Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


XVII ғасырдың екінші жартысында Британияда бір­неше саяси және тарихи трактаттар мен естеліктер жарық көрді. Онда ел­дегі ре­во­люция, азамат соғысы, монархияны жаңалау сияқты болып өт­кен тарихи про­цестер көрініс тапты. Граф Кларендонның «Бүлік тари­хы», Г. Бар­нет­тің «Үкімет туралы екі трактат», «Діни шыдамдылық ту­ралы» т.б. осындай шығармалар.

Ал енді тарихи шығармалардың жетілмеген түрлеріне та­қы­рып­ты толық ашпайтын, үлкен бір шығармалардың фрагменті, алғашқы нұ­сқасы, тарихи дерек­тер, архив құжаттары, монета, елтаңба және т.б. жатады. Міне, осындай зат­­тарды іздеу, табу оларды жинау және коллек­циясын жа­сай­тындар өзін «антикварлармыз» деп атайды. «Антиквар» (латынша–көне). Бэконның пікір­інше антикварлар, кейде оларды «эрудиттер» деп атай­ды, тарихшыларға мате­риал дайындайтын, көне за­ман жәдігерлерін қор­ғап – сақтайтын адамдар болып ес­еп­телді. Антикварлардың өздері де на­­ғыз тарихшы ретінде тарихи шығарма жазуға талаптанбады. Олар мұн­дай шығарманы тек қана жазушылар ғана өмір­ге әкеледі деп есептеді. Сон­дықтан жазушыға қажет деректерді талдау әдістерін жетілдіруді, олар­дан неғұрлым мол ақпарат алу жұ­мыс­тармен айналысты.
Бекіту сұрақтары:

1. Орта ғасырлар ұғымы және онр қандай кезеңдерге бөлінеді?

3. Агиографиялық және литургиялық шығармалардан қандай де­рек­тер алуға болады?

4. Аврелий Августиннің көзқарасына сипаттама бер. 

5. Павл Орозий шығармасында тарихи шындық бар ма?

6.Тарихи дамудың провиденциализм концепциясының мәнін түсін­дір?

7. Еуропа тарихнамасының гуманистік дәуірінің сипаты.

9. Еуропа тарихнамасының гуманистік дәуірінің өкілдеріне баға бер?
Тарихнамалық деректер:

Хрестоматия по истории средних веков под ред. С. Д. Сказкина. Т. 2. М., 1963.

Морис де Вульф. Средневековая философия и цивилизация. Центр­по­ли­грав,2014, 253 стр.

Августин. Избранные сочинения. В 4 ч. ­– М., 1786.

ПавлОрозий. История против язычников. Книги I–VII, Издательство Олега Абышко, М., 2004

Франческо Петрарка. Книга песен. Государственное издательство худо­жественной литературы, М. 1963г. 


V. АҒАРТУ ДӘУІРІНДЕГІ
ЕУРОПА ТАРИХНАМАСЫ
1789 жылы Францияда монархиялық билікке қарсы революциялық қоз­­­­ға­лыс басталды. Келесі жылы король өлтіріліп, якобиншілердің тер­ро­ры басталы. Осыдан кейін Франциядағы шиеленіскен саяси қақ­тығыс­тар нә­тижесінде билік басына Наполеон Бонопарт келді. Франция импе­рия бо­лып жарияланып, жаулап алушылық соғыстар басталды. Сөйтіп, Евро­па­ның саяси картасында қаншалықты өзгерістер болғандығы бел­гілі.

Ағылшын еліндегі өндірістік төңкеріс техниканың, сонымен бірге нақ­тылы ғылымдардың, дамуына кең жол ашты. Сонымен қатар саяси эко­но­мия (А. Смит), фиолософия ғылымдары өз дамуының сара жолына түсті.

Тарих ғылымының рационалды және ағарту дәуірі. XVIII ғасырда та­рих ғылымының пәні айқындала бастады. Тарихқа «ағарту ғасыры» аты­­мен кірген бұл заманда кешегі провиденциализм бүгінгі «раци­она­лизм» идеяларына жол берді.

