Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
­же­ния XIX–XX вв.”, “Борьба классов и русская историческая­литера­тура”лек­ция курсы, екі бөлімнен тұратын “Очерк истории русской культуры” (1923) еңбектерін атап өтуге болады. Жалпы оның мұрасын зерт­теу­ші­лер­дің айтуына қарағанда ол қысқа ғұмырында 588 еңбек жазыпты.

М.Н. Покровскийдің ойынша тарих дегеніміз адамзат қоғамының өткені, бір қоғамдық құрылыстан екіншісіне ауысуы. Қоғамдық құрылыс­тың ауысуы прогресивті әрі заңды құбылыс. Тарихи қозғалыс тарихи про­цес­сті құрайтын толып жатқан элементтердің күрделі шиеленісуі. Оның жал­пы және айрықша белгілерінің жиынтығы «даму типін» анықтайды. Про­цесстердің аяқталғаны және аяқталмағаны болады. Покровский тек аяқ­талғанын ғана тарих деп санай­ды. Қоғамдық процесс өте күрделі, диа­лек­тикалық қарама–қайшылық­тарға то­лы, се­кір­мелі. Өйткені даму эво­лю­ция­лық жолмен де немесе революциялық тә­сіл­мен де іске асырылуы мүм­кін.

М.Н Покровский пікірінше қоғам өзінің ішкі резервтерінің есебінен дами­ды. Қоғамдық қатынастар дамуының әрбір келесі кезеңінде адамзат география­лық ортаға тәуелділігініен арыла бастайды. Табиғи жағдай тек қоғамдық даму­ды тежейді, бірақ тоқтата алмайды. Өндіріс пен сау­да­ның дамуы адамдға келең­сіз табғаи жағдайларды жеңуге көмек­те­седі.

Өткен тарихымызды талдауда М.Н. Покровский мына төмендегі схеманы ұсынады: “Прежде всего, конечно, выяснить условия гео­гра­фи­че­с­кой среды. Показать, как отразилась она на развитии про­из­во­ди­тель­ных сил. По­каза­ть далее, какие на основе этих последних возни­ка­ли группировки людей, клас­совые отношения. Выяснить, как эти от­но­­шения отразились на поли­тической надстройке... Нако­нец, из этой стру­ктуры вывести “психику общественного чело­века”, показать, как в данных условиях развития произ­водительных сил развивалась в Рос­сии “общественная мысль”.


М.Н. Покровский орыс тарихнамасының бұрынғы қайраткерлері ұсын­­­ған тарих жүйесінің негізгі ат байлар қазығы мемлекеттің қалып­та­суы және ныға­юы деген концепцияға үзілді–кесілді қарсы шығып, марк­сизм­нің формациялар ауы­суы идеясын тарихи дамудың бірден бір шарты екендігін дәлелдеуге тырыс­ты. “Для нас стержнем являются развитие производительных сил и клас­совая борьба” – дейді.

М.Н. Покровский тарихтағы жеке адамның ролі жөнінде де өз пікірін айт­қан ғалым. Тарихта жеке адамның, сословие мен таптардың мүдделері то­ғысуы мүмкін. Тарихи процесстегі объктивті және субъктивті жағ­дай­лар­дың арасында өт­кел бермейтін шыңырау жоқ. Олар арасындағы бай­ла­ныс диалектикалық си­патта. Әрбір жеке тұлғаның портреті оның морал­дық–этикалық, мәдени дең­гейі­не, діни және саяси көзқарастарына бай­ла­ныс­ты.
3. Алғашқы Кеңес тарихшылары.

Бахрушин Сергей Владимирович (1882–1950) – кеңес тарихшысы 1904 жылы Москва университетін бітірген. 1909 жылдан өмірінің соңы­на де­­йін осы уни­верситетте оқытушылық қызметте болды В. О. Клю­чев­­­ский­дің оқушысы. Сібір тарихының көрнекті маманы. Ол 1927 жылы «Очер­ки по истории коло­низации Сибири в XVI – XVII вв.", 1959 жылы "Очер­ки по истор­ии Крас­нояр­ского уезда в XVII в.", "Яс­ак в Сибири в XVII в.", 1927 жылы "Остяцкие и вогульские кня­жес­­тва в XVI–XVII вв." сияқты ір­ге­­лі ғы­лы­ми ең­бек­тердің авторы. КСРО–ның ұлттық аймақтары тарихын зерттеуге ат салысты.

