19. Қышқылдардың формулалары Н3ЭО4 және Н2ЭО4 болса, олардың салыстырмалы молекулалық массалары 98-ге тең. Қышқыл түзуші элемент (Э)
A) азот B) фосфор C) көміртек D) кремний E) күкірт
20. Топ нөмірі сипаттайды
А) жалпы электрондар санын В) атомдағы электрондық қабаттар санын
С) сыртқы қабаттағы электрондар санын D) жалпы протондар санын
E) ядроның оң зарядын F) оттекті қосылыстарындағы жоғары валенттілігін
Химиялық элемент атомдарының қасиеті мен кейбір
сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі /8 cынып/
(100-102 беттер)
1. Топ бойынша негізгі топшада жоғарыдан төмен қарай
A) атом радиусы артады
B) энергетикалық деңгейлер саны артады
C) металдық қасиеті кемиді
D) соңғы энергетикалық деңгейдегі электрондарды бөліп алуға жұмсалатын энергияның мөлшері
азаяды
E) атом радиусы кемиді
2. Қосымша топша элементтерінің барлығы металдар. Олардың көпшілігінің
A) сыртқы қабаттарында үш электрондары бар
B) төменгі валенттіліктері үш, жоғарғы валенттілігі топтың нөміріне тең
C) сыртқы қабаттарында екі электрондары бар
D) төменгі валенттіліктері бір, жоғарғы валенттілігі 3-ке тең
E) төменгі валенттіліктері екі, жоғарғы валенттілігі топтың нөміріне тең
3. Жүйедегі әр периодтың
A) соңында орналасқан бейметалдардың оксидтері-негіздік оксидтер, гидроксидтері негіздер
B) бастапқы элементтерінің оксидтері-негіздік оксидтер, сәйкес келетін гидроксидтері негіздер
C) бастапқы элементтерінің оксидтері-қышқылдық оксидтер, сәйкес келетін гидроксидтері
қышқылдар
D) соңында орналасқан бейметалдардың оксидтері-қышқылдық оксидтер, гидроксидтері
қышқылдар
E) шамалы ортадағы элементтердің оксидтері мен гидроксидтері екіұдайылық қасиет көрсетеді
4. Бір периодта орналасқан элементтердің
A) энергетикалық деңгейлерінің саны бірдей
B) атом радиусы солдан оңға қарай артады
C) ядро зарядтарының артуына байланысты ядроның электронды тарту күші артады
D) атом радиусы солдан оңға қарай кемиді
E) ядро зарядтарының артуына байланысты ядроның электронды тарту күші кемиді
5. Периодтарда солдан оңға қарай элементтердің
A) сыртқы қабаттағы электрондар саны артады B) металдық қасиеттері әлсірейді
C) сыртқы қабатындағы электрондар саны өзгермейді D) металдық қасиеті артады
E) бейметалдық қасиеті артады
6. Металдар(дың)
A) сыртқы энергетикалық деңгейлері аяқталуға жақын B) электрондары өзгеріссіз қалады
C) сыртқы қабаттарында электрондар саны аз болады D) электрондарын беруге бейім келеді
E) электрондарды қосып алуға бейім келеді
7. Периодтарда солдан оңға қарай
A) оттекпен қосылыстарындағы валенттілігі 1-ден 8-ге дейін өседі
B) сутекпен қосылысындағы валентілігі өзгермейді
C) оттекпен қосылыстарындағы валенттілігі 1-ден 4-ке дейін өседі
D) оттекпен қосылыстарындағы валенттілігі өзгермейді
E) сутекпен қосылысындағы валентілігі кемиді
8. Негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай
A) ядро заряды өседі B) металдық қасиеті кемиді C) атом радиусы өседі
D) бейметалдық қасиеті өседі E) салыстырмалы атомдық массасы өседі
9. Периодтарда элементтердің реттік нөмірі артқан сайын
A) металдық қасиеті өседі B) салыстырмалы атомдық массасы өседі C) ядро заряды өседі
D) атом радиусы кемиді E) бейметалдық қасиеті кемиді
10. Периодтарда оңнан солға қарай
A) металдық қасиеті өседі B) салыстырмалы атомдық массасы өседі C) ядро заряды өседі
D) атом радиусы кемиді E) бейметалдық қасиеті кемиді
11. Негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай
A) оттекпен қосылыстарындағы валенттілігі 1-ден 8-ге дейін өседі
B) сутекпен қосылысындағы валентілігі өзгермейді
C) оттекпен қосылыстарындағы валенттілігі 1-ден 4-ке дейін өседі
D) оттекпен қосылыстарындағы валенттілігі өзгермейді, топ нөміріне тең
E) сутекпен қосылысындағы валентілігі кемиді
12. Бейметалдар(дың)
A) сыртқы энергетикалық деңгейлері аяқталуға жақын B) электрондары өзгеріссіз қалады
C) сыртқы қабаттарында электрондар саны аз болады D) электрондарын беруге бейім келеді
E) электрондарды қосып алуға бейім келеді
13. Негізгі топшаларда төменнен жоғары қарай
A) ядро заряды өседі B) металдық қасиеті кемиді C) атом радиусы өседі
D) бейметалдық қасиеті өседі E) салыстырмалы атомдық массасы өседі
14. Периодтарда элементтердің реттік нөмірі артқан сайын
A) металдық қасиеті кемиді B) салыстырмалы атомдық массасы кемиді C) ядро заряды кемиді
D) атом радиусы өседі E) бейметалдық қасиеті өседі
15. Негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай
A) ядро заряды кемиді B) металдық қасиеті өседі C) атом радиусы кемиді
D) бейметалдық қасиеті кемиді E) салыстырмалы атомдық массасы кемиді
Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау /8 cынып/
(103-105 беттер)
1. Хлор оксидтерінің формулалары
A) СІ2О7 B) СІ2О C) СІО3 D) СІО5 E) СІ2О3
2. Калийдің валенттілік электрондар саны және оның формуласы
A) 3s23p5 B) 1 C) 3s23p3 D) 4s1 E) 7
3. Элементтердің электрондарды қосып алу қасиеті артуымен орналасқан элементтер қатары
A) P, S, Cl, Si B) O, N, F, C C) Si, P, S, Cl D) N, F, C, O E) F, O, N, C
4. Қышқылдардың формуласы Н2ЭО3 болса, оның салыстырмалы молекулалық массалары 62-ге тең. Қышқыл түзуші элемент (Э)
A) көміртек B) фосфор C) азот D) кремний E) күкірт
5. Бейметалдық қасиеті артуымен орналасқан элементтер қатары
A) F, Cl, Br B) Br, F, Cl C) Se, Br, As D) Cl, Br, F E) As, Se, Br
6. ІІІ период элементінің оттекті қосылысының формуласы ЭО2 болса, осы элементтің сутекті қосылысының формуласын анықтаңдар
A) NН3 B) SіН4 C) РН3 D) СН4 E) Н2S
7. Хлор қосылыстарында көрсететін валенттіліктері
A) тек І B) II, IV C) II, III, VI D) I, III, V, VII E) II, IV, VII
8. Қай элементтің қату температурасы ( –273°С) абсолюттік нөл деп қабылданған?
A) сутек B) цезий C) гелий D) неон E) литий
9. Элементтердің электрондарды беру қасиеті артуымен орналасқан элементтер қатары
A) Ca, Mg, Ba, Sr B) Sr, Ba, Ca, Mg C) Ba, Sr, Ca, Mg D) Ca, Ba, Mg, Sr E) Mg, Ca, Sr, Ba
10. Ең жұмсақ (0,2), ең оңай балқитын (t°=28,5°C) металл
A) цезий B) калий C) рубидий D) натрий E) литий
11. Хлордың валенттілік электрондар саны және оның формуласы
A) 3s23p5 B) 1 C) 3s23p3 D) 4s1 E) 7
12. Металдық қасиеті артуымен орналасқан элементтер қатары
A) Li, Na, K B) Na, Mg, Al C) Na, Li, K D) Mg, Na, Al E) Li, K, Na
13. Айна өндірісінде қолданылатын металл
A) алтын B) мыс C) платина D) күміс E) сынап
14. Алтын атын жамылған қосылыс (шіркеулердің күмбезін бояу үшін қолданылады)
A) S B) SnS2 C) Cu D) Sn E) CuS
15. Бейметалдық қасиеті кемуімен орналасқан элементтер қатары
A) F, Cl, Br B) Br, F, Cl C) As, Se, Br D) Cl, Br, F E) Se, Br, As
16. ІV периодта орналасқан жоғары валенттілігіне сай оксидінің формуласы ЭО3 болатын элементті анықтап, оның сутекті қосылысының формуласын анықтаңдар
A) Н2Те B) SіН4 C) Н2Sе D) СН4 E) Н2S
17. СІ2О3 оксидіне сәйкес келетін қышқыл
A) НСІО B) НСІО4 C) НСІО3 D) НСІ E) НСІО2
18. Металдық қасиеті кемуімен орналасқан элементтер қатары
A) Li, Na, K B) Na, Mg, Al C) Na, Li, K D) Mg, Na, Al E) Li, K, Na
19. Хирургияда сүйек сынықтарын біріктіру үшін және сүйектегі тесіктерді бітеу үшін қолданылатын металл
A) никель B) хром C) мыс D) тантал E) күміс
20. НСІО3 қышқылына сәйкес келетін оксид
A) СІ2О5 B) СІ2О C) СІ2О3 D) СІО3 E) СІ2О7
Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері. Сілтілік металдар /8 cынып/
(108-110 беттер)
1. Литий қолданылады
A) сезімтал фотоқағаздар дайындауда B) қорғасынды құймалар алу үшін
C) фотоэлементтер жасауда D) алюминийлі құймалар алу үшін
E) пергамент қағаздарын дайындауда
2. Жалынның түсін карминді қызыл түске бояйтын металл
A) натрий B) цезий C) калий D) рубидий E) литий
3. Екіұдайлы (амфотерлі) қосылыстар түзетін элементтер
A) Be B) Li C) Al D) Zn E) Cu
4. Сілтілік металдардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы
A) ns2np1 B) ns1 C) ns2np3 D) ns2 E) ns2np2
5. Радибелсенді элемент
A) натрий B) цезий C) калий D) рубидий E) литий Ғ) франций
6. Р.Бунзен ашқан элементтер
A) Cs B) Li C) Na D) Rb E) K
7. Жалынның түсін ашық күлгін түске бояйтын металдар
A) натрий B) цезий C) калий D) рубидий E) литий
8. Сілтілік металдардың периодтық жүйеде орналасқан орны
A) І В топшада B) ІІ А топшада C) ІІІ А топшада D) ІІ В топшада E) І А топшада
9. Рубидий мен цезий қолданылады
A) сезімтал фотоқағаздар дайындауда B) қорғасынды құймалар алу үшін
C) фотоэлементтер жасауда D) алюминийлі құймалар алу үшін
E) пергамент қағаздарын дайындауда
10. Атом радиусы ең үлкен сілтілік металл
A) натрий B) цезий C) калий D) рубидий E) литий
11. Массасы 8,4 г калий гидроксидін толық бейтараптауға жұмсалатын күкірт қышқылының массасын есептеңдер
A) 7,53 г B) 5,37 г C) 3,75 г D) 7,35 г E) 3,57 г
12. Жалынның түсін сары түске бояйтын металл
A) натрий B) цезий C) калий D) рубидий E) литий
13. Массасы 12 г натрий гидроксидін толық бейтараптауға жұмсалатын азот қышқылының массасын есептеңдер
A) 19,8 г B) 8,19 г C) 18,9 г D) 8,91 г E) 9,18 г
14. Сумен енжарлау әрекеттесетін металл
A) Cs B) Li C) Na D) Rb E) K
15. Сілтілік металдар
A) калий, натрий B) барий, цезий C) литий, франций
D) натрий, кальций E) рубидий, цезий
16. А.Арфведсон ашқан элемент
A) Cs B) Li C) Na D) Rb E) K
17. Жалынның түсін күлгін түске бояйтын металл
A) натрий B) цезий C) калий D) рубидий E) литий
18. Оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеті жоғары элемент
A) K B) Li C) Na D) Cs E) Rb
19. Судың бетінде қалқып жүретін металдар
A) натрий B) цезий C) калий D) рубидий E) литий
20. Г.Дэви ашқан элементтер
A) Li B) Na C) Rb D) K E) Cs
Галогендер, инертті газдар /8 cынып/
(110-113 беттер)
1. Кәдімгі жағдайда молекулалары бір атомнан тұратын газдар
A) гелий B) фтор C) хлор D) неон E) аргон
2. Жер атмосферасында инертті газдардың ішінде көбірек кездесетіні
A) неон B) ксенон C) аргон D) криптон E) гелий
3. Неон мен аргонның изотоптарының саны
A) 3 B) 8 C) 6 D) 2 E) 9
4. Галогендер
A) гелий, фтор B) неон, хлор C) астат, бром D) фтор, йод E) хлор
5. Қосылыстар түзуге бейімді инертті газдар
A) неон B) ксенон C) аргон D) криптон E) гелий
6. Галогендердің валенттілік электрондарының жалпы формуласы
A) ns2np5 B) ns2np1 C) ns2np3 D) ns2np4 E) ns2np2
7. «Тұз түзуші» деген түсінікке сәйкес келетін топтың аты
A) пниктогендер B) гидрогендер C) галогендер
D) халькогендер E) инертті газдар
8. Гелийдің изотоптарының саны
A) 3 B) 8 C) 6 D) 2 E) 9
9. Галогендердің топ бойынша жоғарыдан төмен қарай
A) бейметалдық қасиеті артады B) атом радиусы артады
C) қайнау температурасы артады D) ядросының электрон тарту күші артады
E) тығыздығы артады
10. Жасылдау сары түсті галоген
A) фтор B) бром C) астат D) хлор E) йод
11. Космостық элемент
A) неон B) ксенон C) аргон D) криптон E) гелий
12. Агрегаттық күйі газ болатын VII A топша элементтері
A) фтор B) бром C) астат D) хлор E) йод
13. Ксенонның изотоптарының саны
A) 3 B) 8 C) 6 D) 2 E) 9
14. Қызыл қоңыр түсті сұйық галоген
A) фтор B) бром C) астат D) хлор E) йод
15. Оксид түзбейтін галоген
A) йод B) астат C) хлор D) фтор E) бром
16. Инертті газдардың салыстырмалы атомдық массалары артқан сайын
A) инертті газдардың қайнау және балқу температуралары артады
B) инертті газдардың судағы ерігіштігі кемиді және адсорбциялану қасиеті артады
C) инертті газдардың судағы ерігіштігі артады және адсорбциялану қасиеті кемиді
D) инертті газдардың қайнау және балқу температуралары кемиді
E) инертті газдардың судағы ерігіштігі және адсорбциялану қасиеті артады
17. Жасыл түсті газбен күлгін қатты күйде болатын галогендер
A) фтор B) бром C) астат D) хлор E) йод
18. Металдарды пісіру кезінде инертті атмосфера жасау үшін және арнайы физикалық зерттеу жұмыстарын жасаған кезде төмен температура жасау үшін қолданыс тапқан газдар
A) неон B) ксенон C) аргон D) криптон E) гелий
19. Криптонның изотоптарының саны
A) 3 B) 8 C) 6 D) 2 E) 9
20. Галогендердің топ бойынша жоғарыдан төмен қарай
A) бейметалдық қасиеті кемиді B) атом радиусы кішірейеді C) қайнау температурасы кемиді
D) ядросының электрон тарту күші азаяды E) тығыздығы кемиді
Металдар мен бейметалдар /8 cынып/
(113-115 беттер)
1. Металдардың
A) сыртқы энергетикалық деңгейлеріндегі электрондар саны аз, негізінен (1-3)
B) валенттік электрондары ns