| 10- сынып Өркениет: даму ерекшеліктері | 11- сынып Өркениет: даму ерекшеліктері |
| Білім алушылар: | |
| 10.1.1.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "өркениет", "өркениет типі" терминдерін қолдану | 11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдарын қолдану |
| 10.1.1.2 "Өркениет" түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру | 11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып оларды жіктеу |
| 10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды түрінің ерекшеліктерін анықтау | 11.1.1.3 мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін анықтау |
| 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау | 11.1.1.4 экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшелітерін түсіндіру |
| 10.1.3.1 ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін талдау | 11.1.1.5 елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән белгілерді анықтау |
| 10.1.3.2 мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттеу | 11.1.1.6 мемлекеттердің мысалында жоспарлы (социалистік) экономикаға тән белгілерін анықтау |
| 10.1.3.3 локальді өркениеттердің ерекшеліктерін талдау | 11.1.1.7 экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу |
| 10.1.3.4 әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.2.1 экономиканың дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің амалдарын зерттеу |
| 10.1.3.5 қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын анықтау | 11.1.2.2 қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау |
| 10.1.3.6 қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау | 11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау |
| 10.1.4.1 себеп-салдарлық байланысты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау | 11.1.3.2 өлшемшарттар негізінде мемлекеттерді экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу |
| 10.1.4.2 әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтау | 1.1.3.3 мемлекеттердің кедейшілік мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетін зерттеп, оның тиімділігін анықтау |
| | 11.1.3.4 мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау |
| 10.1.4.3 қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау | |
| 10.1.4.4 ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін түсіндіру | |
| 10.1.4.5 қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын анықтау | |
| 10- cынып Этникалық және әлеуметтік процестер | 11-сынып Саяси-құқықтық процестер |
| Білім алушылар: | |
| 10.2.1.1 антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау | 11.2.1.1 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "құқықтық мемелекет" ұғымын қолдану |
| 10.2.1.2 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдарын қолдану | 11.2.1.2 мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау |
| 10.2.1.3 әлем картасын пайдалана отырып әртүрлі тарихи кезеңдердегі этникалық процестерді түсіндіру | 11.2.1.3 қазіргі кездегі адам құқықтарының Жалпы Декларациясының маңызын негіздеу |
| 10.2.1.4 қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерін анықтау | 11.2.1.4 мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесі дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "азаматтық қоғам" ұғымын қолдану |
| 10.2.1.5 жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени лікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу | 11.2.1.5 құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының байланысын анықтау |
| 10.2.2.1 тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "ұлтшылдық", "шовинизм", "нәсілдік кемсітушілік" терминдерін қолдану | 11.2.1.6 мемлекеттердегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау |
| 10.2.2.2 ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын анықтау | 11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау |
| 10.2.2.3 ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау | 11.2.2.2 әлемнің биполярлы жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау |
| 10.2.2.4 ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін дәлелдеу | 11.2.2.3 қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін "постбиполярлық жүйе", "көпвекторлы саясат", "бір полярлы әлем" ұғымдарын қолдану |
| 10.2.3.1 тарихи процестерді түсіндіру үшін "социогенез", "формациялық әдіс", "өркениеттік әдіс" ұғымдарын қолдану | 11.2.2.4 қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын сипаттау |
| 10.2.3.2 социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау | 11.2.3.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "сепаратизм", "терроризм", "фундаментализм", "экстремизм", "миграция", "босқындар" терминдерін қолдану |
| 10.2.3.3 қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формаларын, оларға тән белгілерін анықтай отырып түсіндіру | 11.2.3.2 сепаратизм, экстремизм және халықаралық лаңкестіктің таралу себептері мен салдарларын анықтау |
| 10.2.3.4 қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу | 11.2.3.3 бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін талдау |
| 10- cынып Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан | 11-сынып Қоғамдық-саяси ойдың дамуы |
| Білім алушылар: | |
| 10.3.1.1 тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "мемлекет", "билік", "басқару институты" терминдерін қолдану | 11.3.1.1 қоғамдық ойдың дамуын түсіндіру үшін "либерализм", "ұлтшылдық", "социал -демократия", "марксизм", "экзистенциализм", "прагматизм", "позитивизм" түсініктерін қолдану |
| 10.3.1.2 деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру | 11.3.1.2 қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын бағалау |
| 10.3.2.1 деректерді қолдана отырып грек-парсы соғыстарының мысалында ерте империялардың пайда болу процесін түсіндіру | 11.3.1.3 XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттеу |
| 10.3.2.2 эллинизмді таратудағы А.Македонскийдің жорықтарының рөлін бағалау | 11.3.2.1 Үндістанның қоғамдық-саяси даму идеологиясы ретінде "гандизм" ұғымын түсіндіру |
| 10.3.2.3 халықтардың ұлы қоныс аударуының жағымды және жағымсыз салдарларын анықтау | 11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздікке жетудегі бейбіт жолмен қарсыласу идеяларының маңыздылығын анықтау |
| 10.3.2.4 тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өтудің заңдылығын тұжырымдау | 11.3.2.3 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолдану |
| 10.3.2.5 дәйекті қорытындылар жасау арқылы араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының себептерін анықтау | 11.3.2.4 азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын бағалау |
| 10.3.2.6 моңғол шапқыншылығының Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдау | 11.3.2.5 Оңтүстік Африка Республикасындағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "апартеид" ұғымын қолдану |
| 10.3.2.7 әлемдегі өзгерістерді зерттей отырып моңғол шапқыншылығының салдарларын бағалау | 11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау |
| 10.3.2.8 Наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату | 11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану |
| 10.3.2.9 Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералды қоғамдық идеялардың таралуындағы маңыздылығын бағалау | 11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі туралы қорытындылар жасау |
| 10.3.2.10 тарихи құжаттарды талдау негізінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын түсіндіру | 11.3.3.4 бейбіт және соғыс кезеңіндегі Ф. Рузвельттің ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін анықтау |
| 10.3.2.11 Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау | 11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-саяси процестерді түсіндіру үшін "голлизм" ұғымын қолдану |
| 10.3.3.1 аграрлы қоғамнан индустриалды қоғамға өту заңдылықтарын тұжырымдау | 11.3.3.6 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу |
| 10.3.3.2 буржуазиялық революциялардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді түсіндіру | 11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін "қытайлық ерекшелігі бар социализм" ұғымын қолдану |
| 10.3.3.3 социалисттік революцияның мәнін түсіну үшін әлеуметтік теңдік идеясының даму кезеңдерін зерттеу | 11.3.3.8 Қытай Халық Республикасы мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің себептерін талдау |
| 10.3.3.4 капитализмнен социализмге өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын анықтау | 11.3.3.9 тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы "экономикалық ғажайып" факторларын тұжырымдау |
| 10.3.3.5 социалистік революциялардың нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерін түсіндіру | 11.3.3.10 Сингапур және Малайзия мысалында мемлекет модернизациясының ерекшеліктерін салыстыру |
| 10.3.3.6 Шығыс Еуропадағы "барқыт" революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау | 11.3.3.11 қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін бағалау |
| 10.3.3.7 "араб көктемі" және "түрлі-түсті революциялардың" ішкі және сыртқы факторларын анықтау | 11.3.3.12 "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" стратегияларының мысалында мемлекет дамуының ұзақ мерзімді жоспарының тиімділігін дәлелдеу |
| | 11.3.3.13 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ұсынудың өзектілігін негіздеу |
| 10- cынып Мәдениеттің дамуы | 11-сынып Білім мен ғылымның дамуы |
| Білім алушылар: | |
| 10.4.1.1 ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу жолдарын түсіндіру | 11.4.1.1 тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу |
| 10.4.1.2 ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандар тізімі ескерткіштерінің мысалында тарихи-мәдени мұраның маңыздылығын анықтау | 11.4.1.2 адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтау |
| 10.4.1.3 әлемнің ең ірі мұражайларын зерттеп, ерекшеліктерін анықтау | 11.4.1.3 адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттау |
| 10.4.1.4 әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру | 11.4.1.4 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдау |
| 10.4.2.1 қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін "абстракционизм", "модернизм", "постмодер- низм", "авангардизм", "футуризм", "кубизм", "сюрреализм", "экспрессионизм", "гиперреа- лизм", "хайтек" терминдерін қолдану | 11.4.1.5 мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру |
| 10.4.2.2 өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау | 11.4.1.6 жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу |
| 10.4.2.3 әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау | 11.4.1.7 ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін талдау |
| 10.4.2.4 өзгерістер пен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау | 11.4.1.8 заманауи жоғарғы білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау |
| 10.4.2.5 бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдау | 11.4.2.1 мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін "өнеркәсіп революциясы", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын қолдану |
| 10.4.3.1 қоғамның тарихи даму контекстіндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мысалдарын зерттеу | 11.4.2.2 қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау |
| 10.4.3.2 қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін анықтау | 11.4.2.3 әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін "ғылыми-техникалық прогресс" ұғымын қолдану |
| 10.4.3.3 қоғамның тұрақты дамуы үшін қазіргі әлемнің жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру | 11.4.2.4 қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттеу |
| 10.4.3.4 жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін талдау | 11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу |
| | 11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау |
| | 11.4.3.3 ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін "гендік инженерия", "нанотехнология", "энергияның балама көздері" ұғымдарын қолдану |
| | 11.4.3.4 жаңа ғылыми бағытттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау |
| | 11.4.3.5 қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлерінің дамуынның маңызын түсіндіру |