«Көкірек көзін» шел қаптап, «көкірек кұлағын» құм басқан адам — дарын категориясына жатпайды. Ол сахна суреткері емес.Ал, әлгі құлағы сау адам естімейтін терең құздан шыққан дыбысты естіген саңырау қарт Қарарбақ «көкірек көз» бен «көкірек құлақтан» жаралған адам. Оның құлағы керең болғанмен көкірегі ояу, яғни «көкірек көзі» мен «көкірек құлағы» сау. Қазақта да Шөже, Ноғайбай сияқты зағип ақындар болған. Шешеден көр соқыр болып туған Ноғайбай ақын, атқан таң мен батқан күннің шұғыласы мен шапағын жырлағанда көзі бар адамдай айнытпай айтып береді екен. Шөже ақын да айналасында отырған адамдардың түр-тұлғасын «көріп» отырғандай келемеждеп өлеңге қосқанда, жұрт таң қалған. Ұлы Абай: «Білмеген соқыр, қайғысыз отыр» немесе «жүрегіңмен тыңдамай, құлағыңмен қармарсың» дегенде, сол ішкі зейінді айтқан. Сайып келгенде, мұндай адамдар — дүниеде болып жатқан құбылысты тек сырттай емес, бар болмысымен, күллі жаратылысымен сезіп-тұщынатын ішкі сарайы тұнық сирек жандар. К. С. Станиславский сахна алаңынан осындай адамдарды ғана көргісі келген. Сондықтан да «адамның рухани тіршілігін» сомдау үшін зейін элементін ойлап тауып, санаткерлер сарабына ұсынған. Би элемент санатында басты ережеге айналдырған.Зейін: ішкі зейіннен басқа — есту зейіні (слуховое внимание), көру зейіні (зрительное внимание), сипау зейіні (осязательное внимание), иіскеу зейіні (обонятельное внимание), дәм сезу зейіні (вкусовое внимание) сияқты бөлімдерге және бөлінеді.Осы тұрғыдан алып қарағанда, зейін — кеңістікке керілген көген ролін атқарады. Ал, есту, көру, сипау, иіскеу, дәм сезу зейіні — көгенге байланған бұршақ іспеттес тіз қатар құбылыс. Қаз-қатар байланған бұршақ — көген көркі. Егер әлгі бұршақтардың бір-екеуі үзілсе, көген — көркінен айрылады. Ал, бұршақтар мүлде болмаса, ол көген емес, керілген керме болып шығады. Сахналық зейін де сондай құбылыс.Мәселен, ертемен тұрған адам өзінің зейінін әр түрлі нысаналармен байланыстыру арқылы (жуыну, қырыну, жұмыс істеу, т. б.) тіршілік етеді. Сол сәттен бастап көзі ұйқыға кеткенше оның зейін процесі үзілмейді. Актер де сол сияқты ойнаған ролінің көркемдік, яғни зейіндік желісін үзбей ойнауға тырысады. Егер актер сомдаған образының зейіндік желісін үзіп алса (есту немесе көру зейіні қатыспай қалса), рольге жарақат түседі, ең бастысы көрермен ойын өрнегіне сенуден қалады. Сенім жоғалған жерде, көркем дүниенің өмір сүруі мүмкін емес.«Зейін желісі деген — топ-топқа бөлінген нысаналар тізбегі. Ал, сол тізбектерді үзу — образ санатында өзіңнің сахналық өміріңнің желісін үзу деген сөз. Образдан шығып қалу — әлгіндей үзілуден болатын салдар» (Б. Е. Захава,
Мастерство актера и режиссера, Издательство «Искусство», Москва, 1969, с. 108) деп жазады Б. Захава зейін желісінің арқаулық ролі туралы. Олайболса зейін-актер творчествосының күретамыр тіршілік негізі.
Зейін—ерікті (произвольное), еріксіз (непроизвольное) болып тағы да екі топқа бөлінеді.
Сахнаға аяқ салған актердің алғашқы назар аударатыны — декорация мен жарық. Алайда актер сахнаға көтерілгенде жарық пен декорацияны ойлап шықпайды. Олардың өзі актердің назарын еріктен тыс өзіне аударады. Актерді субъект (әрекет иесі) декорация мен жарықты объект (нысана) деп алсақ, еріксіз зейін сәтінде объектіні — субъект билемейді, керісінше, объект — субъектіні билейді, яғни актердің зейінін өзіне қаратып алатын сахналық жасау мен жиһаз. Мұндай құбылысты театр тілінде пассивтік (белсенді емес) зейін деп те атайды. Солай десек, еріксіз (еріктен тыс) зейін актердің саналы әрекетіне тәуелсіз жағдайда дербес өмір сүреді.
