Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Ағылшын елінде консервативті романтикалық идеяларды дамыт­қан, 1790 жылы «Француз революциясы туралы ой» атты кітап жазған публи­цист – Эдмунд Берг еді. Кейіннен бұл бағыттағы идеяларды «Тори тарих­на­­масы» өкіл­дерімен қырықыншы жылдары қалыптасқан «Жас Англия» тобының мүшелері дамытты. Бірақ, Англияда бірде–бір тарихшысын консервативті ро­ман­тикалық тарихнаманың өкілі еді деп айта алмаймыз.

Консервативті романтикалық тарихнама Францияда да дамыды. Бұл елде О.Тьерри , Франсуа Рене де Шатобриан, Жозеф де Местр, Луи–Габриэль–Амбруаз Бональд шығармаларын жатқызуға болады. Алғашында романтикалық тарихи революциясы барысында, оған қар­сы­лардың реакциясы ретінде пайда болды. Оның өкілдері эмиграцияда бол­ғандар саяси көзқарасы ультророялизм бағытында еді.

Олардың көрнекті өкілдерінің бірі Жозеф де Местр (1753–1821), 1802–1817 жж. Петербургте өмір сүрген. Философиялық көзқарасы жағы­нан прови­ди­енцалист. Революция да, соғыс та құдайдың әмірімен болады. Сөйтіп ол ад­ам­­­зат қоғамын күнәһарлардан, пиғылы жаман адамдардан тазартады. 1796 жылы «Франция туралы ойлар» атты трактатын жазды. Сонымен қатар, белгілі трактаттарының бірі «Петер­бург хаттары», «Петербургтегі кештер» деп аталады. Оның ойынша, адам табиғатынан дөрекі, зұлым болып жаратыл­ады. Сондықтан олдар­ды тек қатаң тәртіпте ұстап отыратын мықты мемлекет­ік аппарат керек. Оның басында шексіз билігі бар басқарушы отыруы тиісті. Қо­ғам­дағы тепе–теңдікті ұстау процесінде ол шіркеуге де үлкен мән береді.

Луи де Габриель Амбруаз Бональд(1754–1840),француз философы. Христиан дінін белсенді қорғаушы.Оның негізгі жұмыстарының бірі «Тео­рия политической и религиозной власти в гражданском общес­тве, основанная на разуме и истории» (1796) болды. Бональдтың пікірі бо­йынша, адам ақиқаттың түбіне жете алмайды, Адамның ақыл–ойы, қо­ғам, мемлекет барлығы да құдайдың ісі. Құдай мен адамның ара­сындағы байланыс Христос пен шіркеу арқылы ғана болады. Мем­лекет тек қана тео­кратиялық негізде бола алады. Революцияға, оның идеолог­тарын сы­най­ды. Вольтер мен Руссо өздерінің шығармалары арқылы Францияның ғасырлар бойы қалыптасқан абсолютизім­нің шаңырағын шайқалтты деп кінәлайды. Демократия қоғамның ең төменгі сатысының көрінісі. Өйткені ол құдайдың тәртібіне қарсы. Сонымен Бональд көзқарсы жағынан идеа­лист, монархист, бүкіл прогресске қарсы топтың өкілі.


Француз романтизімінің алғашқы өкілдерінің бірі атақты дипломат, жа­зу­шы, публицист Франсуа Рене де Шатобриан (1768 – 1848). Ауқатты дво­рян отбасында дүниеге келген. Заманында жақсы білім алған. Жас ке­зін­де Солтүс­тік Американы аралаған. Еліне қайта оралған сәтте Француз ре­волюциясының куәгері болды. Бірден роялшылардың қарулы күштері­нің қатарына кірді.

