Немало имеем свидетельств, что в России толь великой тьмы невежества не было, какую представляют многие внешние писатели". Ол бірінші Петрдың тарихтағы роліне зор баға береді. Оның өнеркәсіпті, сауданы, әскер мен флотты құрудағы еңбегі, оқу–ағарту және мәдени өмірді жандандыруы Ресей мемлекетін ілгері жылжытқандығын жазды. М.В.Ломоносовтың тарихи еңбектері неміс, француз, ағылшын тілдеріне аударылды.
1754 жылы М.В.Ломоносов Ғылым Академиясына Бірінші Петр, Бірінші Екатерина, Екінші Петр және Елизавета Петрқызының қызметіне арналған "медалическая история" жазуға ұсыныс жасайды.
М.В. Ломоносов ұлттық тарихшы–кадрларды дайындауды мақсат етті. 1754жылы И.И.Шуваловқа жазған хатында ол Мәскеу университетінің фолософия факультетіне тарих профессоры штатын кіргізуді өтінеді. Ал заң факультетінде профессор "политики, который должен показывать взаимные поведения, союзы и поступки государств и государей между собою, как были в прешедшие веки и как состоят в нынешнее время" болуы керек деген пікір білдіреді.
1764 жылы Ғылым Академиясының жаңа жобасына орыс тарихын жазу үшін материалдар жинайтын тарихнамашы қызметін кіргізу жөнінде ұсыныс кіргізді. Бұл қызметті атқаратын адам барлық мұрағаттарға кіру құқығына ие болу шарт және ол "человеком надежным и верным", не склонным в своих исторических сочинениях" ко шпынствуи посмеянию". Ол 748 жылы Петербург академиясы жанынан құрылған «Историческое собрания»–ның мүшесі болды.
М.В.Ломоносов Ресейдің озық дәстүрлерін насихаттау, келер ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу үшін ұрпақтар сабақтастығын үзбеуде тарихтың ролін жақсы түсінді. "Велико есть дело смертными и преходящими трудами дать бессмертие множеству народа, соблюсти похвальных дел должную славу, и, пренося минувшие деяния в потомство и в глубокую вечность, соединить тех, которых натура долготою времени разделила
" – деп жазды ол.
Оның сол кезде айтқан идеялық тұжырымдарының өзектілігі бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Әсіресе тәуелсіздігін жаңа алған елдер өз тарихын қайта жазғанда осы М.В.Ломоносовтың ақыл–кеңесіне жүгінген дұрыспа деп ойлаймыз.
-
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы орыс тарихнамасы.
Щерба́тов Михаи́л Миха́йлович (1733–1790) – орыс тарихшысы публицист, философ. Санкт–Петербург ғылым Академиясының құрметті мүшесі, Ресей академиясының мүшесі (1783). Өте ауқатты отбасыдан шыққан. Жасында жақсы білім алып, әскери қызметте болды. Отставкаға шыққаннан кейін әртүрлі мемлекеттік қызметте істейді.
Орыс тарихымен айналысты. Дворян тарихнамасының өкілі өзінің тарихи еңбектерінде дворян тобының мүддесін қорғайды. Көзқарасы жағынан – рационализмді және прагматизмді ұстанады. Провиденцилизмге қарсы. Щерба́тов М.М. археографиялық жұмыстармен айналысты. Ол көптеген деректерді пайдаланды. «
Царственная книга», «Летопись о многих мятежах», «Журнал Петра Великого» сияқты деректерді іздеп тауып, оларды жарыққа шығарды. Орыс тарихына қатысты деректерді жинап, оларды бастыруға күш салды.
Дворян тарихшысы ретінде, соған сәйкес орыс тарихының схемасын жасайды. Оның пікірінше патшалық самодержавие Ресей үшін ең тиімді, ең ыңғайлы өзіне ғана тән мемлекеттік құрылым. Дворяндар боярлардың заңды жалғасы, орыс қоғамының іргетасы. Еңбектерінде дворяндар мен шаруалардың және патшаның бірлігі насихатталады. Щербатов орыс тарихын кезеңдерге бөлмейді, бірақ оның еңбегінің әрбір томы белгілі бір оқиғалармен басталып белгілі бір оқиғалармен бітеді. Оның жазған «История российская от древнейших времен» атты кітабы орыс тарихнамасының бір белесі.
Петр Иванович Рычков (1712–1777) Орыстың белгігілі тарихшысы, эканомисі, мемлекет қайраткері. Арғы тегі шетелдік, әкесі ХҮІІІ ғасырдың басында Ресейге кәсіп іздеп келген.
Жас кезінде неміс, голланд тілдерін, есеп–қисап мамандығын игереді. Соның арқасында Қазақ даласына аттанатын әскери–ғылыми экспедицияға бухгалтер қызыметіне орналасады. Алдымен И.К. Кириловпен, кейін В.Н. Татищевпен қызметтес болады. Бұл екеуі де қазақ даласының географиясы және тарихымен белсенді айналысқан тұлғалар. Осылардың тапсырмаларын орындай жүріп П.И.Рычков өзі де жаңа әрі ғылымға беймәлім өлкенің тарихына қызығады. Өз өмірінің 43 жылын осы жерде өткізген ғалым бірнеше еңбектің авторы болды, ұзын саны 50–ден асады.
Оның негізгі шығармалары «История Оренбургская» және «Топография Оренбургская» деп аталады. Өте бай деректер негізінде жазылған шығармаларда Орал тауының оңтүстік етегін, Қазақстанның солтүстік батысын мекендеген халықтардың тарихы, этнографиясы, шаруашылығы туралы мол мәліметтер бар. Әлбетте, ол өзі мүше болған Орынбор экспедициясы жөнінде толық ақпарат береді. П.И.Рычков кітаптарында жаңа өлкені отарлау процесін бүге–шігесіне дейін қалдырмай баяндайды.
Қамалдардың салынуы, орыстардың қоныс аударуы, егіншіліктің дамуы, келімсектермен жергілікті халықтардың қарым–қатынасы туралы жазғандары, Жайық орыс–казактарының пайда болуы, Жайық қалашығының салынуы сияқты мәселелер осы күнгі оқырмандарды да қызықтырары сөзсіз.
1741 жылы Рычков Орынбор шекара комиссиясынң жанындағы География департаментінің директоры болып тағайындалды. 1752 оның мұрындық болуының арқасында геодезистер тобы құрылды. Олар 1755 жылы Орынбор губерниясының Бас картасын және оған қосымша 10 карта жасады.
Осы карталарға қосымша түсіндірме ретінде «Топография Оренбургская» (бірінші бөлім – 1755, екінші бөлім – 1760). 1762 жылы еңбек Санкт–Петербургте академиялық журналда басылып шықты. Орыс география ғылымы үшін бұл еңбектің маңызы өте жоғары еді. Сол кездегі ең беделді М.В.Ломоносов, Г.Ф. Миллер сияқты ғалымдар жоғарғы бағасын берді.
Осымен қатар П.И. Рычков жаңа аймақты эканомикалық жағынан тиімді пайдалану үшін бірнеше мақалалар жазды. «О сбережении и размножении лесов», «О способе к умножению земледелия в Оренбургской губернии», «Описание урожая хлеба в Оренбургской губернии», «О содержании пчел», «О медных рудах и минералах, находящихся в Оренбургской губернии» тағы да басқа осы сияқты шығармалары Ресей журналдарына жарияланды.
П.И. Рычков бірнеше рет Ресей Академисына мүшелікке ұсынылады. Алдымен В.Н Татищев әрекетінен түк шықпады. 1758 жылғы Г.Ф. Миллердің талпынысы да сәтсіз аяқталды. Тек 1759 жылы М.В. Ломоносов араласып, сол жылдың 29–ыншы қаңтарында ол Ресей Академиясының мүше–корреспонденті болып сайланды. Оның шығармалары, әсіресе Қазақстан тарихы үшін, таптырмайтын дерек ретінде құнды.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартсында өмір сүрген белгілі тарихшы, дворян тарихнамасының өкілі Иван Никитич Болтин (1735–1792). Ғылымға кеш келді. Жас уақытында әртүрлі мемлекеттік қызметтер атқарып, өмірлік тәжрибе жинақтайды. Батыс Европа елдерінің тарихи–философиялық шығармаларымен танысты. Өзін В.Н. Татищевтің оқушысымын деп есептеді.
Тарихи процесстерге рационалдық, психологиялық прагматизм тұрғысынан қарады. Оның себеп–салдарлық негіздерін іздейді. Мұның өзі оны тарихи заңдылықтардың бар екендігін мойындауға мәжбүр етті.
Осы жылдары француз тарихшысы Леклерктің орыс тарихына арналған еңбегі жарық көрді. Леклерк Николай Гавриил (1726–1798) 1759 жылы император Елизаветаның шақыруымен Ресейге келген. Ол орыс тарихы бойынша материал жинап: "Histoire de la Russie ancienne et moderne" (1783–94) деп аталатын кітап жазған.
Осыған сын ретінде И.Н. Болтин «Примечанияна историю древния и нынешния России господина Леклерка» ( т.1–11,1788) деген екі томдық кітап жазды. Осыдан кейін ол М. Щербатов еңбегіне пікір ретінде «Критические примечания генерал–мойора Болтина на первый» том «Истории» князя Щербатова. (СПб., 1793) деп аталатын кітабын жариялады.
Екі кітаптан да біз И.Болтиннің тарихи көзқарасын анық көреміз. Ол тарихи құбылыстарға философиялық қорытындылар жасау, сыни интерпретация мәселелеріне көңіл бөледі. Ол тарих ғылымының мақсаты мен бағдарын анықтайды. Ғылыми–зерттеу жұмыстарына қатаң талап қоя білді. Бріншіден, жұмысты жазбас бұрын оған мұқият дайындалу қажет. Деректер корпусының толықтығы және оларды пайдалану әдістерін меңгеру. Екіншіден, тарих ғылымының арнаулы салалары болып есептелетін тарихи география және этнография ғылымдарының зерттелуін жолға қою. Үшіншіден, тарихи деректерді дұрыс ғылыми синтездеу ғылыми шығарманың жай ғана баяндау немесе көркем әдебиеттен айырмашылығын көрсетеді. Сонымен орыс тарихнамасында Болтин алғаш рет деректерді талдау мәселесін көтерді.
И.Н. Болтин барлық халықтардың даму заңдылықтарының бір екендігі туралы прогрессивті идеяны қолдады. Сөтіп ол ғылымда тарихи–салыстырмалы әдісті пайдалануды ұсынады. Оның тарихи көзқарасының прогрессивтілігі сол кездегі Европа ғылымын толық игеруінде еді.
XҮІІІ ғасырың екінші жартысында қоғамдық өмірде діннің рөлі төмендей бастады. Европа ойшылдарының алдыңғы қатарлы ой–пікірлері, өндірістік қатынастағы өзгерістер, Европа тарихнамасындағы жетістіктер Ресейде жаңа тарихи туындылардың пайда болуына әсерін тигізді.
-
ХҮІІІ ғасырдағы орыс тарихнамасындағы қазақ тарихының зерттелуі.
ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдегі саяси жағыдай оның басшыларының отаршылдық пиғылының оянуына себеп болды. Сібір мен қазақ жерін отарлуды мақсат еткен Ресей алдымен оны географиялық жағынан зертту қажеттілігін түсінді. Осы мақсатпен орыс Ғылым Академиясы Экспедиция ұйымдастырды. Өздерінде ғылыми күштің жетпеуіне байланысты бұл жоспарды орындау үшін шет елдерден ғалымдар шақырды.
Ғылыми–зерттеу жұмыстары екі жақты жүргізілді. Бірі - жаңа жерлерді объктивті түрдезерттеп ,шынайы еңбектер жазса,екіншілері отарлау саясатын «ғылыми» тұрғыдан дәлелдеуге тырысты.
Кирилов Иван Иванович - Ресей Сенатының - обер-секретары. Ресей
империясының географиялық атласын жасаушы.1733 жылы Сенатқа Орталық Азия және Индиия мемлекеттерімен суда жасауды жолға қою туралы мәселе көтерді. Үкімет бұл ұсынысты қолдап,оның өзіне тапсырма береді. Келесі жылы ол экспедиция ұйымдастырып, қазақ даласына аттанды. Қазіргі Орынбор обылысы жерінде Жоғарғы Жайық бекінісін салды. Осы жерді мекендеген башқұрт руларының есебін алып, дворян балаларынан 2 рота драгун әскерін қүрды. 1735 жылы жергілікті халықтың наразылығына қарамай Ор өзенінің Жайыққа құяр жерінде тағы бір бекініс солуға қол жеткізді. Осылай жүргенде1737 жылдың басында көкірек ауруынан қайтыс болды. Оның екі тарихи шығармасы бар.
«Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірме».Татищев Василий Никитич (1686 –1750) – орыстың мемлекет қайраткері, тарихшы. Арғы тегі шоқынған татар болуы мүмкін. Мәскеудегі артиллерия мектебін бітірген. Солтүстік соғысына (1700–21) қатысып, кейін әртүрлі әскери, дипломаттық тапсырмаларын орындады. 1734–37 жылдары жаңа игеріліп жатқан Оралда шарушылық қызметтерде болып қазіргі Орынбор және Екатеринбург қалаларының негізін қалауға ат салысқан.
1738–41 жылдары В.Н. Татищев Орынбор экспедициясын басқарып, қазақ–орыс қатынастарына тікелей мұрындық болған саясаткер. Орынборда болған кезде ол қазақ басшыларымен жиі кездесіп, олармен бірнеше келіссөздер жүргізген. Олардың шақыруымен қазақ ауылдарында болған. 1736 жылы «Общее географическое описание всея Сибири» деп аталатын бітпей қалған еңбегінде қазақ халқына арнап бір тарау енгізуді жоспарлаған.
1741–45 ж. Астрахан губерниясында қызыметте болған кезінде де ол қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде материал жинаумен болды. В.Н.Татищев орыс тарихын зерттеуші және географ ретінде де көпшілікке белгілі. Әрине оның тарихшы ретінде атын шығарған еңбек орыс және шетел деректері негізінде жазған “История Российская с самых древнейших времен” Бұл еңбек 20–ыншы жылдары басталған болатын. 1739 жылы ол Академияға бірінші томын тапсырды. Академия мүшелері, әсіресе М.В. Ломоносов, үлкен қызығушылықпен қарсы алды. Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты кітаптың төрт томы ол қайтыс болғанан кейін, 1768–1784 жылдары жарық көрды. Ал соңғы томы, кейін, 1848 жылы өз оқырмандарын тапты.