бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.162-бап. Жаппай жою қаруын өндiру, иемдену немесе өткізу
Ескерту. 162-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған химиялық, биологиялық, ядролық, сондай-ақ жаппай жою қаруының басқа да түрiн өндiру, иемдену немесе өткiзу –
бес жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.163-бап. Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану
1. Әскери тұтқындарға немесе азаматтық тұрғындарға қатыгездікпен қарау, азаматтық тұрғындарды депортациялау, оккупацияланған аумақта ұлттық мүлiктi жою немесе тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған құралдар мен әдiстердi қарулы қақтығыста қолдану –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған жаппай жою қаруын қолдану –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017
№ 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
164-бап. Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу
1. Оккупацияланған аумақта немесе соғыс қимылдары ауданында қаруын тапсырған немесе қорғану құралдары жоқ, жараланған, ауру, корабль апатына ұшыраған адамдарды, медицина жұмыскерлерін, санитариялық және діни персоналды, әскери тұтқындарды, азаматтық тұрғындарды, соғыс қимылдары уақытында халықаралық қорғауды пайдаланатын өзге де адамдарды қарсы жақтың қарулы күштеріне қызмет етуге немесе қоныс аударуға мәжбүрлеу не олардың тәуелсіз және бейтарап сотқа құқығынан айыру не қылмыстық сот ісін жүргізуде осы адамдардың қорғану құқығын шектеу –
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде тізбеленген адамдарды өлтіру –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.165-бап. Қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзушылықтар
Қорғалмаған жергілікті жерлерді және демилитарландырылған аймақтарды шабуыл жасау объектісіне айналдырудан не бітімгершілік, соғыс қимылдарын тоқтата тұру туралы келісімдерді немесе шайқас алаңында қалған жаралылар мен қаза тапқандарды алып шығу, айырбастау немесе тасымалдау мақсатында жасалған жергілікті келісімдерді бұзудан не азаматтық тұрғындарға немесе азаматтық объектілерге шабуыл жасаудан не оккупацияланған аумаққа өзінің азаматтық тұрғындарының бір бөлігін көшіруден не әскери тұтқындарды және азаматтық адамдарды репатриациялауға қисынсыз кедергі келтіруден болған қарулы қақтығыс уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзу –
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.166-бап. Қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру
1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қарулы қақтығыс уақытында соғыс заңдары мен дәстүрлерін немесе халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бағынышты адамның дайындап жатқан қылмыстық бұзушылықтарын алдын алу немесе жасайтын қылмыстық бұзушылықтарының жолын кесу үшін барлық ықтимал шараларды өз өкілеттіктері шегінде қасақана қолданбауы –
жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бастықтың немесе лауазымды адамның қарулы қақтығыс уақытында бағынышты адамға ешкімді тірі қалдырмауға бұйрық немесе соғыс заңдары мен дәстүрлерін немесе халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзушылықтар жасауға бағытталған өзге де көрінеу қылмыстық бұйрық немесе өкім беруі –
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.167-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану
Соғыс қимылдары уақытында халықаралық шарттарға қарамастан Қызыл Крест, Қызыл Жарты ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын немесе мәдени құндылықтарға арналған қорғау белгілерін немесе халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерді қасақана пайдалану не қарсыластың, бейтарап мемлекеттің мемлекеттік туын немесе мемлекеттік айырым белгілерін, халықаралық ұйымның туын немесе белгісін пайдалану –
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.168-бап. Геноцид
1. Геноцид, яғни ұлттық, этностық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зиян келтiру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп беріп жіберу, күштеп көшiру не осы топтың мүшелерiн қырып-жою мақсатында өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана іс-әрекеттер –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 168-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.169-бап. Экоцид
Өсiмдiктер әлемін немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфераны, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық зілзаланы немесе төтенше экологиялық ахуал туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де әрекеттердi жасау –
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 169-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).170-бап. Жалдамалылық
1. Жалдамалыны азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу –
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жалдамалының қарулы қақтығысқа, соғыс қимылдарына немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне қатысуы не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуы –