Тотальды тарих» концепциясын қолдаушы. ХҮІІ ғасыр тарихының белді маманы. Әулие ІХ Людовик жәнеАссиздік Францискнің өмірбаяндарын жазған. Орта ғасырды бөлек өркениет ретінде қарастырады.
Карл Теодор Ясперс (1883–1969) – неміс ойшылы. Бала жасынан философиямен әуестенеді. Бірақ әкесінің жолын қуып, Гейдельберг университетінің заң факультетіне оқуға түседі, кейін Мюнхен университетіне ауысады. Дегенмен көңілі медицинаға кетіп, 1909 жылы Гейдельберг университетінің медицина факультетін бітіреді. 1909–1915 жылдары Гейдельберг психиатрия ауруханасында жұмыс істеді. 1913 жылы Ясперс «Жалпы психопатология» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осыдан кейін ол қалған өмірін Гейдельберг университетінде оқытушылық қызметке арнайды.
Шығармашылығының шыңы неміс тарихының ең ауыр кезеңі ХХ ғасырдың 30–40 жылдарына сәйкес келді. Сол кездегі Алмания, Италия, Жапония, Испания және КССРО елдеріндегі тоталитарлық режим Еуропаның ғана емес бүкіл әлемдік тарихи даму процессінің дағдарысын көрсетті. Бүкіл әлемдік масштабтағы әлеуметтік катаклизма Ясперс көзқарасының негізгі бағыттарының қалыптасуына үлкен әсер етті. Оның шығармашылық ой қорытуының негізінде адам және оның тарихы жатты.
Ол өз шығармаларында әлемдік тарихтың бастауы мен оның мақсатының бірлігін дәлелдеді. Барлық өркениеттің пайда болуы дамуы және күйреу процессі бірзаңдылыққа бағынатындығын дәлелдеді. Адамзат тарихына талдау жасауда ол «уақыт», «заман», «әлем» сияқты негізгі түсініктерді пайдаланады. Батыс елдерінің ғылымдағы рационалды Шығысқа қарағанда басымдылығы уақытша деп түсіндіреді. Түбі ол елдер де мәдениеті жағынан Еуропа елдерімен теңеседі. Бұған қарағанда ол сол кездің өзінде «жаһандану» процесінің жақын екендігін түсінген.
1949 жылы жазған «Смысл и назначение истории» атты еңбегінде «әлемдік тарихи процестің бірлігі концепциясын бірлігін» ұсынады. Адамзат қоғамы дами келе, ешқандай зорлықсыз, түбі бірігуге келеді.
Тарихты ол төрт кезеңге бөледі; тарихқа дейінгі адамзат қоғамы, көне замандағы ұлы мәдениеттер, «білікті уақыт» және ғылыми–техникалық заман. Тарихқа дейінгі адамзат қоғамыдәуірінде адам отты пайдалануды үйренді, өз ара қатынас құралы–тіл пайда болады, құрал–жабдық жасалды. Адамдар топтары пайда болады. Дәл осы кезде аңыздар туады, бірақ тарих ұғымы әлі жоқ. Адам биологиялық жағынан әлі қалыптасу процесін басынан өткізеді.
Біздің түсінігіміздегі тарих тек «мәдениетті» қоғамда пайда болды. Б.э.д. Ү–ІІІ ғасырлар арасында вавилон, египет, эгей әлемі, Инд алқабындағы, Қытайдағы ариға дейінгі мәдениеттер қалыптасады. Тарихтың пайда болу себебі бір орталыққа бағынған мемлекеттердің дүниеге келуі. Жазу өнері пайда болды, жылқыны қолға үйретті, тілі, әдет–ғұрпы, аңыз–әңгімелері және мекені ортақ адамдардың қауымы пайда болды.
