алдына елестете алмайтын, қиялсыз актер сахна санаткері бола алмайды. К. С. Станиславский: «Не елестету процесін жетілдіру керек, не болмаса сахнадан біржолата кету керек»,— деп үзілді-кесілді үкім айтқанда елестету қасиеті дарымаған адамнан артист шықпайтынын айтқан. Өйткені, слестету дегеннің өзі көрген, білген, ойлаған нәрсеңді сахнада тұрып көзбен көргендей нақтылап, айшықтап айтып беру деген сөз. Яғни «көкірек көзің» аркылы көру ғой. Ал, нысанаңды «көкірек көзі» арқылы көру — сахналық қарым-қатынасқа бару болып табылады. Қарым-қатынас жасау — партнер табу деген ұғым. Демек, елестету арқылы «бір-бірінің етін жейтін каннибалдармен» ойша кездесіп, олармен қарым-қатынас жасап, «тілдесесің». Жауыздығын «көкірек көзі» арқылы көріп жиренесің. Адамның етін жейтін жыртқыш жабайылардың қан-қан болған темірдей тырнақтары мен аузы-басын көріп, төбе құйқаң шымырлайды. Бұдан келіп көзқарас (отношение) пайда болады. Ал, сахналық қарым- қатынасы мен сахналық көзқарасын анықтап алған актер, әлгі адам жегіш жауыздардың бейнесін тірілтіп, образын көрермендердің көздеріне елестетіп, аудиторияның реакциясын тудырады. Сөйтіп, сахна мен көрермендер арасында творчестволық байланыс орнайды. Бұлай болатын себебі: актер қашанда автор ұсынған оқиғаның тең ортасында болып, көркемдік ғұмыр кешеді. Елестету процесі тудырған кейіпкерлермен ойша араласып, қарқынды әрекет етеді. К. С. Станиславский елестету процесінің негізгі қоздырушы күші: кім, қ а шан, қайда, неге, не үшін және қ а л а й дейтін етістік сұрақтарының табиғатында жатыр дейді. Сахнада елестету тіршілігін сол сұрақтар тудырады екен. Өйткені, елестету артистке тек, «ұсынылған тосын жағдай» процесін жаңадан тудыру үшін ғана емес, бұрын больш өткен санада сақталған оқиғаларды жаңғырту үшін де қызмет атқарады. Мәселен, Отеллоның бұрын кім болғанын, Кипрге қашан келгенін, бұған дейін қ а й д а болғанын, мұнда н е г е келгенін, не үшін қызмет істеп жүргенін, өмірінің қалай өтіп жатқанын іштей «көкірек көзі кинолентасы» арқылы тудырып алып, сыртқы «көкірек көзінің экранына» көшіру — жоғарыда айтылып кеткен ойымызға дәлел. Осылардың бәрі сахнадан өзінің тарихи, көркемдік шынайы көрінісіне ие болу үшін, актер өзіне-өзі: «Егер менің ойдан шығарылған дүнием шын мәнінде шындық болып шықса, мен не істеген болар едім?»—деген сұрақ қою арқылы әрекет ету керек. Солай десек, алдымен елестету процесі пайда болады екен де, іле-шала әрекет өмірге келеді. екен. Біріншісі — елестету, екіншісі — ә р е к е т.
