Материал: азастан Республикасыны ылмысты кодексi

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

      бір мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер –

      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер –

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым өкілдерінің Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы –

      үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 179-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.180-бап. Сепаратистік әрекет
      1. Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды не мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату –

      бiр мыңнан бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер –

      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзу не мемлекетті ыдырату мақсатында жасалған әрекеттер –

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.
      Ескерту. 180-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.181-бап. Қарулы бүлiк
      1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе өзгерту не оның біртұтастығы мен тұтастығын, сондай-ақ оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзу, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру мақсатында қарулы бүлiк ұйымдастыру –

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Қарулы бүлікке қатысу –

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 181-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
182-бап. Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу
      1. Экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету –

      мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысу –

      мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. Экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту. 182-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.183-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру
      Ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-топтық айрықшалықты, соғысты насихаттайтын, билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстап тұруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыруды қамтитын мәліметтер мен материалдарды баспа беттерінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
      Ескерту. 183-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.184-бап. Диверсия
      Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға немесе бүлдіруге бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсаттарда жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату –

      мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 184-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету
      1. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау, сол сияқты құқыққа сыйымсыз алынған, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді тарату, мемлекетке опасыздық жасау немесе тыңшылық белгiлерi болмаған кезде –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сенiп тапсырылған немесе мәлiм болған мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық жасау белгiлерi болмаған кезде –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар iрi залал келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқса, –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
186-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту
      1. Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сенiп тапсырылған мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді абайсызда жоғалтуы, егер жоғалту мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жеткізгіштермен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын бұзу салдары болып табылса, –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.

      2. Ірi залал келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 186-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-тарау. МЕНШIККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР187-бап. Ұсақ-түйек жымқыру
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/260552