Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694–1778) – француз жазушысы, философы, тарихшысы, француз ағартушылары арасындағы көшбасшыларының бірі. Феодалдық қатынастарды, деспотияны, дінді қатты сынады. Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білімсіздіктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Кез келген еркіндіктің бастауы – ар-ұждан мен сөз еркіндігі.
Католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Ол үшін маңызды мәселелер: табиғи құқық, еркіндік, теңдік. Жеке тұлғаның еркіндігі қоғамда алғашқы орында болуы шарт, ал жалпы қоғам еркіндігіне ол мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі – сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католик шіркеуініңқатаң тәртібіне адамның жекебас еркіндігін қарсы қойды. Оның пікірінше, нағыз еркіндік адамдар бір–бірінен тәуелсіз болған жағдайда болады. Яғни,автономды субъектілерге айналуы шарт болады. Сонда тәуелділік басқа сипаталады, адам тек қана заңға тәуелді болмақ.
Ол еркіндік пен теңдікті бір–біріне қарсы қоймады, қайта еркіндік теңдікті толықтырып, күшейтеді. Мүлік теңсіздігі табиғи. Мүлік адамның қоғамдағы орнын анықтайды. Қоғамдық мәселелерді шешуде тек мүлік иелері ғана қатынасуға құқылы. Сословиелік артықшылықтарды және шіркеу сотын жоюды ұсынды. Аристократияны бюрократиямен ауыстыру қажеттілігін дәлелдейді.
Ал реформаларды жүргізуді білімге негізделген мемлекеттік билікке жүктеді. Мемлекет басында білімді, абсолюттік билігі бар монарх отыруы тиіс. Ол тек білімді, ақылды ғана емес, сонымен қатар қайырымды болуы керек дейді ол. Мемлекет – алғашында республика түрінде пайда болған отбасылар бірлестігі. Оның пайда болуы табиғи дамудың нәтижесі. Республикалық құрылыс адамдардың табиғи жағдайына сәйкес келеді. Мұндай жағдайда көпшілік өзінің мүддесін билікке жеткізе алады. Ал оны монарх немесе көпшілік сайлап қойған адамдар тобы іске асырады.
Автор концепциясы мына төмендегі еңбектерде көрініс тапқан. Век Людовика XIV», «История Карла XII», «История России в царствованиеПетра Великого», «Опыт о нравах и духе народов и о главных истори
ческих событиях» (1756), История» в «Энциклопедии» мақалалары.
Ол ғылымға «философия тарихы» деген ұғымды кіргізді. Тарихшының негізгі мақсаты тек фактілерді жинап оларды баяндау емес, оларды түсіндіру қажет екендігін айтты. Тарихшы тек корольдер тарихын емес сонымен қатар қарапайым халықтың рухын, әдет–ғұрпын баяндауы қажет деді. «Три вещи непрестанно влияют на склад и характер людей – климат, государственное управление и религия» – деп жазды ол.
Вольтер тарих ғылымының арнасын кеңейтті. Тек саяси проблмалармен қатар тарихшылар қолөнер, сауда, теңізде жүзу, халықтың орналасуы және әлеуметтік топтар тарихын зерттеуді ұсынды. Сонымен қатар ол ғылымның географиялық шеңберін де ұлғайтты. Батыста қалыптасып үлгірген еуроцентризм дәстүріне қарсы шыға отырып, ол Азия тарихына бет бұруға шақырады. Олардың қол жеткізген мәдени табыстарын пайдаланып қана қоймай, тарихын да білгеніміз дұрыс дейді. Вольтер ежелгі Үндістан мен Қытай, Жапония, Таяу Шығыс, Африка және Америка мен Еуропа өркениеттерін қарастырды. Тарихтағы прогрес теориясын қолай отыра ол былай дейді: «Нетрудно заметить, как сильно изменились почти на всей земле нравы со времени нашествия варваров до наших дней».Прогресті алға сүйрейтін қоғамның білімді өкілдері. Ал қалған бөлігі «не должны рассуждать, не должны идти самостоятельным путем»деп жазды ол. Ол тарихи деректерді пайдалануда сақ болуға шақырды: «достойны доверия те «памятники», которые вышли из–под пера просвещенных современников».
Тарих ғылымындағы эгалитаризм теориясын қолдаушы «Рассуждение о происхождении и основаниях неравенства между людьми», «Обобщественном договоре, или принципы политического права»сияқты тағы басқа да шығармалар жазған Жан–Жак Руссо́ (1712–1778). Ол көрнекті француз философы, жазушы, ойшылы. Мемлекетті халықтың тура басқару формасын ойлап тапты. Осы күнге дейін Швецарияда сол форма қолданылады.
