| Білім алушылар: | |
| 10-сынып | 11-сынып |
| 10.1.1.1 құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру | 11.1.1.1 нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау |
| 10.1.1.2 құқықтың функционалдық маңызын нақты мысалдар арқылы ашу | 11.1.1.2 нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу |
| 10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт) | 11.1.1.3 заңдылық пен құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру |
| 10.1.1.4 мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау | 11.1.1.4 заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру |
| | 11.1.1.5 қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау |
| 10.1.2.1 құқықтық мемлекет принциптерін айқындау | 11.1.2.1 Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президенті-нің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 жарлығы), Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 258 қаулысы) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру |
| 10.1.2.2 әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету | 11.1.2.2 Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру |
| 10.1.2.3 конституциялық принциптер негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату | 11.1.2.3 Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам институттары қызметінің тиімділігін бағалау (Үкіметтік емес ұйымдар және тағы басқалар) |
| 10.1.2.4 азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету | |
| 10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру | 11.1.3.1 нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру |
| 10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени) | 11.1.3.2 азаматтардың құқығын қорғай-тын (адвокат, медиатор және тағы бас-қалардың) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау |
| 10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт) | 11.1.3.3 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру |
| | 11.1.3.4 Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру |
| 10.1.4.1 сот төрелігінің принциптерін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру | 11.1.4.1 сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету |
| 10.1.4.2 Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау | 11.1.4.2 судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету |
| Білім алушылар: | |
| 10-сынып | 11-сынып |
| 10.2.1.1 Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру | 11.2.1.1 азаматтық ұғымын ашып көрсету |
| 10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар) | 11.2.1.2 қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру |
| | 11.2.1.3 Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау |
| 10.2.2.1 мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру | 11.2.2.1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау |
| 10.2.3.1 экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру | 11.2.3.1 жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру |
| 10.2.3.2 экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну | 11.2.3.2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату |
| 10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау | 11.2.4.1 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау |
| 10.2.4.2 нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру | |
| 10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау | |
| 10.2.4.4 кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау | |
| 10.2.4.5 жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау | |
| 10.2.4.6 қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылу шарттарын айқындау | |
| 10.2.5.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру | 11.2.5.1 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату |
| 10.2.5.2 нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану | 11.2.5.2 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау |
| Білім алушылар: | |
| 10-сынып | 11-сынып |
| 10.3.1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер) | 11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру |
| 10.3.1.2 азаматтық құқық принциптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру | 11.3.1.2 келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру |
| 10.3.1.3 азаматтық құқық субъектілерін анықтау | 11.3.1.3 мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру |
| 10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу | 11.3.1.4 заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды ажырату |
| 10.3.1.5 нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау | |
| 10.3.1.6 құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру | |
| 10.3.1.7 мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымы және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру | |
| 10.3.1.8 құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру | |
| 10.3.1.9 заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу | |
| 10.3.1.10 міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау | |
| 10.3.2.1 Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау | 11.3.2.1 қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру |
| 10.3.2.2 заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру | 11.3.2.2 нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау |
| 10.3.3.1 отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру ("Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі", "Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңы") | 11.3.3.1 авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру |
| 10.3.3.2 Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру | 11.3.3.2 авторлық құқық саласында нақты жағдаятты шешудің құқықтық жолдарын ұсыну |
| 10.3.3.3 әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу | |
| 10.3.4.1 Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру | 11.3.4.1 отбасын отбасы құқығының институты ретінде айқындау |
| 10.3.4.2 әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарын жүзеге асыруды зерттеу | 11.3.4.2 ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру |
| | 11.3.4.3 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау |
| | 11.3.4.4 алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау |
| | 11.3.5.1 еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау |
| | 11.3.5.2 кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу |
| | 11.3.5.3 жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау |