История русов» деп аталатын еңбегі жарық көрді. Бұл кітап орыс тарихы жөнінде ХҮІІІ ғасырда жарық көрген еңбектердің жалғасы іспетті еді. Орыс тарихын езеңдеуде ол Шлецерден, Татищевтен және Щербатовтан аса алмады.
Орыс тарихнамасына Эверстің кіргізген жаңалығы , ол халықтың ішкі өміріне қатты көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің құрылымы, басқару жүесі,халықтың азаматтық жағыдайы мен күнделікті жұмысы,рухани табхғаты мен діни сенімдері,заң, көршілері мен қатынасы, өнері мен ғылымы кітаптың жартсынан артығын алып жатыр.
Орыс тарихын ол ,кейбір тарихшылар сияқты мемлекеттің пайда болуымен байланыстырмайды, славяндар жөнінде алғашқы деректерден бастайды.
Орыс мемлекетінің құрылуы тарихына арнап «Древнейшее русское право в историческом его раскрытии»атты еңбек жазды. Онда ол орыс қоғамының құрылу тарихын баяндайды. « Я намерен покозать на оснавании истории России постепенный ход права, возникавшего из так называемого патриархального состояния гражданского общества - деп жазды ол. Ол бұл процесстің «адамзат қауымының табиғи дамуы» екендігін түсінді.
Михаил Трофимович Каченовский (1775–1842) Москва университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі, кейін «Вестник Европы» журналының редакторы. Ол Карамзиннің оппоненті.Оны деректерді сын тезіне салмағандығы үшін, тарихи уақиғаларды баяндағанда әдеби әдістерді пайдаланғандығы үшін өлтіре сынайды. «Историк не романист и не поэт эпический, он описывает истинные проишествия , представляет не вымышленные характеры, он не волен увеличивать мало важных случаев, и опятьне может оставить их без внимания, ежели входят в систему повествуемых событий» деп жазды. (Вестник Европы.1819, СІІІ, 198-199с.) Орыс тарихнамасында Каченовский «скептикалық мектептің» негізін қалаушы болып саналады.Кез келген деректі тек текстологиялық талдаудан өткізумен қатар оның объктивтілігін оның шындыққа сәйкестігін тексеру қажеттілігін ескертеді.
Полевой Николай Алексеевич (1796-1846) ірі саудагердін баласы. Кәсіби тарихи білімі жоқ «Московский Телеграф» журналының редакторы. Алдыңғы қатарлы Орыс романтизмінің өкілі. Тарихи көзқарасы Шеллингтін «Халық рухы» философиясымен француз романтизмінің негізінде қалыптасқан. Өз еңбектерінде, өз журналындағы мақалаларда Карамзиннің «История государства российского» еңбегін сынайды. Негізгі қоятын кінәсі онйың қарапайым халықтын тарихына, қоғамдық өмір тақырыбына, халықтын күнделікті тұрмысына көңіл аудармайды. Екіншіден Карамзин халықауыз әдебиетін тарихи дерек ретінде пайдаланбайды.
Полевой орыс және батыс тарихнамасын терең білген, яғни ол алдынғы қатарлы тарихи ой-пікірлерді меңгерген, ол оларды меңгеріп қана қоймай журнал бетінде кеңінен насихаттаған. «
Уроки истории, – деп жазды ол, – заключаются не в частных событиях, котором можем мы толковать и преображать по произволу, но в общности, целости истории, в созерцании народов и государств, как необходимых явлений каждого периода, каждого века». Дегенмен, оның жүйелі білімінің болмауына байланысты толық мақсатына жете алмады. Өзінің екі томдық
«Исстория русского народа» деген еңбегінде ол көптеген жаңа ой-пікірлер айтады. Ауыз әдебиетін терең білген, автор Кием Русі тарихын жаңа көзқараспен баяндайды. Екінші томында феодалдық жер иелігімен, Х-ХІІІ ғасырлардағы Орыс мемлекетінің феодалдық құрылысына тоқталады. ХІХ ғасырдын 30-жылдары оның басына «қара бұлт» төнді, саяси жағдайларға байланысты «Московский Телеграф» журналы жабылды. Өмірінің соңғы уақытында жазған шығармаларын орыс тарихнамасына қосқан үлкен үлесі деп айтуға болмайды.
-
ХІХ ғасырдың екінші жартсындағы орыс тарихнамасы
Ресейде ХІХ ғасырдың екінші жартсында шаруаларға бостандық беру мәдениеттің одан әрі дамуына зор әсер етті.Товарлы-ақша қатынасына ерікті товар өндірушілердің жаңа тобының қосылуы халыққа білім беру концепциясын қайта қарау қару қажеттілігін туғызды. Селолық жердегі бастауыш білім ошақтарының саны көбейді. Сауданың , өнеркәсіптің және транспорттың дамуы орта және жоғары білімді мамандар дайындау ісін жеделдетті. Зиялы қауым тобы жаңа, заманауи мамандармен толықты. Осының барлығы халықтың рухани әлемінің сұраныстарын арттырды. Кітап басу, кітапхана желісін көбейту, газет-журналдардың тиражының ұлғайуы күн тәртібіне қойылды.
Жоғарғы білім беретін оқу орындарының саны артты. 1862-1890 жылдар арасында студенттер саны үш есе өсіп, олардың саны17 мыңға жетті. Тіпті алыстағы Сібірде, Томск қаласында 1888 жылы университет ашылды. человек. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының аймақтарында құрылған ситатистикалық комитеттер де мұрағат құжаттарын жинастыруға ат салысты. Сөйтіп аймақ тарихын зерттеу мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Н.В.Калачовтың мұрындық болуымен губернияларда ғылыми мұрағат комиссиялары жұмыс істей бастады. Оның жұмысына жергілікті ғалымдар белсенді түрде ат салысты. Олар жойылуға аз ақ қалған мұрағат құжаттарын жинап, ретке келтіріп жария етуге дайындады. Олардың көмегінің арқасында жергілікті жерлерде этнографиялық, фольклорлық, археологиялық материалдар жиналып, мұрағаттар мен мұражайлар жабдықталды, кітапхана қорлары толықтырылды.
Комиссия мүшелері сонымен қатар халықтың сана–сезімін оятатын ағартушылық жұмыстар да жүргізді.
1869 жылдан бастап Археология съездері өте бастады. Оның негізгі ұйымдастырушысы Москва археология Қоғамының төрағасы А.С.Уваров еді. Съезд 1911 жылға дейін тұрақты түрде өтіп тұрды. Негізгі мақсаты тек археология ғылымының күрделі мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен қатар ғалымдар арасындағы байланысты нығайтуға әсерін тигізді, тарих ғылымының теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру істерін қарастырды.
Съезд өнертану, этнография, археология және деректану ғылымдарының дербес бағытқа айналуына ықпал жасады. Съезд Ресейдің әр қалаларында өтіп, ғалымдардың өзара байланыс орнатуына дәнекер болды.
Ресейдің көптеген қалаларында тарихи Қоғамдар құрыла бастады. 1866 жылы Петербург университетінің жанынан құрылған «Орыс тарихи қоғамына» А.Ф.Бычков, В.О. Ключевский, Н.К. Бестужев–Рюмин, И.Е.Забелин сияқты ғалымдар мүше болды. Қоғам 1916 жылға дейін ХҮ–ХІХ ғасырлар арасындағы Ресей тарихының құжаттарын «Сборник Русского исторического общества» деп аталатын жинақтың 148 томын жариялады. 1872 жылдан бастап Киевте «Нестор жылнамасы тарихи қоғамы» Украина тарихы туралы құжаттар жинағының 124 томын жариялады. Ресейдің басқа да қалаларындағы тарихи қоғамдар жергілікті тарих бойынша көптеген материалдар жинап үлгірді.
ХІХ ғасырдың орта шенінде мұрағаттар мен кітапхана мекемелерінің де жұмысы жандана түсті. Мұрағаттар жүйесін қайта құру нәтижесінде 1834 жылы Петербургте «Ресей империясының Мемлекеттік мұрағаты», 1852 жылы Мәскуде «Әділет министрлігінің мұрағаты» пайда болды. Сыртқы істер министрлігінің Петербург қаласындағы мұрағаты дербес статусқа ие болды. 50–жылдары Киеве, Вильно, Одесса, Харьков қалаларында мұрағаттар пайда болды. Ғылым академиясының, Эрмитаждың және әрбір губерниялардың өз мұрағаттары жұмыс істей бастады.
ХІХ ғасыр орыс журналистикасының гүлденген уақыты. «Сын Отечества» (1812–1852), «Московский телеграф» (1825–1834), «Библиотека для чтения» (1833–1865), «Современник» (1836–1866), «Отечественные записки» (1839–1884), «Русский вестник» (1836–1906)
сияқты басылымдар орыс оқырмандарының қызыға оқитын журналдарына айналды. Тарихи құжаттар, ғылыми мақалалар жарияланды. П.И.Бартеневтың мұрындық болуымен, негізінен Ресейдің ХҮІІІ–ХІХ ғасырлардағы тарихының материалдарын жарииялаған, тарихшылардың алғашқы кәсіби журналы «Русский Архив» (1863–1917) шыға бастады. 1870 жылы М.И.Семевскийдің редакторлығымен «Русская старина» деп аталатын тарихи журналдың алғашқы саны оқырман қолына тиді. Бұл журнал Кеңес үкіметі орнағанға шейін шығып тұрды. Орыс тарихы сонымен қатар «Древняя и новая Россия», «Исторический вестник» (1880–1917), «Вестник Европы» сияқты басқада басылымдар бетінде жарияланып тұрды.
Тарихи материалдар осы кезде көптеп шыққан альманах, мақалалар жинақтары, әртүрлі ғылыми–ағарту мекемелері мен жеке тұлғалар бастырған «Запискаларда» көрініс тапты. Олардың саны жыл сайын көбейіп, сапасы артты, географиясы кеңейді.
ХІХ ғасырдың 30–жылдары «Губерния ведомостволары» жергілікті тарихқа байланысты материалдарды жариялап, өлкетану мәселелеріне көңіл аударды. Әртүрлі мекемелердің басылымдары да өз оқырмандарына тарихи ақпарат беретін. «Записки ученого комитета Морского штаба» (1825–1845), 1858 жылдан жарық көрген «Военный сборник», «Журнал Министерства внутренних дел», «Журнал министерства народного просвещения» сияқты мерзімді басылымдардың беттері ақпараттық мәліметтер мен қатар ел тарихының деректерін жариялаумен айналысты.
Мерзімді баспасөз тарих проблематикасының кеңеюіне өз септігін тигізді. Н.М.Карамзин, С.М.Соловьев еңбектерін талқылауға ат салысты. Славянофилдар мен батысшылдар арасындағы пікірталастар, жаңа жарық көрген тарихи шығармаға рецензиялар, конференция материалдары және шетелдік әріптестермен бйланыс сияқты мәселелер басылып тұрды. Яғни мерзімді баспасөз Ресей халқының тарихи санасын қалыптастырды.
Бұл уақыттағы орыстың беделді тарихшыларының бірі Афана́сий Проко́пьевич Ща́пов ( 1831-1876) Бурят халқының жиені. Иркутск қаласында орта білім алып, 1857 жылы Қазан университетін бітірген. 1856 жылдан бастап Қазан діни академиясында орыс тарихынан лекция оқиды. 1860 жылы Қазан университетінің орыс тарихы кафедрасының профессоры болып сайланы.
1860 жылдың 12 қарашасында оқыған алғашқы лекциясын мына төмендегі сөздермен бастапты: «
Скажу на перёд: не с мыслью о государственности, не с идеей централизации, а с идеей народности и областности я вступаю на кафедру русской истории». А.Щапов саяси көзқарасы жағынан Ресейдің әрбір облыстарын өзін өзі басқаруға көшіру. Әрине сол кездегібилікке бұл жат көзқарас еді. Сондықтан ол университет басшылығы тарапынан қуғынға ұшырады. Кейін ол жұмыстан қуылып, тіпті тұтқынға алынып, Сібірге жер аударылды. А.Щапов Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Сібір бөлімшесінің басқарма мүшелігіне сайланды. Этнограф ретінде 1866жылы Турухан өлкесіне ұымдастырған экспедицияға қатнасты. 1866 жылы Верхоленский және 1874 жылы Иркутск губерниясының Балаган округінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. А.П.Щапов өмірінің соңғы жылдарын кедейшілікте өткізді. Оның негізгі еңбектері: Голос древней русской церкви об улучшении быта несвободных людей" 1859; Русский раскол старообрядства. Казань 1859; Смесь христианства с язычеством и ересями в древнерусских народных сказаниях о мире" 1861; Состояние русского духовенства в XVIII столетии" 1862; Земство и раскол. Бегуны 1862; Автобиография Иркутск 1884
Костомаров Николай Иванович (4.05.1817-7.04.1885), орыс тарихшысы, этнограф, жазушы. Тегі жағынан жартылай орыс жартылай украиндық. Харьков университетін бітірген. Жас уақытында революциялық-космополитік көзқараста болды, кейінен бұл идеядан бас тартты. Киев қаласында өзінің пікірлестерімен бірігіп құпия Кирил-Мефодий Қоғамын құрды. 1847 жылы бұл қоғам жария болып ,Костомаров тұтқынға алынып, Саратов қаласына жер аударылды. Костомаров орыс мемлекетін “екі бастаудың”қосындысы – (вечевого и единодержавного) деп есептеді.Негізгі тақырыбы- орыс халқының тұрмысы, психологиясы және рухы. 1844 жылы за диссертацию "Об историческом значении русской народной поэзии" атты диссертация қорғап Костомаров магистра дәрежесін алды. Содан кейін Харькова, Киева, қалаларындағ жеке меншікті пансиондарда орыс тарихынан сабақ берді. 1859 жылы Костомаров Петербург университетінің орыс тарихы кафедрасына қызметке шақырылды. Бұл жерда ол үлкен беделге ие болды. Өзінің еркін ой-пікірі, лекторлық шеберлігі студенттерге қатты әсер етті. Негізгі шығармасы – “Русская история в жизне описаниях ее главнейших деятелей;. повестері «Сорок лет» (1840),«Сын» (1865), «Холоп» (1878), «Черниговка» (1881). Әсіресе алғашқы шығармасы орыстың қоғамдық пікірінің қалыптасуына қатты әсер етті.