Диалектология – диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Топонимика – жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейтін сала.
Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарын (псевдоним) қарастыратын сала.
Лексикография – сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір сала.Сондай-ақ лексиканың ономасиология, этнонимика, астронимика сияқты салалары бар.
ҚОЛДАНУ АЯСЫ ШЕКТЕУЛІ СӨЗДЕРКӨНЕРГЕН СӨЗКөнерген сөз – қазіргі уақытта қолданыстан шығып қалған немесе мағынасы көмескеленген сөз. Оның екі түрі бар:
архаизм және
историзм. -
Архаизм – әр халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына байланысты әр дәуірде өзгеріп, яғни қазір басқаша аталатын ұғымның бұрынғы атауы болатын сөз.
Ескі атауы
(архаизм)
| Қазіргі атауы
(неологизм)
|
аэрофлот
адрес
рыноктық
таможня
станция
| әуежай
мекен-жай
нарықтық
кеден
бекет
|
-
Историзм – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық ұғымға байланысты туып, қазір қолданудан шығып қалған сөз. Мысалы: уез, барымта, ханзада, нөкер, батырақ, қауыл керуен, жүз басы, би, болыс т.б.
үйрету
Бас изеді – келісу
Бас имеу – келіспеу, берілмеу
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ – салттан аттау жоқ
Басынан сөз асырмау – басындырмау
Бауыр басу – үйрену
Бес аспап – өнерлі
Бес саусақтай білу – жетік білу
Бет бақтырмау – бой бермеу
Бетке айту – шындықты көзіне айту
Бетке шіркеу болды – ұятқа қалдырды
Бит қабығынан биялай тоқыған – өте шебер
Биті торғайдай, мойыны ырғайдай – арық
Бұйым көрмеу – менсінбеу
Бүйректен сирақ шығару – болмашы нәрседен шатақ шығару
Бүйідей тиді – әлек салды
Ғайып ерен қырық шілтен – мұсылмандарды жебеп жүретін киелі бейнелер
Далағакетті – босқа кетті
Дәм-тұзыжараспады – тату-тәтті тұра алмады.
Деміне(кеудесіне) нан пісірді – мақтанып ісіп кетті
Дымын шығармау – үндемеу
Ділгір болу – өте мұқтаж болу
Екі аяғын (өкпесін) қолына алу – аяғы-аяғына жұқпау
Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу
Екі езуі екі құлағына жету – қуануЕкі көзі төрт болды – қорықтыЕкі көзі шарасынан шығу – қорқуЕкі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыруЕңбегін сауды – адал күн кештіЕңсесі құру – сағыну Ер қаруы – бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар.Ереуіл атқа ер салу – елін қорғауға аттануЕрнін шығарды – мазақтады Ернінің емеурінін білу – көңілін табуЕсек құрты мұрнына түсу – баюЕтек-жеңін жиды – есін жидыЕтектен алу – кедергі жасауЕшкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамауЖағадан алу – қылғындыруЖағасын ұстау – таңдануЖағы сембеді(тынбады) – көп сөйлеуЖағына пышақ жанығандай – арықЖайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықтыЖалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүруЖанары кетті – көзінің нұры кеттіЖанды жегідей жеу – қиналу, іші құса, уайым болуЖаны зәр түбіне жету – қорқуЖаны сіреден жаралған екен – мықтыЖанын қоярға жер таппау - әлек болуЖараның аузын алу – ескі дертті еске түсіруЖарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппауЖауырынан жел өту – азап шегуЖегенін желкесінен шығару – сазайын беру.Желкесін қасу – қысылу, сасуЖеме-жамге келгенде – шешуші сәттеЖер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықтыЖер аяғы қиянда(ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алысЖер болу – ұялуЖер жұту – жоқ болуЖер қабу – өлуЖер қаптыру – алдауЖетім қыздың тойындай – елеусізЖұлдызы оңынан туу – жолы болуЖұмған аузын ашпау – сөйлемеуЖұмыртқадан жүн қырыққан – қуЖүз тайысу – ұрысуЖүзі қайту – тайсалуЖүзі солу – жүдеуЖүзіктің көзінен өткендей – сұлу Жүн терісін сыпыру – өлімші етіп сабау, азаптауЖүндей түтті – әбден сабадыЖүрегі алып ұшты(жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыдыЖүрегінің түгі бар – батырЖүрісі сұйық – ісі мардымсызЖыл көрдің бе, ай көрдің бе? – көп ұйықтағанға айтады.Жылан жалағандай – түк қалдырмау Жыланның басы қайту – аштығы басылуЖынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмей, абдырып қалғанда айтылады.Жыртысын жыртты – намысына шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді.
