Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе Шыңғыснаманың тари­хи шығарма ретінде шоқтығы биік, пайдаланған деректері шынайы, оның ав­торы тарих жазу әдістерін меңгерген деп айта аламыз. Ол пайдаланған де­рек­тер біз үшін таптырмайтын материалдар. Ауызша деректерді топтап, олардың дерек­темелік мүмкіншіліктерін айқындай­тын уақыт жетті. Шың­ғыс­на­ма­дағы көпте­ген тарихи фактілер басқа да деректерде көрініс тауып отыр. Сондықтан да «ау­ыз­ша тарихнамаға» ғылыми процессте орын­ беретін күн туған сияқты.

XVI ғасырдың екінші жартысында авторы белгісіз «Тазкира–йи Ходжа Мухаммад Шариф» («Ходжа Мухаммад Шарифтің ғұмырна­ма­сы») деп атала­тына биографиялық шығарма жазылды. Кітаптың атында көрсетілгендей Сайрамда дүниеге келген, ислам дінінің сопы­лық бағытын ұс­танған, Самар­қанд­та білім алып Қашқар қаласында Сә­түк Боғрахан ма­за­­ры жанында қызмет істеген Ходжа Мухаммад Шари­фке арналған. Ең­бек­­тің авторы оның өзі болуы да мүмкін. 1656–1666 жыл­дар шамасында қайтыс болған.

«Тазкира» күнделікті тұрмысты баяндайтын шығармалар қатарында. Екі бөлімнен тұратын шығарма сопылық рухты дәріптеуге, насихат­тау­ға арналады. Екінші бөлімінде сол замандағы тарихи уақиғалар баян­да­лады. Шағатай әулетіне жататын Абд ар–Рашид–ханның баласы Абд аль–Ла­тиф­­тің қырғыздар мен қазақтарға жорығы, оның қазақ хан­дары қо­лынан қа­за болуы жөнінде мәліметтер бар.

Келесі бір шығарманың авторы ақын әрі ғалым Мухаммад Салих. Оның жазған «Шайбани–наме» («Шайбан туралы кітап») ХҮІ ғасыр­дың алғашқы ширегінде Шығыс Дешті Қыпшақ пен Мәуренахр жер­ле­рін­дегі сая­си уақи­ғаларға арналады. Кітапта Шибан әулетінің билікке таласы, олар­дың Жәнібек пен Керей, Бұрындық пен Қасым хандармен ара­қаты­на­сы, Сыр бойындағы қала­лар үшін күрес туралы мәліметтер бар. Соны­­мен қа­тар Орталық Азияның географиялық атаулары, көшп­ен­ді өзбектердің мем­­лекеттік, саяси және әлеу­меттік–шаруашылық құры­лы­мы, түркі–моң­ғол тайпалары жөніндегі деректерді кездестіреміз.

Шайбани ханның өзі де «Таварих–и гузида–йи нусрат–наме» (Из­бран­ные истории книги побед)деп аталатын тарихи шығарманың ав­то­ры болған сияқ­ты. Монғолияда, Дешті Қыпшақта, Орталық Азияда, ел бас­­қар­ған Шыңғыс тұқы­мы­ның тарихы баяндалады. Мұнда Шибан хан жө­­нін­де толық мәліметтер бар. Шығыс Дешті Қыпшақтағы саяси жағ­дай, Әбілхайыр ханның қазасы, Жәнібек пен Керейдің Жетісуға жо­ры­ғы, Ши­бан ханның қазақ және моғол хандарымен қарым–қатынасы, көш­­пелі өз­бек әскері туралы мәліметтері осы күнге дейін құндылығын жой­ған жоқ.


Қадыр Әлі Қосымұлы би (1530–1605 жылдары), 1602 жылы "Жылна­ма­лар жинағы" атты қазақ тарихына қатысты пікір айтқан автор. Бұл – қазақ тіл­інде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. Туған жері – Сыр­да­рия бойы. Қадыр­ға­лидың ата–бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үз­дік­сіз хан сарайында қыз­мет етіп, ханның ақылшы–кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз ат­а­с­ы Тем­шік Шығай хан­ның баты­ры болса, әке­сі Қосым бек лауазымын иелен­ген.

Ол қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақыл­­шы, кеңесшілік рөл атқарған. Араб, парсы тілдерін жақсы мең­гер­ген­­дік­тен, асқан зор білімінің арқасында жасбекзадаларды оқытып, тәр­бие­ле­ген. Әсіресе оның үлкен үмітеткені – Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзі­нің ғы­лы­ми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхам­мед сұлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Ораз­мұ­хам­медтің қа­сын­да болдым".

Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма–жыл ер­те көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс сала­ты­нын жансыздары арқылы біліп отырған. Сібірдегі орыс әкімдері 1588 жылы (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқа­бын­да қар­шыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадыр Әлі бас­та­ған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" ре­тін­де Мәс­кеу­ге жөнелтеді. Орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Ол1590–91 жылдары орыстардың шведтерге, Қы­рым хандығына қар­сы жүргізген соғыс­тарына қатысады. 1592 жылы Ока өзені бойындағы Қасым хандығынан Ораз­мұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы Борис Годунов оны Қасым ханы етіп тағайындаған. Қадыр Әлі бекбас уәзірлік қыз­метін атқарады.

Осы жерде Қадырғали өзінің атақты еңбегін жазады. Автор шығыс ел­де­ріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жала­йыр, ар­ғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшынт.б. түркі ру–тай­па­лары­на тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад–Диннің парсы тілін­де­гі "Жамиат–тау­ар­их" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әу­ле­ті және оның өзі жай­ын­да аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаяны­на тоқта­лады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII–ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жерін­де­гі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі–сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.

"Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Уни­ве­р­­­­­­­си­теті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған екен. Сол кө­­шір­мені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Бе­­резин былай деп алғы сөз жазыпты: "
Біз шығармаға қандай ат беріл­генін біл­мей­міз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад–Диннің әйгілі туын­ды­сы­ның қысқаша ау­дар­масынан тұрғандықтан, біз оның атын да қол­жаз­бамызға бере аламыз".

«Жылнамалар жинағы» – орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұң­ғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ға­сыр­дың ба­сы­нан бергі ішкі–сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық бо­лып қалыптасуы, он­ың халықаралық жағдайлары, хандардың және олар­дың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуал­дары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұра­ды: Борис Го­ду­нов билігін бейнелеу; Рашид ад–Диннің «Джами ат–Та­уа­рих» атты еңбегі­нің қысқаша аудармасы; Орыс ханның Ораз­мұхам­мед сұлтанға дейінгі қыс­қаша аудармасы.

1603-1664 жылдар аралығында өмір сүрген Әбілғазы хан «Шад­жара-йи-тюрк», «Түркілер шежіресі», «Щаджара–йи таракима» («Түр­­кімен шежіресі»), деп аталатын екі шығарманың авторы. Ол Үр­ге­ніште туған. Әртүр­лі саяси шиеленіс нәтижесінде Бұхарада, Хо­ре­зм­де, Ташкентте және қазақ дала­сын­да тұрды.1643 жылы Арал маңында хан атағына ие болды.

Түркілер шежіресінде Орталық Азиядағы мемлекеттердің саяси құ­ры­­лы­сы, әлеуметтік–эканомикалық жағдайы, тарихы, этнографиясы жә­не та­ри­хи геогра­фиясы баяндалады. Көшпелі өзбек хандығы, Қазақ­стан мен Ор­талық Азиядағы Шибан әулеті, Маңғыт ордасы туралы бөлімдері өте қыз­ғылықты оқылады. Моңғол ұлыстары мен Сібірдегі Көшім хан туралы да мәліметтер бар.

Бекіту сұрақтары

  1. Әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ислам діні қалай әсер етті?

  2. Араб тарихшыларының тарихи дерекке көзқарасы қандай болды?

  3. Негізгі, ірі еңбектер жазған тарихшыларды ата?

  4. Жекеленген тарихи оқиғаларға байланысты қандай еңбектер жазыл­ды?

  5. Тархи баяндау тәсілімен жазылған шығармаларды ата?

  6. Дидактикалық шығармалар?

  7. Әулеттік хроника шығармаларының ерекшеліктері қандай?

  8. Жергілікті тарихқа, қалалар мен провинция тарихына арналған қандай шығар­маларды білесіз?

  9. Әлем тарихына байланысты қандай туындылар жазылды?

10. Араб тарихнамасындағы Ибн Халдун орыны?

11.Қазақ жеріндгі рухани әлеуетке ислам дінінің әсер

12.Әбунасыр әл–Фарабидің ислам әлеміндегі орыны.

13.Әбунасыр әл–Фарабидің көзқарасының қалыптасуына әсер еткен фак­тор­лар.

14.Махмұд Қашқари
шығармасындғы түркі тайпларының рухани әлемі.