1792–1800 жылдары Англияда эмиграцияда болды. Сонда жатып ол өзі­нің көпшілікке танымал болған шығармаларын жазды. 1797 жылы ол «Ис­то­рический, политический и моральный опыт о древних и новых революциях», 1802 жылы «Гений христианства» және 1809 жылы «Му­че­ники» романын 1801 жылы «Атала, или Любовь двух дикарей в пус­ты­не», 1802 жылы «Рене, или Следствия страстей» повесін жазды. Оның бар­­­­­­­лық шығармалары діни сарында. Христиан дінін ол әлем дін­де­рі­нің ішін­де­гі ең жоғарғы деңгейде тұр­ғандығын дәлелдейді. Бұл дінді ұстан­ғандардың талғамы биік, өнер мен поэ­тикаға жақын, адамгершілігі жо­ға­ры деп жазады. Тіпті адамзаттың жер өңдеу­мен айналасуынан бастап ірі ғимараттар тұрғызуына дейінгі шаруалардың істел­уі діннің арқасында дейді ол.

Тағы да бір консервативті жазушы граф Ф.Д. Монзолье (1755–1838), рес­таврация жылдарында граф Буленвильенің орта ғасырлардағы Фран­ция­ның қоғамдық–саяси құрылымдық идеяларын насихаттады, негізгі трак­таттарының бірі «О французской монархии от ее основания до на­ших дней» (1814–1821) деп аталады. ХІІ ғасырдан бастап, Монзольенің ойынша, үшінші тап – құлдар­дың ұрпақтары, еріктілер мен крепостнойлар мемлекетті құлатуға тырысқан, жә­­­не соңында француз революциясы өскен қоғамдық тәртіпті құлдырат­ты. На­по­леон әскерінің кіруінен Францияның құлдырауы, Монзольенің ойынша, франк­терге тән жаңа жаулап алу, мұнда қайта Францияны жаң­ғыр­тып, қайта дворяндық құрылымды өмірге әкелу.

1820 жылдары Францияда жаңа ғылыми ашулар, романтикалық ба­ғыт­тағы тарихшылардың жаңа ұрпақтары еді, олар саяси көзқарас бо­йын­ша либералдар болды. Солардың ішіндегі атақтылары Огюстен Тьерри, Франсуа Гизо, Фран­суа Минье, Адольф Тьер болды. Оларды либералды–ағартушылық бағыт­тарынан, прогрессивті мінездемеде адам тарихының дамуынан танымал болды. Франция үшін өкілдік басқаруды талап етті, яғни олардың ойынша бірінші орынға буржуазиялық конституциялық мо­нар­хияның болуына және ортағасыр­лардағы тарихқа буржуазияның пайда болуымен генезисін, сонымен қатар оларды қызықтыратын саяси мекеме­лер болды.


Реставрация кезінде либералды тарихшылардың басты құндылық­тары, та­ри­хи ойлаудың дамуы қоғамдық топтаудың концепциясы және та­рих­тағы таптық күрестің рөлі еді. Бұл тарихшылар Француз революция­сы­ның мағына­сына көп назар аударды. Оларды сонымен қатар, осы мемле­кет­тегі сияқты рево­люциядан кейін, ХVІІ ғасыр­лар­да­ғы конституциялық монархияның қалып­тасып келе жатқан Англия та­ри­хы да қызықтырды.

Реставрация тұсында тарих мектебінің негізін қалаушы Огюстен Тьер­ри (1795–1856). Толық аты –Жак Николя́ Огюсте́н Тьерри́ болды. Ан­ри Сен–Си­мо­нның жақын адамдарының бірі, оның хатшылық қызметін атқарған. Оның ең сүйікті оқушысымын деп есептеген, ол ақыры утопизм идеясынан жерініп одан бас тартады. 1817–1821 жыл­дары жазған еңбек­те­рін­­де социализм идея­ла­рының әсері көрініп тұра­тын. Оның негізгі еңбегі­нің бірі «Англияны норман­дар жау­лауының тарихы» (1825) және «Фран­­ция тарихы туралы хаттар» (1827).

