Бұдан шығатын қорытынды: К- С. Станиславский актер өнері мен режиссер өнерінің сахналық проблемаларын егіздік планда қатар өрбіткен тұңғыш сахна суреткерінің ролін атқарған адам ретінде танылады. Ендеше, «Станиславский жүйесі»— актер шеберлігі мен режиссер мамандығының қайнар көзі.Әсілі, «Станиславский жүйесі» дейтін ілім функциясына театр өнерінің көкейкесті проблемаларын терең талдайтын: теориялық әрі практикалық және аса ірі ғылыми эстетикалық, этикалық әм көркемдік критерий аспектісі шоғырланған. Бұлардың цикльдік құрамына: актер мен режиссер шеберлігі туралы ілім, актердің ішкі, сыртқы техникасы, театрдың эстетикасы, творчестволық методология мен театр педагогикасы, коллективтік сахна қызметін ұйымдастыру әм ансамбльдік бірлікке ие болу сияқты аса күрделі психологиялық ірі-ірі компоненттер кіреді. Ал аталмыш элементтер өз алдына дара-дара тарауларға бөлініп, оқшаулық танытқанмен идеялық-көркемдік концепциясы жағынан бір-біріне туыс, тегі төркіндес, тұп тамыры бір емшектес процесс. Өйткені актер техникасын — режиссер техникасынан бөліп қарауға, немесе осы екеуін К. С. Станиславскийдің эстетикалық принциптерінен ажыратуға болмайды. Сондай-ақ «жүйені» теориялық негіз деп санап, оны практикалық процестен бөлек қарау да қате. Бұл — ұлы ұстаздың сахналық реформасының негізгі пафосы.Алайда «жүйе»— табиғатынан дарынсыз адамға шалқар шабыт пен таудай талант сыйлай салатын «сиқыр сандық» немесе «ауызға түкіртіп» алып, өнер жасап жүре беретін диуананың батагөйлігі емес. Ол —саналылық құралдары арқылы санасыздық процесіне қожалық ету болып табылады. Санасыздыққа қол жеткеру — шабытқа ие болумен пара-пар.«Жүйе» алдына зор идеялық және көркемдік үлкен максат қоя білген әрі творчестволық күш-қуат мүмкіндігі орасан күшті сахна суреткерлеріне ғана баға жетпес көмек бере алады» («система» может оказать неоценимую услугу лишь тому художнику, который обладает потенциальной силой ставит перед собой большие идейные и художественные задачи) деп жазады К. С. Станиславский. Ендеше, «жүйе» ерінбей-жалықпай тер төгудің нотижесінде қол жететін, жатпай-тұрмай шеберлігін ұштап, техникасын баптайтын сахна суреткеріне ғылыми басшылық ететін актер ілімінің грамматикасы демекпіз. Сондықтан да «жүйе» сыры мен құпиясын оқулық түрінде немесе теориялық тұрғыда игеріп шығуға болады екен деген ұғым асығыстық пен ұшқалақтыққа әкеп соғады.«Станиславский жүйесінің» бастау-бұлағы — еңбек.Теория мен практиканы тығыз сабақтастыра отырып, үздіксіз түрде ұзақ уақыт сахналық жаттығулар жасау нәтижесінде ғана творчестволық табыстарға қол жеткеруге болады.
