Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі.

Ол өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. Ең алдымен, даналық яғни қа­зір­гі түсініктегі теориялық зерде туралы ой тол­ғап, даналық та­би­ғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілетпен ке­йін­гі білім жи­нақ­тау­дағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұм­тылу, т.б. мәсе­ле­лерді қарастырады.

Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағы­мның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ға­на тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы бол­са, онда оған тол­ық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қыз­мет етеді, оның жалғандығы жоқ.

Шығарманың негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кеме­лденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қа­лыбы мен не­гі­зіне мей­лін­ше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт–бере­ке­мен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге бо­латынын ұқты­ра­ды. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адам­шы­­­лығын танытар қаси­еті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағыт­талған.

Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойын­ша, өкін­іштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі же­тегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет.

Мұнан өзге Жүсіп Баласағұни шығармашылығына ізгілікке құштар­лық пен ің­кәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сыры­на­ терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.

Ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бас­тысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. Ол метафора, аллегория, ги­пер­­­бола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса шебер пайдаланған. Кітаптың әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерек­ше.

Жүсіп еңбегі қазақ халқының тарихын, этникалық құрамын қалып­тас­тырған ру–тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс–тіршілігін, на­ным–сенімін, әдет–ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.

Махмұд Қашқари (1029–1101) Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстанжеріндегі Ыстық­көлжағасын­дағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласында әскери­лер отбасында дүние­ге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағ­датта бі­лім алған.


Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған–түркі ғалымы, әй­гілі «Диуану лұғат–ит–түрк» (Түркі сөздерінің жинағы) атты ең­бек­­тің авторы. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де ең­бектер жаз­ған. «Диу­ани лұғат ат–түрік» – ғалымның негізгі шығармасы. Онда көшпе­лі­лердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл та­ма­ша энциклопедия­лық туынды 1072–1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түп нұсқасы жоғалып кет­кен. 1206 жылы жасалған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұс­қас­ын қазақ тіліне А. Егеу­баев аударды.

Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопе­дия­сы іспетті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда тап­тыр­майтын, XI ға­сыр­да өмір сүрген көптеген түркі тайпалары тарихы жа­йын­дағы мәлімет­тер енгізілген.

Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атау­ла­ры, тағамдар мен сусын атаулары, үй, жабайы жануарлар, құстар, айлар мен апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медици­на­лық, діни т. б. атаулар қамтылған.

Сол кездегі түркі халықтарының дүниетанымы, этикалық нормалары мен құндылықтары, өзін–өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әр түрлі тайпа­лар ара­сы­ндағы тарихи–мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия ау­мағын­да бол­ған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұл­­қарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер бар. Тарих­шы­лардың на­за­рын өзіне аудар­ған – шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кі­тап­та 400 мақал–мәтел бар.

XV–XVIII ғасырдың басында түркі тіліндегі тарихи ой–пікір.Орта ғасырдың соңғы кезеңінде тарихтану ғылымында бірнеше түр­кі ті­лінде жазыл­ған шығармалар пайда болды. Араб және парсы тіл­дерінде жа­зылған тарихи әдебиеттерді толықтыра түсетін мұндай шы­ғармалардың ав­тор­ла­ры қалып­тасқан дәстүрді бұзбай, өзелінің та­ри­хын өз тілінде жа­зу­ға тырыс­қан. Бұл ең­бек­терде қазақ хандығының құры­луы, қазақ даласын­да­ғы саяси уа­қиға­лар, этникалық процестер баян­да­ла­ды. Солардың бірне­ше­уі­не тоқталып өтелік.

Орталық Азияда ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегінде болған саяси уа­қиғалар жөнінде Абдаллах бен Мухаммадтің (Абдаллах Балхи –XV ға­сыр­дың аяғы – XVI ғасырдың басы) «Зубдат аль–асар» («Сливки ле­то­­пи­сей») деп ата­латын еңбегінен білуге болады. Білімді адам сол кездегі билікке қызмет істеген. Алдымен Темір ұрпақтарына, кейін Хорасанды көш­пелі өзбектер жаулап алған­да Мұхаммад Шайбаниға қызмет етеді. Өзінің бұл еңбегін Шахрух және Таш­кент билеушісі Келді Мухаммад–сұл­танның тапсырмасы бойынша жазған. Кі­тап­та мұсылман әулеттерінің та­ри­хы, Мұхаммад Шайбаниханның 1510 жылғы қазақ­тар­ға жасаған сәт­сіз жорығы, Қасым ханның Түркістан және Ташкентке жа­саған жорығы сияқ­ты уақиғалар баяндалады. Көптеген уақиғаларды автор өз көзімен көр­ген, біраз материалдарды басқа да адамдардан алған сияқты.


