Материал: азастан Республикасыны ылмысты кодексi

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
      Ескерту. 460-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.461-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
      Қызметте пайдалану үшiн сенiп тапсырылған қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе әскери техника заттарын сақтау қағидаларын бұзу, егер бұл оларды жоғалтуға әкеп соқса, –

      екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
462-бап. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу
      1. Қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен, радиоактивтi материалдармен, жарылғыш немесе айналасындағыларға аса қауіп төндіретін өзге де заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

      екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет –

      бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
463-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
      1. Жауынгерлік, арнаулы немесе көлiктік машинаны жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзу –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 463-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.464-бап. Ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу
      1. Абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге не аварияға немесе жауынгерлік техниканың істен шығуына немесе әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен жауынгерлік қабілеті деңгейінің ұзақ уақыт төмендеуіне алып келген ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бұзу –

      екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Абайсызда адам өліміне алып келген дәл сол іс-әрекеттер –

      белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан көп адам өліміне алып келген іс-әрекеттер –

      белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 464-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).465-бап. Корабль жүргiзу қағидаларын бұзу
      Әскери корабльдерді жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын абайсызда адам өлiмiне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 465-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
466-бап. Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру
      1. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның жауынгерлік, арнаулы немесе көліктік машинаны жүргізуі не әскери корабльдерді жүргізуі не әскери ұшу аппаратын басқаруы не осындай адамға аталған әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға беру, сол сияқты осындай адамның әскери техниканы жүргізуіне немесе басқаруына лауазымды адамның жол беруі –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 466-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР467-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
      1. Осы Кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 45-бапты және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 48-бапты қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-1. Осы Кодекстің 45-бабының ережелері әскери қызметшілерге қатысты және осы Кодекстің 41-бабы алтыншы бөлігінің 1) тармағында, 42-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында және 43-бабы 2-1-бөлігінің 1) тармағында көзделген жағдайларда – 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал қосымша жаза түрі ретінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу тағайындалған адамдарға қатысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгілей отырып, оның қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Осы Кодекстің 287-бабында бекітілген ережелер жарақаттайтын патрондармен атылатын ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

      3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 51-бапты қоспағанда, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 13-I, 13-II, 83-құжат).
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/260552