Материал: 1 лтты білім беру моделі мені кзарасыммен

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Өз -өзіңді бақылау, бағалау, қадағалау қарам-қатынастан басталады. Адам мен сөйлесең оның ойы мен пікіріне аса назар аударған жөн. Себебі бүгінгі қоғамда барлық адам өзінше ойлай жасай алады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақал-мәтел есіңе түсері анық. Қолыңнан келгенінше өзгеге көмек қолын ұсыну ол адамгершілік белгісі болып табылады. Адам алдымен өзінің ішкі және сыртқы көзқарасын өзгерту қоғамға басқаша көзбен қарау жан-жақты түсінуге тырысу. Алдыңа нақты мақсат қойсаң соған жетуге ұмтылу әрекет ету басты мақсатың жетуге өз-өзіңе жол ашу.«Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста» (М.Ганди), сөзіне сүйене отырып шығармамды қортындылауды жөн көрдім. Сенің көзқарасың ол сенің өмірің. Қоғамға, адамға деген ізгі ниет жылы қабақ мейірімділікті басшылыққа алсаң өзіңді де, өзгенің де өзгеруіне көмектесе аласың деген ойдамын.Адам алдымен өзгенің өзгеруін көру үшін өзіңе баса назар аударған жөн.№71 НЕЛІКТЕР ЕРІКТІ БӨЛУ МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ОДАН ӨЗІҢІЗ ҮШІН НЕ АЛУҒА БОЛАДЫ?Ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөз. Тағы бір мағынасы өзінің қалауымен әскерге барушы адам. Ал қоғамда олардың орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. «Еріктілер деген кім, олар немен айналысады, олар не үшін мұндай жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға бүгін жауап іздейм. Еріктілердің өздеріне дәл осы сұрақтарды қойсаңыз, бірден жауап бере алмауы мүмкін. Себебі олар  өздерінің қалауымен, жан қалауларымен жасап отырғаннан кейін бірден «ерікті деген мынау» деп жауап қайтара алмайды. Бір сөзбен айтқан кезде «еріктілер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ. Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады.Қазақ тілінің сөздігіне бір үңілсеңіз, «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін алуға болады. Асар – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті белгілі бір дәстүрге де айналып кетті. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар.
Қазақстанда 2020 жыл волонтерлар жылы деп жарияланғаны белгілі. Күні кеше ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен «Birgemiz» атты республикалық фронт-офистің ресми ашылуы өтті.- Еріктілік - бұл мемлекет пен жалпы қоғам дамуының көрсеткіші. Елдің жетістіктері мен жеңістері күнделікті пайдалы және маңызды істерді орындайтын патриот азаматтардың белсенді әрекеттеріне тікелей байланысты. Бізде ондай азаматтар өте көп. 16 мың адам - ​​бұл бастапқы сан ғана. Мен кем дегенде 100 мың, мүмкін миллиондаған адамдар, негізінен, өзінің жан дүниесімен, шын беріліп, өз еркімен, волонтерлықпен  айналысуға дайын екендігіне сенімдімін. Мемлекеттің, атқарушы органдардың, сондай-ақ Парламент депутаттарының міндеті - еріктілер қозғалысына қатысуға көмектесу. Біз мұны жасаймыз, - деді ҚР Президенті.

Ерікті деген кім?

