Материал: азастан Республикасыны ылмысты кодексi

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      3. Басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны өзге мақсаттарға пайдалануына байланысты жалақының толық көлемде және белгiленген мерзiмде төленуiн бiрнеше рет кiдiртуi –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
      Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.153-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
      1. Жұмыс берушiнiң немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын он сегiз жасқа толмаған жұмыскерлердiң еңбегiн қолдануға тыйым салынған жұмыстарға кәмелетке толмағандарды тарту бөлігінде бұзуы –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

      2) бiрнеше рет;

      3) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

      4) алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен;

      5) кiнәлi адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетiнi немесе дәрменсiз күйде екенi көрiнеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 153-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.154-бап. Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау
      Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып кедергі жасауы, сол сияқты олардың заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан араласуы –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
      Ескерту. 154-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.155-бап. Бейбіт жиналысты ұйымдастыруға, өткізуге немесе оған қатысуға кедергі жасау
      Ескерту. 155-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 25.05.2020 № 334-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бейбіт жиналысты, өзге де заңды жария іс-шараны ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу –

      екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 155-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.156-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу
      1. Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаған, абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы –

      бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.157-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу
      1. Ереуiлге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу –

      үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған не күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
158-бап. Журналистiң заңды кәсіби қызметiне кедергi жасау
      1. Журналисті ақпаратты таратуға не таратудан бас тартуға мәжбүрлеу жолымен, сол сияқты журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі жасайтын не оны осындай мүмкіндіктен толық айыратын жағдай туғызу жолымен оның заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау –

      бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, сол сияқты журналиске немесе оның жақындарына қатысты күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не олардың мүлкін бүлдіріп немесе жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
159-бап. Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын заңсыз шектеу
      Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын заңсыз шектеу –

      сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
      Ескерту. 159-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-тарау. БЕЙБIТШIЛIККЕ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚАУIПСIЗДIГIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР160-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргiзу
      1. Басқыншылық соғысты жоспарлау немесе дайындау –

      он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргiзу –

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 160-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.161-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру
      1. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру –
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/260552