Үндістан жерінде Ұлы моғолдар империясының негізін қалаушы, атақ­ты ақын Бабыр (1483–1530) көпшілікке белгілі, «Бабыр–наме» (Ба­быр жазбалары) атты тарихи шығарманың авторы.

Бабыр Орталық Азияда ХVІ ғасырдың алғашқы жартысында болған тари­хи уақиғалардың тікелей куәгері, өзі соның бел ортасында жүрген адам. Жас­тық шағында Ферғананы билейді, Орталық Азияда бір орта­лық­­қа бағынған мемлекет құруға талпынады. Бірақ Дешті Қыпшақтан кел­ген Мұхаммад Шай­бани­мен болған күресте жеңіліс тауып, 1504 жы­лы Ауған жеріне ығысуға мәж­бүр болады. Осы жерден 1526 жылы Үн­діс­тан жеріне жорық жасап, осы жерде Ұлы Моғолдар мемлекетін құ­рады.

Бабыр шығармасы қазақ тарихы үшін өте құнды дерек. Мұнда тарихи гео­графия, Орталық Азияны сол заманда мекендеген тайпалар, өте күрде­лі, шие­леніскен саяси уақиғалар туралы деректер бар.

Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед Дост – ХҮІ ғасыр­дың екінші жарт­ысында өмір сүрген тарихшы, атақты “Шың­ғыс­на­ма­ның” авторы. Хор­езмдегі Шайбани әулетіне қызмет еткенақсүйектер от­ба­сы­нан шық­қан. Елбар­ыс ханның(1512 – 1525) сарайында қызмет ет­кен. Өкініштісі шы­­­­­­­ғар­ма ғасыр­лар бойы ғылыми айналымға кірмеген. Алғаш рет Еуропа ғы­лы­мына В.В. Бар­тольд арқылы белгілі болды. Ке­йін қазақ тарихшылары В.П. Юдин, К.А. Пищ­улина Өтеміс қажы ма­те­риал­дарын өз еңбектерінде пайдаланды. Өтеміс қажы шығармаларының зерттеумен Е.Ф. Коль, А.З. Уә­лиди Тоған, М.Кафа­­ли, Д.Де­виз, т.б. ай­на­лыс­ты.

«Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес 2010 жылы «Қазақстан тари­хы туралы түркі деректемелері» атты кітаптың бірінші томына аталмыш шығар­ма факсимиле, транскрипция және мәтіннамалық ескер­тулерімен кірді. Зерттеу мақаласын В. П. Юдин жазды. Осы жерде кітаптың қолжаз­ба­сын тауып, аудар­ып, баспаға дайындаған Вениамин Петрұлы Юдин (1928–1983жж.) туралы бірер сөз. 1950 жылы Мәскеу шығыстану институ­тын бітіргеннен кейін Қазақ­тың Абай атындағы мемлекеттік педагоги­ка­лық институтында ұстаздық етеді. 1961 жылы ол толығымен Шоқан Уәли­ха­нов атындағы тарих, этнография және археология институтына ғылыми жұмысқа ауысады. Осы жерде ол 80–нен аса ғылыми еңбек жазған. Бірақ оның ғалым ретінде атын шығарған Өтеміс қажының «Шыңғыснамасы». Ол көзі тірісінде кітапты баспаға дайындап үлгір­ді, ал бұл жұмысты аяғына дейін жеткізген оның жұбайы Ю.Г.Баранова.


Кітап Өтеміс Қажы ибн Маулана Мұхаммед Достының XVI ғасырда жаз­ған түркі тілдес тарихи "Шыңғыснаме" шығармасының қазақ тілін­дегі алғашқы басылымы болып табылады. Дешті Қыпшақ, көшпен­ді­ле­рі­нің XIV ғасырдағы саяси тарихы, әлеуметтік–экономикалық өмірі ту­ра­лы баян­­­дайтын басылым Қазақстанның, Орталық Азияның, Еділ бойы мен Сібірдің ортағасырлық тар­и­х­ының деректану саласына қомақты үлес болып қосылады.

Шығарманың негізгі дерегі – халықтың ауыз әдебиеті. Шыңғысхан, оның ұрпақтары, оның жасаған жорықтары халық есінде тарихи әңгіме, жыр, дастан, мақал–мәтел ретінде қалған. Осыларды жинап, жинақ­тап, ірік­теп және талдап автор өз керегіне жаратқан. Ол өзі жазған уа­қи­ғалар­дан 300 жыл кейін өмір сүр­ген. Сондықтан ол бізге қарағанда зерт­теу объкті­сіне жақындау. Өтеміс баба­мыздың өмір сүрген уақыты аласапыран заман болатын. Дешті қыпшақ дала­сын­да төрелердің бір­не­ше саяси пар­тия­лары билік үшін талас үстінде еді. Ши­бан әулеті мен Тоқа Темір ұр­пақ­тарының таққа таласы көшпелі қоғамда тұрақ­сыздық ту­ғызды. Сон­дық­тан кітаптағы Шыңғыс тұқымының қоғамдық–саяси, әлеуметтік–құ­қық­тық, моральді–этикалық құндылықтарының практи­ка­лық маңызы аса зор еді.