«Тап күресі» немесе «сословия күресі» теориясының негізін қалау­шы. Маркс бұл идеяны шын ниетімен қабылдап, оны «тап күресінің ата­­сы» деп атады. Тьерри тап күресі тарихи дамудың мәні деп есеп­теді. Буржуа­зия, проле­тариат және шаруалар өздерінен жоғары тұрған екі тапқа қарсы күш біріктіруі қажет деп есептейді.

Ол орта ғасырдағы Галлиядағы жергілікті кельттердің франк бас­қын­­­­­­шы­­­­лары­­­мен күресін де осы теория тұрғысынан қарастырады. Жакерия ша­руа­лар соғысы мен ХІІ–ХІҮ ғасырлардағы қала көтеріліс­тері оның ойын­ша револю­ция­лық–демократиалық сипатта болған. Ат төбеліндей феодал­дарға қарсы фран­цуз корльдерінің қала магистрат­тарымен одағын про­грес­сивті құбылыс деп есептейді. Міне осы одақтың әлсіреуі ақырында ре­во­лю­цияға әкеліп соқты. Ғалымның тілі жеңіл, жатық, өз шығар­ма­лар­ы­ның стиліне көркемдік жағына қатты көңіл аударған. Деректерді пайда­лан­ғанда олардың шынайылығына ерекше тоқталады.

Атақты тарихшылардың бірі Франсуа Гизо (1787–1874). Жасында оның отбасы Женеваға қоныс аударады. Осы жерде ол жақсы білім ал­ды. 1805 жылы Парижге қайта оралып, оқуын жалғастырды. Мем­лекеттік қызметте үлкен же­тіс­­тіктерге жеткен адам. 1832 жылы білім министрі қызметіне, 1847 жылы ше­тел істері министрі тағайындала­ды. Франсуа Гизо көзқарасы жағынан либе­рал–консерватор болды. Ол тап күресі теорисын қолдады, оны әрі қарай да­мыт­ты.

Оның басты еңбектерінің бірі «Опыты по истории Франции» (1823), «История цивилизации в Европе» (1828), «История цивили­за­ции во Франции» (1829–1830
). 1823 жылы 26 және 31 томдық Англия және Франция рево­люциясы туралы екі сериялы заманхат басып шыға­ра­ды. Ең бірінші, өрке­ни­еттің басты негізі, европейлік, қоғам жағын­дағы да­му, және адмдардың руха­ни байлығы деп есептеген.

Қоғамдық өмірде Гизо таптар арасын­да­ғы күрестің мәнін көрді, клас­тар­дың пайда болуына соғыстардың ықпа­лы, бірақ тұтас алғанда кластық күрестің басты негізі мүлік теңсіздігінің әсерінен деп есеп­теген. Сонымен бірге, Гизо қоғам тарихын саяси прин­цип арасындағы күрес десе, мысалы, абсолюттік мо­нархиямен бірге саяси бостандыққа ұмтылысы деп қарастырады. Гизо соны­мен қатар, осы төрт таптық бөлініс бір емес, тіпті ХІІ ғасырдағы коммуналды революция кез­дің өзінде Гизоның айтуы бойынша, байларға өшпенділік деген.

Оның ойынша, қалыптасқан таптар үшінші таптың негізгі рухының тү­рі. Бұл адамдар, ерекше ойлау қабілеттерімен қатар мінездерімен, капи­тал құра ал­ған, ол әлеуметтік шарықтауға әкеп соқтырды. Үшінші тап өзінің тарихи маң­ыз­дылығын конституциялық монархия­лық тәр­тіптің қалыптасуы, және соның негізінде бостандық дәстүрі негізі­не берік болды. Осы тәртіптің құрыл­уына Гизоға еуропалық өркениеттің дамуын ала отырып, қайта құруын қарас­тырды.

