VIII. ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ТАРИХНАМАСЫ
1.Ғасырдың алғашқы ширегіндегі орыс тархнамасы.
XIX ғасырың алғашқы ширегінде Ресейдің мәдени өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. Орыс тарихшылары ғылымның бүгінгісін бағамдап, оларды тарих ғылымының келшегі ойландырды. Қазанда, Харьковте, Тартуда, Киевте университетер ашылды. Ірі қалаларда орта оқу орындары жұмыс істей бастады Ресейде тарих ғылымының дамуына баспа ісінің жолға қойылуы өз әсерін тигізбей қойған жоқ .Әсіресе ғылыми жаңалықтарды тез арада қоғамға әйгілі ететін журнал шығару кезек күттірмейтін мәселе еді. Бұл да шешімін тауып, алғашқысы болып «Вестник Европы» Карамзиннің басшылығымен жарық көрді.Осыдан кейін «Московский вестник»,»Москвитянин», «Московский Телеграф», «Телескоп» сияқты басылымдар пайда болды.Бұлардың редакторлары сол кездегі белгілі жазушылар, тарихшылар Н.М.Карамзин, М.Т.Каченовский, М.П.Погодин, Н.А.Полевой, Н.И.Надеждин болды. Х1Х ғасырдың 40-ыншы жылдары губерния орталықтарында «Губернские ведомости» шыға бастады. Бұл басылым ресми болғанымен, оның беттерінде жергілікті тарихқа арналған материалдар басылды.
Жоғары оқу орындары жанынан ғылыми Қоғамдар құрыла бастады. 1804 жылы Мәскеу университеті жанынан «Общество историии древностей российских» өз жұмысын бастады. Осындай қоғамдар Қазан мен Одессақалаларында да құрылды. Петербург қаласында Ғылым Академиясымен қатар 1837 жылдан бастап Археография комиссиясы, 1846 жылдан бастап Археология қоғамы жұмыс істей бастады. 1845 жылы негізі қаланған Орыс географиялық қоғамы Ресейдің шет аймақтарында өзінің бөлімшелерін ұйымдастырды.Бұл қоғам орыс империясының жер жерлерінде этнографиялық, археологиялық ізденістер мен халық ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинай бастады. Міне осындай шаралардың арқасында қоғамның тарихқа қызығушылығы артып, жалпы ғылым белгілі бір дәрежеге көтерілді. Тарих көп салалы ғылымға айналды. Оның шаруашылықты, мемлекет және құқық, мәдениет салаларын зерттейтін бағыттары енші алып, бөлініп шықты. Тарихи деректерді зерттеу мәселесі жолға қойылды. Жоғарда айтқан Археографилық комиссясы жер-жерлерге экспедиция ұымдастырып, мұрағат құжаттары жиналды. Тарих ғылымының археография,палеография этнография, археология, геалогия сияқты қосалқы салалары жемісті жетістіктерге қол жеткізді. Осылардың нәтижесінде деректану және тарихнама жеке ғылым ретін алғашқы табыстарымен көзге түсті. Әсіресе Карамзиннің орыс тарихы жөніндегі іргелі еңбегі төңірегіндегі пікір-таластар ғылымға жаңа талаптар қойды. Еңбекі жалпы жоғары бағалай отыра, оның орыс ғылымындағы ерекше бір феномен екендігін мойындай отыра кейбір тарихшылар мұнымен тоқмейілсіп отырып қалмау қажеттілігін айтты. Карамзиннің концепциясы, көзқарасы,тарихи зерттеулердің міндетін түсінуі, деректерді пайдалану әдістері сынға алынды. Сонымен орыс тарихнамасында «сыни бағыттың» пайда болғандығы белгілі болды. Олардың негізгі жаңалығы тарихтың негізгі міндеті қоғамның ішкі құрылымын, ұлттық тарихты жасайтын халықты зерттеу және орыс тарихын әлем тарихының бір бөлшегі екендігін мойындау еді. Осы ретте олар романтизмге бой алдырды
. Халықтың күнделікті тұрмысын, әдет-ғұрпын, халықтың рухын білуге құштарлық туындады.
Осы жылдары орыс тарихшыларын неміс ғалымы Шеллингтің әлемдік тарихи процестің жеке бір халықтың даму заңдылықтарыаен ара қатнасы туралы философиялық жүйесі қызықтырды.
Орыс тарихнамасында мемлекет пен құқық тарихы саласында бірнеше мектептер пайда болды. Олар мыналар: орыс тарихшысы М.П. Погодин негіздеген "официальной народности", славянофил бағыты (И.Д.Беляев); мемекетшілдік мектеп (Б.Н. Чичерин, К.Д. Кавелин). Мемлекетшілдік мектептің өкілдері тарихи процесте негізгі роль мемлекет деп есептеді. Қоғамдағы әлеуметтік,мәдени-рухани өзгерістер мемлекеттің әрекетіне байланысты. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік топтар мемлекет ісіне бағынуы қажет. Ресейде буржуазиялық қатнастардың белең алуына байланысты тарих ғылымында да айтарлықтай өзгерістер болды. Орыстың бірқатар тарихшылары жаңа тарихи бағыт-буржуазиялық тарихнаманың негізін қалады. И.Г.Эверс, М.Т.Каченовский, Н.А.Полевой, К.Д.Кавелин және С.М.Соловьев сияқты тарихшылар өз еңбектерін жаңа тұрғыдан жазды. Олар идиалистік позицияда бола тұрып, тарихи заңдылықтардың барлық халықтарға ортақ екендігін мойындады.
Орыс тарихшылары Батыс Европа тарихын да зерттеуге құлшына кірісті. Т.Н.Грановский,П.Н.Кудрявцев,С.В.Ешевский сынды ғалымдар Еуропа тарихын зерртеуде елеулі табыстарға жетті. Н.Я.Бичурин орыс шығыстану ғылымының негізін салды.
Николай Михайлович Карамзин (1766 - 1826) орыс тарихшысы. Арғы тегі татар мырзасы. Жасында жақсы білім алған. Әскери қызметте болған. 1789–1790 жылдары Европада болып неміс философы Иммануил Кантпен кездеседі. Ұлы француз революциясы кезінде Париж қаласында болып, Ресейге қайта оралғанда «Письма русского путешественника» атты шығармасын жазды. Дәл осы шығарма оның атын шығарды. Кейбір зерттеушілері орыс әдебиеті осыдан бастау алады деп есептейді. Карамзиннің атағы алдымен жазушы және журналист ретінде шықты. 1791 жылы орыс патшасы оған ресми түрде тарихнамашы атағын берді. Карамзинен кейін мұндай атақ еш тарихшыға берілген жоқ.
Оның философиялық көзқарасын анықтау қиын. Өйткені онда бір ізділік жоқ. Православие дінінің догмаларымен қатар ол идеализмнің жаңа теорияларын ұстанды. Оның қоғамдық көзқарасы «жұбату жүйесі-утешительная система» деп аталатынәлеуметтік теориясынан көрініс тапты. Оның мәні мынада-адамзат тарихы дегеніміз әлемдік прогресстің тарихы. Оның негізінде адамдардың рухани жетілуі жатыр. Тарихты Ұлы адамдар жасайды. Жас кезінде ол жаңалыққа құмар болса, есейе келе консерваторға айналады. Революциялық өзгерістерге жаны қас. Егер жасында батысшыл болса, кейін Бірінші Петр патшаны сынайды. Оның мыңдаған жылдар бойы артта қалған мешеу Ресейді Еуропаның алдыңғы қатарлы еліне айналдырды десе, «
О древней и новой России» еңбегінде Петр «унижал россиян в собственном их серддце»,»захотел сделать Россию Голландиею»деп кіналайды.
Осыдан кейін ол әдеби шығармашылықты тастап біржола тарихи зерттеулермен айналыса бастады. 1811 жылы «Записка о древней и новой России в её политическом и гражданском отношениях»деп аталатын өзінің алғашқы тарихи еңбегін жариялады.Шығарма императордың либералды реформаларына наразы топтың ойынан шықты. Автордың негізгі идеясы ешқандай реформаның қажетсіздігі.Саяси көзқарасы жағынан ол шексіз монархияны қолдады.
1818 жылы кітапдүкендеріне оның «Истории государства российского» атты еңбегінің 8 томы сатылымға түсті.Үш мың данамен жарық көрген кітап бір айдың ішінде сатылып кетті. Келсі жылдарда ол тағы үш томын шығарды .Өздеріңізге белгілі орыс тарихына қалам тартқан алғашқы ғалым Карамзин емес. Оған дейін орыс оқырмандары В.Н.Татищевтің, М.М. Щербатов еңбектермен таныс болатын. Бірақ Кармзиннің «Тарихы» тартымдылығымен, түсініктілігімен,тілінің көркемдігімен оқырман қауымды өзіне тарта алды. Орыс ақыны А.С.Пушкин былай деп жазды «Все, даже светские женщины, бросились читать историю своего отечества, дотоле им неизвестную .Она была для них новым открытием. Древняя Россия, казалось, найдена Карамзиным, как Америка – Колумбом». Тарихи оқиғаларды баяндағанда Карамзинге оның жазушылығы үлкен көмек берді.Ол көркемдік шеберлікпен тарихшыға тән деректердегі дәйктерді ұтымды пайдалануға тырысты. Оның пайдаланған қолжазбалары бізге дейін сақталған жоқ. Сондықтан орыс тарихының кейбір деректері осы күнге дейін тек Карамзин арқылы жетіп отыр.
Әлбетте В.О.Карамзин шығармаларына көзқарас бірдей болған жоқ. Егер Ресейдің реакцияшыл, концерватор топтары қуана қарсы алса, революцияшыл қайраткерлер оны сынның астына алды.Ол дворяндық тарихнаманың соңғы өкілдерінің бірі. Самодержавиелік тәртіпті қорғаушы. Тіпті оның «история народа принадлежит царю» деген қанатты сөзі де бар.Декабрист Никита Муравьев Карамзин еңбгін талдап,оның тарихи концепциясынң методологиялық жағынан сын көтермейтіндігін, саяси тұрғыда тым зиянды екендігін дәлелдеді
2. ХІХ ғасырдың екінші ширегіндегі дворян тарихнамасы.
Аталған кезеңде дворян тарихнамасы екі бағытқа бөлінді: ресми және славянофилдық. Екі бағытқа да сол кездегі Еуропадағы тарихи процесс өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ресіми бағыт Ресейдің дәстүрлі мелекеттік құрылысымен қоғамын барынша насихаттап , сақтап қалуға талпыныс жасаса, екінші бағыт герман романтизіміне еліктейді. Славянофилдік бағыт ХІХ ғасырдың 40-жылдарында қалыптасты. Ұлттық идея, «халықтың рухы» негізіне жасалған концепция орыс елінің Батвс Еуропадан өзгешілдігін дәлелдеуге тырысты.
Бұл концепцияның негізін қалаған әдебиетщі А. С. Хомяков, белсене жақтағандардың қатарына, И.С.Аксаков, Ю,Ф. Самарин, Ф. В. Чижов. сияқты орыс зиялыларын жатқызуға болады. Эван Романовский есімді поляк азаматы бұлардың идеяларын Еуропға таратты.
Орыс ресми тарихнамасының айтулы қайраткері Погодин Михаи́л Петро́вич ( 1800, – 1875, ) – орыс тарихшысы, жазушы, журналист. Москва университетінің профессоры, Россия академиясының мүшесі (1836). Өмірінің алғашқы кезеңінде тарих ғылымындағы прогрессивті теорялармен танысты. Бірақ ол кез декабристер қозғалысынан кейін фоедалдық-крепостнойлық топтардың өз меншігін сақтап қалу үшін аянбай күрескен шағы еді. Үстем тап мемлекеттің әкімшілік ресурсын пайдалана отырып «ресми халықшылдық» теорисын насихаттады. Бұл теорияны қолдағандардың ішішнде, өзі басыбайлы шаруаның баласы болса да, М.П.Погодинде болды.Олардың ықпалында ол 30 жыл болды. Сондықтан да оны консерваторлар қатарына жатқызады. Ресей мен Батыс Европа елдерінің даму жолдарының ерекшелігін дәлелдеді. Жаңа тарих ғылымынан ол деректерді талдау принциптерін үйренді. «О происхождении Руси» (1825) «О летописи Нестора» (1834)деп аталатын шығармаларында автор тамаша деректанушы екендігін көрсетті
Ресми бағыттың келес өкілі Устрялов Никола́й Гера́симович (1805–1870) орыс тарихшысы, археограф, Санкт-Петербург университетінің профессоры. Көз қарасы - ресми халықшылдық. «О системе прагматической русской истории». атты тақырыпта диссертация қорғады. 1837-1841 жылдары «Русская история» деп аталатын бес томдық лекция курсын жарыққа шығарды. 1847 жылы ғалым «Историческое обозрение царствования императора Николая I». оқулыққа қосымша ретінде шығарды. Ол орта оқу орынарына арналған оқулықтардың да авторы. Оның оқулықтары мен оқу құралдары көп жылдар бойы Ресей тарихын көне заманнан ХХ ғасырдың орта шеніне дейінгі уақиғаларды жүйелі баяндайтын бірден бір басылым еді.
Оның археографиялық еңбектерінің қатарына бес бөлімнен тұратын «Сказание современников о Дмитрие Самазванце»,Сказание князя Курбского» атты шығармалары кіреді.
Ресми тарихнама өкілдері әскери тарихқа да көңіл бөлді.1812 жылғы француздарға қарсы соғыс тарихы Александр Иванович Михайлевский - Данилевский (1789–1848) зерттеулеріне арқау болды. Оның 4 томнан тратын
«Описание Отечественной войны в 1812 году» шығармасы орыс тарихнамасына қосылған сүбелі үлес болды. Өкініштісі бұл кітаптан автордың тарихи көзқарасын аңғару қиыншылыққа түседі. Себебі кітаптың редакциясын, Кутузовтың ролін жоғрылап кетуінен қорыққан, патша Бірінші Николайдың өзі жасаған.
1825 жылы сенат алаңына шыққан көтерілісшілер тарихын бұрмалап жазған тарихшылардың бірі, реми тарихнама өкілі Модест Андреевич Корф (1800-1876). «Историческое описание 14-го декабря и предшедших ему событий. СПБ., 1848. VI, 168 с – история восстания декабристов с враждебных им позиций» атты кітабында декабршілдерді барынша даттап, патша үкіметінің жаңашылдық саясатын насихаттайды.
Славянофилдардың тарихи-әлеуметтік концепциясы негізінен Константин Сергеевич Аксаковтың (1817–1860) шығармаларынан көрініс тапты. «Несколько слов о русской истории, возбужденных "Историей" г. Соловьева», «Орусской истории», «Об основных началах русской истории» атты шығармалары. Бірінші Петрдің Еуропа өміріне қызығушылығын сынайды. Оның негізгі ойы халық пен мемлекет бірлігі. Олардың функциялары жөнінде ол былай дейді «»Внешняяя правда-Государству, внутреняяя правда-Земле; неограниченная власть-царю, полная свободажизни и духа-народу;свобода действиии закона-царю, свобода мнения и слова-народу». Нәтижесінде саси өмір, яғни саяси тарих мемлекет.
Иван Васильевич Киреевский (1806–1856) славянофилдар концепциясының философиялық негіздерін одан әрі дамытқан ғалым. «О характере просвешения в Европе и о его отношениик просвещению России» деп аталатын мақаласында орыс рухани әлемін батыс мәдениетімен салыстырады. Ал оның інісі Петр Васильевич «О древней русской истории» кітабында Погодиннің норман теориясын одан әрі дамытуын сынайды.
3. ХІХ ғасырдың орта шеніндегі Ресей буржуазиялық тарихнамасы.
Ресейде буржуазиялық тарихнаманың дамуына әсер еткен неміс тарихшысы Иоганн-Филип-Густав Эверс (1781–1808). Ресейдегі ғылыми қызметін 1810 жылы Тарту университетінің профессорлығынан бастады. Оның тарихи көзқарасы ғылымдағы жаңашылдық пен консерватизмнің араласуы негізінде қалыптасты. Ол абсолютті монархияны мемлекеттің «табиғи түрі» деп есептеді.
Оның алғашқы еңбектері Ресейдің көне тарихына арналды. Рустардың тарихи отанын ол Қара теңіздің солтүстік жағалауы деп есептеді. Мұның өзі норман теориясын жоққа шығаруға талпыныс еді.1816 жылы оның неміс тілінде «