Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Кудама ибн Джафар Абу–ль–Фараджөмір сүрген уақыты белгісіз. Араб фи­лологі және географы. Пошта бастығы қызметін атқарған. «Ха­рад­же және хат­шының өнері» туралы кітаптың авторы. Шамасы 928 жылдың ар жақ бер жағ­ында жазылған. Бізге дейін кітаптың тек екінші то­мы жеткен. Кітапта Араб халифаты құрамына кіретін елдер жөнінде мол мәлімет бар. Сонымен қатар оғ­ыз, қимақ, қарлық, бұлғыр тай­па­ла­ры тура­лы да жазылады. Бір құндылығы кі­тап­­тағы «Әлем картасында» түркі тай­па­­ларының мекендеген жерлері көр­сетіледі.

Араб тарихи әдебиеттерінің ішіндегі орны бөлек щығарма Ибн ал–Фа­ких­тың «Китаб ахбар ал–булдан» (Елдер туралы әңгімелер кіта­бі). Автордың өзі жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Бәрімізге белгілі араб әде­бие­тінің анықта­масы іспетті. Ибн ан–Надимнің «Фихрист» кіта­бын­да оның есімі Ахмад екен­дігі және оның әдебиет пен өнердің білгірі екен­дігі айтылады.

Ол кездегі дәстүр бойынша кез келген автор өз шығармасын баста­мас бұр­ын өзіне дейін жазылған еңбектерге шолу жасайды. Мұнда да ал–Джа­хиз, Ибн Хордадбех, ал–Джейхани еңбектеріне тоқталады. Кітап шамамен 903 жылдар ша­масында жазылған. Онда Шығыс Еуропа мен Азия­ның көп­те­ген елдері туралы мәліметтер бар. Әсіресе бізді қызық­ты­ратыны түркі тайпалары жөнін­дегі деректер.

Х ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген парсы елінің энцикло­педист–ғалымы Ибн Русте «ал–А’лак ан–нафиса» деп аталатын бір­не­ше томдық кітап жазды. Бүгінгі күнге жеткені астрномия және геогра­фия жө­нін­дегі жетінші то­мы. Еңбек Британ мұражайынан қолжазба кү­йін­де та­был­ды. Орыс шығыс­тану­шы ғалымы профессор Хвольсон бұл ең­­бекті орыс тіліне «Известия о Хазарах Буртасах, Болгарах, Мадья­рах, Славя­нах и Руссах Ибн–Дасты» (СПб.,1869). Деген атпен аудар­ды. Ол оның то­­­лық та дұрыс аты Ибн Даста екендігін анық­тады. Кейін Голландия ғалы­мы Де Гуе өзінің «Библиотеки арабских геогра­ф­ов» (BGA) (1892) атты еңбегінде аталған еңбектің толық нұсқасын кіргізді. Әлбетте, кітап иран елінің тарихы жөнінде. Бірақ онда славян, рус, булгар, ха­зар, алан тағы бас­­қа түркі тайпалары туралы да деректер бар.

Х ғсырда араб географиялық ғылымы өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы уақыттағы көрнекті ғалым әрі саяхатшы, Иран елінің тумасы
Ибра­гим ибн Мұхаммед Абу Исхак аль–Фариси аль–Истахри (шамамен 850–934) 943–965 жылдары араб тілінде «Ауа–райы кітабы», «Мем­лекеттер ара­сындағы жолдар» («Китаб масалик аль–мамалик»). Бұл кітаптар басқа да ғалымдардың еңбектеріне игі әсер етті.»). Кітапта Араб­стан, Парсы теңізі, Магриб, Мысыр, Сирия, Рум теңіздері, Ирак, Индия, Иран, Хазар теңізі, Армения, Әзербайжан, Хо­расан және Мәуе­рен­нахр елдерінің сипат­та­ма­сы берілген. Әрбір елдің шекарасы, қала­лары, мемлекеттер ара­сын­да­ғы қашықтық, әр елдегі азық–түлік бағасы, сауда, қолөнер сяқты мә­селе­ле­р­­ге көңіл аударады. Бізге қажеттіде мәлі­меттер бар. Мысалы хазар, бур­тас, рус, бұлғыр және түркі тайпалары­ның мекендеген жерлері туралы мә­лі­меттер.

Ибн–Хаукаль (Абдул–Касим–Мухамед) – аль–Истахри кітабын то­лық­­­ты­рып қайта жазып шықты. Ол араб саяхатшысы X ғасырда Бағдат қа­ла­сында туған, 30 жылдан аса әртүрлі елдерде саяхат жасаған.

Оғыз, қарлық, қимақ, қырғыз, тогуз–огуз, хазарлар жөнінде мәлімет­тер бар. Ұлы жібек жолын және де басқа сауда–керуен жолдарының си­пат­тамасын береді. Исфиджаб, Тараз, Сауран, Суткент, Фараб, Кедер, Шау­хар­­­тағы да басқа қалалар жөнінде жазады. Каспий, Арал теңіздері, Итиль және Сырдария өзен­дері туралы да мәліметтер бар. Каспий теңі­зі­­­нің оң жақ жағалауында болып, ол жерге Киев князі Святослав тал­қандаған Хазар қағандығының қаш­қын­­дары­мен тілдесуге мүмкіндігі болады. Осы жерде ол словян, хазар тайпалары және Еділ бұлғарлары ту­ра­лы дерек жинады. Қосымша ретінде «Сурат ал– ард» («Жер­дің келбе­ті») географиялық карта берілген. М. де Гуе (1873) және Крамерс (1988–39) басып шығарған.

Х ғасырда қазақ даласы арқылы арабтың екі жиһангезі өтті. Оның бірі – Ибн Фадлана. Оның өмірбаяны жөнінде бізде нақты мәлімет жоқ. 921 жылы Бағдаттан Араб халифатының бірнеше адамнан тұратын елшілік Еділ бойын­дағы бұлғырлар еліне жол тартты. Елшіліктің негізгі мақсаты ха­зар­ларға қарсы араб–бұлғыр одағын құру. Қосымша мақсаты Еділ бо­йында ислм дінін тара­татын орталық жасау еді. Маусым айында шыққан ел­шілік Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бухара, одан әрі Хорезм, Үстірт және Жайық арқылы келесі жылы мамыр айында Еділге жетті. Осы сая­хат­ты қағазға түсіріп отырған Ибн Фадлана болды. Бағдатқа қайта орал­ғаннан кейін ол «Жазба» (Рисала)
деп аталатын кітап жазды. Мұнда, әри­не, хазарлар жөнінде мол мәлімет бар. Сонымен қатар бүгінгі қазақ елінің ба­тыс өңірін мекендеген тайпалар, башқұрт­тар, әсіресе, оғыздардың ме­кен­­­­деген жері, әлеуметтік–рухани жағдайы, шаруа­шы­лығы, этнография­лық еркшеліктері жөнінде жазылады.

Екіншісі Бухара әмірі Екінші Насрдың 942 жылы Қытайға жіберген елшісі Абу Дулаф. Бұл да саяхат барысында көрген–білгенін қағазға тү­сі­ріп, «Жазба» (Рисала) кітабында оғыз, қимақ, қарлық, джиклі тай­па­ла­ры ту­ралы құнды дерек беретін шығарма жазды.

Х ғасырдағы араб тарихнамасының көрнекті өкілі ал–Масуди. То­лық аты–жөні Абу–ль–Хасан Али ибн аль–Хусейн аль–Масу́ди 896 жы­лы Бағдадта туған, – 956 жылдың қыркүйек айында Фустат, қаласында (қа­зір­гі Каир) қайтыс болған. Заманының ірі тарихшысы. Ол сол за­ман­дағы бар­лық геграфия­лық және тарихи шығармаларды жинастырып, толық­ты­рып бір жүйеге келтір­ген. Өзінің энциклопедиялық еңбегі үшін «
Арабтың Геродоты» атанған. Ибн Халдун оны «Тарихтың имамы» деп атайды.

Басқа да араб тарихшылары сияқты ал–Масуди көптеген өңірлерді ара­лайды. Деректерге қарағанда ол Аббасид халифатының барлық про­вин­циялар­ын, Индияны, Кавказды, Каспий теңізінің жағалауларын Си­рия­­ны, Аравины, Мысырды аралаған. Кейбір ғалымдар ол Қытайда, Зан­­­­­зи­­бар­да, Шри–Ланкада тіпті Мадагаскарда да болған деседі. Ол өзі­нің кітапта­рын­да Киев Русі мен Ха­зария жөнінде де мәліметтер береді. «Уақыт та­рихы» (Ахбар аз–заман) еңбегі 30 томнан тұрған дейді. Бір өкініштісі біз­ге дейін толық жетпеген. Уақыт тезі­нен өтіп, бүгінгі күнге жеткені «Му­рудж аззахаб ва ма’адин ал–джава «Ал­тын кеніштері және бағалы тас­­­­тар» кітабы. Өлер алдында жазған Китаб ат–танбих вал–иш­раф (Ескертулермен бақылағандарым).

«Алтын кеніштері» 132 бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде әлем­нің жаралғаны және «Көне өсиет» тарихы баяндалады. Одан әрі Ин­дия, Эллада және Римнің қоғамдық–саяси құрылысы, халқының әдет–ғұ­рып­тары, мәдение­ті, елдің ауа–райы, қалаларындағы храмдар сөз болады. Кі­таптың біраз бөлігі дін тақырыбына арналған. Онда ин­дуи­зм, зо­роас­т­ризм, иу­даизм, христиан және ислам жөнінде әңгіме қоз­ғалады. Византия туралы айтылғанда олармен көрші­лес славян тай­па­лары, рустардың Хазар теңізіне жорығы, Еділ, Дон өзендері, Азов және Кас­пий теңіздері, қимақ, оғыз, қарлық, барсхан, токуз–гуз, тайпа­лары жөнінде құнды ақпараттар бар.­­

Кітаптың екінші бөлімінде онша қажетті материалдар жоқ. Автор ан­ти­ка ғалымдарының еңбектерінде кездесетін деректерді қайталайды. Ат–Табари сияқты араб жазушыларында кездесетін Мұхаммед пай­ғам­бардың және араб халифтерінің өмірбаяны келтіріледі. Аль–Масудидің шығарма­ларын­да кейбір тарихи уақиғалар толық баяндалады. Дерек ре­тінде өзіне дейінгі шығармалар мен аңыз–әңгімелер жиі пайдаланады. Өкініштісі бас­қа да араб авторлары сяқты деректерд талдау, оларға сын көзімен қарау жоқ­тың қасы.