Ал, ерікті зейін актер санасында болып жататын творчестволық процестермен тікелей байланысып, қабат тіршілік етеді. Сондықтан, ол активтік (белсенді) зейін санатына жатады. Егер пассивтік зейін сырттай механикалық роль атқарса, активтік зейін іштей көркемдік роль атқарады. Кейде ерікті зейінді — ішкі зейін (внутреннее внимание), еріксіз зейінді — сыртқы зейін деп те атай береді.
І ш к і з е й і н объектісіне — актердің ішкі көркемдік сарай дүниесі, яғни ой, сезім, қиял процестері тән болса, сыртқы зейін объектісіне — өзін қоршаған жанды (партнерлер), жансыз заттар әлемі (декорация) тән болмақ.
Сахнаға көтерілген актер, аса күрделі процесс — ішкі-сыртқы зейіннің қабаттасқан т о ғ ыс у процесін бастан кешеді. Сахнада аталмыш егіз процеспен қақтығысу сәттері өте жиі болып тұрады. Мұндайда ысылмаған тәжірибесі аз балаң актер алақтап жүріп, аңғырттықпен нысанасынан адасып қалады. Сақтығын жоғалтып, сасқалақтаған актер — көркемдіктен айрылады. Онда ой да, ойлау да болмайды. Сондықтан да актер, ішкі-сыртқы зейіннің творчестволық ролін, мақсат-мұратын, атқаратын қызметін бөле-жара ажырата алатындай дәреже сатысында болу керек. К. С. Станиславский аталмыш кінәраттармен сахнада көп кездесіп барып, себеп-салдарын егжей-тегжей әбден тексеріп шыққан соң, тұрақты қорытындыға келген.
«Станиславский жүйесінен» тамыр тартып таралған тарам-тарам тараулар мен элементтер, есепсіз эксперименттер мен толассыз тәжірибелерден өтіп, сын-сынақ
•*тан мүдірмей шыққан, құйылған құрыштай творчестволық құбылыс— еріккеннің ермегі емес.Зейін — психология категориясына жататын нәзік элемент болғандықтан, табиғаты құбылып тұрған айнымалы элемент. Мәселен, драма желісіне байланысты біреуге ғашық болып аласұрып жүгірген актердің партнері ажарсыз болып өзіне тартпаса, яғни зейінін қызықтырмаса не істеу керек? Партнерін жалындап сүймеген актердің сөйлеген сөзі де, ойын-өрнегі де жалған болады. Сайып келгенде, ол өзінің сахналық нысанасына зейін қоймайды. Зейін жоқ жерде ыстық іңкәрлік болмайды да, ой да, ойын да бұзылады. Өйткені, партнерін ұнатпаған актер суынады, селсоқ ойнайды. Сонда оның лажы не? Кандай амал бар? Мәселе, актердің өзіне байланысты екен. Әлгі өзіне ұнамаған партнерін зейін нысанасына алып, қызығу, елігу арқылы ойын өрнегін өрістетуге тиіс екен.«Актер алдына зейінін еліктіре алатын шеберлікке үйрену талабын қою керек. Ол кез келген объектіні әрі көрікті, әрі әдемі етіп көрсетуге тиіс. Өзіне бұрыннан белгілі объектіні жаңа көргендей қылып, тосын объектіні таныс етіп көрсетуге міндетті» (там же, с. 123) деп жазады Б. Захава.Олай болса актер еліктіру, қызықтыру процесін бойындағы бес қаруындай пайдалана білуге үйрену керек. Жалпы актердің зейін қою, зейін қоймау психологиясынан — формальдық және творчестволық зейін сияқты келесі егіз көркемдік проблема жапырақ жаяды.Формальдық (немқұрайдылық) зейін деп нысанасына (партнер) селсоқ қарайтын, қызықпайтын, яғни творчестволық қиялдың қатысуынсыз істелетін зейінді айтады.Творчестволық зейін деп көркемдік қиял арқылы объектісін әсерлі әрі әдемі етіп өрнектеуді айтады. Аталмыш зейін категориясы бай мазмұнды, көз тартарлық әсерлі болады. К. С. Станиславский творчестволық зейін концепциясын мұрат тұтқан.Творчестволық зейін — көркемдік шаттық пен қуанышқайнары.Солай десек, сахналық зейін — актердің ішкі, сыртқы техникасының іргетасы, актер көңіл күйінің зерлі зердесі.Жер бетінде ағарып атқан таң мен қызарып шыққан күнді қызықтамайтын тіршілік иесі жоқ шығар. Адам баласын айтпағанда, жан-жануарлардың өзі ұлардай шулап шыққан күнді қарсы алмай ма? Құс сайрап, мал маңырап, адамдар мәре-сәре болып әбігер болып жатпай ма?Өйткені, күн — тіршіліктің басы.Қүн — әлемге шуақ, шапақ әкеледі.Күн — өмір әкеледі.Оның жер үстіне шашыраған шуағында — шаттық пен қуаныш бар. Күмістей жарқыраған мыңдаған сұлу сәулелер, бәлкім, миллион, тіпті миллиард болар күллі тіршілік иесіне өзінің мейірімді, шапағатты шұғыласын төгеді.