Келесі б.э.д. ҮІІІ–ІІ ғасырлар арасын қамтитын, «білікті уақыт» ұғымымен белгіленетін, кезеңде адамдар ортақ рух негізінде бірігеді. Адам экзистенция (әрбір адам болмысының ерекшелгін, басқаға ұқсамайтындығын білдіретін философиялық термин) негізінде өзін еркін сезінеді. Оның мифологиялық санасы бұзылады. Ол өзінің өмірі жайында ойлана бастайды. Өздерінің терең пікірлерімен Конфуций, Лао–Цзы, Будда, Заратустра, иудея пайғамбарлары, грек ойшылдары сияқты данышпандар тарих сахнасына көтерілді. «Человек осознает бытие в целом, самого себя и свои границы. Перед ним открывается ужас мира и собственная беспомощность. Стоя перед пропастью, он ставит радикальные вопросы,требует освобождения и спасения. Осознавая свои границы, он ставит перед собой высшие цели, познает абсолютность в глубинахсамосознания и в ясности трансцендентного» (Трансценде́нттік – философия термині, тәжрибелік жолмен жетуге болмайтын танымның формасы)– дейді Ясперс. «Білікті уақыт» іргелі ұғым, ол адамзат қоғамына ортақ. Тарихтың бұл кезеңінде тарих әлемдік мағынаға ие болады.
Ғылыми–техникалық заман ХҮІІ–ХІІІ ғасырлар арасын қамтиды. Техника мен ғылым жаңалықтары адамзат қоғамы дамуының қуатты факторына айналды. Ғылымның пайда болуын Ясперс «құпия тарих» деп атайды. Библия ақиқатқа жету рухын тудырды. Дүниені тану күмәндану арқылы жүзеге асады. Адам өзінің мұраты мен ұстанымы үшін күреседі. Егер әрбір адам өз өмірінің мән–мағынасын айрылатын болса ол ғылыми–техникалық прогресстің дағдарысына, жеке адамның санасыз тобырдың бір мүшесіне айналуына әкеледі. Адам өз тарихымен байланыстан қол үзеді, рухынан айрылады. Ол техника мен ғылымның билігіне тәуелді болып, (‘демонизм техники’) өзін–өзі бақылау мүмкіншілігіне ие болудан қалады. Міне, Ясперстің тарих көзқарасы осындай.
Марк Блок (1886–1944) француз тарихшысы. Зиялы отбасыңда дүниеге келген, әкесі тарих профессоры, ұлтты еврей. Француздың алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқыған. Өзі де тарих және география пәндері бойынша Франция мектептерінде сабақ береді.
Европа феодализмі, Франциядағы аграрлық қатынастары тақырыптарындағы бірнеше іргелі еңбектердің авторы. Тарих методологиясының жалпы мәсеелеріне байланысты зерттеулері тарих ғылымына қосылған үлкен үлес еді. Әріптесі әрі досы Льюсиен Февер екеуі «Анналдар мектебінің» негізін қалады.
Марк Блоктың тарих ғылымына кіргізген негізгі жаңалығы, ол ғылымның зерттеу әдістерін жетілдіруге өз үлесін қосты. Тарих ғылымына өткен заманда орын алған оқиғалардың арасындағы логикалық байлынысын зерттейтіндігін дәлелдеді. Өз еңбегінің негізгі мақсаты тарихи зерттеулердегі әдістерді қарыстыру екендігін ескертеді.
Алдымен ол тарихи зерттеулердің пәніне тоқталады. Блоктың пікірінше оның пәні – «уақыт шеңберіндегі (аралығындағы) адам». Адамның санасы тарихи уақыттың әр деңгейінде бірдей» болып қала алмайды. Әр заман қоғамыңдағы әртүрлі факторларға байлынысты адамның санасы да өзгеріп тұрады. Өзінің «Апология истории, и ремесло историка» еңбегінде былай деп жазады: «Когда отблески... черно–белую окраску», өткен заман адамын түсіну зерттеушінің негізгі мақсаты. Ол үшін тарихшы өзінің «Менінен» бас тартуы қажет. Сонымен Блок зерттеу жұмысының субъекттісі мен объекті арасындағы байланысты «ғасырлар адамдарының кездесуі» деп түсіндірді. Зертеуші мақсаты өткен заман адамын түсіну. Осыған қарағанда Марк Блок тарих ғылымындағы феноменология бағытын қолдайтындығын көреміз.
