
-
Көңіл-күй одағайын табыңыз.
А) Тек В) Мәссаған С) Құрау-құрауD) Айт Е) Қош-қош
-
Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.
Қашан үйге жеткенше, артына жалтақ-жалтақ қарайды.А) Баяндауыш В) Толықтауыш С) АнықтауышD) Бастауыш Е) Пысықтауыш
-
Бейнелеуіш сөзді табыңыз.
А) Тарс B) Сыңғыр C) Жалт-жұлт D) Арс-арс E) Шаңқ
-
Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы?
A) Уау B) Әйда C) моһ - моһD) Әттең E) Қане
-
Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңыз.
A) -ын, -ін, -н, -ыл, -іл D) -ғы, -гі, -қы, -кі, -кB) -аң, -ең, -ың, -ің, -ң E) -ыра, -іре, -ғыр, -гірC) -ыс, -іс, -с, -ым, -м
-
Жекіру одағайын белгілеңіз.
А)Көс В)Шіркін-ай С) Уһ D) Пәлі Е) Жә
«Еліктеу сөз», «Одағай» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:1 – A 2 – E (арс-ұрс, шәу-шәу)3 – B 4 – C ("Шөре-шөре" деп ешкі малын шақырады)5 – B 6 – E (
жалтақ-жалтақ – қалай?)7 – C 8 – D 9 – B 10 – E
«Шылау_»_тақырыбы_бойынша__ТЕСТ_СҰРАҚТАРЫ'>«Шылау» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ -
Қай сөзде «-ды» нақтылау мәнді демеулік шылау болып тұр?
A) Қараған (ды) жер D) Әуелі қатты қысыл (ды)B) Ол көргенін айтқан (ды) E) Бар (ды) бағалай білC) Бала қаз (ды) қуды
-
«Оның кітабы соғыс туралы ма екен?» - Сөйлемінде қандай шылаулар қатысқан?
А) жалғаулық-демеулік D) демеулік-септеулікB) септеулік-демеулік E) септеулік-жалғаулықC) жалғаулық-септеулік
-
Нақтылау мәнді демеуліктерді табыңыз.
A) ма, ме, ба, ше D) түгіл, тұрсын, тұрмақB) -ақ, -ау, -ай, да E) ғана, -мыс,-міс C) -ды, -ді, ғой, қой
-
Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз.
А) әрі, бері, гөрі D) мен, бен, пенB) не, я, да E) қой, ғана, шеC) -ды, -мыс, -ау
-
Шылауға тән емес ерекшелікті табыңыз.
A) Толық лексикалық мағынасы болмайды.B) Түрленбейді.C) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді.
D) Сөйлем мүшесі бола алмайды.E) Сөзді байланыстырады, не сөзге қосымша мән үстейді.
-
Күшейткіш демеулікті табыңыз.
A) Оның сөзінен өкініш те, ыза да сезіледі. B) Біз де естіп, қуанып жатырмыз. C) Жайдақ суды ит те, құс та жалайды. D) Айып менде екені рас.E) Екі-үш күнде әзер жеттік.
-
Шектеу демеулігін табыңыз.
А) Бұрын бір шал болыпты-мыс.B) Ол үйіне ерте келген-ді.C) Қоңырау соғылып қалса ше?D) Ол түгіл мені таныған жоқ.E) Мен-ақ сабаққа бармадым.
-
Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.
А) Бұдан әрі оның тыңдауға шамасы келмеді.B) Ол тәрбиелі әрі жігерлі.C) Ол Маратқа да алма берді.D) Тек кейде бұршақ жауады.E) Сол сияқты балалар өте көп.
-
Себеп-салдар шылауды табыңыз.
А) Бүгін ерте келдік, бірақ жарыстан қалып қойдық.B) Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды.C) Олар біресе ойнайды, біресе отырады.D) Біз кешке сабақ оқимыз және тамақ жейміз.E) Олар не бүгін келеді, не ертең келеді.
-
Қай сөйлемде үш түрлі шылау қатысқан?
А) Марат та, Сәкен де сабақта жоқ.B) Ертеңге дейін барып қалармын.C) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.D) Қызым, сабаққа дейін тамағыңды ішпедің бе?E) Қыста қар жаумаса ше?
«Шылау» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:1 – B 2 – B (туралы – септеулік / ма – демеулік)3 – C 4 – A 5 – C 6 – B (де)7 – E (-ақ) 8 – B (әрі) 9 – B (сондықтан)10 – C (туралы / кейін / де)
«Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ -
Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.
A) Ел арасына сыйлы D) Жыл сайын толықтыB) Ұлттық ойын ойнайды E) Өмірдің мәнін түсіндіC) Ақылды сөз айтылды
-
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
A) Желмаяға міну D) Ашық аспанB) Өмір үшін күресті E) Ғылымды игеруC) Өмірдің мәнін түсінді
-
Матасуды табыңыз.
A) Төребек үйі D) Жайын айттыB) Ашынған әйел E) Өзі келдіC) Күн сайын күтті
-
Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
A) Шарықтап тұр D) Тоқыма белбеуB) Балаға қара E) Қызық кітапC) Оқушының жабдығы
-
Қабысуды табыңыз.
A) үйінің қасына жетті D) дүниенің өзгерісі
B) халықпен бірге жасайды E) қиыннан қиыстыруC) қара торы бала
-
Жанасуды табыңыз.
