Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Әдебиеттер:

Астахов В.И. Курс лекц. по русской историогр.: (До конца XIXв.). Харь­. 1965.

Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю. История исто­ричес­. зн.. М, 2003­.

Ключевский В.О. Курс лекций по Русской истории в 5–ти час­тях. 2006.

Соловьёв С.С. История России с древнейших времен. В 29–томах Издательство: АСТ,М.,2001–2003.

Бестужев–Рюмин К.Н. О составе русских летописей до кон­ца XIV века. СПб.,1868;Русская история. Т. 1. СПб.,1872. Т. 2. Вып. 1. СПб.,1885.

Михайловский–Данилевский А.И. Полное собрание сочинений. 2011, 430 стр.

Устрялов Н.Г.Русская история. В 4х томах. С.–Петербург. 1839–1841.1450 с.

Костомаров Н.И. Русская история в жизнеописаниях ее главнейших деятелей. Изд: АСТ, 2011, 640 с.

Погодин М.П. Исследования, замечания и лекции о русской истории, 7 т., М., 1846–1857; Древняя русская история до монгольского ига, 2 тт., М.,1872.

ВельяминовЗерновВ.В. Исследование о касимовских царях и цареви­чах.  2–е изд.  СПб.: В тип. Имп. Академии наук. Часть І (С четырьмя таблицами). – 1863. – XIII, 558 с.Часть ІІ. (С двумя таблицами). – 1864. – XVI, 498 с.Часть ІІІ (С четырьмя таблицами). – 1866. – V, 502 с.Часть ІҮ. Выпуск первый. – 1887. – 178 с.

Бартольд В.В. Собрание сочинений в 9 томах. М., 1963–77.

 Радлов В. В.Из Сибири (страницы дневника», Перевод К.Д.Цивиной и Б.Е.Чистовой .М.,1989.

Левшин А.И.Описание киргиз–казачьих или киргиз–кайсацких гор и сте­пей.Алматы. Санат. 1996

Ш.Ш. Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. I том / 2 басылым – Алматы: «Толағай групп», 2010. – 376 бет.

Х. XX ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПА ТАРИХНАМАСЫ


  1. Еуропа қоғамындағы рухани күйзеліс.

ХІХ ғасырдың басында Батыс Еуропа мемлекеттерінде рухани күй­зеліс көрініс тапты. Индустрияның одан әрі дамуы капиталистік қа­ты­нас­тар­ды жаңа деңгейге көтерді. Мұның өзі қоғамдағы әлеуметтік жағдайды шиеленістіріп, жұ­мыс­шы табын революциялық қозғалысқа итермеледі. Еуропа қоғамында тұрақсыздық пайда болды. Осыған де­йін­гі ғылымда үс­тем­дік еткен позитив­истік ілім дағдарыстың алдында тұр еді.

ХХ ғасыр тарих ғылымы үшін өте ауыр уақыт болды. Ғылымның пәні, он­ың мазмұны, тақырыптары және зерттеу әдістері қайта-қайта өз­ге­ріс­терге ұш­ы­рап отырды. Мұның өзі тарих ғылымын дағдарысқа ұшырат­ты. Ғылымның эм­пи­ри­калық деңгейі мен теориялық постулат­тары ара­сын­да пайда болған қа­рама–қайшылықтар жиі–жиі методо­логиялық пікір­та­ластың тақырыбына ай­нал­ды.Әлбетте тарих ғылым­ы­ның дағдарысы өткен ХІХ ғасырдағы тарихи танымның жедел дамуы­ның нәтижесі еді. Жинақталған эмпирикалық ма­те­риал теориялық тал­дауды қажет етті.

ХІХ ғасырдағы тарих ғылымының парадигмалары ХХ ғасырдағы ғы­лым­ның қажеттілігін өтей алмайтындығын көрсетті. Ғасырдың алғашқы ши­регінде тарих ғылымы философиядағы позитивизм бағытының ықпа­лы­нан шыға ал­мады. Екіші дүниежүзілік соғыс қарсаңында, әсіресе соғыс жыл­дары позити­визм бағыты қатты сынға ұшырады.

Тарихтың қоғам санасы екендігі баршамызға белгілі. Сондықтан оның дағ­дарысының әлеуметтік маңызы бар. Қоғамда пайда болған барлық про­бле­маның шешімін табатын батыс өркенитіне сенімсіздік туды. Тіпті та­рих ғылым ретінде қоғамға қажет пе мәселе күн тәртібіне қойылды.

Тарихи танымның негізгі ұстанымдарын қайта қарау қажеттілігін ту­дыр­ған ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы жаратылыс­тану ғылым­дарының жетістіктері еді. Физика ғылымындағы А. Эйнш­тейн­нің арнайы салыстырмалылық теориясы әлемге жаңа көзқарас тұрғысынан қа­рауға мәжбүрледі. Ғалымдар кеңістік пен уақыттың ара­сын­дағы органи­калық бай­ланыс материя қозғалысының салыстырмалы екендігін түсінді.