Сайып келгенде: сахнадан сөйлеген сөзіміз бен еткен әрекетіміз елестету тіршілігіміздің шынайы нәтижесі болу керек.Егер біз, сахнада тұрып өзіміздің кім екенімізді, қайдан келгенімізді, қайда баратынымызды, не үшін келгенімізді, не істейтінімізді білмей сөз саптасақ немесе әрекетке көшсек,— онда елестету процесінсіз бекерге іс істеген болып шығамыз. Аз болсын, көп болсын біздің сахнада көрсеткен әрекетіміз түп-түгел жалғанға айналады.Егер бізден біреу ең қарапайым нәрсе: «Далада күн суық па?»—деп сұраса, жауап беру үшін біз, алдымен ойша далада болып, бұл жерге қалай келгенімізді, тоңған-тоңбағанымызды елестету арқылы еске түсіріп барып, не «суық», не «жылы» деп жауап береміз. Алайда біз тез жауап бергендіктен, көлденең көзге ойланбай жауап берген сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал, шын мәнінде даладағы көріністерді көз алдымыздан өткеріп барып, тексеріп алып айтқандықтан елестету процесінің нәтижесін жеткіземіз. Бар айырмашылық — найзағайдай қас-қағым сәттің реакциялық шапшаңдығында жатыр. Олай болса, сахнада аттаған әр қадамыңа шейін елестету процесінің қатысуымен істелуі тиіс.К. С. Станиславский: «Роль мен творчестволық жұмыс және драматургтің сөзге құрылған шығармасын сахналық хикаяға айналдырудың күллісі бастан-аяқ елестетудің қатысуымен өтеді» (там же, с. 95) деп жазса, актерлер өздерінің елестету қасиетін ұдайы жетілдіріп отыруға ерекше назар аударулары керек. Актер творчествосында аталмыш процестің маңызы мен мағынасы, алатын орны осындай белсенділігімен ерекшеленеді.Әсілі, бір мәселенің басын ашып алған абзал. Ол мәселе — сахнада елестету процесі өз алдына дара өмір сүрмейді, оның қиял сияқты тұрақты сыңары бар. Творчестволық тұрғыдан бұлар бірін-бірі толықтырып, байытып қатар өрістейтін қосақтаулы элементтер.Елестету — қиялд а н азықтанады. Елестету— сылдырап аққан бұлақ болса, қиял — сол бұлақтың жер асты сарқылмас шыңырау көзі іспеттес. Қиял елестету процесінің ұзын аққан арнасын олқы түсірмей, табан жолын қаңсытпай әмісе тасқын тудырып отыратын кәусар қазынасы. Демек, актердің аса қуатты өте айқын қиялы болуы шарт.Ал, сонда қиялы көмескі актер не істеу керек?Бұл сауалға К. С. Станиславский: «Не қиялды жетілдіру керек, не болмаса сахнадан кету керек. Өйтпеген күнде сенің әлсіз қиялыңды өзінің мол қиялымен алмастыра салатын режиссерға кез боласың. Бұл деген өз творчествоңнан бас тартып, сахнада дойбының тасына айналу деген сөз» (там же, с. 73) деп үзілді-кесілді жауап береді.
Ал, шын мәнінде Отеллоның елін, жерін, тұрмыс-салт,ата дәстүрін, оның құлдыкқа сатылып жаһан кезген сергелден саяхатын зерттеп білуді былай қойғанда, режиссердың жетегінсіз өз бетінше сахнадан бейнелеп бере алатын актер бар болса, ілуде біреу болар. Отелло сияқты аса күрделі тарихи образға қажет психологиялық әм іңкәрлық қуатты көркемдік бай материал айтулы деген актерлердің де зердесінен табыла бермесі ақиқат. Қиял — қабырғасы берік қамал сияқты құбылыс. Оның тас табалдырығын қозғау үшін білімнің іргетасы терең болмақ керек. Ол үшін актер, білім бұлағы — әр түрлі кітаптардан, картиналар мен музейлерден т. б. сусындағаны абзал. Сөйтіп, бейнелеу өнерінің құралдары арқылы актер, Отелло саяхат салған жерлерді ойша кезіп шығуға мүмкіндік алады. Бұл жерде тағы да қиялдың көмегі қажет. Өйткені, тек қиял ғана өмірде болмайтын (болуы да мүмкін ғой) ғажайыптарды ойша суреттеп бере алады. Мәселен, біз ойша ғарышқа самғап, күн планетасынан ары өтіп, бұрын көрмеген елмен танысып, олармен қатынас жасай аламыз. ол жақтың адамдарының бойлары аса ұзын бес метрдей болып, аяқтары — алтау, қолдары — он шақты, бастары — бесеу болуы да мүмкін ғой. Олар ауыздарымен сөйлеспей, пластикалық құрал — ишаратпен тілдесуі де ықтимал. Телепатия арқылы немесе көзқарастары бойынша қарым-қатынас жасауы да ғажап емес. Жері — топырақ емес, жалтыр қара тас, ішетін асы — ауа ғана болса, оған да таңданатын еш нәрсе жоқ. Ал, өмірде осыларға сенуге бола ма? Әй, қайдам! Олай болса, актердің қиял кеңістігіне ғылым мен білімнің, әдебиет пен тарихтың, бейнелеу өнерінің берері көп. К. С. Станиславский актерлерге әдебиет пен мәдениеттің бұлақ көзінен мейір қанып сусындау керектігін үнемі айтумен болған. Өйткені, сахна санаткерінің творчестволық әрекетіне бай мазмұн беріп, ой өрісін кеңейтетін — қиял. Асып-төгіліп, көкіректен құйылған білім нұры сахна төрінен сөйленер сөздің философиялық астарын қалыңдатып, мазмұнын тереңдетеді. Сөйтіп, сөздің саралық салмағы ауырлап, көркемдік жүгі қымбаттайды. Сылдыр сөз — сырлы сөзге айналып, астарынан — ақыл игілігінің, даналықтың, кемелдіктің әуезді үні кейіпкер күйін шертеді....Ұлы Абай «көңіл кұсы құйқылжыр шар тарапқа» деп ғарышпен тілдескендегі «көңіл құсы — қиял. «Шар тарап» дегені — жұмыр жер. Қазақта «шар» деп домалақ, жұмыр нәрсені айтса, «тарап» деп жаратылысты, жерді айтады. Жердің жұмыр екенін қазақ білсе, Абайда білген. Өмірден өлшеусіз соққы жеп, назаланған Абай, жапа-жалғыз отырып «шар тарапты құйқылжыған көңіл құсымен» кезіп кететін болған.
Қиял — творчествоның қайнары.Қайнар — сарқылмайтын кеніш.Кескіндеу, сәулет, мүсіндік, бейнелеу өнерінің әлемдік үздік үлгілері, жер жүзілік әдебиет қазынасы, опералық, симфониялық туындылар — түп-түгел қиял жемісі.Аристотель, Леонардо да Винчи, Эль Греко, Рембрандт, Шекспир, Гете, Репин, Чайковский, Шаляпин,Станиславский, Абай, Құрманғазылар түгелдей Жоғары Мәртебелі Қиялдың Перзенттері!Қиял — құпия құбылыс. Аристотель мен Абай, Чайковский мен Станиславский де ғасырлардың құпиясы.Қиял — құпияны туғызса, құпия — қиялды дүниеге әкеледі. Аралықта тылсым сабақтастығы бар. Тылсымның тілін тарқату — тылсым тұлғалардың ғана пешенесіне бұйырған сыбаға болса керек-ті. Менің ұғымымда тылсым мен құпия — қиялдың ньюанстық нәзік мазмұны іспеттес кұбылыс. Сахна тіліне аударғанда санаткердің техникалық тәсілі. Абайша айтқанда: «көкіректегі көрікті ойдың» сыртқа тепкен көркемдік сәулесі. Сол жарық сәулені өнер сүйер қауымның көкірегіне ұялату процесі талапкердің қабілетіне тиесілі шеберлік.«Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» мақалындағы «көңіл» сөзін қазақтар «қиял» сөзінің баламасы ретінде пайдаланған. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» деп алағызған Абай, «қиялды»—«көңіл» деп сол қазақ ұғымында алған ғой...Болашақ кейіпкерінің сахналық тұлғасын «көңіл көзімен», яғни «қиял көзімен» елестетуді К. С. Станиславский: көкірек көзімен көру (видение внутрениего зрения) деп атаған. «Егер өз түйсігіміз бойынша кесіп-пішсек, қиялдау, елестету, армандау дегеніміз-не ойласақ, соны көкірек көзімен қарап, көру деген сөз» (там же, с. 83) дейді ол. Жалпы қиял процесін К. С. Станиславский; көкірек көзі (внутреннее зрение), көкірек көзінің экраны (экран внутреннего зрения), көкірек құлағы (внутренний слух) деп атай берген. Алайда, қиял —елестету арқылы қызмет атқарады. Ал, «көкірек құлағы» деген «көкірек көзі» арқылы көрген нәрсеңнің үнін есту болып табылады.Солай десек, сахна алаңында аттаған әр қадам, әр қимыл қиялдың қатаң бақылауымен істелуі тиіс. Актердің рольмен жұмыс істеуі, драматургтің сөзбен жазылған шығармасының спектакльге айналуы,— бәрі де қиялдың тікелей қатысуымен жасалады. Қиял мен елестетудің кейіпкержандылық ролі мен көркемдік маңызын осындай көкірек көзінің экраны» шұғыласы арқылы бағалаған абзал.К. С. Станиславскийдің зерттеулерінен шығатын қорытынды: өзін сахнампоз санаткерімін деп есептейтін кез келген актердің койма қызметін атқаратын «қиял кебежесі» болу керек пе дейміз. Ұлы ұстаз лұғат еткендей өмірден түйген, көрген-білгендерін сол «кебежеге» сықап сала беру керек шығар. Жоғары Мәртебелі Қиялдың «көкірек көзі» түсірген түрлі түсті «фотосуреттері» өнер сүйер қауымның эстетикалық талғамына талшық. Иә, «қиял кебежесі» қазыналы болғай. «Қазыналы кебежеден» рухани «дәм татқанға» не жетсін!..