Жібі түзу – дұрыс адамЖігері құм болу – шаршау, тауы шағылу, жасып қалуЖілігі шағылу – беті қайтуЗәрезап болу – жүрегі шайлығу, үрейі ұшуЗәрі қайту – уы тарқауЗәріне міну – қаһарлануЗығыры қайнау – ашулануИегі қышу – дәмеленуИне шаншар жер жоқ – толық, тығызИнемен құдық қазғандай – қиын, ауырИнені жіпке тізу – бәле қууИненің жасуындай – азғантайИненің көзінен өткендей – пысықИт арқасы құрысты – қайратқа міндіИт байласа тұрғысыз – адам тұрғысызИт басына іркіт төгілу (ақ түйенің қарны жарылу) – молшылық орнауИт болу – қор болуИт пен құстың арқасында – кім көрінгеннің арқасындаИт терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттауИттің қара тұмсығындай көру – жек көруИттің құлы итақай – кім көрінген, кез келген Иығына су кету(йығы салбырау, ұнжырғасы түсу, салысуға кету) – қажу шаршауИығынан дем алу – мақтануИін тірескен - өте көпИісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеуКәдеге асу – іске жарауКәріне міну – ашулануКебін кию – аяғын құшуКежегесі кейін тарту – жалқаулануКендірі кесілді – көтерем болуКең балақ, жалпы етек – қолынан іс келмейтін, олақКең дүние тар болу –дүниеден түңілуКердең басу – талқандауКескен жерінен қан шықпас – қатал, ұятсыз адамКеудесіне шайтан кіру – азуКөз байлау – алдауКөз болу – ие болуКөз жазып қалу – адасуКөз қиығын салу – көздің ұшымен қарауКөз салу – қаруКөз сүзу – телміруКөз шалу – көрініп қалуКөзге сүйел болу – жек көрінішті көрінуКөзге түртсе көргісіз – қараңғыКөзден ғайып болу – жоқ болуКөзді ашып-жұмғанша – тез Көздің жауын алу – қызықтыруКөздің шырымын алу – аздап ұйықтауКөзі (қарасы) батты – бір жола жоқ болды, құрыдыКөзі алақандай болу – қорқуКөзі ашылу – санасы оянуКөзі жету – кәміл сенуКөзі тою – көңілі тоюКөзіне топырақ шашу – жамандық жасауКөзіне шөп салу – алдауКөк айыл(долы) – ашушаңКөк ала қойдай ету – сабау, ұруКөк өрім – бала кезКөкейін тесу – көп құмартуКөкесін таныту – ұрып-соғуКөкірегі қарс айырылу – қайғыру, өкінуКөлденең сөз – жағымсыз қауесетКөрпеңе қарай көсіл
– әліңе қара
Күлге аунаған түйедей – шаң-шаң
Кірерге тесік таппау – ұялу
Кірпігінен қырау тамған – қаһарлы
Кірпідей жиырылу – жақтырмау
Кірпік қаққанша – тез
Кірпік қақпау – ұйықтамау
Кіршік шалу – ойына ақау түсу
Қабағы кірбің тартты – ренжіді
Қабағын қырау шалу – қартаю
Қабақ қақпау – тез
Қабақ шытысты – ұрысты
Қабырғамен кеңесті – жақын кісілерімен келісті, өз-өзімен ойласты
Қабырғасы қайысу – қатты қиналу
Қадалған жерінен қан алу – дегенін істету
Қаймағы бұзылмау – бірлігі бұзылмау
Қайрауы жеткен – бабына келген
Қақпанның қанды аузын басу – қолға мықтап түсу
Қалпақтай ұшу – құлап түсу
Қалтасына сену – байлығына сену
Қан жалау – таяқ жеу
Қанат біту – қарқын алу
Қанатын жазу – белгілі болу
Қанатын қию – сорлату
Қанды балақ – озбыр