Жаңа ғана дүниеге келген буржуазия табына жаңа идея, жаңа көз­қа­рас, жаңа руханият қажет болды. Тарихи прогрестің жетекші күші адам. Яғ­ни тарих ғылымының негізгі объектісі де адам, оның өткені, бүгіні және келешегі деген ұғым қалыптасты. Бостандық, теңдік – қоғамдық прогресс процесіндегі негізгі құндылықтар. Прогрестің қозғаушы күші білімге не­гіз­делген ақыл–ой. Сонымен рационализм қоғамда кең өріс алған иде­я­лық–интеллектуальді және мәдени қозғалыс. Ағартушылар концепциясы «табиғи құқық» және «қоғамдық келісім» теорияларына негізделген. Олар қоғамдық дамудың мәңгілік заңдылығын ойлап табу мүмкіншілігі бар­лы­ғы­на сенді. Ақыл–ой және адамның табиғи қажет­тілігі қоғамда тұрақты­лық­ты қамтамасыз етеді деп дәлелдеуге тырысты. Ол үшін ел басындағы адам білімге құштар болуы керек. Білімді монарх олардың концепциясын жү­зе­ге асырады деп ойлады (Вольтера и Дидро). Ағартушылық идеяның ота­ны Англия, бірақ оның рухани орта­лы­ғы Франция болды. «Энциклопе­дии, или Толкового словаря наук, ис­кус­ств и ремесел» Францияда жарық көрді.

Ағартушылар тарих ғылымына қатты қызықты. Өйткені тарих арқы­лы адамзаттың өмірлік тәжрибесін меңгеруге болады. Адамның ақыл–ойы бар­лық халықтарға ортақ. Сондықтан олар (Вольтера, И.Г. Гердера) әлем та­ри­хын жазуға ұмтылыс жасады.

Француз ғалымдары өз шығармаларында тарихи танымның объек­ті­сі адамзат қоғамы екендігін тағы да дәлелдеді. Тарихи заңдылық адам­зат қо­ғамының ілгерілеп дамуы, тарихи дамуға табиғи факторлардың әсе­рі сияқ­ты проблемалар XVIII ғасыр авторларының шығармаларында көрініс тап­ты. Тарих білімнен ғылымға айналды, яғни ол өзінің пәнін тапты.


Сол кездегі тарих ғылымында екі бағыт қалыптасы. Бірінші бағыт та­рих­шы–эрудиттердің еңбектерінен және екінші бағыт тарихшы–фило­со­ф­тардың шығармаларынан тұрды. Эрудиттер қолжазбалардағы мәтін­ді сы­нау әдістерін, археологиялық материалдарды зерттеу тәсіл­дерін жаса­ды.

Тарихи процесске тарихилық тұрғыдан қараған және осы ұстанымның негізін қалаған белгілі итальян тарихшысы ВИКО Джам­бат­тиста (1668–1744). Ол тарихи процесс объективті және провиден­циал­ды екендігін дәлел­дейді. Қоғамның даму заңдылығын құдай анық­тайды. Дегенмен де оған та­биғи және ішкі себептер де әсер етеді. Сон­дық­тан қоғамда болып жат­қан құбылы­стар объективті. Адам күнделікті тұрмысында өзінің әрекетін та­биғи және тари­хи заңдылықтар негізінде жүзге асырады. Адамзаттың бірлігі, әлемнің барлық халықтары мен мемлекеттері қоғам дамуының уни­версалды заңдылықтарына бағынады деген приинцип Вико концеп­ция­­сының жаңалығы еді.

Вико «қоғамдық айналу» (общественного круговорот) теориясы­ның авторы. Кез келген халық өз тарихында үш циклдан тұратын кезеңдерді ба­сынан өткізеді. Бірінші кезеңде(құдайлар ғасыры) билік абыздар қо­лын­да, әлі мемлекеттік нышандар жоқ. Екінші кезеңде (батырлар ғасыры) ақсү­йектер билеген мемлекет пайда болады, мұны ол батырлық дәуірі деп атайды. Ал енді адамзат тарихының соңғы кезеңінде (адам­дар ғасыры) мемлекет бірте бірте демократиялыық сипатқа ие болады. Бұл дәуірді ол ада­ми деп атайды. Сонымен бір цикл аяқталады да адамзат тарихы қайта бас­талады.

