Материал: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Жартасқа түскен жарықты көкте жүзген бұлттардың көлеңкесі жабады.Зеңгір көкте қарлы таулар. Алыста жер үсті кеңістігінде бұлт бүркенген тауларда не болып жатқанын зерделеу қиын. Кенет тау үстіндегі адамдар әбігерлене қалды. Бәрі де шапқыласып жүр. Қуаныштары қойындарына сыймай: «Алтын, алтын! Алтынның жасырын ұрасын таптық!» деп айғайлайды. Жұмыс қызып, жартасты айналдыра қашап жатыр. Алайда біраз уақыт өткен соң, тарс- тұрс басылып, тыныштық орнап,— бастары салбыраған жұмысшылар үнсіз тарап, алысқа басқа жаққа ат басын бұрады...Сөйтсе, ұраның жылғасы жоғалып; қыруар еңбек босқа кетіпті; күш-қуат сарқылып, ойлағандары іске аспапты; зерттеуші мамандар естерінен танып, енді не істерін білмей отыр.Сонымен тағы біраз уақыт өткенде — жоғарыдан тағы да қуанышты дауыстар естілді.Топ шулап, өлең айтып жоғары шығып тағы да қашап жатыр.Алайда бұл жолы да адамдардың еңбегі еш болып — алтын табылмады.Жер астынан шыққан сарындай болып, шыңырау кеннен тарс-тұрс соққы мен адамдардың әлгіндей қуанышты дауыстары естіліп, артынша тына қалды.Дегенмен қажырлы, қайсар жандардан тау өзінің қазынасын жасырып қала алмады. Адамдардың еңбегі ақталып: ұра табылды. Жұмысшылар көңілді әнге басып, ентелеген күйі жан-жаққа кетіп жатыр. Енді аз шыдаса болғаны — асыл тастың бай кеніші табылмақ»— дей келіп, К. С. Станиславский: «Данышпанның (Шекспирдің) ұлы шығармасы «Гамлетте» де қойнына тыққан ұшан теңіз қазынасы бар (рухани элементтер) алтын тау сияқты өз кені (шығарманың идеясы) жасырынып жатыр. Аталмыш байлық күрделілігімен, шетендігімен қармауға келе бермейді. Жер астының шипа суын ақтарғаннан артист пен рольдің жан дүниесін ақтару— әлдеқайда қиын іс. Алтын таудың сыртын тамашалағандай ең әуелі ақын шығармасының пішінін зерттеуге тура келеді. Содан соң барып рухани байлықтың жасырын жатқан құпиясы апаратын жолы мен тәсілін іздестіреді.Ол үшін «бұрғылау скважинасы», «туннель», «шахта» (мақсат, зауық, қисын, сабақтастық және басқалар)және «жұмысшылар» (творчестволық күш-қуат пен элементтер) қажет; тағы «инженерлер» (психикалық тіршіліктің қозғаушы күші) қажет әрі өзіне лайық «көңіл хошы» (сахналық ішкі көңіл күй) және қажет.Творчестволық процесс жылдар бойы: үйде, түзде, күндіз, спектакль немесе репетиция үстінде артистің жан дүниесінде қайнап жатады. Мұндай жұмыстың мағынасын «творчестволық қайғысы мен қуанышы» деп айқындауға болады.Роль мен өзіміздің алтын қазынамыз, кеніміз ашылған сәтте біздің де артистік жан дүниемізді «ұлы шаттық» кернейді.
Рольмен жұмыс жасаған кез келген сәтте өнер тудырушының күллі тұлғасында терең, күрделі, күшті, ұзаққа созылған тұрақты сахналық ішкі көңіл күй пайда болады. Тек осындай жағдайда ғана нағыз өнер мен творчество туралы сөз қозғауға болады.Алайда, өкінішке орай, мұндай көңіл күй тереңдігі — сирек болатын құбылыс, ол, тек үлкен артистерде ғанакездеседі» (там же, с. 328—330) деп аяқтайды.Иә, «өкінішке орай» сахна алаңында өнер жасап- жүрген артистердің көңіл күй тереңдігін сирек көретін болып барамыз. Көпшілік жағдайда актерлер көңіл күйдің рухани тереңдігіне бойламай, рольдің бет жағын қалқумен қанағаттанатын (болды. К. С. Станиславскийдің тілімен айтқанда олар, таудың астында жатқан мол байлықта шаруасы болмай үстін кезген кезбелер сияқты пьесаның ішін емес, сыртын қызықтайды. Ал, мұндай ат үсті көзқараспен шығарманың рухани тереңдігін аша алмайсың.