Кондорсе Ж. Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума. М., 1936.
Монтескье Ш.Л. Избранные произведения. М., 1955.
Руссо Ж.Ж.Рассуждение о происхождении и основаниях неравенства между людьми. 2. Об общественном договоре, или Принципы политического права // Руссо Ж.–Ж. Трактаты. М., 1969; // Руссо Ж.–Ж. Об общественном договоре: Трактаты. М., 1998.
Тюрго Ж. Рассуждения о всемирной истории. В кн: Избранное филосовские пройзведения. М., 1937.
Киссель М. А. Джамбаттиста Вико. М., 1980.
VI. ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ТАРИХНАМАСЫ
1.Ресейде тарих ғылымының қалыптасуы.
Орыстың ұлттық тарих ғылымының қалыптасу кезеңі XVIII ғасырда басталады. Ортағасырлық тарихи білімнің ғылымға айналуына әсер еткен Европадағы рационалистік ойлау әдістері еді. Бірінші Петрдың реформалары нәтижесінде Ресейге шетел ғалымдары келе бастады. Мектептер ашылды, Университеттің ірге тасы қаланды, Академия құрылды.
Орыс патшайымы Екінші Екатерина тұсында мемлекет тарихи зерттеулерге ерекше көңіл бөлді. Деректер корпусының толығуы тарихи тақырыптардың ауқымының ұлғаюына игі әсер етті.
ХҮІІІ ғасырдың 60–70 жылдарында тарихи білімге жұртшылықтың ықыласы артты, оған қызығушылардың саны күннен күнге көбейе түсті. Оның жетістіктері ғылымда, әдебиетте, өнерде диломатиялық қатынаста, тіпті заң шығару барысында да пайдалана бастады.
Ресейде тарихи шығармалардың пайда болуы оның мәдени деңгейінің өскендігінің белгісі еді. Осы кезде «Сөз» деп аталатын тарих пен көркем шығарманың арасындағы жанр пайда болды. Үйлену, нәрестенің дүниеге келу тойларында, жерлеу немесе еске алу рәсімдерінде сөз сөйлеу дәстүрі пайда болды. Тіпті бейбіт келісмдер жасау, патшаның таққа отыру, бір мекемелердің ашылуы сияқты іс–шараларда ұзақ–сонар сөздер айтылатын.
Орыстың белгілі ғалымы М.В.Ломоносов жаратылыстану ғылымы жөніндегі "О пользе химии", "О явлениях воздушных", "О происхождении света", "О рождении металлов" сияқты сөздері Ресей жұртшылығына, ел ішінде ғылым–білімнің таралуына игі әсерін тигізді.
И.А. Третьяковтың "Слово о произшествии и учреждении университетов в Европе на государственных иждивениях" (М., 1768), "Слово о римском правлении и о разных оного переменах" (М., 1769), "Рассуждение о причинах изобилия медлительного обогащения государства", Д.С. Аничковтың "Слово о свойствах познания человеческого" (М., 1770), сияқты сөздерінде тарихи ой–пікірлер айтылды 60–жылдардың орта шенінде орыс тарихының деректері жариялана бастады.
Академияны ұйымдастырған және аяғынан тік тұрып кетуіне ат салысқан шетелдік ғалымдар еді. Оның іщінде неміс ғалымдары ерекше көзге түсті. Байер Готлиб Зигфрид (1694–1738), неміс тарихшысы, филолог Ресей Академиясының академигі 1725 жылдан Ресейде тұрды. Көбіне шығыс мәдениетімен айналысқан. Орыс тілін білмесе де, кейбір осы күнгі тарихшылар сияқты, орыс тарихына қалам тартады. Көне Русь мемлекетінің пайда болу проблемасында, көптеген тарихшылардың наразылығын туғызған, нормандық теориясын негіздеді. Бұл теорияның авторлары ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Петербург Академиясында қызмет істеген неміс тарихшылары Г.З. Байер, Г.Ф. Миллер және А.Л. Шлецер. Олар орыс жылнамаларына сүйене отырып «жабайы» славян тайпалары өз мемлекетін құруға шамасы жетпегендіктен Новгородқа сырттан келген үш варяг княздары орыс мемлекетінің негізін қалады деп дәлелдеді. Бұл теорияға М.В.Ломоносов бастаған орыс патриоттары қарсы шықты. Олар орыс мемлекетінің пайда болу процесіндегі скандинавтардың ролін жоққа шығарды. Бірақ мәселе ашық қалды. Бірі оның негізін қалаға хазарлар десе, екіншілері – франктер ал үшіншілері – литва немесе батыс славян тайпалары деп есептеді. Бұл академиялық проблема осы күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Кейбір монархист–тарихшылар және словянофил–тарихшылар бұл теорияны Ресейді Еуропаға қарсы қою үшін пайдаланды. Батыс Еуропадағы мемлекеттер жаулап алу нәтижесінде пайда болды. Ал Ресейде мелекет бейбіт түрде құрылды. Сондықтан орыс елінде билік пен халық арасында қарама–қайщылық жоқ деп дәлелдейді. Осы күнге дейін кейбір еуропалық норманистер славян халықтарының билік жасауға қабілетсіз екендігін жазады. Шындығында алғашқы орыс княздарының есімдері – Аскольд, Дир, Рюрик, Олег, Игорь, Ольга варягтардың есімдері екендігі тарихи жағынан дәлелденді. Олар билеуші әулетті негіздегеннен кейін орыс халқымен тығыз араласып кетті.
