| 10-сынып Өркениет: даму ерекшеліктері | 11-сынып Өркениет: даму ерекшеліктері |
| Білім алушылар: | |
| 10.1.1.1 "Орталық Азия" түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану | 11.1.1.1 Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттеу |
| 10.1.1.2 әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу | 11.1.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің ерекшеліктерін "тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі" , "қоныстану жүйесі", "экожүйе" ұғымдарын пайдалана отырып анықтау |
| 10.1.1.3 Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.1.3 картаны пайдаланып дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін классификациялау |
| 10.1.2.1 картаны пайдаланып "Ұлы Дала" тарихи-географиялық аймағын анықтау | 11.1.1.4 этнографиялық материалдар негізінде қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау |
| 10.1.2.2 тарихи дерек көздерді талдау негізінде "Ұлы Дала" ұғымының мәнін түсіндіру | 11.1.2.1 картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттеу |
| 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру | 11.1.2.2 Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөліне талдау жасау |
| 10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.2.3 сауда-экономикалық қарым-қатынастар жүйесіндегі көшпелі және отырықшы халықтың өзара қарым-қатынасын сипаттау |
| 10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау | 11.1.2.4 дереккөздер негізінде көшпелі және отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін анықтау |
| 10.1.2.6 "Өркениет" ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау | 11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалану |
| 10.1.2.7 әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау | 11.1.3.2 ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау |
| 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау | 11.1.3.3 Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдерін талдау, олардың ерекшеліктерін анықтау |
| | 11.1.3.4 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттеу және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болашағын болжау |
| 10-сынып Этникалық және әлеуметтік процестер | 11-сынып Саяси-құқықтық процестер |
| Білім алушылар: | |
| 10.2.1.1 Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдалану | 11.2.1.1 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "аграрлық саясат", "көші-қон саясаты", "моноэтностық құрам" ұғымдарын пайдалану |
| 10.2.1.2 этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағында этногенездің кезеңдерін айқындау | 11.2.1.2 Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу |
| 10.2.2.1 қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа", "жүз", "ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдалану | 11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "депортация", "арнайы қонысаударылғандар", "полиэтникалық қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдарын пайдалану |
| 10.2.2.2 тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау | 11.2.2.1 көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін "көші-қон", "эмиграция", "иммиграция", "репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдарын пайдалану |
| 10.2.2.3 қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар) | 11.2.2.2 Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру |
| 10.2.2.4 қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіндіру | 11.2.2.3 мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін бағалау |
| 10.2.2.5 қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдалану | 11.2.2.4 Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау |
| 10.2.2.6 дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру | |
| 10.2.2.7 туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде "мәдени-генетикалық код" ұғымын қолдану | |
| 10-сынып Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан: | 11-сынып Қоғамдық саяси ойдың дамуы |
| Білім алушылар: | |
| 10.3.1.1 Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін "мемлекет", "билік", "саяси ұйым" ұғымдарын пайдалану | 11.3.1.1 ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын анықтау |
| 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру | 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау |
| 10.3.1.3 Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау | 11.3.1.3 қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау |
| 10.3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау | 11.3.1.4 қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар-заман" өкілдерінің идеяларын түсіндіру |
| 10.3.2.2 ерте және дамыған ортағасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін бағалау | 11.3.1.5 XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси қызметін талдау |
| 10.3.2.3 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы ұлыс жүйесінің дамуын талдау | 11.3.2.1 "Алаш" ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау |
| 10.3.2.4 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін бағалау | 11.3.2.2 қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастарын салыстыру |
| 10.3.3.1 Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау | 11.3.3.1 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау |
| 10.3.3.2 Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау | 11.3.3.2 "Мәңгілік Ел" – патриоттық актісін" және "Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын" зерттеу негізінде мемлекеттің идеология саласындағы саясатын түсіндіру |
| 10.3.3.3 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақ хандығының саяси институттарының ерекшеліктерін талдау | |
| 10.3.4.1 Қазақстанның мемлекеттік егемендігіненайрылуының себеп-салдарын анықтау | |
| 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу | |
| 10.3.4.3 Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін "автономдық кеңес республикасы", "кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын пайдалану | |
| 10.3.4.4 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау | |
| 10.3.4.5 Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау | |
| 10.3.4.6 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып, Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау | |
| 10 - сынып Мәдениеттің дамуы | 11- сынып Білім мен ғылымның дамуы |
| Білім алушылар: | |
| 10.4.1.1 қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін "мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдарын пайдалану | 11.4.1.1 ғылымның дамуына Қазақстан ортағасырлық ғалымдардың қосқан үлесін зерттеу |
| 10.4.1.2 қазақ халқының материалдық мәдениетінің маңызды жетістіктерін анықтау; - Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын талдау | 11.4.2.1 XVIII ғасырдағы, ХХ ғасырдың басындағы зерттеушілердің еңбектерін зерделеу негізінде Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесін бағалау |
| 10.4.1.3 қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін "әдет-ғұрып" "рәсім", "салт-дәстүр", "діл (менталитет)" ұғымдарын пайдалану | 11.4.2.2 XIX-ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында оқу орындарының дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықты анықтау |
| 10.4.1.4 қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру | 11.4.2.3 XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы білім беру мекемелерін қызметтік ерекшеліктеріне сәйкес жіктеу |
| 10.4.1.5 дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу | 11.4.2.4 Кеңестік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін анықтау үшін "сауатсыздықты жою", "қызыл отау", "мұғалімдер институты", "мектептегі білім беру", "кәсіби білім беру", "жоғары оқу орындары" ұғымдарын пайдалану |
| 10.4.1.6 типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау | 11.4.2.5 Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесін реформалауды талдау, жетістіктері мен қайшылықтарын анықтау |
| 10.4.1.7 қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау | 11.4.2.6 Кеңестік кезеңде ғылымның дамуына Қазақстанның көрнекті ғалымдарының қосқан үлесін бағалау |
| 10.4.1.8 халықтың рухани -адамгершілік құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиетінің маңызды жетістіктерін анықтау | 11.4.2.7 Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтарын және қарама-қайшылықтарын талдау |
| 10.4.2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды анықтау | 11.4.3.1 Қазақстан Республикасының стратегиялары мен бағдарламаларын зерттеу негізінде білім және ғылым жүйесін жаңартудың алғышарттары мен маңызын талдау |
| 10.4.2.2 кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай келе, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау | 11.4.3.2 әлемдік білім мен ғылым кеңістігіне ену үшін инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдарын құру маңыздылығын бағалау |
| 10.4.3.1 Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау | |
| 10.4.3.2 халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру | |
| 10.4.3.3 халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде "Туған жер" ұғымын қолдану | |