Араб тарихнамасына сүбелі үлес қосқан тарихшылардың бірі Әбу Шама аль–Макдиси. Толық аты–жөніӘбу Шама аль–Макдиси Ших абуд­дин Әбуль–Қасым Әбдіррахман ибн Исмаил аль–Макдиси. 1203 жы­­лы Дамаск қаласында туған. Белгісіз себептермен 1267 жылы кісі қо­лы­нан қаза болған. Негізгі шығармасы «Китаб ар–Раудатайн фи ахбар ад–даулатайн ан–нурийа ва–с–салахийа
», «Екі әулеттің хабар­ла­ры тура­лы екі бақ кітабы»», Нур ад–Дин Махмуджәне Салах ад–Дин­нің билік құр­ған дәуіріне арналған. Шығыстанушы ғалымдардың ай­туы­на қарағанда оның еңбектері басқа авторлардан көшірілген. Бірақ оның құндылығы сол ол көшірген шығармалар бүгінгі күнге дейін жетпеген.

Қазақ жерін мекендеген түркі тілдес тайпалар жөніндегі мәліметтер ХІ ғасырда өмір сүрген испан–араб ойшылы және географы Исхака ибн ал–Хусайн еңбектерінде кездеседі. Оның «Груды жемчугов с опи­са­нием знамени­тых городов в любом месте», Андалусияда жазған ең­бе­гі біздер үшін үлкен дерек. Ондағы ақпараттар Гардизи (ХI ғ.), әл–Би­ру­ни (ХI ғ.) және әл–Марвази (ХII ғ.) еңбектеріндегі мәліметтерді қай­талайды. Деген­мен қимақтар жөніндегі деректері өте қызғылықты.

Ортағасырдағы Қазақстан тарихы үшін Шараф аз–замана Тахирал–Марвази (ХІI ғ.) «Природные свойства животных» (Табаи ал–хайаван) атты еңбегі де өте құнды. Сельджукид Меликшахтың сара­йын­да (1072–1092) дәрі­гер­­лік қызмет атқарған. Оның шығармасында да түр­кі тайпала­ры­ның тарихи этнографиясы жөнінде таптырмайтын мәлі­меттер бар. Әсі­ресе Ұлы халықтар көші заманындағы тайпалардың қо­ныс­тануы жөнін­де­гі ақпараттары өте құнды. Русстар туралы көзқарасы бүгінгі күннің саяса­ты­мен де қабысып жатыр. Олардың ата кәсібі көрші елдерді жаулау, егер олардың жылқысы болса адамзатқа үлкен қауып төндірген болар еді деп жазады.

Әбу Абдаллаһ Абдоллах Мұхаммед әл–Идриси (1100, Марокко, Сеу­та – 1161 немесе 1165, сонда) – араб географы, саяхатшы. Марок­ко­да­­ғы Идриси әулетінің атақты әмірлер ұрпағынан шыққан. Кордова­да бі­лім алған. Фран­ция, Англияға саяхат жасаған. 1116 жылы Кіші Азия­да болған. 1138 жылы Па­л­­ермо­ға келіп, әуелі Сицилия королі Роджер ІІ (1130–54), кейін Вильгельм І(1154–66) сарайында тұрды. Қартайған шағында Сеутаға қайтып оралды. 1154 ж. ұзақ жылғы жинаған тарихи–географиялық дерек­терінің негізінде “Сурат әл–ард” (“Жер бейнесі”) атты атласын жасап шы­ғар­ды. Картада тарихи–географиялық 2500 атау енгізіліп, бұларға қоса 7000 атауға қосымша түсінік берілген. Әл–Идриси картасы – 11-12ғ. қарлұқ, оғыз, қимақ, тоғыз оғыз т.б. тайпалар мен түрлі халықтардың орналасуы жөніндегі аса құнды дерек. Бұл ең­бекте, әсіресе, қыпшақтар жөнінде толық мәлімет берілген.

Әл–Идрисидің бұдан басқа “Нұзхат әл–мұштақ фихтирақ әл–афақ” (“Жиһанкездіктен торыққан адамның көңіл көтеруі”) атты тарихи–география­лық шығармасында Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпа­ла­ры­ның, Еуропа мен Африка елдерінің тарихы баяндалған. Әл–Идрисидің гео­графиялық жол жазбаларында Шу–Іле таулары, Сырдария өзенінің тө­мен­гі бөлігі, Арал бойы туралы мәліметтер, сонымен қатар осы өңір­де­гі темір, алтын, күміс, асыл тас­тар жайлы деректер берілген. 
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973