| Бөлім | Бөлімше | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары Білім алушылар тиісті: |
| 1-тоқсан | |||
| Мемлекет және құқық | Заң шығару, құқықтық мәдениет, мемлекет қоғамның саяси жүйесінде | Заң шығару жүйесі | 11.1.1.1 - нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау; 11.1.1.2 - нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу |
| Заңдылық және құқық-тық тәртіп. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет | 11.1.1.3 - заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру; 11.1.1.4 - заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру | ||
| Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде | 11.1.1.5 - қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау | ||
| Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы | Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет | 11.1.2.1 - Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдама-сы (Қазақстан Республикасы Прези-дентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 жарлығы), Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 258 қаулысы) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру | |
| Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының дамуы | 11.1.2.2 - Қазақстан Республикасы азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру; | ||
| Қазақстан Республикасын да адам құқығын қорғау | Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы | 11.1.3.1 - нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасының адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру; 11.1.3.2 - азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқа) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау | |
| Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция | 11.1.3.3 - Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру | ||
| Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының қорғалуы және жүзеге асырылуы | 11.1.3.4 - Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру | ||
| Сот жүйесі | Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі | 11.1.4.1 - сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету; 11.1.4.2 - судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету | |
| Жобалық-зерттеу жұмысы | Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және мемлекеттік органдар жүйесі. | ||
| 2-тоқсан | |||
| Жария құқық | Қазақстан Республикасын дағы азамат тық және сайлау | Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституция лық құқығының институты | 11.2.1.1 - азаматтық ұғымын ашу; 11.2.1.2 - қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру |
| Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы | 11.2.1.3 - Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау | ||
| Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері | Қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық түрлері | 11.2.2.1 - Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау | |
| Жер құқығы негіздері | Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны | 11.2.3.1 - жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру; 11.2.3.2 - Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату | |
| Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері | Адам және азаматтардың конституция лық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық | 11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау | |
| Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық | 11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау | ||
| Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік | 11.2.5.1 - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату; 11.2.5.2 - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау | |
| Жобалық-зерттеу жұмысы | Мемлекеттік билік пен басқару органдарының қызметін реттеудегі жария құқықтың рөлі | ||
| 3-тоқсан | |||
| Жеке құқық | Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері | Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты | 11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру; 11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру |
| Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты | 11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру; 11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру | ||
| Мұрагерлік құқық | 11.3.1.3 - мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру; | ||
| Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы | Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері | 11.3.2.1 - қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру; 11.3.2.2 - нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау | |
| Авторлық құқық негіздері | Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны | 11.3.3.1 - авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру; | |
| Отбасы құқығы институттары | Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері | 11.3.4.1 - ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру | |
| Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері | 11.3.4.2 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау | ||
| Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері | 11.3.4.3 - алименттік қатынастардың субъекті лерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау | ||
| Еңбек құқығының базалық нормалары | Еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері және олардың мемлекеттік кепілдіктері | 11.3.5.1 - еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау; 11.3.5.2 - кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу | |
| Еңбек дауларының қаралуы | 11.3.5.3 - жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау | ||
| Жобалық-зерттеу жұмысы | Жеке меншік құқықты қорғауды қамтамасыз етудегі жеке құқықтың рөлі. | ||
| 4-тоқсан | |||
| Іс жүргізу құқығы ның негіздері | Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары | Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты | 11.4.1.1 - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру |
| Кәмелетке толмағандар дың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу | 11.4.1.2 - кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау | ||
| Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері | 11.4.1.3 – Қазақстан Республикасы алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау | ||
| Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары | Талап қою іс жүргізуінің негіздері | 11.4.2.1 - талап қою шарттарын түсіндіру; 11.4.2.2 - талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру | |
| Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері | 11.4.2.3 - Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету | ||
| Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары | Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдар | 11.4.3.1 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу | |
| Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері | 11.4.3.2 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету | ||
| Жобалық-зерттеу жұмысы | Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтарды қорғау әдістері | ||
| Халықаралық құқық | Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі | Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы | 11.5.1.1 - Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру; 11.5.1.2 - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу |
| Жобалық-зерттеу жұмысы | Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде халықаралық құқық нормаларын іске асыру | ||