Қаны қайнау – ашулану
Қанына сіңу – әдеттену
Қанына тарту – туысына ұқсау
Қара есекке теріс мінгізу – артына кір келтіру
Қара жаяу емес – құр алақан емес
Қармаққа түсу – ұсталу
Қас бен көздің арасында – тез
Қас қарайғанда – кешқұрым
Қауқары кету – шаршау
Қиқу салды – дабыл қақты
Қой аузынан шөп алмас – момын
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау – тыныштық заман орнау
Қойға шапқан қасқырдай – тас-талқан ету
Қол арту – ниет ету
Қол байлау болу – кедергі жасау
Қол беру – келісу
Қол жалғау(қол ұшын беру) – көмектесу
Қол қусыру – бағыну, көну
Қолтыққа су бүрікті – желіктірді
Қолы ашық – жомарт
Қолы жүру – сәті келу
Қу маңдай – сорлы
Қу мойын – арық
Қу сирақ – қыдырымпаз
Қу тамақ – аш өзек, нәпсі
Қу таңдай – сөзуар адам туралы мысқыл
Құлағы тесік - әр нәрседен хабардар адам
Құлағын бұрау – үгіттеу
Құлағын түру – назар салу
Құлағына кірмеу – ұқпау
Құлағыңның тесігі бар ма, жоқ па? – кереңбісің?Құлақ қағыс ету – айтар ойдың ұшын шығаруҚұлаққа ұрған танадай – тып-тынышҚұлаш сермеу – ұмтылуҚұнт қылмау – ескермеуҚұралайды көзге атқан – мергенҚұрғақ уәдемен қуырдақ қуыру – алдауҚұрығы ұзын – билігі күштіҚызыл өңеш – даукес, сөзуарҚызыл сирақ – кедейҚызыл сөз – бос сөзҚызыл сөзден бал жағу – мадақтауҚызыл тіл – шешенҚылышынан қан таму – қатыгезҚырық құрау – тозғанҚырық пышақ – араздасқанҚысқа жіп күрмеуге келмейді – кедейлікҚысқа кол – жетіспеушілікҚысыр әңгіме – бос сөзҚытығына тию – ашуландыруМаңдай алды – үлгілі, озатМаңдай тер – адал еңбекМаңдай тер – адал еңбекпен тапқан табыс.Маңдайға тию – қиыншылықты көруМаңдайы ашық – бақыттыМаңдайы ашылу –жолы болуМаңдайы күнге күю – қиналуМаңдайы тасқа тию – беті қайтуМаңдайына біту – бар-жоғыМаңдайына сыймау – бұйырмауМаңдайынан сипау – мүсіркеуМаңдайынан шертпеу – тиіспеуМаңдайының арылмаған соры бар – бақытсызМаса(шыбын) шаққан құрлы көрмеу – елемеуМасыл болу – кісі еңбегімен күнелтуМәмпи ауыз – ашық ауызМезі болу – ығыр болуМеңдуана жегеннен саумысың? – жындандың ба?Мойны астынан келу – жеңілуМойны ырғайдай – азып-тозғанМойнын бұрау – дегенін істетуМойнын бұру – көңіл бұруМойнына жар бермеу – жалқаулануМойнына мініп алу – басынуМойнынан жалы кету – арықтауМұз арқалап күл төгу – азап шегуМұзға отырғызу – алдауМұрны қанамау – уайымдамауМұрнын көкке көтеру – паңдануМұрнынан шаншылып жүр – қолы тимеуМұрнының астын көрмеу – сезбеуМұрты сынбады(шағылмады) – кемімеді Мұртын балта шаппау – дүниесі түгелМүйіз шығу – қарық болуМүйізі қарағайдай – мықты, зорМысы құру – амалы бітуМіз бақпау – шыдап бағуМінезі ауыр – салмақтыМірдің оғындай – өткір(сөз)Місе тұту – қанағат етуНамыс жырту – арын қорғауНобайы түзу – жарамдыНоқтаға көну – жуасуОй тоқтату – ер жетуОй түбіне жетпеу – көп ойлануОйы бұзылу – айнуОйы онға, санасы санға бөліну