Олай болса, бұдан шығатын қорытынды: әрекет пен мақсатың қандай дәрежеде болса, сахналық ішкі көңіл күйің де сондай дәрежеде болмақ. Мақсат — салмақты, әрекет — адуынды болса, көңіл күй де тереңдей бермек.Кей сәтте өз-өзінен, кездейсоқ пайда болған сахналық. көңіл күйдің тақырып пен творчество іздеп, алағызатын сәттері де болады.Мұндайда ол, тоят тілеп, қанаттарын қаққан қыранға ұқсайды.Ал, кейде жақсы шығарма, қызық роль, күрделі мақсат артистің қиялын қозғап, творчествосын еліктіріп,сахналық ішкі көңіл күйді өздері тудыратыны болады. Мұның өзі — «жүйрік ат, түзу мылтық, алғыр құсқа» қызыққандай құбылыс.Аталмыш сипаттарды К. С. Станиславский — сахналық ішкі көңіл күйдің кездейсоқ түрлері деп атап, оны жоққа шығармаған. Керісінше, мақұлдап, қабылдаған.Иә, Сахна санаткерінің сахналық ішкі көңіл күйі әрі қиын, әрі күрделі.Оған бап керек!Ал, енді жоғарыда айтылған қос қасиеттің басын қоссақ, үшінші процесс — сахналық ортақ көңіл күй өмірге келеді. Актер сол сипаттардың көркемдік тоғысу арқасында кестелі творчество тудырады.ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
ААвансцена (фр. avant — sсепе)— сахна дәлізі.Акт (лат. асtus — поступок, действие)—әрекет (пьеса—перде,шымылдық).Актер (лат. асtor, фр. асteur — исполнитель)—орындаушы, сахнампозАктивное внимание — белсенді зейін, белсенді ықылас, белсенді құлық, белсенді ынта (зейін белсенділігі, ықылас белсенділігі т. б.).Акустика (гр. акustikos — слуховой, звуковые условия какого-л. помещения)— дыбыстық естілу күйі.Акцент (лат. ассепtus — ударение, муз. выделение, подчеркивание звука или аккорда, преимущ. путем его усиления)—дыбыстык, сөздік және ой екпіні.Ансамбль (фр. еnsemblе — вместе, художественная согласованность исполнения какого-л. драматического, музыкального и др. произведения)—көркемдік топ.Артист (фр. arriste, лат. аrs — искусство)—өнерпаз (өнер жасаушы, өнер тудырушы).ББалкон (ит. balconе — балка, верхний или средний ярус в зрительном зале) — аспалы орын.Бутафор (ит. buttafuori — работник театра, занимающийся изготовлением бутафории) — әшекей заттарды жасаушы адам.Бутафория (ит.— 1. предметы, имитирующие подлинные (на сцене театра, в витринах магазинов и т. п.)— жасанды әшекей заттар.ВВидение внутреннего зрения (рус.) — көкірек көзімен көру.Вкусовое внимание (рус.)—зейіндік талғам.Влучение (рус.)—сәулелену (сәулеге шомылу, сәулеге орану, т. б.).Внимание (рус.)— зейін (зейін қой, зейініңді сал), ықылас(ықылас аудар, ықылас қой), көңіл (көңіл аудар, көңіл қой), назар (назар аудар, назарыңды сал), зер (зер сал), ынта (ынталан, ынталы бол), құлық (құлық қой).Внутреннее зрение( внутреннее око) (рус.)—көкірек көзі (ішкі жанар).Внутреннее ухо (рус.)—көкірек кұлағы( көңіл құлағы, көңілмен тыңдау).Возбуждение (рус.)—қоздыру, еліктіру.Воля (рус.)—ерік, жігер.Воображаемый объект (рус.)—елестету нысанасы (ойдағы нысана).Воображение (рус.)— елестету.Вымысел воображения (рус.)—елестету әлемі.ГГастроль (нем. castrolle — выступление приезжего артиста, спектакль приезжай театральной труппы) көшпелі театр құрамы.Гастрольная пауза (рус.)—көшпенді кідіріс.Гипноз (гр. һuрnos— сон)— арбау, сиқырлау, көз байлау.Грим (фр. grimer — подкрашивать лицо)—бояну, опалану, қырланып — сырлану.ДДекадент — декадент өкілі.Декаденство (фр. decadencе, лат. decadentiа — упадок, иначе декаданс — общее наименование кризисных, упадочных явлений в искусстве конца 19-нач. 20 в.отмеченных индивидуалистическим пессимизмом, эстетизацией падения и небытия)—өнерді өмірден бөліп қарайтын сары уайымшыл ағым.
Декламация — (лат. declamatio — напыщенная, неестественная манера, речи, изложения, ложный пафос)—жалаң, жел сөз, қызыл сөзДекорация (фр. decoration, лат. decorarе — укращать)— жиһаздау, безендіру.Дилетант (ит. dilettante<лат. delectare — услаждать, забавлять. Любитель, занимающийся каким-л. искусством или наукой без спец. подготовки; поверхностно знакомый с какой-л. областъю науки или искусства)—әуесқой, әуесқойлық.Духовная жизнь актера — актердің жан (рухани) тіршілігіЖЖанр—(фр. genre — род, вид) — тек пен түр.Жест— ишарат (ишарат қылу, ишарат жасау).Жизнь человеческого духа — адамның рухани тіршілігі.3Зритель — көрермен.Зрительное внимание — көру зейіні. Зрительная память — көру зердесі. Зрительный образ — көру бейнесіИИзлучение — сәулелендіру.Импровизация — суырып салма, суырып салушылық.Интеллект (лат. intellectus — ум. рассудок, разум; мыслительная способность человека)— ақыл, парасат.Интерпретация (лат. interpretatio — посредичество, истолкование, разъяснение смысла, значения чего-л.)—шешім, байлам, кесім.Искусство ремесло — кәсіпқойлык өнер.ККредо (лат credo — верю, верую. Убеждения, взгляды, основы мировоззрения)— көзқарас, таным.Критерий (гр. kriterion — признак, на основании которого производится оценка, определение или классификация чего-л., мерило)—бағалау, баға беру, таразылау.Круг внимания — зейін шеңбері.Кустарничество — қолөнерлік жабайы тәсіл, қолөнер.ЛЛиния физических действий — қимыл-іс әрекетінің желісі.Логика (гр. logike—ход рассуждений, умозаключений; разумность внутренняя закономерность)—қисын (сөз қисыны, ой қисыны, іс қисыны).Логическая пауза—қисынды кідіріс (кідіріс қисыны).Лучевосприятие — нұрлану (нұрға малыну, нұрға шомылу).Лучеиспускание — нұрландыру (нұрға малу, нұрға шомылту).Люфтпауза — тыныстық кідіріс.ММетод (гр. methodos — способ познания, исследования явлений природы и общественной жизни; 2) прием, способ или образ действия)— тәсіл.Метод действенного анализа — әрекет арқылы талдау тәсілі.Метод физического анализа — қимыл-іс арқылы талдау тәсілі.Мимика (гр. mimikos — подражательный. 1) движения лицевых мышц, выражающие внутреннее душевное состояние; 2) искусство актера передавать душевное состояние персонажа выразительными движениями мышц лица)—ым, ымдау, ымдап шақыру, ыммен білдіру (ымды білмеген дымды білмейді).Мышечная судорога — бұлшық еттің түйілуі.
ННаигрыш — әсіреқызыл ойын өрнегі.Напряжение мышц — бұлшық еттің сіресуі.Натурализм (фр. naturalisme < лат. natural — в широком смысле — внешнее правдоподобие, фотографическое копирование или изображение случайных, нетипических и нехарактерных явлений реальности, схватывающее чисто внешние стороны жизни в ущерб глубине идейно-художественного содержания; нередко также — откровенное изображение физиологической стороны человеческой жизни)—ой мен сезімнен ада өмірдің өзінен өңдеусіз көшіріліп алынған жабайы, жалаң тәсіл.Непроизвольное внимание — еріктен тыс зейін.ООбъект — нысана Объект-точка — нысана нүктесі.Освобождение мышц — бұлшық еттің босаңсуы. Осязательное внимание — сипау зейіні.ППалитра — фр. polefte — бояқ 1) тонкая дощечка с отверстием для надевания на большой палец левой руки, служащая живописцам для смешивания красок; 2) совокупность выразительных средств в творчестве писателя, композитора и др. 3) подбор цветов, характерный для данной картины или данного живописца; колорит)— бейнелілік, бояуы қанықтық, мазмұндылық.Память — зерде.Партнер — (фр. partenaire — участник какой-л. игры, например, спортивной, в карты и т. п.; тот, кто вместе с кем-л. участвует в игре на сцене, в танцах и т. п., а также в какой-л. совместной деятельности)—серік, серіктес.Пассивное внимание — ынтасыз зейін (белсенді емес зейін).Пафос (гр. pathos — чувство, страсть. Страстное воодушевление, подъем)—іңкәр сезім.Передвижной круг внимания — жылжымалы зейін шеңбері.Пластика (гр. plastike— сымбат. 1) искусство лепки, ваяние, скульптура; 2) гармония, согласованность движений и жестов). 1) Қимылға байланысты — әсем қимыл, кербез қимыл, көрікті қимыл, сәнді қимыл; 2) Сөзге байланысты — айшықты сөз, сазды сөз, нақысты сөз, әсем сөз, әдемі сөз; 3) Ойға байланысты — әдемі ой, әсем ой, сазды ой, назды ой; 4) Музыкаға байланысты — әсем ән, әсем күй, көркем ән, көркем күй, сұлу күй, сазды ән, сазды күй; 5) сәулет өнеріне байланысты (архитектура)— сәулетті сарай, сәнді сарай, көркем ғимарат, сәулетті ескерткіш; 6) мүсіндік өнерге байланысты (скульптура)— сұлу мүсін, көркем мүсін, керемет мүсін; 7) кескіндеме өнеріне байланысты (живопись) — келісті кескін, сұлу кескін, әдемі кескін, көрікті кескін, т. б.Поза—(фр. pose — положение тела)—қалпы, адамдық қалпы (қаз қалпы, баяғы қалпы, тұрған қалпы, отырған қалпы, жатқан қалпы, жантайған қалпы, еңкейген қалпы, етпеттеген қалпы, шалқайған қалпы, тізерлеген қалпы, тізе бүккен қалпы, тәжім еткен қалпы, жамбастаған қалпы, малдас құрған қалпы, т. б.).
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/240647