| Бөлім | Бөлімше | Тақырып | Оқыту мақсаттары |
| 1-тоқсан | |||
| Өркениет: даму ерекшеліктері | Өркениет түсінігі және оның түрлері | "Өркениет" түсінігі | 10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "өркениет", "өркениет типі" терминдерін қолдану; 10.1.1.2 "Өркениет" түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру |
| Өркениеттің: дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрлері | 10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрінің ерекшеліктерін анықтау; 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау | ||
| Әлем өркениеттері нің тарихы | Ежелгі әлем өркениеті | 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау; 10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін талдау | |
| Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері | 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау; 10.1.3.3 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін талдау | ||
| Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы | 10.1.3.4 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау; 10.1.3.6 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау | ||
| Өркениеттер дің өзара әрекеттесуі | Өркениеттер әрекеттестігінің сауда- экономикалық аясы | 10.1.4.1 себеп-салдарлық байланыс ты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау; 10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдар дың рөлін анықтау | |
| Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы | 10.1.4.3 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау | ||
| Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси аясы | 10.1.4.4 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру; 10.1.4.5 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау | ||
| 2-тоқсан | |||
| Этника лық және әлеумет тік процестер | Антропогенез және этногенез | Адамның шығу тегі теориялары | 10.2.1.1 антропогенездің теорияларын жүйелеу және тұжырымдау |
| Этностардың пайда болуы және дамуы | 10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдарын қолдану; 10.2.1.3 әлем картасын пайдалана отырып тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру; 10.2.1.5 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәденилікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу | ||
| Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар | Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары | 10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "ұлтшылдық", "шовинизм", "нәсілдік кемсітушілік" терминдерін қолдану; 10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстар дың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау | |
| Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері | 10.2.2.3 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау; 10.2.2.4 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу | ||
| Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары | Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі | 10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін "социогенез", "формациялық әдіс", "өркениеттік әдіс" ұғымдарын қолдану; 10.2.3.2 социгенез теорияларын жүйелеу және тұжырымдау | |
| Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары | 10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру; 10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу | ||
| 3 - тоқсан | |||
| Мемлекет, соғыс және револю циялар тарихы нан | Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер | Мемлекет түсінігі және саяси режимдердің түрлері | 10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "мемлекет", "билік", "басқару институты" терминдерін қолдану |
| 10.3.1.2 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру | |||
| Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери -саяси оқиғалар | Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы | 10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек-парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру; 10.3.2.2 эллинизмді таратуда А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау | |
| Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде | 10.3.2.3 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау; 10.3.2.4 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдау | ||
| Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары | 10.3.2.5 дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтау | ||
| Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы | 10.3.2.6 моңғол шапқыншылығы ның Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау; 10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау | ||
| Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері | 10.3.2.8 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату; 10.3.2.9 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау | ||
| ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері | 10.3.2.10 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру; 10.3.2.11 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау | ||
| Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде | Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы | 10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау; 10.3.3.2 буржуазиялық революция лардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру | |
| Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде | 10.3.3.3 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу; 10.3.3.4 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау | ||
| Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары | 10.3.3.6 Шығыс Еуропадағы "барқыт" революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау; 10.3.3.7 "араб көктемі" және "түрлі-түсті революциялардың" ішкі және сыртқы факторларын анықтау | ||
| 4 - тоқсан | |||
| Мәдениет тің дамуы | Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары | Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі | 10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын түсіндіру; 10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау |
| Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы | 10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшелік- терін анықтау; 10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру; | ||
| Өнер – қоғам дамуының бейнесі | Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері | 10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін "абстракцианизм", "модернизм", "постмодернизм", "авангардизм", "футуризм", "кубизм", "сюрреализм", "экспрессионизм", "гиперреализм", "хайтек" терминдерін қолдану; 10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау; 10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау | |
| Зманауи өнердің даму тенденциялары | 10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау; 10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау | ||
| Қазіргі қоғамның рухани-адамгер шілік құндылық тары | Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі | 10.4.3.1 қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеруінің мысалдарын зерттеу; 10.4.3.2 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау | |
| Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі | 10.4.3.3 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру; 10.4.3.4 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау | ||
| Бөлім | Бөлімше | Тақырып | Оқу мақсаттары. Білім алушылар тиісті: | | ||
| 1-тоқсан | | |||||
| Өркениет: даму ерекшеліктері | Экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық | Экономика және экономикалық жүйелердің типтері | 11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдарын қолдану; 11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу | | ||
| Дәстүрлі (аграрлық) экономика | 11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау | | ||||
| Нарықтық экономика | 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшелітерін түсіндіру; 11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау | | ||||