Марк Блок «тарих уақыт» категориясына өз түсініген береді. «Время истории...». Өткенді түсіну үшін зерттеуші өзі өмір сүріп жатқан заманды түсінуі қажет. Тарихи уақыттың шекарасы болмайды. Тарихта болған уақиғаның ұзақтығы емес, сол оқиғаның белгілі бір уақыт аралығындағы маңызы мәнді – деп жазды М. Блок. Қазіргі заманда өтіп жатқан оқиғалардың түп тамыры тереңде жатыр. Сондықтан бүгінгі оқиғаны түсіну үшін өткен замаңдағы оқиғаларды білу қажет. М. Блоктың тарихи хронология мәселесіне өз қөзқарасы болды. Ол уақытты ай, жыл, ғасыр сияқты уақыт бірліктеріне бөлуді қолдамайды.
Шарль Сеньобос (1854 –1942) француз тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1890 жылдан бастап Сарбон униерситетінде қызмет істеген. Алғашқы еңбектері көне және орта ғасырлар тарихына арналды. Еңбектері позитивизм тұрғысында жазылған. Нақтылы тарихи материалдарға сүйене отырып ол саяси тарихқа баса көңіл аударады. Тарихи зерттеудің әдіснамасына арналған ұжымдық жұмыстың авторларының бірі. 1897 жылы «Политическая историю современной Европы», 1921 жылы – «Падение империи и установление третьей Республики», 1933 жылы жазылған «Искренняя история французской нации» атты еңбектері әлемдік тарихнамаға қосылған сүбелі үлес. Шарль–Викто́р Ланглуа́ (1863–1929 ) – француз тарихшысы және палеографы, Орта ғасырлар тарихының маманы. Париж университетінде сабақ берді.1917 жылдан бастап Ұлттық мұрағат директоры. 1897 жылы «Введение в изучение истории» деген, бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған шығарманың авторларының бірі. Орыс тіліндегі нұсқасы 1899 жылы, қазақ тілінде 2014 жылы жарыққа шықты. Бұл кітапты кейде «позитивистік тарихнаманың библиясы» деп те атайды. -
Еуропа тарихнамасындағы эканомикалық және әлеуметтік бағыт.
Позитивизм бағытын ұстанған ғалымдардың эканомика және әлеуметтік тарихты зерттеулері ХХ ғасырда өз жалғасын тапты. Американ тарихнамасының эканомикалық бағытының негізін салған Фредерик Джексон Тёрнер (1861–1932). Оның ғылыми көзқарасы
англо–саксон мектебінің дәстүрінде қалыптасты.Өзінің 1891 жылы жариялаған
«Значение истории» мақаласында тарихи зерттеулерде пәнаралық байланыс негізінде тарихи процестегі әлеуметтік және эканомикалық факторларға көңіл аударуға шақырды. ХІХ ғасырдың 80 жылдарының соңында ол АҚШ эканомикасы дамуының негізгі детерминантын іздеуге талпыныс жасады.
1893 жылы Американ тарихи ассоциациясының конгрессінде Тёрнер
«О значении границы в американской истории»деп аталатын тақырыпта баяндама жасады. Тёрнердің бұл баяндамасынАҚШ–тың ұлттық тарихнамасының «
Тәуелсіздік декларациясы» деп атайды. Мұның өзі американ тарихнамасындағы прогресивтік бағыттың бастауы еді. Баяндамадағы негізгі ой – америка экономикасының қарыштап дамуының негізгі себебі оның батыста жүргізген отарлау саясаты. Осыған байланысты ол АҚШ–тың батыс шекарасының жылжымалылығы идеясын күн тәртібіне қойды. Тёрнер Батысты экспансиялау елдің дамуының негізгі заңдылығы. Америка тарихы Еуропа тарихының жалғасы концепциясына үзілді–кесілді қарсы шықты.
