Материал: азастан Республикасыны ылмысты кодексi

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

      3. Бас бостандығын шектеуді өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудiң бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

      4. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, сондай-ақ жазаны ауыстыру кезінде бас бостандығын шектеу мерзімі осы бапта белгіленген ең төменгі шектен төмен болуы мүмкін.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      45-баптың ережелері әскери қызметшілерге қатысты және осы Кодекстің 41-бабы алтыншы бөлігінің 1) тармағында, 42-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында және 43-бабы 2-1-бөлігінің 1) тармағында көзделген жағдайларда – 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал қосымша жаза түрі ретінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу тағайындалған адамдарға қатысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгілей отырып, оның қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады.
45-бап. Қамаққа алу
      1. Қамаққа алу сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайларында ұстауды білдіреді.

      2. Қамаққа алу он тәуліктен елу тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Ұстап алу мерзімі қамаққа алу мерзіміне қосылады.

      3. Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалмайды.

      4. Әскери қызметшілер қамақта болуды гауптвахтада өтейді.

      5. Жазаны ауыстыру кезінде қамаққа алу мерзімі осы бапта белгіленген ең төменгі шектен төмен болуы мүмкін.
      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.46-бап. Бас бостандығынан айыру
      1. Бас бостандығынан айыру сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу арқылы оны қоғамнан оқшаулаудан тұрады.

      2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, үкiм шығару кезінде он сегiз жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелеріне орналастырылады.

      3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру – алты айдан он бес жылға дейiнгі, ал аса ауыр қылмыстары үшiн жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына белгiленедi. Абайсызда жасалған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыру мерзімі он жылдан аспайды. Айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды тағайындаған кезде бас бостандығынан айыру мерзiмдерiн iшiнара немесе толық қосқан жағдайда және осы Кодекстің 71-бабының бесінші бөлігінде және 77-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi – жиырма бес жылдан, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша отыз жылдан аспауға тиіс.

      4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін белгіленуі мүмкін. Өмір бойына бас бостандығынан айыру он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды. Өмір бойына бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Бас бостандығынан айыруды:

      1) қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде: абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталған адамдарға; осы Кодекстің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген, күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталған адамдарға; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Кодекстің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдарға; қасақана қылмыс жасағаны үшiн екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға өтеу тағайындалады.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 367-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қолданылмайды;

      2) қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде: қасақана онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыстар жасағаны үшiн екі жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған, бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген адамдарға; аса ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде әйелдерге; айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдарға; осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға өтеу тағайындалады.

      Қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде бас бостандығынан айыруды өтеу, қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға тағайындалмайды;

      3) қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде: аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған еркектерге; қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған еркектерді қоспағанда, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға; осы Кодекстің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген, күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталған адамдарды, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Кодекстің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға сотталған, қасақана қылмыс жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарға; қылмыстардың қайталануы кезінде сотталған еркектерге; қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде – әйелдерге;

      4) қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалады.

      Үкімдер жиынтығы кезінде бас бостандығынан айыруды өтеу үшін жиынтыққа кіретін үкімдердің бірінде белгіленген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      6-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмді қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкiн.

      7. Үкiммен тағайындалған мекеменiң түрін өзгертудi сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес жүргiзедi.
      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020
№ 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.47-бап. Өлiм жазасы
      Ескерту. 47-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
48-бап. Мүлiктi тәркiлеу
      1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру.

      2. Тәркілеуге мынадай:

      1) заңды иесіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түскен табыстарды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша мен өзге мүлiк және осы мүліктен алынған кез келген табыс;

      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлiк пен осы мүліктен алынған табыстар ішінара немесе толығымен ауыстырылған немесе айналдырылған;

      3) экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыруға немесе өзге де қамтамасыз етуге пайдаланылатын немесе арналған;

      4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын;

      5) осы бөліктің 1), 2), 3) және 4) тармақтарында көрсетілген, сотталған адам басқа тұлғалардың меншігіне берген ақша және өзге де мүлік жатады.

      3. Егер осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген мүлікке кіретін белгілі бір затты тәркілеу осы затты тәркілеу туралы сот шешімі қабылданған кезде оның пайдаланылуы, сатылуы немесе өзге де себептері бойынша мүмкін болмаса, сот шешімі бойынша осы заттың құнына сәйкес келетін ақшалай сома тәркіленуге жатады.

      4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 15-бөлімінде көзделген жағдайларда мүлікті тәркілеу соттың шешімі бойынша қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы ретінде қолданылуы мүмкін.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/260552