Документальная история американского индустриального общества» кітабын жарыққа шығарды.
ХХ ғасырдың басында Америка тарихнамасына әлеуметтанушылар мен көсем сөзшілердің радикалды–сыни бағытының өкілдері үлкен үлес қосты. Олар негізіен финанс–өнеркәсіп олигархтарының қолайсыз әрекеттерін, партия–саяси машинаның сатқындығын, мемлекеттік аппараттағы жымысқы саясатын сынға алды.
Конгресстің жылдық есептері, сот және басқа да мекемелердің құжаттары негізінде 1894 жылы жазылған
Г. Ллойдтың «
Богатство против общества» деген кітабы «Стандард Ойл» тресінің баюына негіз болған криминалды уақиғалардың бетін ашады. Сол сияқты
В. Лаусонның «Объединенная медная компания», Г. Мейерстің «История крупных американских богатств» (1909–1910), Л. Стефенстің «
Позор городов» (1904) шығармалары жұмысшыларды қанау, байлықтың бір қолға әділетсіз жиналуы, фабриканттар мен ірі капиталистердің мемлекеттік билікпен бірігіп кетуі сөз болады.
Сенатор
Р. Петтигру «
Торжествующая плутократия» кітабында АҚШ–тың экономикалық күші ат төбеліндей азғана топтың қолында екендігін, сол топтың бүкіл мемлекет билігін ұстап отырғандығын дәлелдейді.
Францияда социалист
Ж. Жорес «
Социалистическая история Франции» деп аталатын ірі масштабты жоба негізінде 1901–1904 жылдары төрт томдық «Социалистическая история Французской революции» атты еңбегін жазып шықты. Аты айтып тұрғандай еңбек шаруалар мен жұмысшылардың тарихына арналған. Кітап қоғамдағы қатынастарға марксистік тұрғыдан қарайды. Ж.Жорес: «
Мен Маркс, Мишель және Плутархқа сүйендім»,– дейді. Шығарма француз революциясының әлеуметтік–экономикалық алғы шарттарына, меншік түрінің эволюциясына, өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының дамуына, қоғамның эканомикалық құрылымының рухани өмір мен мемлекетті басқару ісіне әсері сияқты өзекті мәселелердің шешімін табуға арналған.
-
Саясат тарихы.
Академик Э. Лависс Үшінші француз республикасының ресми тарихшысы болды. Ол тарих ғылымының негізгі міндеті сол кездің моралдық-адамгершілік құнылықтарын ғылыми түрде негіздеу деп түсінді. Екінші бір А. Рамбо есімді тарихшымен бірлесіп «
Жалпы тарих» деп аталатын ұжымдық еңбектің редакциясын басқарды. Оның басшылығымен «
История Франции от ее истоков до революции» атты шығарма жарық көрді. Бірақ оның тарихшы ретінде атын шығарған,француз халқының ұлттыұ және тарихи санасын қалыптастырған Франция тарихының оқулығы еді. Оқулық негізінен оқушыларға арналды. Оның беделінің жоғары болғандығы сондай, оқулықтың бірінші басылымы 1884 жылы шықса, соңғы 50-іншісі 1950 жылы жарық көрді.Француз елінің ұзын-сонар тарихтағы әкімшілік, территориялық және моролдық бірлігі ел қамын ойлаған корольдардың арқасы. Жер шарын мекендеген қай халық болмасын француздармен байланыста болған дейді тарихшы. Франция үкіметіне қарсы келгендердің бәрі француз халқының жауы. Оның революцияға берген бағасы екі ұшты. Бір кезде революция қажеттілік болса,қазыр ондай өзгерістерге жол беруге болмайды деп қортындылайды. Лависстың тарихи көзқарасы-ұлтшылдық,француз дәстүріне адалдық,күнге,жерге,ата-баба рухына табыну.