Американың келесі бір тарихшысы Чарлз–Остин Бирд Тарихнамадағы эканомика мектебінің басшысы. Өзінің 1913 жылы жария еткен «Экономическое объяснение Конституции Соединенных Штатов» деп аталатын еңбегінде американ конституциясының дүниеге келуіне әсер еткен факторларға тоқталады. Оның ойынша негізгі заңды қабылдау барысында күрес тек меншік иелерінің арасында ғана жүрді. Кітаптың екі тарауының (Экономические интересы делегатов Конвента, Конституция как экономический документ)аты айтып тұрғандай конституция тек мүлік иелерінің мүддесін қорғайтын құжат ретінде қабылданды.
Әлеуметтік тарих жөніндегі сүбелі еңбектердің авторлары ерлі–зайыпты ағылшын ғалымдары Джон және Барбара Хэммонд. Олар өз еңбектерінде ағылшын жұмысшы табының ауыр жағдайын баяндайды, оның себептерін ашуға тырысады. 1910 жылы «Сельский рабочий в 1760–1832гг.», бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қала, ал 1919 жылы жоғары білікті жұмысшылар жөніндегі еңбектерін жариялады. Авторлар парламент пен оның комиссияларының материалдарын, арнаулы тексерулердің хаттамаларын және алғаш рет Ішкі істер министрлігінің мұрағат құжаттарын пайдаланды.
Жұмысшылар мен буржуазия арасындағы қарым–қатынасты зерттей отыра олар үстем таптың білімсіздігіне, саяси жүйенің келеңсіздіктеріне, билеушілердің өз қызметін асыра пайлалануына тоқталады.
Әлеуметтік тарихтың институционалдық аспектісін зерттеу тақырыбына арқау еткен Фабиан қоғамының мүшелері ерлі–зайыпты ағылшын ғалымдары Вебб Сидней ижәне Беатриса. 1894 жылы«История тред–юнионизма» деп аталатын монография жазды. Авторлар ағылшын тред–юниондарының (жұмысшы кәсіп одақ ұйымы) мұрағат қорының құжаттарына сүйене отырып оның қызметіне тоқталған. Екінші бір 1897 жылы жазылған «Промышленная демократия» шығармасында кәсіподақ ұйымдарының капиталистік қоғамның ажырамас бір бөлігі екендігін дәлелдеген. Олар 1932 жылы Кеңес еліне келіп материал жинап 1935 жылы «Советский коммунизм – новая цивилизация?» деп аталатын кітап жазды.
Жұмысшы табы тарихын зерттеуде Америка тарихнамасында табысқа жеткен Висконсин университетінің профессроы Дж. Коммонсболды. Ол қоғамның экономикалық негізіне товарлы–ақша қатынасының даму деңгейінің жататындығын дәлелдейді. Капитал мен еңбек арасындағы қатынас рыноктық баға мен жалақы арасындағы қатынасқа байланысты дейді ол. Жұмысшы қозғалысы дегеніміз ішкі (арзан жұмыс күші) және сыртқы (импорттық товарлар) қысымнан қорғанатын өндірушілер тобының әрекеті. Кәсіподақ дегеніміз жалдамалы жұмысшылар арасындағы конкуренцияға байланысты пайда болған қоғамдық ұйым. АҚШ–тағы жұмысшы табы мен жұмысшы қозғалысының пайда болуына себепкер болған бос жатқан жер телімдерінің болуы, ішкі рыноктың динамикалы түрде дамуы, тұрақты түрде елге иммигранттардың келуі және жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы. Коммонсовск–висконсин тарихшылар мектебі 1910–1911 жылдары 10–томдық «