Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Михайловский-Данилевский Алекса́ндр Ива́нович (1789–1848) ге­не­рал-лейтенант, сенатор,жазушы, тарихшы. 1812 жылғы Отан соғысы туралы 4-томдық кітап жазған(1839)

Соловьёв Серге́й Миха́йлович (1820–1879) – орыс тарихшысы Москва университетінің профессоры (с 1848), ректоры (1871–1877).

1845 жылы Соловьёв «Об отношениях Новгорода к великим кня­зьям» деген тақырыптамагистерлікдиссертациясын қорғады. Оның екін­ші жұмысы, «История отношений между русскими князьями Рю­­рикова дома» (Москва, 1847) оған орыс тарихының докторы атағын алуға мүмкіншілік берді. Жасында сла­вянофилдарды қолдаса, кейін, есейе келе батысшылдар қатарынан табылды.

30 жыл бойы ол Ресей тарихымен айналысты.Оның бірінші томы 1851 ал соңғы 29-ыншы томы 1879 жылы жарық көрді.Орыс тарихының ықшамдалған схемасын жасады. Эверстің «рулық қауым» теориясын дамыта отыра, ол орыс тарихының негізгі мәнін ашты. Рулық бас­қа­ру­дан мемлекеттік басқаруға ұла­су, тайпа-лардың княздікке, ал княз­діктердің мемлекетке айналуы орыс тарихы­ның негізгі схемасы. Рюрик­тен бастап осы күнге дейін орыстар бірыңғай тұтас организм екендігін дәлелдейді. «....не делить, не дробить русскую историю на отдельные части, периоды, но соединять их, следить преи­му­щес­твен­но за связью явлений, за непосредственным преемством форм; не разделять начал, но рассматривать их во взаимодействии, ста­раться объяснять каждое явление из внутренних причин, прежде чем выделить его из общей связи событий и подчинить внешнему влиянию» деп жазды автор

Ключевский Василий Осипович (1841–1911) Орыс тарихшысы. Пенза губерниясындағы Вознесенское селосындағ ең төменгі дәреже­де­гі дін қызмет­кері­нің отбасында дүниеге келген. Тегі жағынан шамасы орыс­танған мокша ұлтының өкілі болуы мүмкін. Әкесі ерте қайтыс болып, жасында әрі кедей­шіл­ік, әрі жетімдікті көп көрген. Пензадағы діни училищені, діни семи­нар­ия­ны бі­тір­геннен кейін Москва уни­вер­си­те­тінің тарих-филология факуль­тетіне түседі. 1865 университетті аяқ­тап, "Сказания иностранцев о Московском государстве" атты тақырып­та кандидаттық диссертация қорғайды. 1871 жылы "Древнеру­с­ские жи­тия святых как исторический источник"деп атала­тын тақырыпта өзі­нің магистірлік диссертациясын қорғайды. Осыдан кейін оның әр­түрлі оқу орындарында оқытушылық қызметі басталады.1871 жылы ол Москва діни ака­демиясының орыс тарихы кафедрасына оқытушылыққа шақы­рылады,1872 жы­лы Александров әскери училищесінде, жоғарғы қыздар курсын­да сабақ береді. 1879 жылы Москва университетінің орыс тарихы кафедра­сының доц­ен­ті,1882
жылы экстраординарлы, ал 1885 - ординарлы профессор болып сай­ланады.

1882 жылы ол "Боярская дума Древней Руси" тақырыбында. Док­тор­лық дис­сертация қорғайды. 1880 жылдары ол Москова архео­ло­гия­лық қоғамының, Рес­ей тілтану Қоғамының, және де басқа тарихи-мәде­ни ұйымдардың мүшесі болды. 1889 жылы Ключевский Петербург Ғы­лым­дар Академиясының кор­рес­пондент – мүшесі. ал 1900 – академик болып сайланды. 1899 жылы "Краткое пособие по Русской истории" ", ал1904 жылы оның толық курсын жазуға кірісті. Барлығы төрт том болып шықты. Оның еңбек­те­рі орыс тарихнамасына қосылған сүбелі үлес болып есептеледі.