Михаи́л Миха́йлович Богосло́вский (18671929) орыс тарихшысы. В. О. Кл­ю­чевскийдің оқушысы. 1890 жылы Москва университетінің тарих – фи­­лология факультетін бітірген. 1891 жылы сол университетке жұмысқа ша­қыр­ыл­ды. Орыс тарихының магистрі (1902). 1909 жылы «Земское управ­ление на русском Севере в XVII в.»деген тақырыпта доктор­лық дис­сер­тация қорғады. 90–ға жақын ғылыми еңбектердің авторы.

Роберт Юрьевич Виппер ( 1859–1954) орыс, кеңес тарихшысы. 1880 жы­лы Москва университетінің тарих–филология факультетін бітір­ген. В.И. Ге­­рье жә­­не В.О. Ключевский сияқты орыстың ірі тарихшы­лары­ның оқушысы. Университет бітіргеннен кейін әртүрлі оқу орында­ры­нда қыз­мет істеген.

1894 жылы «Церковь и государство в Женеве XVI в. в эпоху каль­ви­низ­ма» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осыдан кейін ол Но­во­рос­сийск университетінң профессоры болып тағайын­дал­ды. 1897–1922 жылдар ара­лығында Москва университеттінің профессоры.

Қазан төңкерісінен кейін Виппер В. И. Лениннің қаһарына ілігіп, қу­­ғын­­да­ла­ды. Тарихи көзқарасы жағынан алдымен позитивистерге еліктеді, со­дан кей­ін эмпирио–критицизма философиялық доктрина­сы­ның ық­па­лын­да болып, өмірінің соңында марксшіл тарихшылардың тобына қо­сыл­ды.

Ю́рий Влади́мирович Готье́ (1873 – 1943,) – орыс кеңес тарих­шы­сы, ака­демик.1895 жылы Москва университетінің тарих–филология фа­культетін бітір­ген. Әділет министірлігінің Москва мұрағатында Румян­цев мұража­йын­­да қыз­мет істейді. 1900 жылы магистр дәрежесін алып, 1903 жылдан бас­тап Мос­ква уни­вер­ситетінің орыс тарих кафедрасына приват–доцент қыз­метіне орнала­сады. 1913 жылы «История облас­тно­го управления в Рос­сии от Петра I до Екатерины II» тақырыбында докторлық диссертация қор­ғайды. 1915 жылы сол университеттің профессоры. 1930 жылы Готье был арестован по «академия­лық іс», бойынша тұт­қын­далып, Самара қаласына жер аударылды. 1933 жылы Мос­кваға қай­туға рұқсат алып , оқытушылық қызмет атқарды.

Петруше́вский Дмитрий Моисеевич (1863–1942), орыс тарихшы­сы, ме­дие­вист 1886 жылы Киев университеттін бітірген. Москва, Вар­ша­ва, Петер­бург, Иванов қалаларында оқытушылық қызметте болды. 1906–1911 жылдар аралы­ғында Москва университеттінің профессоры. Орта ғасыр қо­ға­мының әл­еу­мет­тік–эканомикалық қатынастар тари­хы­ның маманы. «Вос­стание Уота Та­й­­ле­ра» атты ең­бегі та­рихи материа­лизм әсерімен жа­з­ыл­ған. «Очерки из историисредне­ве­ко­во­
го общест­ва и государс­тва» Батыс Еуропада фео­дал­дық фор­мацияның генезсіне арнал­ған. «Очерки изистории английского госу­дарства и общест­ва в сре­дн­ие­ века» сияқты тағы да бас­қа шығар­­мал­ар­ы бар.

ПлатоновСергей Федорович (1860 – 1933) орыс тарихшысы 1882 жы­лы Пе­­тербург университетін бітірген. Ал 1899 жылы сол универ­си­те­тің проф­ес­сор­ы.­ 1918–1929 жылдар арасында Археографиялық комис­сияның төрағасы болды. 1928 жылы А.С.Пушкин еңбектерін жарыққа шығару ко­мис­сиясының төрағасы, 1925–1929 жылдарда А.С.Пушкин үйінің, 1925–1928 жылдары КСРО ҒА кітапханасының директоры қыз­меттерін атқар­ды. Саяси көзқарасы бойын­ша монархист болатын. Қа­зан төңкерісінен кейін де сол көзқараста болды. Кей­ін тұтқындалып, Са­мара қаласына жер аударылды.