Сонымен, волонтер деген кім? Олардың Қазақстандағы және әлемдегі белсенділігі қандай? Олар қаншалықты пайдалы?  Дерек бойынша волонтерлар дүние жүзінде кең таралып, әлемдік қозғалысқа, белсенді топқа айналды. Мәліметтерге сәйкес,  бүгінде әлем бойынша  1 млдқа жуық адам ерікті болып табылады. Ал Қазақстанда 16 мың төңірегінде екен. Президенттің пікірінше бұл өте  аз. Сондықтан бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін көтеруге болады. Себебі, олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі орасан. Мысалыға, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы – Еріктілер еңбегінің нәтижесі екен. Бірқатар  елдерде ерікті болу қалыптасқан жағдай,  олар үлкен құрметке ие. Себебі, жұрт оларды ерекше сыйлайды, құрметтейді. Келтірілген ақпаратқа қарағанда  Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған. Сонымен қатар, Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен.№72 ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ.БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚҰРУ "Волонтерлік" ұғымы латын тілінен аударылғанда – voluntarius "ерікті" мағынасын білдіреді. Волонтерлер (еріктілер) алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретіндегі көрсетеді. Қызмет тегін жүзеге асады. Кез келген адам еркіне қарай волонтер бола алады. Егер өзіңіз не серігіңізбен айналадағы қоқысты жинасаңыздар, экологиялық волонтерлік деп атауға болады. Демек волонтерлық қызмет – елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық дамуына әсер ететін күш.Кеңінен таралған волонтерлік қызметтер:* Қоршаған ортаны сақтау: қорықтарды, өзен-суларды, жан-жануарларды аңшы-балықшы-броконьерлерден қорғау қызметі* Табиғи және әскери апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету: психологиялық жәрдем, сауда-саттықпен көмектесу, тамақ дайындау, бұзылған объектілерді қайта қалыпқа келтіру, жоғалғандарды іздестіру, медициналық қолдау. * Табиғи және техногенді апат алдын алу: адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру.* Білім беру саласын, инновацияны және ғылымды дамыту: мектепте, балабақшада, колледж, университет және түрлі кәсіби клубтарда қызмет ету.* Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау: нысанды қалпына келтіру жұмыстарына ат салысу. 
* Маңызды іс-шаралар ұйымдастыру: спорттық, мәдени, білім беру саласындағы шараларға қатысу. * Мүмкіндігі шектеулі жандардың ішкі потенциалын ашу: көрме ұйымдастыру, шеберлік сыныптарын өткізу. Әлемге жақсылық нұрын шашу – өз қолымызда. Ақысы қайтпайтын жұмыс деп емес, көп тәжірибе мен керемет адамдармен тіл табыстыратын, жаңа бастамаға апаратын ғажап жол деп ұққан абзал. «Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды  ақылға  жеңдіре  білу,  командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек.Мұқтаж адамдарға көмек қолын соза алатын кез келген адам волонтер бола алады. Волонтерлі қызметтің мақсатты бағытталған тобы түрлі көмекке мұқтаж жандар болуы мүмкін: ауру жəне ауру балалар, нашақор немесе маскүнем ата-ана балалары, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер жəне кедей адамдар, сонымен қатар ҮЕҰ, жануарлар, табиғат жəне т.б.«Асар» – бұл ерте уақыттағы «көмек сұраған» адамдарға ерікті көмек көрсету түрі. Бұл шақыруға келушілер, қыстақ салуда, той жəне жерлеу рəсімдерін ұйымдастыруға көмек берген. Асар түрлі жастағы жəне əр түрлі əлеуметтік статусқа ие адамдарды бір істе біріктіргенмұқтаж жанға көмек беру. Бұл ерікті көмек беру идеясының таралуындағы алғашқы қадамдар. Ол жеке бір индивидуалдық емес, қоғамдық игілік үшін қажет. Уақыттар өтті, асар əлі де бар, алайда оған паралельді көмектің түрі пайда болды олволонтер.Қазақстан Республикасында волонтерліктің дамуы жəне дамудағы проблемаларға тоқталардан бұрын волонтерліктің пайда болуына тоқталайық. Волонтерліктің пайда болуы мен даму тарихына тоқталар болсақ. Волонтер түсінігі əлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі секілді. Адам тарихында ерікті жəне дүниеқорлық мақсатта емес көмекке ешқашан қоғам қарсы болмаған. Қоғамда əрдайым қоғам игілігі үшін еңбек етуші адамдар болған.
Тарихқа дейінгі кезеңде қоғамда ауылдық жерлерде өмір сүру үшін адамдар бірлесіп өнім жинаған, үй соққан, жол жөндеген. Мүмкін, XIX ғасырда индустрализация, ақша рөлінің жоғарылауы, урбанизацияға қостаушы аутичтілік, анонимділіктер, бір-біріне көмек беру жəне ынтымақтастық секілді құндылықтарды үзді.1920 жылы бұл құндылықтар қайта пайда болды, ол жеккөрушілікке қарсы дəру ретінде Бірінші Дүние Жүзілік соғыста пайда болды. Сол жазда Австрия, Англия, Германия жəне Швециядан волонтерлар, соның ішінде бұрынғы сарбаздар, Вердуна жанындағы ауылды қайта қалпына келтіру мақсатында жиналды, ол ауыл миллиондаған адам өмірін қиған соғыс зардабынан қираған болатын. Міне осыдан кейін адамзат тарихында халықаралық волонтер лагерінде алғашқы волонтерлік қозғалыс пайда болды, ол қазіргі күнге қызмет етуде. Ол французша атауға ие  Service Civil International (Халықаралық Азаматтық Көмек), қысқаша S.C.I.Волонтерлік көмек тез таралды 1920-1930 жылдар S.C.I. жалғастырушылар көбейді. Сол уақытта мұндай ұйымдар түрлі еуропалық елдердің жастарының достық қарымқатынас   құру   тəсілі   ретінде   бағаланды. 1929 жылғы қатаң экономикалық крисиз кезінде АҚШтан бастап Болгарияға дейінгі елдер волонтерлік жұмыстарын жұмыссыз жастарды бос жүргізбей əлеуметтік қажет іспен айналыстырып, тегін тамақ пен төсек орынмен қаматамасыз етілуі үшін ұйымдастырды.Өкінішке орай, бұл халықаралық ұйымдардың идеялары неміс жұмысшы бригадасы Hitlerjugend Arbeitsdienst жəне өзге тоталитарлық елдердегі ұйым əсерлерінен бұрмаланушылыққа ұшырады жəне өзге ағымға бұрылды.1934 жылы S.C.I. төрт еуропалық волонтерлерді Үндістандағы кедейлерге көмек беруге жіберді. Бұл команда British Volunteer Programme, US Peace Corps, Deutsche Entwiklungsdienst секілді ұйымдардың жəне өзге топтардың бастамашысы болды. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін жас волонтерлер Еуропаның қайта қалпына келтіруіне қатысты. Олар мынадай проекттерде жұмыс жасады: Варшава орталығын соғу, батыс Еуропадағы қираған қалаларды қайта қалпына келтіру, Югославиядағы Bratsvo-Edinstvo көлік магистралін құруда. Волонтер халықтар арасында достық қарым-қатынас орнауына өз септігін тигізді.Қырғи-қабақ соғыс кезінде жүрек пен адам санасының «мұздау» қаупі туды. Адамдар волонтер көмегіне суынуы жəне волонтерлік бəсекелестіктің мықты құрал болу қауіптері төнді. Алайда, 1948 жылы  құрылған   ЮНЕСКО-ның  жəне Халықаралық Волонтерлік Ұйымның Координациялық Комитетінің арқасында шығыс жəне батыстағы волонтерлік ұйымдар жұмыстары тоқтап қалмады. 1960 жылдары американдықтар халықаралық СССР, ГДР жəне Венгриядағы волонтерлік жұмыс лагерьлерінде болды, онда нағыз
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/276023