К. С. Станиславский «жүйесінің» ғылыми құдірет күші мен табиғи төркіні—теория мен практикалық процестің бір арнадан құйылыс тауып, гармониялық үн шығаруында жатыр.Өйткені К. С. Станиславский өнерді — өмірден, өмірді өнерден бөліп қараған емес. Өнер мен өмір бірлігі — «жүйенің» күретамыр тіршілігі. Аталмыш егіз сипат—сахна санаткерінің творчестволық рухына қанат бітіріп, оның ішкі көркемдік әлемін шындықпен шабытқа, сенім мен сезімге, әсемдік пен әдемілікке, толғаныс пен тебіреніске жетелейтін жолбасшы процесс.«Жүйе» — актер шеберлігін өмірмен байланыстыра зерттейтін танымдық ілім. Оның құдірет күші де осы сипатында.IVОн создавал свою систему в борьбе с упадочным буржуазным театром. Опираясь на традиции русского демократического искусства, он строил театр, призванный влиять на человеческое сознание. Он хотел, чтобы искусство стало учителем жизни.Ю. Завадский.Ұлы реформатордың қиян-кескі айқасқа шыққан ағымының бірі — кейіпкерсындылық мектебі тудырған өнер үлгісі болады. К. С. Станиславский аты аталған өнер өнегесін кезінде театр тарихында аса зор роль атқарған бірден-бір өнер мектебі болды деп мойындай тұра— идеясы озық үлгідегі орыс театрының дәстүріне жат өнер деп, іргетасын аулаққа салды. Оның пікірінше, кейіпкерсындылық мектебінің көрерменге берер рухани әсер күші (сила духовного воздействия) мен тәрбиелік, қоғамдық ықпалы аз.«Мұндай өнер әдемі-ақ, айтсе де таяз, оның құдірет-күшінен гөрі сырттай жылтырағы басым, мазмұнынан пішіні әсем» (такое творчество красиво, но не глубоко, оно более эффектно, чем сильно, в ней фома интереснее содержания) деп жазды К. С. Станиславский.«Станиславский жүйесі»— кәсіпқойлық (кәсіпқойлық өнерге тән сипат — көпшілік үшін ойнау (игра на публику), әуесқойлық (дилентантизм), кейіпкерсындылық (кейіпкерсындылық өнерге тән қасиет — өзі үшін ойнау (игра для себя) сияқты жат мазмұнда тамыр жайған көне дәстүрлі канондық өнер үлгісімен күресіп қана қоймай, «пролетар» өнері деген жалған ат жамылған идеясы формализмді жақтайтын: символизм, импрессионизм, традицинализм, стилизаторизм, футуризм, конструктивизм тәріздес зиянды ағымдармен де аяусыз айқасқа шықты, сөйтіп, өнердің реалистік, демократтық ізгі идеясын қорғап шықты.К. С. Станиславский «жүйесінің» өміршеңдігі осыны дәлелдейді.
Біз жоғарыда К. С. Станиславский күллі формализм атаулыға өзінің кейіпкержандылық өнер туралы ілімін қарсы қойды дедік. Бұл тәсілдің принципі — актердің идеялық назарын өнердің асыл мұраты болып есептелетін творчестволық ішкі бай мазмұнға зерделеу. Ал кейіпкержандылық өнер үлгісі — партнер үшін ойнау (игра для партнера) болса, «өнер бағасы оның (актердің) рухани мазмұнымен өлшенеді» (ценность искусстна определяется его духовным содержанием) — дейді ұстаз үлағаты.Ендеше, кейіпкержандылық өнердің сыр-құпиясы актердің өз талант табиғатына көркемдік түрде қожа болуы екен.Кейіпкерсындылық өнеріне тән творчестволық акт спектакльді дайындау кезеңінде табылып, ойын жүріп жатқан кезде сол бұрын табылған үлгіде қайталанумен шектелу болса, кейіпкержандылық өнеріне тән процесс — сол ойын үлгісінің көз алдымызда «дәл бүгін, дәл осы жерде, дәл қазір» (сегодня, здесь, сейчас) деген сипатта сахнада туу сәті.Сондықтан кейіпкерсындылық пен кейіпкержандылық театр мектебі тек екі бағытта тіршілік ететін творчестволық методология емес, өнердің өмірге тікелей қатысты эстетикалық әм көркемдік көзқарас проблемасын екі түрде, екі бағытта шешетін кереғар тәсіл. Таза көркемдік тұрғыдан келер болсақ, бірінші мектеп театр мақсатын: «актер шеберлігі неғұрлым шымыр,талғамы биік болса, ондай өмір — өмірге, табиғатқа жақын» деген критерий көкжиегінен көз салса, екінші мектеп: «өнер — нағыз өмірдің өзі емес, тіпті оның сәуле түсіретін айнасы да емес... уақыттан, кеңістіктен тыс өзін-өзі тудыратын өнер» деген қағиданы малданды.Творчестволық процестің объективтік заңдылықтарын жете білуді және творчестволық көңіл-күй элементтерін егжей-тегжей терең зерттеуді мұрат тұтқан ( Станиславский «жүйе» жасау барысында материалистік ғылым позициясы биігінен келді. Ол үшін ол актер творчествосының органикалық табиғатын қоздыратын (иозбудитель) басты күш — практикалық әдіс жолдарын іздеді. Артистің ішкі рухани көркемдік өмірін өмірге әкелетін ондай қолайлы әдіс — рольдің қимыл-іс тіршілігін (физическая жизнь роли) қоғамдастыру болып шықты. Нәтижесінде, актер творчествосын Станиславский психо-физикалық процесс деп анықтады. «Творчестволық сәтте,— дейді ол,—«жан мен тәннің өзара байланыс әрекеті» (создается взаимодействие тела и души) пайда болады да, нәтижесінде сыртқы ойын (внешнее) өрнегі ішкі ойын (внутренне) өрнегіне жәрдемдесіп, бір арнадан құйылыс табады».Творчестволық процесс саласында осындай заңдылықты қалыптастырып, психо-физикалық егіз ракурстен ой толғаған К. С. Станиславский, актер қызметінің практикалық тәсілін түбірлеу үшін жоғарыда айтылған өзінің әйгілі
қимыл-іс әрекетінің тәсілі (метод физических действий) деп аталатын тың программасын ұсынды. Бұл тәсілдің құндылығы—образ сомдау процесі кезінде, актер бірден сезім арқылы келмей, сезімнің өзін оятып, әрекетке жететін қимыл-іс әрекеті арқылы келуді мұрат тұтады.«Сахнада тек әрекет ету керек, дейді Станиславский. ((өйткені актер өнері мен драма өнерінің бірден-бір тиянақ-тірегі белсенділік пен әрекет» (на сцене нужно дспствовать. Действие, активность — вот на чем зиждется драматическое искусство актера).Профессионалдық актер техникасы мен сахна творчествосының тәсілі (метод сценического творчества) ең алдымен психо-физиологиялық заңдылықтарына арқа сүйейді, алайда бұл заңдылық — әлеуметтік, экономикалық саласы сияқты жиі-жиі өзгеріске ұшырай бермейді.Мәселен, қазақ тілі, сөз жоқ, Ақтамберді, Қазтуған, Бұқар заманынан бері едәуір өзгерістерге тап болғанмен, мүлде біз түсінбейтін түбегейлі процеске душарболған жоқ. Сол сияқты сахна өнері де режиссерлік шешім, қойылым әдісі, спектакльді жабдықтау мәнері (көп жағдайда модаға байланысты) тәріздес сырттай өзгерістерге ұрынғанмен, «адам табиғатының органикалық заңдылығына» (закон органической природы человека) табан тіреген «актердің ішкі, сыртқы техникасы» (внутренняя и внешняя техника) өзгермейтіні аян.«Актер творчествосының процесі,— деп жазады Станиславский,— кейінгі буындар үшін де алдыңгы буындар кезіндегідей өзінің шынайы, табиғи негізінде қала береді... Дұрыс қойылған дауыс, өлшем өрнегі, айшықты сөз ерте кезде «Тәңірім, патшаны сақтай гөр» деген әнді салған адамға қандай қажет болса, бүгінгі «Интернационал» әнін салған адамға да сондай қажет» (К. С. Станиславский, сочинения, т. 1, стр. 407—408).Бұдан шығатын қорытынды: «адам табиғатының органикалық заңдылығынан» өмірге келетін ішкі, сыртқы техникалық байлықты баптап ұстау, «тот бастырмау» концепциясы бой көрсетті. Осындай творчестволық қажеттілікті басшылыққа алған Станиславский, актердің ішкі тебіреністік көңіл-күй элементімен қабат қимыл-іс мәдениетіне жататын: тіл техникасымен, пластикалық өрнегімен, ритммен, көркем қимылмен, сөз сазымен, дауыспен, дикциямен қажымай-талмай жұмыс жасауды актердің мызғымайтын күнделікті қызмет кестесіне айналдырды.К. С. Станиславский: «Адам атаулы табиғат сыйға тартқан қимыл-іс аппаратын (физический аппарат) орынды пайдалануды біле бермейді. Оны аз десең: олар өзін баптап ұстаудың да, уақытылы шынығып отырудың да ретін таппайды. Бұлшық еттеріміз болбырап, сүйектеріміз майысып, тынымсыз жаттығу көрмей қалай болса солай жүре беру күнделікті үйреншікті әдетімізге айналып кеткен... Алайда сахна алаңына аяқ салған сәтте біз өзіміздің сыртқы пішініміздің адам төзбестей сиықсыз болып көрінетінін ескере бермейміз. Ал театрда актерді дүрбінің үлкейтілген шынысы арқылы мыңдаган халық аңдып отырады. Олай болса сахна- жұрттың көзіне бірден түсетін денеміздің әрі көркем, әрі әдемі болғанын, сондай-ақ жүріс-тұрысымыздың да әсем әрі сазды болғанын талап етеді» (К. С. Станиславский,
собрание сочинений, т. 3, стр. 32) — деп қинала жазса, айтылган аталы сөз де «жүйе» программасынан көрнекті орын алмақ.
