– не істерін білмеу
Оқалы киім кию – шен алу
Омырау жасқа малыну – еңіреу
Он екі де бір гүлі ашылмаған – қыршын жас
Он саусағындай білу – жақсы білу
Оң көзбен қарау – мақұлдау
Оң мен солын айыру – ер жету
Оң мен солына қарау – өмірге, төңірегіне қарау
Опық жеу – өкіну
Орақ ауыз – өткір тілді
Орға жығу – құлату
Отқа май құю – өршіту
Өкпесі қара қазандай – реніші таудай
Өлген жері осы – қатты ұялу
Өң алдырмау – сыр бермеу
Өң мен түстей – әп-сәтте
Өңменнен өту – айтылған сөз қатты тию
Өрісі кең – білімді
Өрісі тар – ақылы аз
Пейілі тар – сараң
Пейілін кеңге салу – жомарт болу
Рай бермеу – ыңғай бермеу
Райынан қайту – ашуы қайту
Сабақ алу – үйрену
Сабасына келу – ашуы тарқау
Сағы сыну – беті қайту
Сай сүйегі сырқырау – бүкіл денесі ауыру
Сайтаны ұстау – жыны қозу
Сақал сипап қалу – алдану
Сақинасы бар – ұстамалы ауруы бар
Салқын қанды – байсалды
Санын соғу - өкіну
Сау басына сақина тілеп алу - өзіне ауру тілеу
Саудасы біту – ісі біту
Сәлемі түзу – ниеті дұрыс
Сегіз кессе, сіркедей қан шықпас – бір беткей
Сең соққан балықтай болу – есеңгіреу
Соқыр тиынға арзымау – түкке тұрмау
Соқырға таяқ ұстатқандай – анық
Соры қайнау – бақытсыз болу
Сөз байлау – уәделесу
Сөз есту – сөгіс алу
Сөз қайыру – жауап беру
Сөз қонбады – түсінбеді
Сөзге қалу – өсекке іліну
Сөздің майын тамызу – әдемі сөйлеу
Сөздің тігісін жатқызу – жуып-шайып айту
Сөзі мірдің оғындай – өткір сөз
Сөзі түйеден түскендей – дөрекі сөз
Сөзін жерге тастамады – дегенін істеді
Сөзінің жаны бар – айтқаны дұрыс
Су жұқпас – алаяқ
Су татиды – дәмі жоқ
Суқаны қашу – қорқу
Сүтке тиген күшіктей болу – сүмірейіп қалу
Сүттей ұйыды – кәміл сенді
Сыбағасын алу – жазасын тарту
Сыр шерту – көңіл құпиясын айту
Сырдың суы сирағынан келмеу – елемеу
Сідік шаптырым жер – жақын жер
Сілесі қату – әбден шаршау
Сілтідей тыну – тым-тырыс болу
Сіңбіруге қол тимеу – уақыты аз
Сіркесі су көтермейді
– ештеңені көңілі жақтырмайды
Таба болу – мазақ болу
Табалдырығын тоздыру – қайта-қайта бару
Табан тіреу – тоқтамға келу
Табанын жалау – жалыну
Табанын жалтырату – жоқ болу
Табанынан сарсылу – титығу
Тақияда тамтығы қалмады – барынан айрылды
Тақымға алу – қысымға алу
Талағы тарс айрылу – қатты ашулану
Талшық ету – аздап қорек ету
Тамағы істі – дәмеленді
Тамақ асырау – күнелту
Тамыр жаю – кең таралу
Тамырына балта шабу – жою
Тас жүрек – қатыгез
Тасы өрге домалау – бағы жану
Тәубесіне келтіру – есін жиғызу
Тәуекелге бел байлау – көну
Тепсе темір үзеді – мықты
Терісіне сыймау – ашулану
Тойған қозыдай – жуас
Толас таппады – бәсеңсімеді
Тон пішу – сырттай болжау
Тонның ішкі бауындай - өте жақын, өз адамындай
Тонына сыймау – мақтаншақ
Төбеге жай түскендей – кенеттен
Төрт аяғынан тік тұрғызу – қалпына келтірту
Төсек тарту – сырқаттану
Түбіне жету – құрту
Түйдей жасты – жасы бір құрбы
Түйенің танитыны жапырақ – білетіні бір-ақ нәрсе
Түйенің тұяғы түсетін жер – өте алыс жер
Түн жамылды (қатты) – түнде жүрді
Түс шайысу – ұрысу
Түтін түтету – өз алдына үй болу
Түтіп жеу – қысымға алу
Тырнақ астынан кір іздеу – бәле іздеу
Тышқақ лақ жоқ – малдан жұрдай
Тізе батыру – күш көрсету
Тізе жазбау – жұбы ажырамау
Тілге келмеу – бір ауыз сөз айтпау
Тілі байлану – сөйлей алмай қалу
Тілі қышыды – сөйлегісі келді
Тірідей жерге кірді – қатты ұялды
Тіс жармау – айтпау
Тіс қаққан – ысылған
Тісі шыққан – есейген
Тісін қайрау – ыза болу
Уысынан шығу – билігінен кету
Ұзын құлақ – лақап сөз, өсек
Ұрты солу – жүдеу
Ұстараның жүзінде отыр – өте қиын
Үйірге қосылды – адам қатарына қосылды
Үлде мен бүлдеге бөленді – ырысқа кенелді
Үнжорғасы (ұнжырғасы) түсті – еңсесі түсті
Үріп ауызға салғандай – сүп-сүйкімді
Шайнап берген – анық
Шаң жуытпау – қорғаштау
Шаңырағы ортасына түсу – отауы бұзылу
Шаңырағына ат ойнатты – астан-кестен етті
Шаңырақ көтерді – үйленді
Шашасына шаң жұқпайды – жүйрік
Шашбауын көтеру – жағымпаздану
Шекесіне тиді – беті қайтты
| Идиома(лық тіркес) | Мағынасы |
| ұзын құлақ қырық пышақ өгіз аяң мұртын балта шаппау асқар тау ақ саусақ аузын қу шөппен сүрту | көпшілік ұрыс-керіс жай мұқтаждық көрмеу биік тау жалқау сараң |
| Тура мағына | Ауыспалы мағына |
| терең көл ашық терезе өткір қайшы домбыра шерту майлы төстік | терең ой ашық мінез өткір көз сыр шерту майлы дастархан |