Өтеміс қажы Орталық Азияны көп аралаған адам. Көп білетін адам­дар­мен кездескен, шежіре жинаған, халықтың ауыз әдебетімен мұқият та­­ныс­қан. Ол былай деп жазады: «Поскольку у меня было желание над­лежащим образом знать об их (ханов Золтой Орды) обс­тоя­тель­с­твах, по этой причине от­прав­лялся к тем, о ком говорили, что та­кой­­то­ старый человек хорошо знает предания,и расспрашивал [его] и устанавливал истину, и, взвесив на весах разума, приемлемое сох­ранял в памяти, а неприемлемое отвергал».Осы сөздерге зер сал­са­ңыз ол қо­лы­на түскеннің барлығын дерек ретінде пайда­ланбаған. Яғни ол дерек­тер­ді сынау әдістерін де меңгерген.

Шығармамен мұқият танысқанымызда оның жазбаша деректерді де пайда­лан­ғандығына көз жеткіземіз. Мысалы ол 1557–1558 жылдары Хула­гу хан мен Берке ханның әскерлері кездескен уақиғасын баян­да­ған­да Дост сұлтанның Хро­никасы мен Дафтарын пайдаландым дейді.

Шыңғыснамада орта ғасырдың соңындағы Қазақстан жеріндегі көп­те­­ген оқиғалардың жауабын табамыз. Алтын Орда мемлекетінің саяси құ­ры­лы­сы, хал­қының этникалық құрамы, шаруашылығы және мә­де­ние­ті жө­нін­де бірталай мәліметтерді кездестіреміз. Кітапта ХΙΙΙ–ХΙV ға­сыр­лар­да­ғы уақиғалар баян­далады. Бұл уақыт шамасы Бату мен Тоқтамыс хандар би­ле­ген тұс. Егер бұл кезең қазақ
тарихында аз зерттелген болса, әлбетте Өтеміс ғұламаның еңбегінің құндылығы өте жоғары екендігі талас тудыр­май­ды.

Кітап кіріспеден және тоғыз тараудан тұрады. Кіріспесі шағын ғана. Қалған тарауларында Алтын Орданың Шыңғыс, Иджан, Саин, Шибан, Берке, Момук–Темір, Токтага, Өзбек, Жәнібек, Бердібек атты хандары­на арналған. Кітап Тоқтамыс оғыланның Алтын Орда тағына отыруы­мен аяқталады.

Автор хандар жөнінде баяндай келе сол заман қоғамындағы әлеумет­тік жағдайға, хан билігі мен жергілікті халық арасындағы қатынастар жө­нін­де мәлімет береді.

Шибан ханның 1234–1238, 1238–1240 жылдардағы Русь, Крым, Еу­ро­­па жерлеріндегі жорықтары кезіндегі жер аттарына көңіл бөледі. Біз бұл жер­де қазіргі Қырым, Украина жеріндегі тайпалар, поляк, венгр хал­қы ту­ра­лы қызғылықты материалдарды кездестіреміз.

Кітаптың «Монғолдардың соғыс өнері» туралы бөлімінде 1238 жылы Шибан­ның Қырым жорығы кезініндегі соғыс тактикасына тоқталады. «Бір кезде ол өз әскеріне қолдарыңа не түссе соны алып бір–біріне соғып, кеш уақытынан таң атқанша дыбыс шығарыңдар деп бұйырды» – деп жазады. Осылайша он күн бойы қоршауға алынған қала халқын ашқай–шумен ма­за­сын кетірген. Осы уақытта монғол әскері қала қамалының төрт жағын іші­не қарай үңгір қазған. Өтемістің айтуынша қазындының орыны осы күн­ге дейін бар көрінеді.

Өтеміс қажы Теңіз–Бұғаның Сыр бойында әкесінің басын көтергенде Жо­шы ұрпақтарын пайдаланғаны жөніндегі деректерді көрсетеді. «Очень наглым и злым человеком был этот Тенгиз–Буга. Жестоко ис­тязал и уни­жал он огланов этих, что были из потомства госу­да­рей его. На­при­­мер, когда решил он возвести мавзолей над отцом своим Джир–Кут­лы, то заявил: «Быть им строителями – и всю ра­бо­ту по [возведе­нию] мавзолея поручил им, никого больше не при­вле­кая. Даже воду под­но­сить, кирпичи делать и поносить их прихо­дилось им. Много мук при­няли они: у одних спина превратилась в рану, у других грудь, у тре­тьих были истерзаны ноги. [Так] рас­ска­зы­вают. А впрочем, Аллах луч­ше ведает!»,- деп жазады.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973