Осы уақытқа дейін жинақталған тарихи материал әртүрлі мемлекет­тер мен халықтардың даму жолы әрқилы екендігін көрсетті. Әр халық­тың өз даму жол­дары бар, оларды бір заңдылықтың аясына сиғызуға болмайды де­ген қорытын­ды жасалды.


Тарихи білім салыстырмалы. Тарихтағы ақиқат таным субъктісіне, та­рих­шының шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты. Позитивис­тердің тарихи білім де жаратылыстану білімі сияқты нақты деген тезистері күмән туғыза бас­тады.


  1. Методологиялық ізденіс.

Позитивистік методологияны сын тезі­не сал­ғандардың ішінде Алманиядағы неокантшылдардың Баден мек­тебінің бел­сенді өкіліМ. Вебер,ағылшынДж. Тревельян және ита­лян­дық– Б. Крочеболды.

Макс Вебер неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы 1864 жылы 21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген. 1893–1896 жыл­­дары Фрай­бург университетінде, 1896–1898, 1902–1918 жылдары Гейдельберг универ­ситетінде, 1919–1920 жылдары Мюнхен универси­тет­­те­рінде лекция оқыған.

Вебер әлеуметтік теориясында себептілік пен «түсіну» біртұтас болу прин­ципіне үлкен мән берген. Вебер алғаш рет капитализм тек батыста протеантизм және кальвинизмнің тарауымен байланысты пайда болды дейді. Оның ойынша идеалдық тип өмір шындығын бейнелейді. Бұл жал­­ғыз жарымфактілерді жү­зеге алу түсінудің құралы. Мазмұны жа­ғы­нан Ве­бер идеялары Маркстың қоғам­дық–экономиқалық форма­ция­лар туралы тео­риясына қарсы бағытталған.

Вебердің «идеалдық тип» теориясы, тарихи факторлардың «көптігі» концепциясы және «рационалдық» идеясы мемлекеттік институттар қыз­метінің негізі ретінде қазіргі әлеуметтану, саясаттану ғылымдарына зор ық­пал етті. «Про­тес­танттық этика және капитализмнің рухы» (1904–1905) еңбегінде ол өркендеп келе жатқан капитализм мен XVII ғасырдың протестанттық құн­дылықтары арасындағы байланысты нақ­ты­лы мысалдар арқылы анық көр­сетеді.

Протестанттық этика бойынша капиталист заводтың немесе фабри­каның қожасы емес, ол тек оның басқарушысы болуы керек дейді. Ол бай­лық­қа қы­зық­пай, өмірде аскеттік салтты ұстауға шақырады. Вебер бір ғана факті бойын­ша қортынды жасауға болмайды дейді. Та­ри­хи құбылыстардың бірне­шеуін салыстыра отырып оқиғаға конструкция жасауға болатындығын ескертеді. Ол тарихи және жаратылыстану заңды­лық­тарының айырмашылығын көре білді.

Джордж Маколей Тревельян (1876 –1962) – ағылшын тарихшысы. 1897 жылы Кембридж унверситетін бітірген. Келешектегі мамандығын таң­­дауда отба­сылық дәстүрдің әсері мол болды. Нағашы атасы Т.Б. Ма­ко­­лей және өз әкесі Джордж Отто сол замандағы Англияның белді тарих­­шылары болған. 


Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатынасады. 1927–40 жылдары Кем­бридж университетінің профессоры қызметін атқарды. Үш томдық "Ис­тория Анг­лии в эпоху королевы Анны" 1930–34, "История Англии в ХІХ в.". 1782–1901", Л., 1922), "Социальная история Англии" Л., 1942) жә­не де басқа еңбек­тердің авторы. Еңбектерінің бәрінде Англия тарихын мадақтайды.

Тарих ғылымының міндеттері мен методологияға көзқарасын ол өзінің «Клио – муза истории, (Л., 1913)» кітабында айқын баяндайды. Ол тарих­тың міндеті «воспитывать умы людей, заставляя их размышлять о прош­лом" деп жазады. Тарих–өнер, өткен заман туралы білімнің утали­тар­лық мәні жоқ. Соң­ғы шығармаларында ол тарихты көркем әдебиеттің бір түрі деп жазады. Көне грек елінде тарихты жеті музаның бірі деп есеп­теген. Тарихтың ғылымға еш­­ ғы­лымға қа­т­ынасы жоқ. МінеДж. Тревельянның тарихқа көзқарасы осындай.

Бенедетто Кроче(1866–1952)– итальян ғалымы. Философиядан нео­гегельян ағымын қолдаған. Жоғары дәрежелі мемлекеттік қызмет ат­қарған. Тарих ғылымына жасы ұяғайғанда келді. Тарих пен тарихна­ма­ны фило­софиялық тұрғыдан қарастырады. 1917 жылы «Тарихнама тео­риясы және тарихы» атты еңбек жариялады. Гегель мен Маркстың тарихы ой–пікірін жоққа шығарды. Тарихшы тарихи уақиғаларды қал­пына келтіре алмайды. Ол тек сол уақиғаның та­рих­шы шығар­ма­сынан көрініс табуы мүмкін. «Тарих өнердің бір түрі» де­ген көз­қа­расты дәлелдеген. Б. Кроче кейін тарих пен фило­софияның арасында ешқан­дай айыр­машылық жоқ деген қорытынды жасайды.