| Жоспарлы (социалистік) экономика | 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру; 11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау | | ||||
| Экономиканың аралас түрі | 11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу | | ||||
| Мемлекеттің экономикалық дамуына табиғи-географиялық фактордың әсері | Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары | 11.1.2.1 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің амалдарын зерттеу; 11.1.2.2 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекет тердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау | | |||
| Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі | Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі | 11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау; 11.1.3.2 алғышарттардың негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу | | |||
| Жекелеген мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілікке және экономикалық артта қалушылыққа төтеп беру жолдары | 1.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау; 11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау | | ||||
| 2-тоқсан | | |||||
| Саяси-құқықтық процестер | Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам | Құқықтық мемлекет түсінігі | 11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "құқықтық мемлекет" ұғымын қолдану | | ||
| Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі | 11.2.1.2 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау; 11.2.1.3 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу | | ||||
| Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы | 11.2.1.4 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "азаматтық қоғам" ұғымын қолдану; 11.2.1.5 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының тарихи байланысын анықтау | | ||||
| Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдар | 11.2.1.6 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау | | ||||
| Әлемнің қазіргі саяси жүйесі | Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі | 11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау; 11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау | | |||
| Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі | 11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін "постбиполярлық жүйе", "көпвекторлы саясат", "бір полярлы әлем" ұғымдарын қолдану; 11.2.2.4 қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау | | ||||
| Қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі | Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер | 11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "сепаратизм", "терроризм", "фундаментализм", "экстремизм", "миграция", "босқын" терминдерін қолдану; 11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық терроризмнің таралу себептері мен салдарларын анықтау | | |||
| | Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда мемлекеттердің бірлескен әрекеттері | 11.2.2.4 тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау; 11.2.3.3 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау | | |||
| 3 - тоқсан | | |||||
| Қоғамдық-саяси ойдың дамуы | Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы | Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары | 11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін "либерализм", "ұлтшылдық", "социал-демократия", "марксизм", "экзистенциализм", прагматизм", "позитивизм" түсініктерін қолдану; 11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау; 11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу | | ||
| ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер | М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы | 11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде "гандизм" ұғымын түсіндіру; 11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау | | |||
| Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы | 11.3.2.3 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолдану; 11.3.2.4 - азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау | | ||||
| Н. Манделла –апартеидке қарсы күресуші | 11.3.2.4 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азамат- тық позициясының маңыздылығын бағалау; 11.3.2.5 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын қолдану | | ||||
| ХХ ғасырдағы – ХХI ғасырдың. басындағы көрнекті саясаткер-реформатор лар | Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы | 11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау; 11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану; 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытын- дылар жасау | | |||
| Франклин Делано Рузвельт және оның "жаңа бағыты" | 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау; 11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау | | ||||
| Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы | 11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін "голлизм" ұғымын қолдану; 11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу | | ||||
| Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы | 11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін "қытайлық ерекшелігі бар социализм" ұғымын қолдану; 11.3.3.8 ҚХР мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу себептерін талдау | | ||||
| Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммад: "үшінші әлемнен бірінші әлемге" | 11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы "экономикалық ғажайып" факторларын тұжырымдау; 11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру | | ||||
| Н. Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі | 11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау; 11.3.3.12 "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" стратегияларының мысалында мемлекет дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау қажеттілігін дәлелдеу; 11.3.3.13 Қазақстан Республикасы ның Тұңғыш Президентінің "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ұсыну өзектілігін негіздеу | | ||||
| 4-тоқсан | | |||||
| Білім мен ғылымның дамуы | Білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде | Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері | 11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу; 11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау | | ||
| Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін | 11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау; 11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау; 11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру | | ||||
| Жоғары білім беру жүйесі: өткені мен бүгіні | 11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу; 11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау; 11.4.1.8 заманауи жоғары білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау | | ||||
| Ғылыми-техникалық прогресс | Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері | 11.4.2.1 мемлекетердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін "өнеркәсіп революциясы", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын қолдану; 11.4.2.2 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау; | | |||
| Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары | 11.4.2.3 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін "ғылыми-техникалық прогресс" ұғымын қолдану; 11.4.2.4 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу | | ||||
| Қазіргі заманғы ғылыми технологиялар | Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар | 11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу; 11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер дің ықтимал салдарын болжау | | |||
| Қазіргі ғылымның перспективті салалары | 11.4.3.3 ғылымның заманауи тенденция ларының дамуын түсіндіру үшін "гендік инженерия", "нанотехнология", "энергияның балама көздері" ұғымдарын қолдану; 11.4.3.4 жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау; 11.4.3.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндіру | | ||||
| | Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 120-қосымша | |||||