| 10-сынып Өркениет: даму ерекшеліктері | 11-сынып Өркениет: даму ерекшеліктері |
| Білім алушылар: | |
| 10.1.1.1 "Орталық Азия" түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану | 11.1.1.1 Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттеу |
| 10.1.1.2 әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу | 11.1.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктерін "тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі" , "қоныстану жүйесі", "экожүйе" ұғымдарын пайдалана отырып анықтау |
| 10.1.1.3 Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.1.3 картаны пайдаланып дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін классификациялау |
| 10.1.2.1 картаны пайдаланып "Ұлы Дала" тарихи-географиялық аймағын анықтау | 11.1.1.4 этнографиялық материалдар негізінде қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау |
| 10.1.2.2 тарихи дерек көздерді талдау негізінде "Ұлы Дала" ұғымының мәнін түсіндіру | 11.1.2.1 картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттеу |
| 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру | 11.1.2.2 Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөліне талдау жасау |
| 10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.2.3 сауда-экономикалық қарым-қатынастар жүйесіндегі көшпелі және отырықшы халықтың өзара қарым-қатынасын сипаттау |
| 10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау | 11.1.2.4 дереккөздер негізінде көшпелі және отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін анықтау |
| 10.1.2.6 "Өркениет" ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалану |
| 10.1.2.7 әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау | 11.1.3.2 ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау |
| 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау | 11.1.3.3 Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдерін талдау, олардың ерекшеліктерін анықтау |
| 10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау | 11.1.4.4 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттеу және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болашағын болжау |
| 10- сынып Этникалық және әлеуметтік процестер | 11- сынып Саяси-құқықтық процестер |
| Білім алушылар: | |
| 10.2.1.1 Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдалану | 11.2.1.1 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "аграрлық саясат", "көші-қон саясаты", "моноэтностық құрам" ұғымдарын пайдалану |
| 10.2.1.2 этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағында этногенездің кезеңдерін айқындау | 11.2.1.2 Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу |
| 10.2.2.1 қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа", "жүз", " ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдалану | 11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "депортация", "арнайы қонысаударылғандар", "полиэтникалық қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдарын пайдалану |
| 10.2.2.2 тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау | 11.2.1.4 Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін түсіндіру |
| 10.2.2.3 қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар) | 11.2.2.1 көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін "көші-қон", "эмиграция", "иммиграция", "репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдарын пайдалану |
| 10.2.2.4 қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіндіру | 11.2.2.2 Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру |
| 10.2.2.5 қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлін түсіндіру | 11.2.2.3 мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін бағалау |
| 10.2.2.6 қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдалану | 11.2.2.4 Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау |
| 10.2.2.7 дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру | |
| 10.2.2.8 туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде "мәдени-генетикалық код" ұғымын қолдану | |
| 10-сынып Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан: | 11-сынып Қоғамдық саяси ойдың дамуы |
| Білім алушылар: | |
| 10.3.1.1 Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін "мемлекет", "билік", "саяси ұйым" ұғымдарын пайдалану | 11.3.1.1 ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын анықтау |
| 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру | 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау |
| 10.3.1.3 Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау | 11.3.1.3 қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау |
| 10.3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау | 11.3.1.4 қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар-заман" өкілдерінің идеяларын түсіндіру |
| 10.3.2.2 ерте және дамыған ортағасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау | 11.3.1.5 XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси қызметін талдау |
| 10.3.2.3 түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау | 11.3.2.1 "Алаш" ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау |
| 10.3.2.4 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы ұлыс жүйесінің дамуын зерттеу | 11.3.2.2 қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастарын салыстыру |
| 10.3.2.5 XIII -XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтау | 11.3.3.1 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау |
| 10.3.3.1 Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау | 11.3.3.3 "Мәңгілік Ел" – патриоттық актісін" және "Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын" зерттеу негізінде мемлекеттің идеология саласындағы саясатын түсіндіру |
| 10.3.3.2 Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау | |
| 10.3.3.3 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақ хандығының саяси институттарының ерекшеліктерін зерттеу | |
| 10.3.4.1 Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау | |
| 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу | |
| 10.3.4.3 Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру тарихын зерттеу | |
| 10.3.4.4 Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін "автономдық кеңес республикасы", "кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын пайдалану | |
| 10.3.4.5 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау | |
| 10.3.4.6 Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау | |
| 10.3.4.7 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып, Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау | |