Материал: 1 лтты білім беру моделі мені кзарасыммен

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Медиациялық келісім арқылы қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша тараптар даусыз, ұрыс-керіссіз, өз қалауы және өз еркі бойынша өздеріне, екі жаққа да тиімді келісімге келе алады. Бұл жерде тараптар сотқа келіп кетумен байланысты қаражат шығындары мен уақыттарын үнемдейді және істі әрі қарай қоздырмай екі жаққа да тиімді негіздерде медиациялық келісім бойынша іс жүргізуді тоқтата алады. Бұл жерде адам өз еркін, өз қалауын білдіре алады.Адам құқығы - адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ең жоғарғы демократиялық құндылық. Сондықтанда әрбір адам өзінің де, басқаның осы құндылығын бағалай білу және оған ешқандай да зиян келтірмеу керек.№62 БҮГІНГІ БІЗ КЕЗДЕСІП ОТҚАН ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА?Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет.Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас.
Қазіргі дағдарыс жағдайынан шығудың жолдары қандай, адамзат үшін жаһандық мәселелерді шешудің философиясы неде, бұл турасындағылым не дейді, дін не дейді, деген сауалдарға жауап табу мақсатында әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің доценті,философия ғылымдарының кандидаты, шығыстанушы Жанат МОМЫНҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет.Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас.63 ШЫНДЫҒЫНДА БІР АДАМ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСЫ ЖАҚҚА ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ МА?Адам әлемді өзгерте ала ма? Сөзсіз, жауап иә. Адам жер бетінде пайда болғаннан бері көп нәрсе өзгерді. Адам әрекетінің әсерінен кейбір жануарлардың популяциясы азайып, басқа түрлері мүлдем жойылып кетті. Флора мен фаунаның қалған бөлігімен де солай болды.
Біз шын мәнінде жататын Homo Sapiens түрі пайда болғанға дейін адамдардың басқа түрлері болған деп мәлімдейтін кейбір зерттеулер бар. Күн астындағы орын үшін күрестің арқасында парасатты адам қалған түрлерді жойды. Бұл да әлемді өзгертті.Адамдардың өмірінде де өзгерістер болды. Егер адамдар пайда болған сәттен бастап шағын тайпаларда өмір сүрсе, аңшылық және терімшілікпен айналысса, мыңдаған жылдардан кейін көп нәрсе бірқатар өзгерістерге ұшырады. Өнеркәсіптік революциялар болды, адам барған сайын жаңа қолөнерді игере бастады, оның өмірі мен өмір салты күрт өзгереді. Адамзат бірте-бірте қазіргі кездегідей даму деңгейіне келеді.Бірақ, сөзсіз, адамзат өркениетінің ең үлкен жетістігі – ғарышқа ұшу. Адамдар біздің планетамызбен және Әлемнің басқа тұрғындарымен танысуды бұрыннан армандаған.Бүгінгі күнге дейін адамзат өркениеті ата-бабаларымыздан да мол білімге ие. Медицина, ғылым, білім күн сайын көбірек жетістіктерге жетуде. Әрине, прогресс адамзат болғанша жалғаса береді.Демек, әлемде бәрі жарық жылдамдығымен өзгереді. Кім біледі, мүмкін болашақта адамзат өркениеті Жер планетасында ғана өмір сүретін шығар. Бәлкім, біздің ұлан-ғайыр ғаламды зерттеп жүрген ғалымдар өмір сүруге болатын планетаны табатын шығар.Адамдарға шешілмейтін болып көрінетін мәселелер: табиғат ресурстарын экологиялық таза пайдалану, планетаның флорасы мен фаунасын сақтау, аштықпен және басқа да экономикалық факторлармен күресу соншалықты күйіп кетпейді, өйткені адам олардың шешімін табады. . Мүмкін, медицина жаңа деңгейге көтеріледі: адамдар емделмейтін аурулармен күресуді үйренеді, сонымен қатар өлместіктің кілтін табады.Бірақ, бір адам әлемді өзгерте алмайды. Мұндай маңызды миссия үшін ол қоғамда болуы керек. Адамзаттың пайда болғаннан бергі тарихына тереңірек үңілсеңіз, бұл шындық анық. Жалғыз өмір сүретін адам жаһандық өзгерістерге қабілетті емес, өйткені пікірлестердің болмауы оның қызметін айтарлықтай қиындатады.№64 МЕНІҢ ӨМІРЛІК МАҚСАТТАРЫМӘрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады.Мен бүгінгі таңда білім беру саласында  2 жылдай еңбек етіп келемін. Күн сайын алдымда адал көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала қараймын. Қарап отырып, ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштей сезінемін. Сондықтан да менің өзіме қоятын талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары деңгейде болуы тиіс, себебі сол жарқыраған шамшырақты жаға білу – менің ұстаздық парызым. Сыныптағы оқушылардың бірі зерек, бірі алғыр, бірі енжар, бірі баяу, ал енді бірі тым пысық. Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың қабылдауы әр түрлі.
Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді», – деген еді. Олай болса, бұл мәселеге мен де өз үлесімді қосуға тырысуым керек.Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Алдындағы әрбір шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын талмайтын етіп қатайтып ұшырады.Қандай рақат, шын бақытын тапса адам, – деп ақын жырлап өткендей, шынымен де, «бақыт» деген ұғымның бір шеті мен үшін осы ұстаз мамандығымен ұштасып жатыр. Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы, досы әрі сырласы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Мектепте оқып жүргенде-ақ өзімді іштей дайындап, өзімнің болашағымды осы ұстаздық жолында екенін сезінетінмін. Өзіме аянбай білім нәрін берген ұстаздарыма мың алғыс. Бәріміз де ұстаздың қолынан ұшқанбыз.«Жаңашыл ұстаз»… Бұл атау бүгінгі таңда педагогика саласында жиі ауызға алынып жүрген жаңа ұғымдардың бірі. Қазіргі кезде жаңашыл мұғалім ретінде даму – уақыт талабы.Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер, шығармашыл, ой-өрісі кең, білімді, мәдениетті болу керек. Демек, мен өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру менің қолымда. Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер ұстаз болу тек қана өзіме байланысты. Сондықтан аянбай барлық күшімді салуым керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес па?!№65 ЖҰМЫСТАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢГЕНДІГІҢІЗДІ АЙТЫҢЫЗӨмір. Өмір деген өзені сарқыраған, сулары арқыраған, құстары шиқылдап, әсем әуенге салған таңғажайып әлем. Бірақ та осы ғажайыптардың бәрі жоғалып, адамның әлемін қара түнек басатын кездер де болады. Бұл кезеңді қиындық кезеңі деп атайды. Қиындық кез келген адамның басынан өтетін жағдай. Бірақ мұны кейбіреулер болмашы нәрсе ғой, өтеді де кетеді деп қабылдаса, кейбір адамдар тағдырдың берген ауырпалығы деп түсінеді. Негізінде қиындықты жеңудің жолы бар. Ең бастысы қиындыққа қаймықпай қарсы тұрып, оны бір өтіп кететін нәрсе де қабылдау керек. Қиындықты күні бойы ойласаңыз, жансызданып қаласыз. Қиындықтар туралы ойлай берсеңіз, оның салмағы азаймайды, одан да әрекет етсеңіз одан құтылуға болады. Солай ғана оны жеңіп шығуға болады.
Маған да көптеген қиындықтар қарсы тұрып, жолыма тосқауыл болды. Сонда мен де күні бойы сол туралы ойлап, салым суға кетіп жүретін. Әрине, менің өмірімдегі қиындықтар сабаққа қатысты болды. Орыс тілін өте төмен деңгейде білдім, информатика сабағы да көптеген қиындықтар тудырды. Сонымен қатар отбасымнан жырақта жүрген соң оларға деген сағынышым да жанымды жегідей жеді. Күнде уайымдап, жылап, өз-өзімнен таусыла беретінмін, тіпті өмір сүруге деген құлшынысым азайып, алға қойған жоспарларымның ешқайсысы жүзеге аспады. Ұзақ жыладым, ешкіммен араласпай, дос болмай жүрдім. Сонда мен не ұттым? Әрине мұның бәрі маған кері әсерін тигізді. Ата-анам да мен үшін уайымдап, ұйықтамай жүрді.Түбінде мен үлкен жеңіске жеттім, өз қиындықтарымды жеңе білдім. Мұның ешқандай қиыншылығы жоқ. Ең басты алдыңа мақсат қоя біл, егер бір нәрсе қолыңнан келмесе, тырыс, талпын, сонда ғана сен сол көздеген мақсатыңа жетесің. Мен бүгін төмен нәтиже көрсетсем, келесіде жоғарғы нәтижеге жету үшін көп еңбектендім, және осы еңбегімнің жемісін көрдім. Сонымен қатар кейбір адамдар қиындықты өзі шақырып алады. Егер қиындық сені қуып келе жатса да артыңа қарама, оны ұстатпай қашып кететініңе сенімді бол. Бірақ саған қашу үшін күш керек, ал сен күшті өмірден аласың. Сол үшін сен өміріңді жандардырып күш жина, сол күшпен қиындық атаулыға оп-оңай тойтарыс бере аласың.Мен де күрестім, бірде жеңдім, бірде жеңілдім, бірақ мені жеңістерімнің көп болғандығы қуантады. Тағы да айта кететін нәрсе, қиындығың туралы жалғыз өзің ғана білмей, өзге адамдармен де бөліс, сонда олар саған бұндай жағдайлардан шығуға көмектеседі.Қорытындылай айтқым келетіні, алдыңа мақсат қоя біл, сол мақсатқа жетер жолда талай сүрініп, талай жығылсаң да ешқашан мойныңды артқа бұрма. Осы кезден бастап өз-өзіңді мықтылыққа тәрбиелесең, болашақта кез болған барлық қиындықтарды жоя аласың.№66 МЕНІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІКТЕРІМ-ИЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/276023