Александр Евгеньевич Пресняков (1870–1929) – Орыс тарихшысы, 1893 жылы Санкт–Петербург университетінің тарих–филология факуль­те­тін бітір­ген. 1909 жылы «Княжое право в Древней Руси», 1918 жылы «Образование Великорусского государства. Очерки по истории XIIIXV столетий») тақырыптарында магистірлік және докторлық диссер­та­ция қорғаған. Әртүрлі оқу орындарында орыс тарихынан сабақ берді. 1907 жылдан Санкт–Петербург университетінің орыс тарихы кафедра­сы­ның – приват–доценті, 1918 жылы сол оқу орнының ­– профессоры болып сайланды.
4. Тарихшыларға қарсы репрессия

ХХ ғасырдың 30–жылдары ғылымдағы идеологиялық майдан шие­лені­се түсті. Коммунистік партия кейбір тарихшыларға сенімсіздік біл­ді­ріп, оларға қарсы репрессия жа­сау­ды қолға алды. Оған сылтау да табыла кет­ті. 1929 жылы қаңтар айын­да Петербург қаласында орна­лас­қан Ресей Ғылымдар Акаде­мия­сы­на 42 жаңа мүше сайланды. Өкіншке қарай сайлау барысында үш ком­му­нист қажетті дауыс жинай алмай қал­ды. Осыған байланысты газет бет­­терінде академиктерге қарсы, олардың «контр­ре­во­лю­циялық әре­кет­терін» әшкерелейтін мақалала топтамалары пайда болды. Қайта сайлау өткі­зіліп, коммунистер академик атанды.


Бірақ іс мұнымен бітпеді. 1929 жылдың тамызында Үкімет комис­сия­­сы Академияны тексеріске алды. Нәтижесінде 1929 жылдың мау­сым–жел­тоқ­сан айлары арсында 960 штатағы 128,830 штаттан тыс қызмет­кер­лер­дің 520 адамы қысқартылды. Әсіресе С. Ф. Платонов басқарған  Акаде­мия­­ның кітапхана мен Пушкин үйінің қызметкерлері зардап шекті. 1929 жы­лы біраз академиктер істі болып, әртүрлі мерзімге сотталды. 1930 жы­лы С. Ф. Платонов және оның әріптесі Е.В.Тарле сотталды. 1929–1930 жыл­дары 100 адамнан артық ғалымдар істі болды.

Тіпті айдауда жүрген немесе түрмеде отырған бұрынғы академия қыз­мет­келері қайта сотталды. Репрессия тек Ленинградта ғана емес, оның бөлімше­лері бар қалаларда да жүрді. Ашық соттың орнына істі болғандар тағдырын ОГПУ комиссиясы шешті. Аталмыш органның шешімімен 1931 жылдың 8–там­ыз­ында 29 адам әртүрлі мерзімге сот­та­лып немесе жер аударылды. Көпшілігі айдауда жүрген жерінде қайтыс болды. Академия­ның әртүрлі мекемелерінде қызметте жүр­ген бұрынғы патша офицерлеріату жазасына бұйы­рыл­­ды.

1930 жылдардың екінші жартысында кеңес тарихнамасы жаңа кезең­ге аяқ басты. Ішкі және сыртқы саяси жағдайдың күрделенуіне байланыс­ты тарих ғы­лы­мының алдына жаңа міндеттер қойылды. «Ә­лем­­дік рево­люция» идеясының сәтсіздігіне көздері жеткен кеңес коммунистері бас­шылары енді «социализмнің жеке бір елде жеңуі мүмкін» концепциясын ұсы­нады. Мұның өзі идеологиялық мәселелерге түзету жасауды та­лап етті.

Тарих ғылымының алдына қойылған жаңа талаптар тарихи меке­ме­лер­дің алдына жаңа міндеттер қойды. 1934 жылдың наурызында Халық ағарту комис­сариаты тарихты пән ретінде оқыту жөнінде жиын өткізді. Нәтижесінде мектеп­терде КСРО та­рихы мен жалпы тарихты оқыту, оқу құралдары мен оқулықтар жазу, оқы­ту­шы кадрлар дайынду мәселесі шешілді. Сол жылдың 15 мамырында «КСРО мектептерінде азамат­тық тарихты оқыту туралы» ВКП(б) Орталық комитетінің және КСРО Халық Комиссарлар кеңесінің біріккен қау­лысы бойынша мектеп ісі қайта құрылды. Көптеген жоғары оқу орындарында тарих факуль­тет­те­рі қайта ашылды. 1939 жылы олардың саны 15–ке жетті.

1936 жылғы 26–қаңтарындағы ВКП(б) ОК және КСРО Халық ко­мис­сарлар кеңесінің «Тарих оқулықтары туралы» біріккен қаулысы бойынша тарихи білім беру ісін жетілдіру үшін арнаулы ко­мис­сия құ­рыл­ды.

1938 жылдың басында «Правда» газетіне «История ВКП (б). Крат­кийкурс»
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973