«Табиғи құқық» және «қоғамдық келісім» теорияларының негізінде адамзат тарихына реконструкция жасады. Оның пікірінше алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде қоғамда теңдік, бостандық принциптері басымдылық танытады. Дайын өнімді жинаумен, аңшылықпен айналысқан алғашқы адамдар қауымы бақытты да еркін өмір сүрді. Кейін келе халық санының артуына байланысты азық–түлік тапшылығы байқалады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін адам қару–жарағы мен құрал–жабдықтарын жетілдіруге мәжбүр болады. Оны өркениетке жеткізген де, сонымен қатар бақытсыздыққа ұшыратқан да темірдің пайда болуы деп жазды ол. Осыдан бары жеке меншік пайда болды. Сол меншікті қорғау үшін меншік иелері мемлекеттік аппаратты ойлап тапты. Міне содан бастап адамзат азғындау жолына түсті. Одан құтылу жолы меншікті қайта бөлетін республикалық тәртіп орнату. Ондай тәртіп тек қана күш қолдану арқылы жүзеге асады. Сөйтіп ол деспотияға қарсы қарулы көтеріліс қажеттілігі заңдылығын дәлелдеді. Руссо өркениет прогресінің материалдық негізін және оның қарама–қайшылықтарын ашты.
Келесі бір француз ойшылы Анн Робер Жак Тюрго (1727–1781) Сорбон университетінде классикалық білім алған. Мемлекеттік қызметте болған, Франция тағына XV Людовик отырған уақытында теңіз министрі, ал 1774 жылы қаржы бақылаушы қызметтерін атқарған. Ол өз кезінде Франциядағы экономикалық реформалардың жасалуына мұрындық болды. Адамзат қоғамының даму негізінде экономика жатқандығын сөзімен де ісімен де дәлелдеген адам. Қоғам тарихы бірде дамып, бірде дағдарысқа ұшырап отыруы заңды құбылыс. Даму процесі білімнің оң нәтижесіне тікелей байланысты. Сонымен қатар тарихи дамудың әр дәуіріне материалдық өндірістің әр түрі сәйкес келеді. Күнен-күнге күшейе түскен теңсіздік прогрестің дамуына әсер етті. Адамның бір тобы өнермен және ғылыммен айналыса бастады. Саяси экономия ғылымындағы физиократиялық көзқарасқа ол қосымша бір пікірлер білдірді. Қоғамды тапқа жіктеуде ол 1. Өндірушілер табы, егіншілер; 2. жерге меншік иелері табы; 3. Егіншілікке қатынасы жоқ тап. Бірінші тапты ол капиталист–кәсіпкерлер, соңғы топты жалдамалы жұмыскерлер табы деп атайды. Осылайша кейін Адам Смиттің «Богатстве народов» аты кітабындағы қоғамның таптық құрылым теориясына алғы шарт жасады. Бізге қажеттісі 1750 жылы жазылған «Рассуждения о всемирной истории» кітабы.Онда ол «
Человечество медлеными шагами движется ко все большему совершенству, «переживая попеременно спокойствие и волнения…» деп жазды.
Ж.Кондорсе. Белгілі математик, философ, энциклопедист, Француз революциясына қатысушы.1793–1794 жылдары «Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума» атты еңбек жазған. Оның пікірінше прогрестің айқындаушы критериі ақыл–ойдың, ғылыми білімнің және жеке тұлғаның бостандығы дәрежесі. Ол шығармасында осы критерилерді негізге ала отыра әлем тарихын тоғыз дәуірге бөледі. Адамзат тарихының алғашқы бес дәуірінде, яғни алғашқы қауымдық құрылыстан антика уақытына дейін қоғам алға қарай дамиды. Ал біздің заманымыздың Ү–ХІ ғасырлар аралығын қамтитын алтыншы кезеңде қоғам дағдарысқа, күйзеліске ұшырайды. XI–XV ғасырдың орта шенін ол жетінші дәуір деп есептейді. Бұл дәуірде біршама жаңалықтар ашылды. Әсіресе кітап басу ісінің пайда болуы әлемдік өркениетке қосылған үлкен үлес еді. Еуропаның бірқатар елдерінде бостандықтың алғашқы белгілері көрініс тапты.
ХҮ ғасырдың ортасы мен ХҮІ ғасырдың ортасы аралығын сегізінші дәуір қамтиды. Бұл кезде философиялық ой–пікір қанат жайды, ғылым дамыды. Декарттан бастап француз ревлюциясына дейінгі дәуір Кондорс айтуынша соңғы тоғызыншы дәуір. Солтүстік Америкада, Францияда болған револциялық қозғалыстар заңды құбылыс. Ол тарихтың болжам жасау мүмкіндгіне шек келтірмеді. Келешектегі оныншы дәуір адамзат ақыл–ойының ғарыштап алға кетер заманы болады деп өз оқырмандарын сендірді.
Ағылшын ағартушылары. Генри Сент–Джон Болингброк (1678 – 1751), лорд – ағылшын саяси қайраткері, философ. Өзінің 1735 жылы жарияланған «Письма об изучениии пользе истории" атты еңбегінде материализм идеясын дамытады. Ол дінді сынайды, халықты бағынышты күйде ұстау үшін ойлап табылған құрал деп есептейді. Тарих ғылымына үлкен баға береді. Оның қоғамдағы роліне тоқталады. Тарихқа қызығушылық табиғи құбылыс, бірақ оны тек бір кәсіби проблеманы шешу үшін ғана емес, адамзаттың ғаламдық мәселесін ашу үшін айналысу қажет.Тарих бірнеше циклдардан тұрады. Әрбір циклдың басы және аяғы бар. Циклдарды тудыратын белгілі бір себептері бар дейді ол.
Ағылшын философы Юм Дейвид (1711,– 1776,) – әрі тарихшы, экономист, көсемсөзші. Юм жаңа еуропалық агностизмнің негізгі принциптерін жүйелеп, позитивизмнің бастауында тұрды. 1739 – 40 ж.
Адам табиғаты жайлы трактатын жариялады. Ол 1741 жылы Эссе атты қоғамдық–саяси, моральдық–эстетикалық және экономикалық тақырыпқа арналған еңбегін, Діннің негізгі тарихы шығармаларын жариялады. 1752–1762 жылдары сегіз томдық «История Англии от вторжения Ю. Цезаря до революции 1688г.» атты шығармасы Еуропа тарихнамасына қосылған үлкен үлес еді. Тарихи баяндаудың негізінде саяси тарих жатыр. Ағартушылар дәстүрін жалғастырған автор дінге, халықтың мінез–құлқына, мәдениетіне, қоғамдық ой–пікірге ерекше көңіл аударады. Тілі жатық, фактілері әбден дәлелденген шығарма ағылшындардың жүздеген жылдар бой ұлттық тарихының сүйіп оқитын шығармасы болды.
Ағылшын ойшылдарының ішіндегі тарихқа ерекше көңіл бөлген Э.Гиббон (1737–1794) еді. 1776–1788 жылдары жазылған «История упадка и разрушения Римской империи» атты, көпшілікке ұнаған іргелі шығарманың авторы. Тарихшының негізгі міндеті әрбір нақты фактінің маңызын ашу деп түсінді. Ол тарихи материалды проблемалық–тарихи кезекпен баяндайды. Батыс және Шығыс Рим империясының ыдырауы көрші елдерді басып алу саясатының ұлғаюы деп дәлелдейді. Биліктің үш тармағының арасындағы тепе–теңдіктің жойылуы «цезарлық диктатураның» орын алуына әкеліп соқты. Империяның құлауына христиан діні де өз үлесін қосты. Жауынгерлердің рухының төмендеуі, олардың белсенділігінің азаюы, құлшылдық пиғыл, «еретиктерді» қуғындау, жалпы қоғамдық өмірдегі шіркеудің ролінің артуы, олардың бассыздығы халықтың ұнжырғасын түсірді. Міне Э.Гиббонның тарихи көзқарасы осындай.
Бекіту сұрақтары
1. Ағарту заманына шолу жаса?
2. Рационализм дегеніміз не?
3. Неміс ағартушыларының шығармаларын ата?
4. Ағылшын ағартушылары тарх ғылымына қандай жаңалықтар әкелді?
5. Француз тарихшыларының ғылымға қосқан үлесі қандай?
Тарихнамалық деректер:
Болингброк Г. Письма об изучении и пользе истории. М., 1978.
ВольтерФ.М. Собрание сочинений. Т. 2. М., 1998
Ге́рдер И. Г. Идеи к философии истории человечества.М., 1976.
Гиббон Э. История упадка и разрушения Римской империи. М., 1883–1886