A) жұп-жұпқа бөліну D) алма алдырыптыB) ғалымдардың пікірі E) ешкімге соқтықпауC) бірте-бірте ашылды
-
Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
A) Тоғыз адам – қабысу D) Біздің Жамбыл – матасуB) Оқуға лайық – меңгеру E) Хат жазу – меңгеруC) Кең бөлме – жанасу
-
Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?
A) Қиысу B) Меңгеру C) Матасу D) Қабысу E) Жанасу
-
Сөздердің жалғау арқылы байланысуын көрсетіңіз.
A) Ерекше мінез B) Ол сұрасын C) Әзер жеттіD) Әлді адам E) Отан үшін аянба
-
Интонация арқылы байланыс көрсетіңіз.
A) Өнер қуу B) Ақ қайың C) Өмірді сүюD) Сенімді ақта E) Бұл – жігіт
«Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:1 – D 2 – D 3 – A 4 – B 5 – C 6 – C 7 – C (Кең бөлме – қабысу)8 – A 9 – B (Ол сұра-
сын – жіктік жалғауы)10 – E
«Сөз тіркесі» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ -
Қай қатарда тұрақты тіркес бағыныңқы сыңарда тұр?
A) Айтқаның есімнен шығып кетті.B) Дұшпанның салы суға кетті.C) Науқастың беті бері қарады.D) Көзіне көк шыбын үймелететінін айтып салды.E) Бізге тісін қайрап жүр.
-
Сөз тіркесінің белгісі қайсы?
A) Зат, құбылыстың атауы болу керек.B) Толық мағыналы ең кемі 2 сөз болуы керек.C) Зат есімнің қосарлы сыны ретінде жұмсалады.D) Сөз мағынасын басқа сөзбен дәлдеп түсіндіреді.E) Синтаксистік қызметі бірдей сөздерден құралады.
-
Бірыңғай есімді сөз тіркестерін табыңыз.
A) Үлкен үй, үйді көру.B) Жолдасын шақыру, менің үйімC) Сабаққа дайындалу, жаттап алуD) Сыйлық алу, үздік оқушыE) Мөлдір су, оқуға ынталы.
-
Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз.
A) Бұлардың жағдайлары D) Ғалымнан басқаB) Балуанмен күресті E) Асығып сөйледіC) Ғалымды көрсеңіз
-
Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін анықтаңыз.
A) Суыққа шыдамды D) Түрлі бұйымдарB) Белгілі кісі E) Қиын есепC) Жақсы оқиды
-
Етістікті тіркесті табыңыз.
A) Өнерлінің ырысы D) Елді қорғауB) Іске шебер E) Ізгі сөзC) Асқарда бесеу
-
Төменде берілген сөздер қалай аталады?
Айтарым – осы.A) есімді сөз тіркесі D) еркін тіркесB) етістікті сөз тіркесі E) сөйлемC) тұрақты тіркес
-
Сөз тіркесін табыңыз.
A) өгіз аяң B) бара жатыр C) жүз он бесD) бірінші үй E) қара торы
-
Қай тіркестің бағыныңқы сыңары «қалай?» сұрағына жауап береді?
A) бұл жерде B) жасыл қала C) бес балаD) тез кел E) айтып болды
-
“Кітабыңызды оқығым келеді” тіркесіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз?
A) Ырықсыз етіс B) Есімше C) Тұйық етістікD) Қалау райлы етістік E) Көсемше
«Сөз тіркесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:1 – D (Көзіне көк шыбын үймелетету – тұрақты тіркес)2 – B 3 – E 4 – A 5 – C 6 – D 7 – E8 – D (өгіз аяң – идиомалық тіркес, қалғандары – күрделі сөз)9 – D 10 – D
«Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ -
Хабарлы сөйлемді табыңыз.
A) Ал сосын D) Қайдағы жауB) Ойсыздарға қосылма E) Жел де жоқC) Неге бұғасың
-
Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.
A) Қар жауса ше? D) Жағдай қалай?B) Балам, аманбысың? E) Мынау сен шығарсың?C) Бұл сен бе?
-
Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
A) Егіс көлемін ұлғайт D) Ал Жамал шеB) Тіл қандай E) Бұл - тарихи жерC) Сен енді бала емессің
-
Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?
A) лепті B) сұраулы C) хабарлы D) бұйрықты E) атаулы
-
Сұраулы сөйлемді табыңыз.
A) Қарағым, тоқтай тұршыB) Пай-пай, шабысының қаттысын-айC) Сен жазып келген шығарсыңD) Дала айдай жарықE) Мектептің кең залы
-
Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді.B) Көрсетпе көз жасыңды.C) Жүр, жарысайық.D) Балам, жөніңді айтшы.E) Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды.
-
Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.
A) Ол кісі қайда тұрады.B) Неге үндемейсіз, әже, барамыз ба?C) Ол жерге неге отырасың.D) Ойбай, сен былай тұр.E) Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.
-
Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
A) Сен менен аулақ жүр.B) Біреу көп үшін, көп біреу үшін.C) Жеріміз біздің неткен бай.D) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды.E) Қазір қай жерде тұрасыз.
-
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Жарайсың, қалқам?!B) Енді мені ұрайын деп пе едің?!C) – Ешкімге сенуші болма, – деп айқайлады.D) – Рас па! – деп бажырая қарады.E) Тәйт. Тыныш отыр.
-
Дауыс ырғағы арқылы жасалған лепті сөйлемді табыңыз.
A) – Жасасын, Қазақстан!B) – Жолдастар, тынышталыңыздар!C) – Мынау дегенің әдемі ғой!D) – Шіркін, орманның таза ауасын-ай!E) – Бәрекелді! Бәрекелді! Жарадың, қалқам!