Француз тарихшысы А. Олар да Республика тарихына арнап бірнеше еңбектер жазды. 1901 жылы жарыққа шыққан оның «Политическая история Французской революции. Происхождение демократии и республики» деп аталатын монографиясында үшінші республика1792-1804 жылдардағы бірінші республиканың дәстүрін жалғастырушы деп есептеді. Революцияның мәні 1789 және 1793жылдардағы «Құқық декларациясында» көрсетілген деп дәлелдейді тарихшы-ғалым. Автор революция барысындағы саяси топтардың күресіне тоқталады. Бірақ, олардың көзқарасынан онша үлкен айырмашылықты көрмейді. Оның сүйікті тұлғасы Дантон. Оған«... Дантон - реальный политик, который «никогда не шел впереди общественного мнения». Он – пламенный трибун, «умиротворитель революции 10 августа 1792 г.», спаситель Франции от интервентов. Дантон хотел избежать любой ценой окончательного раскола между Горой и Жирондой» деп баға береді.Керісінше Олар Робеспьерге «самовлюбленный демагог», «беспредельно мстительный, безжалостный клеветник» депоған жағымсыз мінездеме береді.нның болашағының кепілі.
Келесі бір француз тарихшысы Робеспьерді ақтап алуға тырысты.
А. Матьез есімді тарихшы 1907 жылы
«Робеспьерді зерттеу Қоғамын» құрып ,«
Революционные анналы» журналын шығара бастады. Негізгі мақсаты оның революциялық қызметіне әділ баға беру. Революция тарихына әлеуметтік күрес ретінде қарастыра отыра, Робеспьерді асыра дәріптейді. Ол Дантон жөніндегі аңызды жоққа шығарып, оның пара алғыштығын, котреволюционерлермен байланысын әшкерлейді. .
Герман тарихнамасында саяси тарихққа қалам тартқан тарихшы Г.
Дельбрюк. Ол көп томдық «
Истории военного искусства в рамках политической истории» атты еңбегінде әскери уақиғалардың қоғамдық құрылыспен байланысын зерттейді. Оның тарихи концепциясының мәнібір біріне қарсы жақтардың күресі. Мысалы табиғат пен адам, жеке тұлға мен бұқара.жеке адам мен қоғам,рух пен күштің арасындағы күрес осының айғағы. Ал енді мұндай күрестің айқын көрінісі-соғыс дейді тарихшы. Қорғаныс соғыстары ұлттық мүддені сақтап қалу үшін болатын күрес.
Бекіту сұрақтары:1. Позитивтік методология неге сыналды?2.Макс Вебердің тарихи көзқарасы?3.
Джордж МаколейТревельян ағылшын тарихнамасына қандай жаңалықтар әкелді?4. Вильгелм Дильтейдің және оның оқушыларының тарх ғылымына қосқан үлесі? Тарихнамалық деректер:Дильтей В. Собрание сочинений в 6 тт.
– М.: Дом интеллектуальной книги, 2000.Вебер М. Аграрная история древнего мира. –М.: , 2001.
КрочеБ.Теория и история историографии.– М.: , 1998. – 192 с.
Шпенглер О. Закат Европы. М: «Наука», 1993. – 592 с.
Тойнби А. Дж. Постижение истории. Сборник. / Пер. с англ. Е. Д. Жаркова, М., Рольф, 2001. – 640 с.Блок М. Апология истории, или Ремесло историка / Пер. с фр. – Таллин: Ээсти раамат, 1983. – 184 с.Ясперс К. Смысл и назначение истории: Пер. с нем. 2–е изд. – М.: Республика, 1994.–527 с.ХІ. ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КЕҢЕС ТАРИХНАМАСЫ -
Ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындарының ашылуы.
1917 жылғы қазан төңкерісінің нәтижесінде Ресейде Кеңес үкіметі орнады. Бір елде социалистік қоғамдық құрылыс дүниеге келді. Жаңа қоғамның негізгі идеологиясы марксизм–ленинизм негізінде көрініс тапты. Коммунистік партияның ықпалындағы тарих ғылымы сол идеологияның пәрменді құралына айналды.
1922 жылы «Под знаменем марксизма» журналына В. И. Лениннің идеология саласындағы міндеттерді айқындайтын «О значении воинствующего материализма» атты мақаласы жарияланды. Қоғамдық ғылымдар саласында жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарын реттеп отыратын 1918 жылдың 25 маусымындағы Бүкіл Ресейлік Атқару комитетінің декреті негізінде Соцалистік (1923 жылдан бастап Коммунистік) академия құрылды. Оның құрамына белгілі ғалымдар мен қатар қоғам қайраткерлері де кірді. Жаңа құрылған ғылыми орталық К. Маркс, Ф. Энгельс, және В.И.Ленина еңбектерін жариалай бастады. 1922 жылдан бастап «Вестник Социалистической академии» (кейін «Вестник Коммунистической академии») журналын щығарды. 1929 жылы академия құрамында Тарих институты ашылды.
