Осы принципті ұстанған екінші бір философ әрі психолог У. Джемс өзінің «Прагматизм. Новое название для некоторых старых методов мышления» еңбегінде мынандай тұжырымдар жасайды:
1. Біздің көзқарасымыз–әрекетіміздің тәртібі, ережесі;
2. Кез келген идея жарамдылығына, пайдалылығына қарай бағалануы қажет;
3. Әрбір құбылысты «көп себептілік теориясы» тұрғысынан түсіндіру қажет. Бірақ «қуатты тылсым күштің » бар екендігін ұмытпаған дұрыс;
4. Біздің идеямыздың дұрыстығын немесе бұрыстығын өмір көрсетеді.
Прагматизм ұстанымдары таным теориясындағы релятивизм болды. Яғни, күнделікті өмір тәжрибесінің теориялық түсініктен басым екендігін көрсетті.Релятивизм– дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым–қатынаста болады деген методологиялық қағиданы ұстанды. Релятивизм заттардың, құбылыстардың, ғылыми теорияның, адамгершілік құндылықтардың, моральдық нормалардың, т.б. баяндылығын, тұрақтылығын, абсалюттік мәнін жоққа шығарады.
Шпенглер Освальд (1880–1936) – неміс философы, тарих философиясы мен мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі. Шпенглердің циклдік тұжырымдамасы «Закат Европы» атты кітабында тұжырымдалды.
Шпенглер зерттеулерінің негізгі тақырыбы «әлем тарихының морфологиясы». Ғылымда қалыптасқан әлем тарихын «ерте дүние», «орта ғасыр», «жаңа заман» сияқты шартты түрдегі кезеңдеу мәселесіне үзілді–кесілді қарсы шықты. Ол әлемдік тарих бір–бірінен тәуелсіз, тірі организм іспеттес, өзінің туу, өсуі және өлуі сияқты кезеңдері бар мәдениеттерден тұратындығын дәлелдеді. Әлемдік тарихи процесс идеясының орнына пайда болу, гүлдену және жойылу кезеңдерін басынан өткізетін мәдениеттер циклы концепциясын ұсынды.
Шпенглер өзінің тарих алдындағы негізгі мақсаттарын орындаған «ұлы мәдениеттер» қатарына мына төмендегілерді жатқызады: қытай, вавилон, египет, үнді, антика, византия–араб, батыс, мая және «ұйқыдан жаңа оянған» Сібір мәдениеттерін кіргізеді. Әрбір мәдениеттің өзіне тән «жаны» бар. Мәдениет дами келе өркениет болып қалыптасады. Мысалы көне Грекия мәдениеті Рим өркениеті болып қалыптасты.
ІХ ғасырда пайда болған Батыс Еуропа мәдениеті ХҮ–ХҮІІІ ғасырларда гүлденді, ХІХ ғасырда өркениет дәрежесіне дейін көтерілді. Ал оның шөгу уақыты шамамен 2000 жылдары болуы керек деп болжайды Шпенглер.
Әрбір мәдениет қайталанбайтын құбылыс. Бәрінің де тағдыры бір. Барлық мәдениет өз дамуында белгілері ортақ фазалардан өтеді. Өмір сүру уақыты шамамен бір мың жылға жақын. Өзінің ішкі творчестволық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланғаннан кейін өлі затқа ауысып өркениет фазасына өтеді. Өркениет дегеніміз мәдениеттің дағдарысы. Атеизм және материализм, сыртқы күштердің агрессиялық экспанциясы, радикалды төңкерісшілдік, сциентизм мен техницизм және урбанизация – өркениеттің бет келбеті. «Халқы бұқараға айналған әлем үлкен бір қаланы көз алдыңа елестетеді» – деп жазды ол өзінің «Закат Европы» атты шығармасында. Сол кітаптың кіріспе бөлімінде "Для настоящего знатока людей не существует абсолютно правильных или ложных точек зрения", – дейді. Тағы да ол: "Нет никаких вечных истин. Каждая философия есть выражение своего, и только своего, времени". Ал сол шығарманың басқа бір жерінде: «Общечеловеческой морали не существует… Существует столько же моралей, сколько и культур», – деген қорытынды жасайды.
Арнольд Джозеф Тойнби (1889–1975) ағылшынның көрнекті тарихшыларының бірі. Оның 1934–1961 жылдары жазған 12 томнан тұратын «Постижениеистории» деп аталатын іргелі еңбегі Англия тарихнамасына қосылған сүбелі үлес болды.
Ғылымда қалыптасқан тарихи процестің бір түзудің бойымен дамуы концепциясына қарсы өзінің өркениеттердің ауысуы теориясын ұсынды. Адамзат тарихы өз дамуында 21 өркениетті басынан өткізді. Өркениет ұғымын ол зерттеу объктісі деп есептейді. Әр өркениеттің өмір сүру шкаласы бар. Олар сыртқы ортаның тосын жағдайына (вызов) жауап ретінде пайда болады. Өркениет даму барысында екі топқа бөлінеді, бірі – басқарушы, екіншісі – пролетариат. Пролетариатты ол тағы екіге бөлді: ішкі (отчуждённые социальные группы) және сыртқы (окружающие варварские народы).