Орыс тарихнамасының негізін Фри́дрих Ми́ллер ́(1705–1783) қалады. Неміс ғалымы орыс патшасының шақыруы бойынша 1725 жылы Ресейге келеді. Ресей Академиясында тарихнамашы қызметін атқарады. Ресейде гуманитарлы ғылыми–зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Оның әсіресе Сібір жерін зерттеуге қосқан үлесі айтарлықтай. «Екінші Камчатка экспедициясын» басқарды. Он жыл бойы ол бүкіл Сібірді аралап, географиялық мәліметтермен қатар, мұрағат құжаттарын, археологиялық жәдігерлерді және этнографиялық материалдарды жинады.
Ол материалдардың аз ғана бөлігін өз жұмыстарында пайдаланса, көпшілігін кейінгі авторлардың еңбектеріне арқау болды. Ол қайтыс болғаннан кейін артында 258 портфель мұрағат құжаттары қалды деген ақпарат бар. Ресей жаулап алған Сібір хандығының бүкіл мұрағаты осы Миллер алып кетті деген де әңгіме бар.
Петербургке оралғанан кейін ол өзінің атын бүкіл әлемге паш еткен шығармаларын жазуға кірісті. Алғашқы еңбегі Ресейдегі ғылыми–зерттеу жұмыстарына арналды. Француз тілінде жарық көрген осы еңбектің арқасында Европа жұртшылығы Ресейде жүргізіліп жатқан ғылыми–зерттеулерден хабардар болды.
1749 жылы Ресей ғылым Академиясының мәжілісіндегі баяндамасында орыс халқының тарихына байланысты айтқан пікірлері кейбір ғалымдарға ұнамады. Миллер орыс мемлекетін құру процесіндегі варягтардың роліне ерекше көңіл бөліп, олардың түбі Скандинвия екендігін дәлелдуге тырысты. Бұл концепция академик М.В.Ломоносов пен Крашенинников тарапынан сынға ұшырады. Тіпті, кейін, оның ақыры Миллердің қызметінің төмендеуіне әсерін тигізді.
1750 жылы ол өзінің «Сібір патшалығының сипаттамасы» атты еңбегінің бірінші томын жарыққа шығарды. Әртүрлі себептерге байланысты екінші томының шығуы созылып кетті.
1755–1765 жылдары ол «Ежемесячные сочинения, к пользе и увеселению служащие» журналының редакторлығына тағайындалды. Міне осының беттерінде Сібір туралы ғалымның мақалалары жариялана бастады.
Миллер орыс тарихы жөніндегі көптеген алғашқы еңбектердің авторы. Мыслы мына «О летописце Несторе» (1755), «Известие о запорожских казаках» (1760), «О начале Новгорода и происхождении российского народа» (1761) и «Опыт новой истории о России» (1761) сияқты шығармалар орыс тарихнамасына қосылған сүбелі еңбектер еді. Сібірді мекендеген түркі тілдес тайпалар кейін қазақ халқының құрамына енді. Мысалы Сібір хандығының негізін қалаған керейлер бүгінде қазақ халқының құрамында. Сондықтан Миллерді қазақ тарихын зерттеуші деп те атауға әбден болады.
М.В.Ломоносов кәсіби тарихшы емес еді. Сол кездегі орыс ішінен шыққан алғашқы білімді адамдардың бірі ретінде, орыстар туралы тарихи сананы қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді. Жоғарыда айтқанымыздай шетелдіктердің жасаған орыс тарихының концепциясына риза болмаған ол, өз халқының тарихына арнап бірнеше еңбектер жазды.
М.В.Ломоносовтың негізгі тарихи шығармалары мыналар:
"Древняя российскаяистория от начала российского народа до кончины великого князя Ярослава Перваго илидо 1054 года…"(Санкт–Петербург, 1766); "Краткий Российский летописец с родословием" (Санкт–Петербург, 1760); "Описание стрелецких бунтов и правления царевны Софии" (осыны Вольтер түгелімен өзінің "История Российской империи при Петре Великом"деп аталатын кітабына кіргізді. Амстердам, 1761). Отансүйгіштік пиғылдан жазылған ұлы ғалымның тарихи шығармалары орыс халқының тарихи санасының қалыптасуына игі әсер етті. Деректерді таңдау прициптері, зерттеу әдістері, тарихи процессті концептуалді түрде қайта қарауы, методологиялық мәселелерді қарастыруы бүгінгі күнгі жас тарихшыларға үлгі боларлық.
М.В.Ломоносовтың 1761 жылы И.И.Шуваловқа ұсынған "О сохранении и размножении русского народа" трактатында "Начало сего полагаю самым главным делом: сохранением и размножением российского народа, в чем состоит величество, могущество и богатство всего государства, а не в обширности земель без обитателей" – деп мемлекеттің байлығы да сапасы да сол жерді мекендейтін халықта деп атап көрсетеді. Меніңше оның пікірі бүгін де өзекті сияқты.
Ол кейбір жаратылыстану ғылымдарының өкілдері сияқты тарих жазу ісіне ат–үсті қарамаған. Мысалы өзінің негізгі тарихи шығармасы "Древней Российской историей…" жазу барысын былайша суреттейді : "…читал для собрания материй к сочинению Российской истории Нестора, Законы Ярославли, большой Летописец, первый том работы Татищева, книги Крамера, Вейселя, Гелмонда, Арнольда и другие, изкоторых брал… выписки и примечания, всех числом 653 статьи…"; "читал российские академические летописи без записок, чтобы общее понятие иметь пространно о деяниях российских".
М.В.Ломоносов орыс мемлекетінің пайда болу жөніндегі нормандық теориясына қарсы шықты. Кейбір шетелдік ғалымдардың орыс елінің артта қалғандығы туралы айтқан пікірлерін сынайды: "