АЛТЫНШЫ ЗАҢДЫЛЫҚТебіреніс зердесі(Эмоциональная память)К. С. Станиславский «Тебіреніс зердесі» терминологиясын француз ғалымы Т. Рибоның (1839—1916) «Аффектілік зерде» атты психология саласын зерттейтін еңбегінен алған. Ол Рибоның еңбегін жан-жақты терең талдай келіп, «Аффектілік деген атау актердің ішкі әрекет әлемін толғанысқа, қозғалысқа түсіре алмайды деп, «Тебіреніс зердесі» терминімен алмастырды. «Тебіреніс»— гректің Ematsion (орысша — волную, потрясаю) — тебірендіру, толғандыру деген сөзінен шыққан.К. С. Станиславский аталмыш терминнің мағынасын Рибоның келтірген мысалдары арқылы түсіндіреді....Теңіз апатына душар болған екі саяхатшыны толқын қуып, жағалаудағы жартас маңында кездестірсе керек. Екеуі естерін жиған соң, бастарынан кешкен қауіп-қатерді сөз қылады. Біреуінің есінде не болып, не қойғаны — қалай құлағаны, суға секіргені түп-түгел бүге-шігесіне дейін сақталыпты да, екіншісінің есінде қатты қорыққаны, өмірден түңілгені, құтылуға қам-қарекет қылғаны сияқты басты-басты сезім әсерлері сақталыпты.Міне, осындай сезім әсері адамның тебіреніс зердесінде сақталып қалатын болса керек.К. С. Станиславский: «Әрбір адам өз өмірінің кез келген сәтінде әйтеуір бір нәрсені сезіп, білуге мәжбүр болады. Егер ол еш нәрсені сезіп, білмейтін болса, онда ол тірі адам емес, өлік болғаны. Тек өліктер ғана еш нәрсе сезбейді» (К. С. Станиславский, сочинения, Москва, «Искусство», 1985, с. 242) деп адам баласының күллі тұлғасы сезімнен өрілетінін айтады.Мысал үшін, «Гамлет» трагедиясынан үзінді келтірейік:О ф е л и я: Кесте тігіп отыр ем. Гамлет кіріп келгені,Қалпағы жоқ, жеңсіз жейде жыртылған.Бауы үзілген шұлығы өкшесінде кір-кір. Қалш-қалш етіп, соқтығады тізесіне-тізесі. Абдырауы соншалық, құдды жаңа Қашып шығып дозақтан, сонда көрген Сор-азабын айта келген адамдай.П о л о н и й: Ғашықтықтың дертінен есі ауысқан болды ма?О ф ел и я: Біле алмадым,Содан ба деп қорқамын.П о л о н и й: Не айтады өзі?О ф ел и я: Білегімнен қысты да, қолын үзбей қолымнан,Қадам кейін шегінді, басқа қолын Апарды да көзіне, содан маған Суретшідей сығалап кеп қарады.Ұзақ тұрды сол күйі. Ақырында Жұмсақ сілкіп қолымды,Үш мәрте басын иді де,Жан тәсілім қылардағы адамдай,Ышқына бір күрсінді,Уысын жазып босатты да қолымды.Маған ғана қайырыла қараумен