Көпшілік жағдайда біз спортшының спортпен шұғылданғанын, бишінің биге жаттыққанын, әншінің дауыс баптағанын, музыканттың күй шалып жаттығулар жасағанын заңдылық деп санап, ал сахна өнерінің алтын аспаптай ең қиын түрі—дене мүшесін мінсіз баптауға көңіл бөліп қарамайтын драма актерінің ісін заңдылық-ау деп санаспайтынымыз бар. Бұл, әрине, «Станиславский жүйесінің» кейбір ережелерінен ауытқушылык болып табылады.
Өйткені «жүйе»— актер өнерін кәсіпқойлықтан, әуесқойлықтан, таптаурындылықтан тазартып, өнерге о баста табиғат тарту еткен адамның шықтай таза, пәк қасиетін қайтарып беру үшін күресетін критерий көзі.
Сайып келгенде, «Станиславский жүйесінің» тас табалдырығы мен қалың қабырғасын қалап шығарған — «Творчестволық кейіпкержандылық процесі бойынша актердің өз бетімен жұмыс істеуі» (Работа актера над собой в творческом процессе переживания) мен «Творчестволық кейіпкермәнділік процесі бойынша актердің өз бетімен жұмыс істеуі» (Работа актера над собой в творческом процессе воплощения) атты егіз еңбегі.
Аталмыш алып еңбектің бірінші және екінші бөлімі роль сомдау сәтінде актерге творчестволық хал-ахуал тудыруға, актердің іштей және сыртай көңіл-күйін тебіреніспен терең сезінуіне жалпы артист шабытын шақыруға жағдай туғызатын, актердің сахналық сезімі мен көркемдік кеңіл-күй процесін безбендейтін ересен еңбек.
Таратып айтар болсақ «Станиславский жүйесі» дегеніміз — әрекет пен сезімнің қимыл-іс пен психология актісінің, түр мен мазмұнның, актердің ішкі және сыртқы техникасының іргетасы — кейіпкержандылық пен кейіпкермәнділік мектебінің терең тамырластық синтездік сипаты.
Кейіпкержандылық пен кейіпкермәнділік мектебінің мызғымас платформасына мәңгі негіз болған —«әрекет» (действие), «сахналық зейін» (сценическое внимание), «қиял көзі» (вообрижение), «ұсынылған тосын жағдай» (предлагаемые обстоятельства), «мақсат пен бөлшек» (куски и задачи), «сенім мен шындық сезімі» (чувство правды и вера), «тебіреніс зердесі» (эмоциональная память), «қарым-қатынас» (общение), «задача (мақсат), «негізгі мақсат» (сверхзадача), «көкейкесті мақсат», (сверх-сверхзадача), «әрекет арқауы» (сквозное действие), «сахналық нысана» (сценический объект), «айла-амал» (приспособление), «сөз бен қимыл-іс әрекеті» (физическое и словесное действие), «сөз астары» (подтекст), «темпо-ритм» (өлшем-ырғақ), «кейіпкерсындылық өнері» (искусство представления), «кәсіпқойлық» (ремесло), «әуесқойлық» (дилентантизм), «актерлік таптаурындылық» (актерский штамп), «сахналық ішкі көңіл күй» (внутреннее сценическое самочувствие), «роль мен артист перспективасы» (перспектива артиста и роли), «тәртіптілік әм әдептілік» (этика и дисциплина), «сымбаттылық» (пластика), «тіл мен дауыс» (голос и речь) сияқты К. С. Станиславский көз жұмғаннан күні бүгін психологиялық терең критерий тұрғысынан түбірлей зерттелгені, зерттелмегені бар — күллісі көркем творчестволық элементтер циклінің табалдырығын қалайтын шеберлік критерий концепциясының қайнар көзі.