Сәуле — нұр. Сол сәуледен жалпақ жаратылыс нұрланады. Өсімдік атаулы рең алып, алуан түске боялады. Көзді қызықтырып қуанышқа бөлейді. Адамға рух беріп шабыттандырады. Шабыт шуағына шомылған адам — өмір егеді. Шабыт та айналасына шұғылалы шапағын шашады.Зейін — күн сипатты құбылыс. Онда алтындай жарқырап шыға келген арайлы күннің аптап қасиеті бар.Алтын арай — күннің көзі.Күміс сәулелер — күннің кірпігі.Зейін — күн болғанда, одан шашыраған — зейін шеңберлері, ішкі зейін, сыртқы зейін; формальді әм творчестволық зейін —«күннің кірпігі»— сәулесі сияқты құбылыс. Актер творчествосына шапақ шашып, нұрға бөлейтін аталмыш күміс сәулелер, күннің көзі іспеттес алтын арай — зейін планетасынан қуат алады. Зейін — қуат көзі, шоқ шашқан шамшырақ сияқты өзінің сүттей сәулесімен санаткер санасына игілік егеді. Аққан жұлдыздай сәуле — зейін әлемінен шашырап шығып, сахнаны нұрға бөлейді.
ҮШІНШІ ЗАҢДЫЛЫҚПсихикалық тіршіліктің қозғаушы күші (Двигатели психической жизни)Актердің сахна алаңындағы психикалық тіршілік әрекеті — жортуыл жорыққа жиналған жасақ сияқты жойқын құбылыс. Оның психотехникалық әдіс өрнектері мен күллі творчестволық ішкі аппараты сапқа тізілген сарбаздардай сақадай-сай күйге түсіп, әрекет шеруін шабуылға дайындайды. Аталмыш психикалық тіршілік — әскери әрекетке жорыққа аттанатын жасағымыз.Ал, енді осы сарбаздарды шабуылға бастайтын сардар қажет. Ол сардар кім болу керек?Мүмкін сезім болар! Өйткені, рольді сезу дегеннің өзі бүкіл рухани қуатыңды жасақтау деген сөз. Сөйтіп, аса маңызды сардардың бірі, творчествоның қозғаушы күші — сезім екендігіне дау жоқ. Алайда, сезімнің кінәмшіл, кірпияз болып келетінін, әмір-бұйрыққа көне бермейтінін, егер сахнада творчество жасау сәтінде өз-өзінен қозу процесі пайда болмаса, тағы бір сардарға тәуелді болатынын білеміз. Сонда ол кім?Елестету ме? Бірақ, елестету арқылы күллі творчестволық аппаратыңды қозғалысқа салып, әрекетке жете алмайсың: Себебі, оның өзі басшылықты қажет етеді.Әлде, мақсат, киелі күш «егер де» шығар.Ол үшін бұлардың өздері қайдан шығатынын білген абзал. Сахна сардары деген ұғым — творчествоны әрі бастайтын, әрі бағыттайтын процесс. Ал, мақсат пен киелі күш «егер де» ондай роль атқармайды.Сахналық зейін бе? Ең алдымен зейіннің атқаратын функциясын қарастырып көрейік. Зейін белгілі бір нысанаға өз сәулесін бағыттап, солар арқылы ой, сезім, зауық тудыратын элемент. Ал, зейінді нысанаға бағыттайтын — ақыл (ес). Демек, екінші сардар — ақыл болды.Енді үшіншісі бар ма екен, соны іздеп көрейік.Олай болса, сахналық мақсатты туғызатын зауық пен жігер. Өйткені, актердің күллі творчестволық аппараты мен жігерінің әрекет құлшынысын қоздырып, оның сахнадағы психикалық тіршілігін басшылыққа алатын да — жігер.Ендеше, үшінші сардарымыз — жігер болмақ.Сөйтіп, сахнадағы «психикалық тіршілігіміздің қозғаушы күші»:А қ ы л, ж і г е р және с е з і м болып табылады.Ақыл (парасат) — жігерді (әрекет) қимылға қосады, жігер — сахнадағы ең киелі қасиет — с е з і м д і (тебіреніс) тудырады. Ал, кейіпкержандылық өнері — сезім үшін күреседі. Басқа бағыттағы өнер мектептерінің басты кемшіліктерінің негізгісі — сезімді елеп-ескермеуінде. Соның нәтижесінде сахнада сезім мен тебіреністен жұрдай болған, тақылдап ақыл айтатын ақылгөй актерлер қаптап кетті. Осындай ақылгөй актерлердің арқасында театр алаңынан шынайы творчестволық тебіреніске толы сахна туындыларын өте сирек көретін болдық. Сондықтан болар К. С. Станиславский: барлық элементтер се