Қоғамның гүлденуінен кейін «творчестволық азшылықтың» басқарушы элитаға айналуына байланысты оның «3,5 тактыдан» тұратын құлдырау кезеңі басталады. Басқарушы элита «универсалды мемлекет»
құрады. Мұның өзі әрбір нақтылы өркениеттің құлдырауының бірінші кезеңін өткендігін көрсетеді. «Универсалды мемлекеттің» құлауы ішкі пролетариат арасында жаңа әлемдік діннің тарау көрінісімен қатар жүреді. Жаңа діни сенім жаңа өркениеттің негізіне айналады. Мысалы, эллиндер ортасында пайда болған христиан діні қазір Еуропа, Америка және Азияның кейбір елдерінде үстемдік етіп отыр. Бірақ Тойнби, өзіне дейінгі ғалымдарға қарағанда, тарихтағы адамзат прогресін мойындайды. Оның ойынша келешекте бүкіл адамзатты біріктіретін синкреттік дін (бахаизм) қалыптасатындығын жасырмайды.
Карр Эдвард Харлет ( 1892–1982) – ағылшын тарихшысы. Кембридж колледжін бітірген. 1916–1936 жылдары дипломатиялық қызметте болған. Алдымен либерал идеясымен әуестенеді, халықаралық қатынастарды зерттеуде саяси реализм концепциясын ұстанған. Марксизмге қарсы. Бірақ большевиктерді жек көрмеген, Лев Троцкийдің кейбір идеяларын жақтаған. 1936 жылы оқытушылық қызметке ауысады. 1940–1946 жылдары «Тайме» газетінің редактор орынбасары болды. Кеңес үкіметінің тарихымен айналысып, 14 томнан тұратын – «История Советской России» атты кітап жазды. Тарихнамадағы эмпиризм теориясын мойындамады. Аталмыш шығармада Ресейде 1917–1929 жылдар арасындағы оқиғаларға толық тоқталады.
1961 жылы «Что такое история?» атты кітабын жарыққа шығарды. 1978 жылы «The New Left Review» газетіне берген сұбхатында капиталистік қатнастарға теріс баға беріп, оның келешегіне күмән келтіреді.
Леопольд Ранке (1795–1886) позитивист. Берлин университетінің профессоры. Тарихилық қағидаттың қалыптасуына еңбек сіңірді. Ол тарихи деректің мәнін көтеріп, деректі қатаң сыни тұрғыдан талдау қажеттігін түсініп, зерттеудің нақты статистикалық, салыстырмалы – тарихи әдістерін енгізді. Ол мұрағат деректерін тарих ғылымның негізгі дерегі деп есептеді. Ранке өз заманында Пруссия монархиясы тарихнамашысы ретінде тарихты сол замандағы қалпында қабылдады. Э. Карр, К. Маркс оның дерекке көзқарасын сынға алды.
Люсьен Февер (1878–1956) атақты француз тарихшысы. Филология профессоры отбасы тарихынан докторлық диссертация қорғады. 1911–1919 жылдары Дижона, 1919–1933 жылдары Страсбург университеттерінде профессор қызметін атқарды. Ал 1933 жылдан өмірдің соңына дейін Колледжде Франс университетінде сабақ берді.
1929 жылы Марк Блок екеуі «Эконимика және әлеуметтік тарих анналдары» деп аталатын журнал шығаруды жолға қойды. Журнал 1946 жылдан бастап жаңа «Анналы. Экономика. Қоғам. Өркениет.»,- деген атқа ие болды. Журналдың айналасында сол заманның белгілі тарихшылары топталды. Оларды кейде «Жаңа тарихшылар» немесе «Анналдар мектебі» деп те атайды. Марк Блок қайтыс болғаннан кейін Л.Февр журналды жалғыз басқарды.
Л.Февр энциклопедиялық білімі бар,сол замандағы Францияның белді тарихшыларының бірі болды. Ол 16 ғасыр тарихының әр түрлі тақырыптарына қалам тартқан ғалым. Ол әсіресе тарих ғылымының теориялық мәселелеріне, тарихи танымның жаңа ұстанымдарын қалыптастыруға көп күш жұмсады. Тарихты жаңаша жазуды ол «Тарих үшін күрес» – деп атады.
Люсьен Февр «Кітаптар тарихы» деп аталатын жаңа пәнді оқу жоспарына кіргізуге ат салысты. 1950 жылдары кітап басу тарихын кеңінен зерттеді. Оның қолдауымен жас тарихшы Анри Жан Мартен 1958 жылы «Кітаптың пайда болуы» деген еңбекті жарыққа әкелді.
Қай тақырыпты зерттесе де Л.Февр ондағы адам тарихына қатты көңіл бөлді. Адамның ақыл ойы,оның пікірі,ментальдығы тарихи процесске әсер етеді. Әрбір өркениет өзіне тән әлемнің образын жасайды. Өркениет тарихын зерттеу барысында дүниенің образы,коллективизм және индивидуализм мәселелеріне бірінші кезекте көңіл аудару қажет. Қай қоғамда болмасын адам оның қозғаушы күші. Жасына, дәулетіне, қызметіне қарамай, өзі сияқты басқа тұлғалармен бірге тарихты жасайды. Міне Л.Февр мен М.Блоктың.
Фернанд Бродель (1902–1985). Белгілі француз тарихшысы Сарбон университетін бітірген. Ұлы француз революция тарихы бойынша диплом жұмысын қорғады. Алжирдін, Францияның жоғары оқу орнындарында қызмет істеді. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында әскер қатарына шақырылды. 1940 жылы тұтқынға түсіп, бес жыл бойы неміс лагерінде болды. 1948 жылы Француз тарихи зертеулер орталығын басқарды. 1949 жылы Колледж де Франс оқу орнының профессорлығы қызметіне шақырылды. Тарихшы ретінде оның беделін көтерген 1979 жылы жазылған 3 томдық «Материальная цивилизация, экономика и капитализм: 15–18 вв.» атты еңбегі. Онда автор индустрияға дейінгі Еуропаның экономикалық жағдайын бөге тере шегесіне дейін талдаған. Әсіресе ол сауда мен ақша айналымына, экономиканың дамуына географиялық ортаның әсеріне қатты көңіл аударды.
Географиялық және экономикалық фактордың тарихи процеске әсер етуін дәлелдеді. Бұл тарих ғылымында үлкен жаңалық еді. Еуропада капиталистік қатынастардың пайда болуы зерттей отыра ол микрожүйелік теорияның негізін қалады.
Бродельдің тарих ғылымында екінші бір жаңалығы – тарихи уақыт теориясы. Тарихи уақытты ол бірнеше деңгейлерге бөледі. Бірінші деңгей–қысқаша уақыт, белгілі бір оқиғаның болған уақыты. Келесі деңгей – орташа уақыт. Адамдардың күнделікті өмірінде жиі кездесетін оқиғалар. Мысалы; өрт катастрофа, жасалған қылмыс немесе астықтын бағасы сияқты оқиғаларды сипаттайтын газет хроникалар. Уақиғалар жиынтығын уақыт аралығында қарастырылады.
Немесе оны циклдік уақыт деп те атайды. Бұл деңгейде маңызды әлеуметтік немесе мәдени процесс циклдарының өрлеуі мен құлдырауын қамтиды. Үшінші деңгей – ұзақ уақыт. Үлкен әлеуметтік мәдени бірлестіктердің (өркениет) өмір сүру уақытын қамтиды. Тарихты басқа да гуманитарлық ғылымдардан ерекшелігі сонда.
Фернанд Бродель «жүйелі жаһанды» (тоталды) тарих концепциясын негізін қалады. Ол экономика тарихы тек абстрактілі товарлы ақша қатынастарын ғана зерттеп қоймайды. Ол тарих теориясына «Геоистория» – адам мен оны қоршаған орта, жүйелі тарих, «Медленны изменений» – (экономиканың дамуы қоғам, мемлекет және өркениет) және оқиғалар тарихы (событейная история) деген ұғымдарды кіргізді.
Эрнест Бернгейм (1850–1942) неміс тарихшысы, деректанушы, теоретик, ұлты еврей. Саудагерлер отбасында дүниеге келген. 1868 жылы Берлин университетінің тарих бөліміне түсіп, кейін Гейдельберг университетіне ауысады. 1872 жылы Страссбург университетінде оқыды. 1873 жылы докторлық диссертация қорғады. Оған бірден философия және құқық докторы атақтары берілді. 1875 жылы ол тағы бір диссертация қорғап, Геттингель университетінің приват–доцент қызметіне алынды.1883 жылы Грайфсвальд университетінің экстроординарлы профессор қызметіне шақырылды, ал 1899 жылы осы университеттін ректор дәрежесіне дейін көтерілді. 1921 жылы отставкаға шықты. Германияда ұлтшылдар ықпалының күшеюіне байланысты Э.Бернгеймнің жағдайы қиындайды. 1933 жылы оған лекция оқуға тиым салынды. 1935 жылы ол Герман азаматтығынан шығарылды. 1939 жылдан бастап оның еңбектері ұлтшыл тарихшылар тарапынан сынға ұшырады. 1942 жылы Э.Бернгейм дүниеден озды. Ең белгілі еңбегі – 1979 жылы жарық көрген үш томдық «Материальная цивилизация, экономика и капитализм XV–XVIII вв.»
Жак Ле Гофф (1924–2014) – француз тарихшысы–медиевист «Анналдар мектебінің» ізбасары болған француз «Жаңа тарих ғылымының» көрнекті өкілі. «