Материал: азастан Республикасыны ылмысты кодексi

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

      Азаматтың декларация тапсыруы міндетті болып табылатын жағдайларда кірістері туралы декларацияны табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалған, салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса,

      - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті жасаған адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту. 244-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.245-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару
      1. Декларация табыс ету міндетті болып табылған кезде декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға табыстар және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып;

      2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бюджетке түспеген төлемдер сомасының екі еселенгеннен үш еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті жасаған адам (қылмыстық топ жасаған іс-әрекетті қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту. 245-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
246-бап. Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағдайда пайыздар есебіне билiк етуі шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер
      Ескерту. 246-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Мүлкi шектелген адам жасаған, мемлекеттік кіріс органдары билiк етуге шектеу қойған мүлiктi ысырап ету, иелiктен шығару, жасырып қалу немесе заңсыз беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мүлiктi беруден бас тарту, сол сияқты банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметшiсiнiң мемлекеттік кіріс органдары шығыс операцияларын тоқтата тұрған банктік шоттар бойынша банк операцияларын жүзеге асыруы –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
      Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.247-бап. Заңсыз сыйақы алу
      1. Мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамы болып табылмайтын жұмыскерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамның, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң өз мiндеттерi аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметтер көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипатта көрсетiлетін қызметтерді заңсыз алуы –

      сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет –

      бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. Егер сыйлықтың құны бес айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның өзінің міндетіне кіретін жұмыстарды бұрын орындағаны немесе қызметтер көрсеткені үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде сыйлық ретінде материалдық сыйақы, жеңілдік немесе мүлiктiк сипаттағы қызметті алуы маңызы аз болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды және ол тәртiптiк ретпен қудаланады.
      Ескерту. 247-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.248-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу
      1. Күш қолдану, бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiру, сол сияқты жәбiрленушiнің немесе оның жақындарының құқықтары мен мүдделерiне елеулі зиян келтіруі мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаған кезде –

      екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Мынадай:

      1) бiрнеше рет;

      2) күш қолданып жасалған дәл сол іс-әрекет –

      үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

      екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. 248-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.249-бап. Рейдерлiк
      1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге алып келген, жоғары органның шешiм қабылдауы кезiнде жиналыстың, отырыстың хаттамаларына, олардан үзiндi көшірмелерге дауыс берушiлердiң саны, кворум немесе дауыс беру нәтижелерi туралы көрiнеу анық емес мәлiметтердi енгiзу не дауыстар санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң есебiн көрiнеу дұрыс емес жүргiзу, акционердiң, қатысушының, басқару органы мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу, жиналыстың, отырыстың өтуi туралы мәлiметтердi хабарламау не жиналыстың, отырыстың өтетiн уақыты мен орны туралы анық емес мәлiметтердi хабарлау, көрiнеу жалған сенiмхатпен акционердiң, қатысушының немесе басқару органы мүшесiнiң атынан дауыс беру жолымен дауыс беру нәтижелерiн қасақана бұрмалау не құқықты еркiн iске асыруға кедергi келтiру арқылы, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын бұзу, шектеу немесе оған қысым жасау, сол сияқты бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асыру кезiнде қасақана кедергiлер келтіру арқылы не акционерлердің, қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдер қабылдауы кезінде акционердің, заңды тұлғаға қатысушының құқықтары мен заңды мүдделеріне өзге де қысым жасау немесе заңды тұлғаның құрылтай немесе өзге де құқық белгілейтін құжаттарын, мөрлерін ұстап қалу жолымен заңды тұлғаны басқаруға не жалпы жиналыстың шешімін орындауға немесе атқарушы органның функцияларын жүзеге асыруға қасақана кедергілер келтіру арқылы заңды тұлғаға қатысу үлесіне меншік құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкі мен бағалы қағаздарын заңсыз иемдену немесе заңды тұлғаның үстінен заңсыз бақылау орнату –
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/260552