Гизо ағылшын революциясының тарихымен көп айналысты, және арнайы еңбегінде өзінің қорытындыларын шығарды. Оның дәлел­деуін­ше, Ан­глия рев­олюциясы, ерекшеліктеріне қарамастан, француздар­дікі­не ұқ­сас, ал діни және саяси күрес әлеуметтік мағынаны алған және онда класс­тар арасындағы күрес­ті, билікті жасырып отырған.

Англиядағы монархия мен аристократия.

XIX ғасырдың басындағы тарих философиясында әлемдік–тарихи даму­дың диалектикалық сипаты жөнінде ілім пайда болды. Оның авторы не­міс клас­сикалық философиясының көрнекті өкілі Г.Ф.Гегель. Ағарту идея­­сымен қабыс­ып жатқан оның философиялық концепциясы историзм­ге негізделген еді. Оның түсі­ні­гі бойынша тарихи процесс дегеніміз бірі­не–бірі қарама–қарсы күштердің күресі нәтижесіндегі алға қарай даму мұ­ны ол диолектика деп атады. Гегельдің бұл пікірі кейбір оның консерва­тив­ті белгілеріне қарамай тарихи ой пікірдің од­ан әрі дамуына септігін ти­гізді.

Дәл осы уақытта Еуропа тарихнамасында романтизм тарихнамасы­ның та­ғы бір бағыты радикалды–демократиялық тарихнама қалыптасты. Оның көр­нек­ті өкілдері Францияда – Ж.Мишле, Швейцарияда – Ж.Сис­мон­­­­ди, Герма­нияда –
В.Циммерман, ал Англияда – У.Коббет.

Бұлардың көзқарасы бойынша тарихты зерттегенде қараша халықтың мүддесін көздеу қажет. «Қараша халық» деп олар қатардағы ұсақ өндіру­ші­лерді, шаруаларды және қолөнершілерді айтып отыр. Миш­ленің «Ха­лық» деп ата­латын шығармасы, В.Цимерманның «Гер­ма­ниядағы шаруа­лар соғысы» – атты кітабы дәл осы көзқарас негізінде жазылған. Олар ка­пита­лизмді сынайды. Өн­дірістік төңкерістің нәтижесі халықтың тұрмы­сын ауырлатқанына тоқта­лады. Олардың кейбірі өткен заманда, орта ға­сыр­дағы патриархалды тұ­р­мысты аңсайды. Мәселен, Сисмонди «Эконо­ми­калық романтизм» – атты бағыттың негізін қалай­ды. Ол нағыз әділет­ті әлеуметті құрылыс орта ғасырдағы Италия­дағы қала–республикаларда орнап еді деп жазады. Ал енді ағылшан Коббет өткен заманда болған «Ес­кі көңілді Англияға» қайта оралу идеясын айтады.

Дегенмен де демократиялық тарихнаманың прогресс идеясын қол­дайтындар болды. XIX ғасырдың бірінші жартысында Еуропа тарихна­ма­сын­да социалистік пікір одан әрі дамыды, жаңа белеске көтерілді.

XIX ғасырдың 40 жылдардың аяғында марксизм идеясы пайда бола­ды. Осыған сәйкес қоғамдық процессті диалектикалық–материалис­т­тік тұрғыдан түсіну пайда болады
Бекіту сұрақтары

1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы еуропаның рухани мәдениеті.

2. Романтизмнің қандай идеялары тарихшыларды қызықтырды?

3. Неміс романтикалық тарихнамасының өкілдері кімдер?

4. Ағылшын елінде консервативті романтикалық идеяларды дамытқан ғалым?

5. Францияда, романтикалық бағыттағы тарихшылар?
Тарихнамалық деректер:

Ранке Л. Об эпохах новой истории. М., 1898.

Гизо Ф. История цивилизации в Европе. СПб., 1892.

Тьери О. Избранные произведения. М., 1937.

Абилев А. Казахстан в трудах П.И. Рычкова. // Некоторые вопросы историо­гра­фии Казахстана. Сб. статей КарГУ – Караганда. 1980, с. 25–39

Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973