15.Жүсіп Баласағұни шығармасындғы тарихи ой–пікірлер

16.Алтын Орда тарихына байланысты парсы тілінде жазылған қандай шы­ғарманы атар едіңіз?
Тарихнамалық деректер:

Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XΙΙΙ – XVIII вв. Алматы: «Дайк–Пресс», 2005.

История Казахстана в персидских источниках. Алматы: «Дайк–Пресс», 2005.

История Казахстана в арабских источникахIX – XVI вв. В трех томах. Алматы: «Дайк–Пресс», 2005.

Қазақстан тарихы туралы түркі тілдес деректемелері. Бес томдық. Алматы: «Дайк–Пресс», 2005

История Казахстана в арабских источниках.В 3–х томах. Ал., Изд–во «Дайк–Пресс», 2005­­.

История Казахстана (с древнейших времен до наших дней ). В 4–х т. Т.1. Алматы,: «Атамура», 1996.с.31 – 44.

Прошлое Казахстанав источниках и материалах. Сборник 1. Под ред. Асфендиярова С.Д. Алматы, «Казакстан», 1997. – 383с.

Арабские источники о тюрках в раннее средневековье. Баку. Элм. 19

IV. ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПА ТАРИХИ

САНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.Орта ғасырлар, орта ғасыр (лат. medіum acvum) – адамзат тари­хы­ның ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі. Орта ға­сыр де­ген ұғымды 1453 жылы итальян тарихшы–гуманисі Флавио Бьон­до, енгі­зіп, XVIII ғасырда бүкіл ғалымдар мойындады. Бұған дейін Пет­рар­ка ой­лап тапқан, Рим импер­ия­сының құлауымен Қайта өрлеу за­манының арсын қамтитын кезеңді қараңғы–түнек ғасыры – темные века – деп атаған бола­тын. XV–XVI ғасырларда ғалым­дар бұл кезеңді:

Орта ғасыр – Батыс Еуропада феодализмнің өмірге келіп, үстемдік құ­руы және ыдырай бастау дәуірі. КСРО кезіндегі тарихғылымында Орта ға­­сыр­ғақұлиеленушіРим империясыныңкүйреуі (шарттытүрде 476 жы­лы) мен XVII ғасырдағыағылшынреволюциясынадейінгікезеңжат­қы­зыл­­ды. БұлЕуропада он екіғасырғатеңуақыт. Орта ғасыр ұғымы тарих ғы­лымында Еуропа тарихын зерттегенде ғана пайдаланатын термин. Де­ген­мен, бұл ұғым дүние жүзінің басқа аймақтарының тарихына арнал­ған еңбектерде де кездеседі.

Соңғы кезде тарих ғылымында Орта ғасырдың басталуы арабтардың Еу­ропаға шабуылы басталған кез (VIII ғасырдың басы), ал аяқталуы –Констан­тинопольдіңқұлауы (1453ж.), Американың ашылуы (1492ж.), Гер­мания­да реформация мен шаруалар соғысы (1525 ж.) деген әр түр­лі пікірлер айтылу­да.

ЮНЕСКОшығарған «История человечеств» деп аталатын энцикло­педияда орта ғасыр ислам дінінің пайда болуынан басталады деп көрсетілген. Әлем ғалымдары әлі ортақ пікірге келе қойған жоқ. Біздің ойы­­­­­мыз­ша бұл анық­та­ма тек Европа тарихына ғана тән сияқты. Европа­ның тарихындағы орта ғасыр үшке бөлінеді;

Ерте орта ғасыр (V ғасырдың аяғы – XI ғасырдың ортасы);

Жоғарғы немесе классикалық (XI ғасырдың ортасы – XIV ғасырдың аяғы);

Соңғы орта ғасыр (XIV–XVI ғасырлар),

Француз «Анналдар мектебінің» өкілдері «ұзақ ортағасыр» деген ұғым кіргізді. Олар орта ғасырды XVIII ғасырдың аяғына дейін созды. Орта ғасыр тарихын зерттейтін ғылым медиевистика деп аталады. Ор­та ғасырдағы тарихи ой–пікір антика тарихнамасының заңды жал­ға­сы. Қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің негізгі себебтерін орта ға­­сыр­лық авторлар сол қоғамның әлеуметтік жағдайымен байланыс­ты­ра­ды. Орта ғасырдағы тарихи шығармалар тақырыбы мен жанры жағынан әр­түрлі еді. Бұған анналдар, хроникалар, өмір­ба­ян­дық шығар­малар, кейбір зайыр­лы және діни қоғамдар тарихы және ақсүйектер әу­лет­терінің генео­логиялық шы­ғар­малары кірді.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973