E) кальций карбонаты+тұз қышқылы=кальций хлориді+су+көмірқышқыл газы
Химиялық элементтердің жіктелуі /7cынып/
(74-77 беттер)
1. Химиялық элементтерді олардан түзілген жай заттардың қасиеттеріне сәйкес металдар мен бейметалдар деп жіктеуді ұсынған ғалым
A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер
D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс
2. Металдарды көрсетіңдер
A) S B) Cu C) P D) Ag E) Sn
3. Октавалар заңының тұжырымдамасы
A) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың
атомдық салмақтарына периодты түрде тәуелді»
B) «Элементтердің және олар түзілген жай және күрделі заттардың қасиеттері атом ядросының
зарядына периодты түрде тәуелді»
C) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін жеті санға немесе жеті
еселікке ерекшеленеді»
D) «Химиялық элементтердің және олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың
электрон санына периодты түрде тәуелді»
E) «Ұқсас элементтердің нөмірлері ереже бойынша бір-бірінен бүтін сегіз санға немесе сегіз
еселікке ерекшеленеді»
4. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз
A) периодтық заң сандық математикалық теңдеумен өрнектеледі
B) периодтық заң химиялық элементтердің таңбаларымен бейнеленеді
C) периодтық заң сандық математикалық формуламен өрнектеледі
D) периодтық заң химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесімен бейнеленеді
E) периодтық заң электрондармен өрнектеледі
5. Периодтық жүйенің бір бөлігі берілген
Мына таңбалармен: X, Y, Z қандай элементтер берілген?
A) көміртек B) неон C) бериллий D) азот E) литий
6. Дж. Ньюлендстің октавалар заңына ғылым шүбәмен қарады, себебі
A) химиялық элементтердің атомдық массалары мен химиялық қасиеттерін сәйкестендірген
B) Ньюлендстің кестесінде бос орын болмады
C) әр периодта жеті топ жасаумен шектелген
D) әр элементке рет нөмірін тағайындаған
E) кейбір ұяшықтарға бірнеше элементтерді орналастыруға тура келген
7. Химиялық элементтердің қасиеттерін атомдық массаларымен байланыстырған ең алғашқы табиғат зерттеушісі
A) Й.Берцелиус B) Д.Менделеев C) И.Дёберейнер D) Э.Резерфорд E) Дж.Ньюлендс