Рю́мин Константи́н Никола́евич – орыс тарихшысы, деректану ғы­лы­мының негізін қалаушы. 1829 жылы Нижегородской губерния­сында дворян отба­сында дүниеге келген. Бастауыш білімді Л. Ф. Кам­бек меншікті пансион­ында алады.1851жылы Москва универсситетінің заң факультетін бітіреді. Бірақ сол кездегі, Т. Н. Грановского К. Д. Ка­велин, С. М. Соловьёва сиқты ірі орыс тарихшыларының әсерінен тарихи зерттеулерге әуестенеді. 1850 жылдардың орта шамасында. К. Н. Бесту­жев-Рюмин «Московские ведомости» газеті редак­торының орынбасары қызыметіне шақырылды. Өзі де «Московское обозре­ние» журналын шығаруға талпыныс жасады.1859 жылдан «Отечественные запис­ки» журналына өз мақалаларын жариялайды.

1864 жылдан ол Археография комиссиисының және Орыс тарих­шы­лар Қоғамының мүшесі болып сайланды.Осы кезден бастап ол импера­тор Үшінші Александру мен оның отбасына орыс тарихынан сабақ бере баста­ды. «О крещении Руси», «О Владимире Мономахе и его потом­ках», «О злых временах татарщины», «О том, как росло Московское государство» сияқты көпшілікке арналған еңбектер жазды.

1865 жылы ол Санкт-Петербург университетініңдоценті болып сайлан­ды, үш жылдан кейін «О составе русских летописей до конца XIV в.» атты дисс­ертациясы үшін құрметті доктор дәрежесіне ие болды. 1867-1871жылдары ол в тарих-филология институтында лекция оқыды. Оның лекциясы ойдың те­рең­­­дігімен, айқыналған концепцисымен, де­рек­тердің молдығымен ерекше­ле­нетін.

Оның алғашқы ірі шығармаларының бірі «О сос­таве русских ле­то­писей до ко­н­ца XIV века». Автор алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындаған. Хронологиялық шегі орыс жылна­маларын көне за­ман­нан бастап ХІҮ ғасырға дейін әкеледі. Оларды талдай отыра ол бірнеше құрамдас бөлімдерге бөліп тастайды. Орыс тарихнамасында алғаш рет дерек­тер­ді талдаудың үлгісін көрсеткен. Автордың бір ерекшелігі- жылнамалар жөн­ін­де жарық көрген барлық әдебиеттерге талдау жасайды. Ол деректерді бір жүйеге келтіріп, оларды топтуға үлкен мән берген. Кейін ол өзінің «
Русская история»кітабінің кіріспе бөлімінде деректерді талдаудың үлгісін береді. Өз шығармаларында ол халықтың күнделікті тұрмысына, материалдық жағы­дайына, діни сеніміне,рухани әлеміне үлкен көңіл бөледі.

Ол ерлермен қатар әйелдердің білім алуын армандады.1871 жылдан бастап Владимир әйелдер курсында орыс тарихынан лекция оқыды. Ал1878 жылыЖо­ғары әйелдер курсының құрылтайшысы әрі директоры қызметін атқарды.Бұл курсты кейін «Бестужев курстары» деп атап кетті.

Әлбетте, Бестужев-Рюминнің орыс ғылымынң алдындағы негізгі зор ең­бегі-ол деректану ғылымының ірге тасын қалады. Оның оқу­шы­ла­ры өте көп бол­ды, Бірақ ол орыс деректанушылар мектебін қалып­тас­ты­ра алмады. Мұның бірнеше себептері бар еді. Біріншіден, деректану ғылымы зертттеушіден жан-жақ­ты білімді болуды талап етеді, екінші­ден, «ғылыми объктивтілік» ұстаны­мындағы ғалымның айналасына та­лант­ты жастар топтаса қоймады.

1884 жылы денсаулығына байланысты оқытушылық қызметтен бас тар­ту­ға мәжбүр болды. 1897 жылдың ақпан айында Константин Ни­ко­лаевич Бес­тужев-Рю­мин ауыр науқастан қайтыс болды.

Александр Сергеевич Лаппо–Данилевский (1863–1919, ) – орыс та­рих­шысы, әдіснама ғылымының негізін қалаушы, Санкт–Петербург Ака­демия­сы­ның толық мүшесі. 1882 жылы Симферополь гимназиясын алтын медалмен, 1886 жылы Санкт–Петербург университетінің тарих–филология факультетін бі­тір­ген. Жоғары оқу орындарында оқы­ту­шы­лық қызметтер атқарды. 1906 жылы өзі қызмет істеп жүрген уни­верситетте «Тарих әдіс­на­ма­сы» пәнін кір­гізді. 

Никола́й Ива́нович Каре́ев (1850, –1931) – орыс тарихшысы, әлеу­мет­танушы. 1910 жылдан – Петербург ғылым академиясының, коррес­пон­дент–мү­ше­сі, 1917 жылдан КСРО ҒА мүшесі. 1873 жылы Москва университетінің тар­их–филология факультетін бітіргеннен кейін жоғары оқу орындарында оқыту­шылық қызмет атқарды.


  1. ХІХ ғасырдың екінші жартсындағы орыс революциялық-демократиялық тарихнамасы

ХІХ ғасырдын орта шенінде Ресей экономикасына капиталистік қаты­нас­тардын кіруіне байланысты тарихнамада революциялық-демо­кра­тия­лық бағыт қалыптасты. ХҮІІІ ғасырдағы А.Н.Радишевпен ХІХ ғасырдың басындағы дека­бристтердін революциялық идеяларын одан әрі дамытқан Белинский мен Гер­цен болды. Олардың тарихи көзқарасы ревлоюциялық ой-пікірлерінің негізі еді. Бұлардың екеуі де орыс және батыс европа тарихи әдебиетін өте жақсы білді.

Виссарион Григорьевич Белинский
(1811–1848) осы бағыттын бел­сенді қайраткері еді. Ол революцияның негізгі мақсаты само­дер­жа­вия­мен басы­байлық құрылысты жою еді. Осы мақсатқа бүкіл ғұмырын ар­на­ды. Кезкелген идеялық концепцияның негізінде тарих жатқандығын ол жақсы білді. Сондық­тан да ол ресей тарихын терең игерді «Наш век»,- деп жазды ол -«век по преимуществу историчиский. Все думы, все вопросы наши и ответы на них, вся наша деятельность вырастает из исторической почвы и на исто­ри­ческой почве». Сондықтан да ол тарих ғылымының теориялық негіз­деріне аса кө­ңіл аударды. Ол тарихи заңдылықтын объективті сипатын жақсы түсінді. «...Отвергать возможность истории как науки, - деп жазды ол,- значит отвергать в развитии общественности неизменные законы и в судьбах че­ло­­века ничего не видить, кроме бессмысленного произвола слепого случая».

Тарихтың негізгі заңдылығы адамзаттын прогресивті дамуы деп түсінді ол. Бұл заңдылық әр халықтын өзіне тән болады. Адамзаттын дамуы бітпейтін, таусылмайтын, үнемі алға жылжитын процесс. Мұның объективті негізі қара­қайшылықтар ,ескі мен жаңа арасындағы күресі. Адамзат тарихының күрделі бет-бұрыс жасайтын кезеңдерін зерттей отыра, ол тарихтын қозғаушы күші халық бұхарасының творчествалық әрекеті деген қорытындыға келді.

Белинский соңғы жылдары жазған мақалаларымен сын-пікірлерінде қоға­мның дамуындағы материалдық қажеттіліктін аса маңызды екенің дәлел­дейді. «Историк должен показать, что исходный пункт нравственного совер­шенства есть прежде всего материалная потребность и что материалная нужда есть великий рычаг нравственной деятельности. Если б человек не нуждался в пище, в одежде, в жилище, в удобствах жизне, - он навсегда остался бы в животном состояни». Яғни Белинский тарихшылардан адамзат даму процесіндегі экономикалық факторларды терең зерттеуге кеңес береді.

Ойшыл орыс тарихының кезеңдерін зерттеуге де өз үлесін қосты. Ол ор­ыс тарихының көмескі зерттелуінің себебін дворян және бур­жуа­зия­лық тарих­шы­лар­дын көбіне ресейдін саяси тарихына көңіл аудара­тын­ды­ғынан деп түсін­дірді. Ресей тарихын кезеңдеуге көзқарасын ол А.Иши­мованың «История Рос­сии в рассказах для детей» және Н.Маеркеевичтін «История малороссии» деп аталатын кітаптарына сын-пікірінде білдірді.

Т­арихшы ресей тарихының көне дәуіріне көңіл аудара оты­ра норман теориясына соққы берді. Әсіресе ол Ресейдін бір орталыққа бағынған мемлекет құру тарихына аса көңіл аударады.Қорыта келгенде В.Г.Бе­линский Рес­ей тари­х­ының күрделі мәселелере көңіл бөліп, келешек тарихшыларға жөн сілтеді.


Революциялық бағыттағы орыстың келесі бір ойшылы Александр Иван­ович Герцен (1812-1870). ХІХ ғасырдын қырқыншы жылдары ол тарих ғылы­мының теориялық мәселелеріне көңіл аударды. Тарих ғылымының қоғамдық сая­си маңызы бүгін күінімен Ресейдін келешегін анықтауға мүмкіндік бере­тіндігін көрсетті. Тарихшының негізгі міндеті қоғамның заңдылығының объек­тивтілігін түсін­діру. Әсіресе негізгі заңдылық адамзат қоғамының прогресивті дамуы «Чело­весчество,- деді ол,- недовало подписки жить всегда, как теперь; у раз­ви­ваю­щей­ся жизни ничего нет заветного».

Өкініштісі, ол тарихтын идеалистік түсініген арыла алмады. Оның мұн­дай көзқарасы адамзаттын дамуы оның рухани баю деп түсінді. Осыған сәй­кес ол, ада­мзат тарихын мына төмендегідей кезеңдерге бөлді: классикалық, ро­м­ан­ти­калық және реалистік. Оның ойынша көне классикалық әлемнің Рим им­пер­ия­сының құлауы нәтижесінде келесі романтикалық дәуірге өтуге жағдай жасады.

Халық бұқарасының ролі жөнінде Белинскийді қолдады. Естеріңізде болса дворяндық-буржуазиялық тарихнама – тарихтын қозғаушы күші мемле­кет деп түсінген болатын.Герцен Европадағы революциялық про­цеске, әсіресе 1848­­­­жылғы Француз революциясының сабақтарына қатты көңіл аударды. Ол Ев­ро­пада белең алған буржуазиялық қарым-қатынасқа соққы берді. Осының негізінде ол өзінің «Орыс социализмі» деп аталатын утопиялық тео­риясы негіз­ін қалады. Орыс тарихының мына төмендегі мәселелері бойынша өз пікірін бі­л­дір­ді: көне орыс мемлекеті, орыстың бір орталыққа бағынған мемлекеті, ХҮІІ Ресей­дін халық бұқарасы, І Петрдін реформалары, 1812 жылғы Отан соғысы, де­ка­­бристтер қозғалысы, 30-40 жылдардағы орыс қоғамы, орыс мәдениетінің тар­ихы.
Бекіту сұрақтары

1. Ресей қоғамында тарихқа қызығушылықтың неге пайда болды?

2.Н.М.Карамзиннің ғылыми -саяси көзқарасы қалай өзгерді ?

3. Филосовтардың орыс тарихының схемасын қалай жасады?

4. Орыс скептикалық мектебінің тарихи көзқарасы?

5. Н.А.Полевойдың теориялық-методологиялық идеялары орыс тарихнамасы­на әсері?

6. «Официальная народность» концепциясы теориясына сипаттама бер ?

7.Н.Г.Устряловтың орыс тарихы концепциясы.

8.ХІХ ғасырдың екінші жартсындағы Ресейде тарих ғылымы қандай дәрежеде дамыды?

9.Орыс тарихнамасының дамуындағы В.О.Ключевскийдің рөлі қандай болды?

10.Позитивизм және Ресейдің ресми тарихнамасы?

11.Орыс деректану ғылымының белді қайраткерін ата?
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973