Қоғам төменнен жоғарыға қарай бағытымен дамиды. Әрбір цикл ішінде әлеуметтік қайшылықтар шиеленісе келе қоғамның күйзелісіне, дағдарысына әкеліп соғады. Соның нәтижесінде бірінші цикл ыдырап екінші қоғамдық құр­лыс­қа жол береді. Өзінің концепциясын дәлелдеу үшін ол Рим тарихын мысал­ға келтіреді. Оның алғашқы дәуірінде қоғамды үрей биледі. Мемлекеттік ап­парат жоқ. Билік құдайдың қолын­да, оның жер бетіндегі абыздарының ырқында. «Әулет бысшылары» және «әу­лет мүшелері мен қызметшілері» ара­сын­дағы қарама–қайшы­лық мем­лекет белгілерін дүниеге әкелді. Келесі циклда «Әулет бас­шы­лары Фео­дал­дарға айналады да екінші топ қарапайым халыққа айна­ла­ды. Осы­лай­ша ертедегі Римде патрицилер мен плебейлер пайда болды. Мемлекет арис­­тократиялық сипатқа ие болды. Мемлекет басқару күшке сүйенді. Фео­далдар өзін құдайдай немесе жарты құдайдай сезінді. Екі топ ара­сын­дағы қарама–қайшылық қарулы қақтығыстарға апарып соғып отырды. Мұндай жағыдайда күрескерлер өз арасынан батырлар туғыз­ды.


Циклдың ең жоғары деңгейі – адамдар ғасыры. Феодалдармен шаруа­­лар­дың күресі нәтижесінде мемлекеттің демократиялық түрі пайда бола­ды. Патшалық билік шектеледі, азаматтық және саяси теңдік орнайды. Қоғамдық құрылыс гуманистік құндылықтарға негізделеді, рационалдық құқық кең етек алады. Қоғамның алдыңғы екі деңгейінде болмаған қол­өнер. Ғылым, философия және өнер пайда болады. Мемлекет аралық шек­ара­лар жойылады, халықтар арасындағы қарым–қатынас күшейеді, олар­дың бірлігі артады, соның ар­қасында сауда–саттық, товар алмасу алдыңғы орынға шығады. Бірақ демократиялық бостандықпен теңдік анархияға, бірте-бірте қоғамның дағдарысына әкеліп соғады. Сөйтіп қоғам бұрынғы «таз қалпына» қайта түседі дейді Вико. Виконың тарихшы ретінде ғылым­ға қосқан үлесі, тарихилық прициптің негізін қалауы. Тарихи деректердің объктивтілігіне үлкен көңіл бөлді. Тіл, аңыз, заң, жерлеу және үйлену әдет–ғұрыптарын ма­ңыз­ды тарихи дерек деп есептеді.

Оның еңбектері қоғамда пікірталас тудыр­ды. Оның идеяларын сы­нау­­шылар да қостаушылар да көп болды. Бірақ бұл еңбек оның атын әлемге паш етті. Осы кітаптың негізгі идеясын одан әрі дамытқан тағы да екі кітап жазды. Өмірінің соңында (1728) ғұмырнама­лық еңбегін жария­лады. 1735 жылы ол ресми түрде Неаполи­тан королдігі­нің тарих­намашы қыз­метіне тағайындалды.

Неміс ағартушылығы. Оның көрнекті өкілі Канттың шәкірті, 1784–1791 жылдары жазылған «Идеи к философии истории челове­чества» деп аталатын шығарманың авторы Иога́нн Го́тфрид Ге́рдер (1744–1803). Қолөнерші отба­сын­да дүниеге келген. Кёнигсберг универ­си­те­ті­нің дін­та­ну факультетін бітіреді. Ригада оқытушылық қызметте болды. Осы жерде әдебиетпен айналыс­ты. 1788 жылы Италияға саяхат жасады. 1776 жылы Гер­­манияға қайта оралды.

