Материал: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Театр — жақсылық пен жалғандық жалғасқан майдан алаңы. Абзал ойдың алыптары атыс салған күрес даласы. Эсхил мен Софокл, Шекспир мен Шиллер, Пушкин мен Гоголь күш сынасқан шеберлік аренасы. Оның сайын сахнасында Т. Сальвини, Э. Дузе, С. Бернар, Дж. Гилгуд, М. Дальский, М. Емолова, В. Качалов, М. Чехов кіндіктерін кескен. Сол сырлы сахнадан сұлу саз бен шерменденің шері шырқалған.Сондықтан К. С. Станиславский: Театр — ғимарат, Артист — абыз деген.«Театрға бас сұқпас бұрын қақырынып-түкірініп ал. Ал, ішіне кірген соң, бұрыш-бұрышына түкірмейтін бол. Алайда көпшілік жағдайда актерлер өз театрына: өсек, өштік, қастық, жала, қызғаныш, майда-шүйде жалған намыс сияқты әр турлі тұрмыстық жексұрын нәрселерді ілестіре келеді. Соның нәтижесінде, театр — өнер ғимараты емес, түкіретін, қоқыр-соқыр мен жуынды төгетін жерге айналады» (К. С. Станиславский, Сочинения, том 3. с. 243) деп жазған да сол кісі.Театрдың коллективтік роль атқаратыны әлмисақтан белгілі. Коллективтік өнер гармониялық тұтастықты тілейді. Ол әр тараптан бас қосқан: драматург, режиссер артис те, суретші, композитор, мүсінші, әнші, биші сияқты гармониялық үйлесімін тапқан сахналық бірліктің топтасқан ұйымы. Осындай бірлік тауып, қоғамдасқан үлкен топты театр тілінде «ансамбль» деп атайтыны көпшілікке тағы аян. Осы «ансамбльді» ыдыратып алмай, ие болу — театрдың басты борышы саналады. Аталмыш миссия театр адамдарына ортақ үлес есептелініп, негізгі жауапкершілік жүгі сол мекеменің басшыларына жүктеледі. Алайда, театр қызметін дұрыс басшылыққа алу үшін әмбеге бірдей ортақ заң керек. Ол заң — театрдың қоғамдық, моральдық, творчестволық сипатын демократиялық жолмен жүзеге асыра алатын саяси әрі көркемдік әділ орган болу керек.Міне, сондай заң К. С. Станиславский тұңғыш рет өз қолымен қадасын қаққан «Әдеп» ілімі болып табылады.Әдеп — қоғамдық, моральдық, творчестволық болып әлеуметтік үш тарауға бөлінеді.

  1. Қоғамдық әдеп
Театр — мемлекеттік мекеме болғандықтан қоғамға қызмет етеді. Актер — қоғам азаматы!К. С. Станиславский: «Актер — слуга народа» десе, Театр да, Актер да — қоғамның құлы!Театр — қоғамның моральдық сипаты болса, Актер — театрдың моральдық сипаты. Екеуі де қоғам үшін еңбек етеді. Қоғам — театрдың моральдық тазалығын әлеуметтік басшылыққа алса, Театр — қоғамға кір жұқтырмау жағын қадағалайды. Қоғам мен Театрдың мемлекеттік міндеті — демократиялық социализмнің сара саясатын сахна арқылы терең талдап, бейнелеп беру.
Олай болса, театрдың творчестволық ауа райы (атмосфера) дұрыс қалыптасып, еркін қанат қағу үшін қоғамға төмендегідей жауапкершілік жүктеледі:а) актер әл-ауқаты келгенше дұрыс тамақтану керек,б) ол үшін театрда тамағы жұғымды асханасы немесе дәмді астары мол жақсы жабдықталған буфеті болу шарт,Актердің уақытында дұрыс тамақтануы, оның творчестволық көңіл күйінің әсерлі болуына, рухының биік болып асқақ ой ойлауына, өнімді еңбек етуіне игі әсер етеді.в) актерлер үзбей жаттығулар жасап тұруға тиіс,г) ол үшін театрда жаттығулар (акробатика, би) өткізетін арнайы орын: кіші зал, шеберхана (мастерская) сияқты спорт құралдарымен жабдықталған бөлмелер болу керек.Мұндай гигиеналық шаралар: актердің қимыл-іс еркіндігі мен тән сұлулығын көркемдікке баулитын пластикалық тәрбие үшін қажет.а) актер көркемдік әсер бұлағынан жиі сусындап тұру керек,б) ол үшін театрдың өз музейі, кітапханасы болса өте жақсы.Көркемдік әсер алу үшін, актерлерге творчестволық командировкаға шығып тұруға, шетелге саяхат шегуге, көпгеген театрлармен тәжірибе алмасып тұруға жағдай туғызған абзал. Әлемдік музейлер мен галереяларды аралап көру, көрмелерге қатынасу, көне ескерткіштермен танысу, әр түрлі адамдармен араласып, олардың мінез- құлқын, психологиясын зерттеу творчество адамына зор санаткерлік азық береді.Актер ғылыми танымдық мәселесіне де мықтап ден қою керек, оларға:а) табиғатпен тілдесу (зерттеу), әр түрлі адамдардың тілін, дінін, жаны мен тәнін, күллі өмірін, тарих пен этнографиясын, тұрмыс-салтын зерттеп-білу,б) дүние жүзі халықтарының әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен шежіресін, ән-күйі мен киім-кешегін зерттеу жатады.Міне, осындай ауадай қажет творчестволық шараларды іске асыру үшін актерлерге қоғамның қамқорлығы қажет.«Артистің қоғамдық хал-ахуалы мәз емес. Оның ролі мен маңызын өмірде түсінетіндер өте санаулы. Артист қызметінің сырт жағдайы аса қиын.Артист жұрттың бәрі демалып жатқанда, күндіз де, кеште де жұмыс істеп жатады.Күндізгі уақыттың көпшілігін артист қараңғы жерде, кулистің сасық ауасы мен шаңының ішінде өткізеді.Артист жарық пен ауа тұрмақ, мезгілімен ішетін асы мен түнгі демалысынан да жиі қағылады, өйткені жүйкеге тиетін жұмыс, зорығу ұйқысын қашырады.Кезбе тіршілік (ұзақ жүретін гастрольді айтады. М. Б.), материалдық жағынан жетіспеушілік пен діңкеге тиетін жұмыс, адам организмінің әл-қуаты мен қадір- қасиетін әлсіретіп, артистің онсыз да ауыр тұрмыс жағдайын одан сайын нашарлатып жібереді.
Әманда «тәні саудың — жаны сау». Тән мен жан саулығы артист творчествосы үшін өте-мөте қажет. Артистің ауыр тұрмысы таланттың қанат жаюына кері әсер етеді» (там же, с. 424—425) деп К. С. Станиславский актер қауымының «ауыр тұрмысын» ашып айтса, оларды материалдық әм моральдық жағынан қамтамасыз ету де қоғамға жүктеледі.Артист қызметінің қиындығы мен жағдайсыздығы артистерді әр түрлі жағдайларға кіріптар етуге, творчестволық позициясынан айрылып қалуға, кез-келген ымырашылдыққа көне кетуге, кездейсоқ қателіктерге ұрынуға, жалтақтыққа салынуға, жігерсіздікке баруға, жағымпаздыққа үйір болуға, арын айырбастауға, ішкілікке салынуға, нәтижесінде — өзінің артист атағынан, көркемдік идеалынан айрылып қалуға мәжбүр етеді.Осыларды сарапқа салып, Театрдың ішкі, сыртқы моральдық ауа райын жіті қадағалап отыру — қоғамды қ э т и к а ғ а жатады.ІІ. Моральдық әдепӘдеп — өнегелікке, тәлімгерлікке баулитын ілім. Ол — сахна өнерінің моральдық сипаты,— адамның рухани дүниесін азып-тозудан, ластанып-бұзылудан сақтандырып, жалпы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыратын өнегелі тазалық желісіне негізделген тәлім-тәрбие жүйесі.Артист барлық азаматтар сияқты қоғамдық этиканың заңдылықтарын терең түсініп, оған мүлтіксіз бағынуы тиіс.Артист этикасы — сахна санаткерлерінің әдептілік, тәлімдік қасиетін белгілейтін профессионалдық тар арналы сипатына жатады. Іргетасы негізгі коғамдық әдеппен тамырлас. Жалғыз ғана өзгешелігі: сахна өнерінің ерекшеліктеріне сай икемделген. Ал, сахна ерекшелігі күрделі әрі сан қилы.Біз сахна өнері — коллективтік өнер екенін айттық. Кез келген коллектив мүшесі өз алдына дара өнер жасаушы бола тұра көркемдік гармония заңдылықтарына сай, олар өзара бір-бірімен тығыз творчестволық байланыста болады. Бірін-бірі сыйлау, қас-қабақпен түсінісу, еңбегін құрметтеу — ішкі ережеге саяды. Осындай өнеріміздің жағдайына қарай икемделген тәлімдік көріністер артист этикасын тудырады.Жалпы коллективтік өнерге қойылар көркемдік талап көзі творчествоның өз психологиясы мен физиологиялық ерекшеліктерінен арна алады. Бұл жерде творчестволық жігер мен талант басты роль ойнайды. Сондықтан да артист этикасы творчестволық жігер мен талант табиғаты онын характері сияқты ерекшеліктерімен үндес болу болғандықтан, артист этикасының басты мақсаты — құш керек. Талант пен творчестволық жігерге тән нәрсе: құштарлық, құмарлық әм творчестволық іс-әрекетке құлшыну тарлық, құмарлық, әсерлік талаптарына бөгет болатын себеп-салдардың жолын кесу. Өйткені, артист іс жүзінде творчествосының қадамын аштырмайтын не сан бөгесін мен бөгеттердің неше түрлі қиындықтарын бастан кешуге мәжбүр болады.
Адалын айтқанда, көпшілік жағдайда бір-біріне кедергі жасайтын артистердің өзі. Кейбіреулері сахна өнерінің биік мақсат-мұраттары мен оның психологиялық әм физиологиялық ерекшеліктерін жете түсінбеуден, қателіктен бөгет жасаса, ал кейбіреулері қызғаныштан эгоистік тұрғыдан саналы түрде әдейі жасайды. Ондайлар сахналас серігінің творчестволық жетістігін көре алмай іші күйеді. Оны кекетіп, мұқатып, жасытып, жабырқатуга күш салады. Ол үшін әзіл мен қалжың түрлерін қару қылып пайдаланады. Мұндай жағдайлар, әсіресе, жолдасының ойнаған ролінде кеткен кем-кетік кемшіліктерді келемеждеу арқылы істелінеді. Сырттан қарағанда зілсіз болып көрінетін әзіл мен мысқылдың залалы мен зардаптары актер творчествосына кері әсер етеді.Ащы әжуа, мірдей мысқыл, қаскүнем қалжың — өнердің қас жауы. Удай кекесін, зәрлі келемеж актердің творчестволық жігерін жасытып, өнерге деген құштарлық құлшынысын, мейір мен меселін тойтарады. Қысылу, қымтырылу, ұялу, қызару белең алады. Аталмыш қас- күнемдік кесепат, таланттың тереңдеп тамыр жаюына құрылған тор, шиеленген шідер.Мұндай кер кеткен кері құбылысқа режиссер болып, көркемдік кеңес болып, театрдың кәсіподағы болып тізе қосып, тыйым салу— моральдық әдепке жатады.Коллективтік творчество саласында жиі кездесетін келесі бір үлкен апат—жұмыс процесі кезіндегі немқұрайлылық, жайбарақаттық. Репетиция үстіндегі бір актердің сүлесоқ әрекеті күллі коллективке жайылып, қажырлы жұмыстың берекесін қашыруға себеп болады. Аталмыш індет-өнер практикасында ең қауіпті, ең азапты құбылыс. Мұның өзі сахналық өнер — коллективтік өнер екенін ескермеуден туатын қорытынды.Театр тарихында орын тепкен тағы бір кесел — атаққұмарлық пен даңққұмарлық. Өзін-өзі жарнамалау. Даңқ пен дақпыртқа құмартып, мақтанның, соңына түсу.Жалынып, жағынып жүріп сахна сымшыларына өзі туралы мақтау мақалалар жазғызу. Арын сатып атақ алу. Талантты адамдарды сырттан жамандап, оның қыр соңына түсу. Өзін-өзі зор тұтып, басқаларды қор тұту. Өзгелерден өзін биік ұстау. Сәл артықшылығын сезсе, мұрнын шүйіріп дандайсу. Басқалардың пайдалы пікірі мен достық сынын елемеу. Жалған табыстан бас айналу сияқты мансапқорлық театрдың творчестволық ауа райын ластап, өнер мен таланттың аяғына тұсау салады. Солай десек, Станиславскийдің этикалық программасының іргетас негізінде өнерге деген тұнықтық, эстетикалық тазалық мұраттарынан желі тартқан ізгі идеялық мөлдір ілім бар. Өнер адамдарына Станиславский әдебін моральдық жолбасшылыққа алу парызы жүктелген. Театрдың міндеті — көрермен қауымының көңілін көтеретін ойын-сауық базарын ұйымдастыру емес, олардың рухын көтеру, ізгілікке тәрбиелеу. Актердің де атқарар міндеті — сол.
«Театр — екі жүзді алдаспан; бір жағы жарық үшін күрессе, екінші жағы — түнек үшін күреседі. Театрдың көрермендерге ізгілік шашатын әсер қуаты қандай болса, оның азғындыққа, құлдыраушылыққа, талғамды ластауға, тазалықты былғауға, ерсі құмарлықты қоздыруға, тоғышарлық әдепсіз әдемілікке қызмет ету әсер қуаты да сондай» (К. С. Станиславский. Статьи, Речи, Беседы. Письма. стр 242) деп К. С. Станиславский театрдың күрделі қос қырын: бірі — ізгілік үшін күрессе, екіншісі — жауыздық үшін күресетінін талдап түсіндіріп, өнер адамдарын әдепсіз болудан сақтандырып, ізгілікке шақырады.Сөйтіп, өз заманының, өз уақытының алдыңғы лектегі озат ойлы перзенті К. С. Станиславский театрдың алдына азаматтық биік идеал миссиясын көлденең тартты. Творчество мен этика бір принципте өмір сүру керек екенін, ол принцип — бірлік, тұтастық екенін, азаматтық биік мұрат — сол бірлік принципіне дақ түсірмеу екенін үнемі айтумен болды.Тәртіп пен этика нормасы театрда төменнен де (коллектив), жоғарыдан да (басшылар) тең праволы жағдайда қалыптасу керек. Егер театр басшылары этика мен тәртіп тұрғысынан өздерін жоғары сатыда көрсете алмаса, театр коллективінің арнаулы топтарының күш салғанына қарамастан тәртіп түзелмейді. Сондықтан да К. С. Станиславский, қарапайым сахна жұмысшыларынан бастап, атақты артистер мен даңқты режиссерлерге дейін театр этикасына мүлтіксіз мойын ұсынуын қатаң түрде талап етті. Әсіресе, театр басшыларының ролін айрықша бөліп айтты.«Жүздеген адамдардың сенімі мен қожалығын қолына алған кісіден іскерлік пен парасаттылық, тіпгі одан да биік ар-ұждан тазалығы талап етіледі. Бұл театрдың режиссері мен әкімшілігіне аса зор, аса қиын талап қойылып отыр деген сөз.Аты аталған адамдардың этикасы мен тәртібі басқаларға үлгі болу керек. Басқаларға талап қоя білу үшін, алдымен сол талапты өзі орындауға тиіс. Егер іс пайдасы үшін өзгелер режиссура мен әкімшілдіктің беделінің қамын жеуге міндетті болса, онда соңғылар өз беделін қуаттау үшін өзгелердің істегенін істеуге міндетті; басшы адамдарға тән сыпайылық, іскерлік, үлгілі қызметкер қасиеттеірінен басқа әділ де бола білу қажет» (К. С. Станиславский, сочинения, том 5, с. 435) деп К. С. Станиславский театр басшыларының әділ де парасатты болуын қалайды.Өкінішке орай, іс жүзінде театр басшыларына осы айтылған әдептілік, әділдік, парасаттылык қасиеттері жетпей жатады, жетпей жатса бір сәрі-ау, мүлде болмай жатады....О, Тәңірім! Театрда істеген жылдарымызда қандай директорлармен істес болмадық?!.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/240647