1921 жылдың қаңтарында екінші бір ғылыми–зерттеу мекемесі – Маркс және Ф. Энгельс және В. И. Ленин институттары ашылды. Бұл мекемелер марксизм классиктердің хаттарын, қолжазбаларын, шығармаларының фотокөшірмесін жинап, оларды жариялай бастады. «Архив К. Маркса и Ф. Энгельса» (1924 г.) және «Летописи марксизма» (1926), В. И. Ленин институтында 1927 жылдан бастап «Записки Института Ленина» жинақтары жарық көрді.
1922 жылы қоғамдық ғылымдар ғылыми–зерттеу институттарының Ресейлік Ассоциациясы құрылды. Негізгі міндеттерінің бірі қоғамтану ғылымдары үшін кадр дайындау еді. Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен жоғары білікті маман дайындау ісін де қайта құру жұмысы да жолға қойылды. 1921 жылы Коммунистік Академия жанынан марксизм курстары, «Қызыл профессура институты» жұмыс істей бастады. Ірі университеттерде қоғамтану факультеттері ашылды.
Міне осындай шаралар Ресейде марксшіл тарихшыларды дереу дайындау қажеттілігін туғызды. Жаңа жағдайға байланысты Н. И. Кареев, Е.В. Тарле сияқты бұрынғы либералды бағыттағы буржуазиялық мамандардың кейбірі өздерінің көзқарастарын қайта қарады. 20 жылдардың аяғында Ресейде буржуазиялық тарихнама күйзеліске ұшырады. И.И. Скворцов–Степанов, Н. М. Лукин, Ф. А. Ротштейн, В. П. Волгин, В. А. Быстрянский сияқты тарихшылардың еңбектері тарихнамада маркстік позицияның қалыптасқандығының дәлелі еді.
1925 жылдан бастап марксшіл тарихшылардың Қоғамы құрылды. 1926 ж. «Историк–марксист» журналы шыға бастады. 1928 жылдың 28 желтоқсаны мен 1929 жылдың 4–қаңтары арасында марксшы тарихшылардың Бүкілодақтық бірінші конференциясы өтті. 30–жылдардың орта шенінде тарих орта және жоғары мектептерде арнайы пән ретінде оқытыла бастады. 1934 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына азаматтық тарих пәні кірді. Москва, Ленинград тағы да басқа университеттерде тарих факультеттері ашылып, жоғары білікті тарихшы мамандарды дайындай бастады.
-
М. Н. Покро́вскийдің тарихи көзқарасы
Кеңес үкіметінің алғашқыжылдарындағы тарих ғылымының дамуы белгілі тарихшы
Михаи́л Никола́евич Покро́вскийдің (1868–1932) атымен тығыз байланысты. 1930 жылы Тарих институтының 8–желтоқсанда өткен партия жиналысындағы баяндамасында. “
Борьба на историческом фронте есть борьба за генеральную линию партии. Положение “история –политика, обращенная в прошлое” означает собой, что всякая историческая схема есть звено, цепочка для нападения на генеральную линию партии. Существует самая тесная связь между борьбой за генеральную линию партии и борьбой на историческом фронте. Их нельзя разрывать. Трудно себе представить такую вероятность, что сторонник генеральной линии партии является ревизионистом в исторических работах. История ... не есть самодовлеющая задача, история –величайшее орудие политической борьбы; другого смысла история не имеет”, – деп келешектегі тарих ғылымының мақсаты мен міндеттерін айқындап берді. Ол тарихи зерттеулермен Қазан төңкерісіне дейін де айналысқан. 1907–1910 жылдары ол “
История России в XIX веке” деп аталатын еңбектің авторларының бірі. 1910–1912 жылдары
"Русская история с древнейших времен” (5 томдық), 1914–жылыекі томдық
"Очерк истории русской культуры” сияқты кітаптарды шығарды. Алғашқы шығармасының соңғы томының жариялануына үкімет тиым салды. Жалпы төңкеріске дейін оның «Русская история...» шығармасы кітапханалардан алынып, оны пайдалану шектелді. 1920 жылы ол
“Русская история в самом сжатом очерке” монографиясынжазды. В.И.Лениннің қолдауымен аталмыш кітап оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды. “
Очерки русского революционного дви