Адамзат тарихын табиғат тарихының жалғасы деп есептеді. Қоғам да­муы бір­келкі емес, бірде шапшаң жылдамдықпен дамыса, бірде бір орнын­да тоқтап қалуы мүмкін. Прогрестің критериі гуманистік идея­лар­дың та­ра­лу дәрежесінде. Мәдениет дегеніміз – қоғамның өмір сүру әдісі. Тарих­тың кезеңдері мәдениет­тің даму кезеңдеріне сәйкес келеді. Оның орта ға­сыр тарихына көзқарасы, басқа ағартушыларға қарағанда, ерекше еді. Бар­лық халықтардың шыққан жері Азия деп есептеді. Мал шаруашылығы, егіншілік және қоғамдық қатынастар сол континентте пайда болып жер­ша­рына тарады деп санайды. Осы процесте герман тайпалары ерекше роль атқарды.

Еуроцентризм мен шовинизм идеяларына қарсы болды. Мұндай құ­бы­лыс варварлықтың белгісі деп жазды ол. Тарихи шығармалардың не­гіз­­гі дерегі халық ауыз әдебиеті. Бұларды ол «халық өмірінің мұрағаты» деп ата­ды. Библия да халық ауыз әдебиетінің туындысы. Сондықтан оны тари­хи дерек ретінде пайдалануды ұсынды.


Француз ағартушылығы. Француздар өз тарихының орта ғасы­ры­мен айна­лыса бастады. Францияның әлеуметтік–саяси мекемелері мен фран­цуз хал­қы­ның шығу тегі проблемасы тарихшыларды екі ойға бөлді.

Граф А. де Буленвилье және аббатом Ж.Б. Дюбо (XVIII ғасырдың 30–жылдары) арасындағы пікірталасқа Францияның бүкіл зиялы қауымы қа­ты­насты. Елдің аристокртия қауымының өкілі Булевилье фран­цуз қоғамы және фран­цуз халқы елді галлдардың жаулап алуы нә­тижесінде пайда болғандығы жөнін­дегі тезисті ұсынды. Оның пікірінше жаулап алушы галл­дар дворян сос­ловиесін құрады, ал жаулап алынған жергілікті халық қа­зіргі үшінші сословие­нің негізі қалады. Король алдыңғы уақытта арис­тократтар қатарынан сайланды. Ал енді Ж.Б. Дюбо болса Француз мемлекетінің тарихын романдық тео­рия тұр­ғы­сы­нан қарастырды. Француз халқы Галлияның жергілікті тұр­ғындары мен сы­рт­тан келген франк тайпаларының қосылуынан пайда болды. Кейін дворян­дар билікті узурпация жасады дейді. Бұл теориялар эко­но­ми­калық салада және қоғамдық–саяси өмірдегі дворян­дар мен үшінші сословиенің күресінің көрінісі еді. Ағартушылар франк жаулауын мо­йын­дағанмен Буленвильенің сословиелік артық­шылық пі­кір­леріне қар­сы шықты.

Француз философы және тарихшысы Шарль Луи Монтескье (толық аты–жөні Шарль–Луи́ де Секонда́, барон Ля Брэд и де Монтескьё (1689–1755) 1748 жылы жазған Заңдар рухы трактатында адамдардың өміріне әсер ететін ішкі заңдылықтарды түсіндіруге тырысты. Ол ауқатты про­вин­ция дворянының отбасында дүниеге келген. Саяси көзқарасы жа­ғынан конс­­ти­ту­цияға негізделген монархияны жақтаған. Бірақ биліктің тармақ­та­ры арасындағы тепе-теңдік азаматтардың жеке басының бос­тандығын қор­­­ғауға мүмкіндік береді деп ойлаған. Әлемді мекендеген әр­бір халық­тың тағдыры жөнінде салыстыру әдісін пай­дала­на отырып өзін­ше пікір айтқан. Тарихи заңдылықтарды «необходимые от­ноше­ния, вытекающие из природы вещей»деп түсіндіреді. Әр ха­лық­тың даму заңдылығы өздері мекендеп жатқан географиялық орта­ның жағ­да­йы­на байланысты дейді ол. «От различия в потребностях, по­рож­даемых различием климатов, про­ис­ходит различие в образе жизни, а от различия в образе жизни – раз­личие законов» деп қоры­тын­ды­лай­ды. Негізгі шығармалары: Персид­ские письма», «Энци­кло­педия, или Тол­­ковый словарь наук, искусств и ре­­­­­­­­­мё­сел», «О духе законов».
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973