Вильгельм Дильтей (1833–1911). Немістің атақты тарихшысы. Ғы­лымдағы Рух туралы теорияның авторы. Негізгі еңбегі 1880 жылы жа­рық көр­ген «Рух туралы ғылымдарға кіріспе» шығармасы. «Построе­ние истори­ческого метода в науках о духе» – деп аталатын екінші бір еңбегі де тарихтың методологиясына арналған.

В. Дильтей барлық ғылымды екіге бөледі. Бірінші рух туралы ғы­лымдар. Бұған ол қазіргі біз гуманитарлы ғылымдар деп жүрген қоғам және адам туралы пәндерді жатқызады. Екіншісі жаратылыстану ғы­лым­­дары. В. Дильтей ғылым­дарың екі тобын бір–біріне қарсы қояды. Жараты­лыс­тану ғылымдары эмпири­калық талдау әдістерін пайда­ла­нады. Ал Рух ту­ралы ғылымдардың өз әдістері бар. Рух туралы ғылым­дар адамның пси­хикалық әрекетімен көніл–күйі тікелей байланысты.

Рух туралы ғылымдар идея әлемін, адам рухын, өмір тәжірибесін және тағдырын зерттейді. Ал жаратылыстану ғылымдары материалдық әлем­ді зерт­тейді. Тарихшы заманның рухын өзінің түйсігімен (интуи­ция) тү­сі­неді. Өмірлік тәжірибе дегеніміз тек ақыл–ой (разум) ғана емес. «
Табиғатты түсіндіреміз, ал өмірді тек түсінеміз». Ал түсініктің өзі әртүрлі.

Жаратылыстану мен гуманитарлы ғылымдардың айырмашылығын бай­қаған баден тарихшылар мектебінің өкілі В. Виндельбанд болатын. 1894 жылы Баден университетінде жасаған баяндамасында ол «Жара­ты­­лыс­тану ғылым­дары жалпы заңдылықтарды, ол гуманитарлы ғылым­дар жекеленген фактімді аңықтайды» деген болатын. Бірін­шісін ол номотетикалық, ал екіншісін идиограникалық (жекеленген, ерекшеленген) ғылымдар деп атады. Бірінші топтағы ғылымдар көбінесе абстрактілі әдістерді қолданады. Ал екінші топ өкілдері көр­некі (наглядный) әдістерді пайдаланады. Ол өзінің «ХІХ ғасырдағы неміс рухани өмірінің филосо­фия­сы» атты еңбегінде тарихшы тек жеке бір тұлғаның өмірін зерттейді деп атап көрсетті. Әрбір адамның өз сыры өзінде, оны түгелдей тану мүм­кін емес. Ол«Поэтому во всяком исто­рическом знании кроется оста­ток непонятности, нечто, чего нельзя не высказать, не дефини­ро­вать» – деп жазды.

В.Виндельбандтың идеясын одан әрі дамытқан оның оқушысы Г.Рик­­керт. Ол озінің 1899 жылы жазылған «Науки о природе и куль­туре» жа­ратылыстану ғылым­дарын болмысты түсінуде жинақ­талған, түйінделген материал береді. Ал гуманитарлы ғылымдар танымның жекеленген түрі. Тарихшы кейде ой–пікірін жинақтап бір түйін жасауға талпынуы мүмкін, бі­рақ оның бұл әрекеті «обход­ными путями для индивидуализирующего изо­бражения исторического целого» – дейді ол. «Тарихи даму» және «заңдылық түсініктеріне теңдік бел­гі­сін қоюға бол­майды. Екеуі екі басқа дүние. Заңдылықта бір оқиға қайта-қай­та сол­ қал­­пында қай­талануы мүмкін, ал тарихта ол оқиға мүлде басқа мағынада, басқа сапада қайталанады.

Оның теориялық–методологиялық концепциясында «құндылықтар» кате­гориясына қатты көңіл бөледі. Тарихтағы кез келген құбылыс мә­де­ниет­тің бір элементі. Бірақ сол құбылыс адамға қаншалықты маңызды? Мем­лекет, дін, өнер сияқты жалпыланған құндылықтар жекеленген құн­ды­лықтардың басын қосып, бір бүтін қылады. Бірақ олардың өзі қоғам да­муы­ның әр кезеңінде абсо­лютті құндылық бола алмайды.

Прагматикалық философияның негізін қалаған американ ғалымы Ч.Пирс 1878 жылы өзінің «Как сделать наши идеи ясными» деп ата­ла­тын мақала­сында тарих біздің күнделікті өмірімізге не береді немесе біз­дің бүгінгі әрекет­імізді тарих қалай бағалайды деген мәселеге тоқталады.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973