| Бөлім | Тарау | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары |
| 1-тоқсан | |||
| Өркениет: даму ерекше ліктері | Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы | Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері | 10.1.1.1 "Орталық Азия" түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану |
| Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы | 10.1.1.2 әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу | ||
| Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары | 10.1.1.3 Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшелікте рін сипаттау | ||
| "Ұлы дала өркениеті | "Ұлы Дала": тарихи-географиялық сипаттамасы | 10.1.2.1 картаны пайдаланып "Ұлы Дала" тарихи-географиялық аймағын анықтау; 10.1.2.2 тарихи дерек көздерді талдау негізінде "Ұлы Дала" ұғымыныңмәнін түсіндіру | |
| Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) | 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру; 10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет тердің ерекшеліктерін сипаттау; 10.1.2.5 Ұлы дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау | ||
| Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті | 10.1.2.6 "Өркениет" ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау; 10.1.2.7 әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау | ||
| Орталық Азия және әлемдік өркениет | Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі | 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау | |
| Қайталау | |||
| 2-тоқсан | |||
| Этникалық және әлеуметтік процестер | Қазақ халқының шығу тегі | Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер | 10.2.1.1 Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін "антропогенез", "этногенез", "этнос" ұғымдарын пайдалану; 10.2.1.2 этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау |
| Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы | Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары | 10.2.2.1 қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін "ру", "тайпа", "жүз", "ата-жұрт", "ата-мекен" ұғымдарын пайдалану; 10.2.2.2 тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау; 10.2.2.8 туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде "мәдени-генетикалық код" ұғымын қолдану | |
| Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері | 10.2.2.3 қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар); 10.2.2.4 қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционал дық маңызын түсіндіру | ||
| Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері | 10.2.2.5 қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін "ақсүйек", "қарасүйек", "хан", "сұлтан", "би", "батыр" ұғымдарын пайдалану; 10.2.2.6 дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру | ||
| Қайталау | |||
| 3-тоқсан | |||
| Мемлекет, соғыс және революциялар тарихы нан | Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер | Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы | 10.3.1.1 Қазақстандағы ерте көшпенділердегі мемлекеттілік белгілерін анықтау үшін "мемлекет", "билік", "саяси ұйым" ұғымдарын пайдалану; 10.3.1.3 Қазақстан территориясын дағы ерте мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау |
| Ұлы дала көшпенділері нің империялары | Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері | 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; 10.3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау; 10.3.2.2 ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін бағалау | |
| Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері | 10.3.2.3 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуын талдау; 10.3.2.4 XIII -XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін бағалау | ||
| Қазақ хандығы - Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет | Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі | 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; 10.3.3.1 Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау | |
| Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары | 10.3.3.2 Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау; 10.3.3.3 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақ хандығының саяси институттарының ерекшеліктерін талдау | ||
| Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы | Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі | 10.3.4.1 Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау; 10.3.4.2 қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу | |
| Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі | 10.3.4.3 Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін "автономдық кеңес республикасы", "кеңес одағы республикасы", "унитарлы мемлекет" ұғымдарын пайдалану; 10.3.4.4 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау | ||
| Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы | 10.3.4.5 Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау; 10.3.4.6 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау | ||
| Қайталау | |||
| 4-тоқсан | |||
| Мәдениеттің дамуы | Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы | Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері | 10.4.1.1 Қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін "мәдениет", "дала өркениеті", "материалдық мәдениет", "рухани мәдениет", "қолданбалы өнер", "мәдени мұра" ұғымдарын пайдалану; 10.4.1.2 қазақ халқының материалдық мәдениетінің маңызды жетістіктерін анықтау; - Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің сабақтастығын талдау |
| Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы | 10.4.1.3 қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін "әдет-ғұрып" "рәсім", "салт-дәстүр", "діл (менталитет)" ұғымдарын пайдалану; 10.4.1.4 қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру | ||
| Тарихи және мәдени ескерткіштер | 10.4.1.5 дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу; 10.4.1.6 типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау | ||
| Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы | 10.4.1.7 Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау; 10.4.1.8 халықтың рухани -адамгершілік құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиетінің маңызды жетістіктерін анықтау | ||
| Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті | Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар | 10.4.2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау; 10.4.2.2 кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай отырып, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау | |
| Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет | Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы | 10.4.3.1 Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау; 10.4.3.2 халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру; 10.4.3.3 халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде "Туған жер" ұғымын қолдану | |
| | Қайталау | ||
| Бөлім | Тарау | Тақырып | Оқыту мақсаттары | | ||
| 1-тоқсан | | |||||
| Өркениет: даму ерекшелік тері | Қазақтардың тіршілікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі | Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы | 11.1.1.1 Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттеу; 11.1.1.2 көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің ерекшеліктерін "тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі , "қоныстану жүйесі", "экожүйе" ұғымдарын пайдалана отырып анықтау; 11.1.1.3 картаны пайдаланып дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін жіктеу | | ||
| Қолөнер мен кәсіптер | 11.1.3.4 этнографиялық материалдардың қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау | | ||||
| Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері | Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі | 11.1.2.1 картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттеу; 11.1.2.2 Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлін талдау | | |||
| Экономикалық және мәдени өзара қарым-қатынас және өзара әсері | 11.1.2.3 сауда-экономикалық қарым-қатынастар жүйесінде көшпелі және отырықшы халықтың өзара қарым-қатынасын сипаттау; 11.1.2.4 дереккөздер негізінде көшпелі және отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін анықтау | | ||||
| Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік- экономикалық дамуы | ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы | 11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалану; 11.1.3.2 ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау | | |||
| Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы | 11.1.3.3 Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдерін талдау, олардың ерекшеліктерін анықтау; 11.1.4.4 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттеу және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болашағын болжау | | ||||
| Қайталау | | |||||
| 2-тоқсан | | |||||
| Саяси-құқық тық процес тер | Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасу тарихы | Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы) | 11.2.1.1 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "аграрлық саясат", "көші-қонсаясаты", "моноэтностыққұрам" ұғымдарын пайдалану; 11.2.1.2 Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу | | ||
| Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы | 11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "депортация", "арнайы қонысаударылған дар", "полиэтникалық қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдарын пайдалану; 11.2.1.2 Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу | | ||||
| Қазақстан Республикасы ның этносаралық қатынастар саласындағы саясаты | Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты | 11.2.2.1 көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін "көші-қон", "эмиграция", "иммиграция", "репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдарын пайдалану; 11.2.2.2 Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру | | |||
| Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі | 11.2.2.3 мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін бағалау | | ||||
| Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі | 11.2.2.4 Ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау | | ||||
| Қайталау | | |||||
| 3-тоқсан | | |||||
| Қоғам дық-саяси ойдың дамуы | Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ойдың эволюциясы | Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы | 11.3.1.1 Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын анықтау; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау | | ||
| Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы | 11.3.1.3 Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау | | ||||
| "Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары | 11.3.1.4 Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар-заман" өкілдерінің идеяларын түсіндіру; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау | | ||||
| ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары | 11.3.1.5 XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси қызметін талдау; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау | | ||||
| "Алаш" –қоғамдық ой және ұлттық идея | "Алаш" ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері | 11.3.2.1 "Алаш" ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау | | |||
| "Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары | 11.3.2.2 Қазақ мемлекеттілігінің даму жолдары туралы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси көзқарастарын салыстыру; 11.3.1.2 Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау | | ||||
| "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы - ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын біріктіруші негіз | "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негізі | 11.3.3.1 "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау | | |||
| Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары | 11.3.3.2 "Мәңгілік Ел – патриоттық актісін" және "Қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын" зерттеу негізінде мемлекеттің идеология саласындағы саясатын түсіндіру | | ||||
| Қайталау | | |||||
| 4-тоқсан | | |||||
| Білім мен ғылым ның дамуы | Ортағасырлық Қазақстанның ғылыми мұрасы | Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы | 11.4.1.1 ғылымның дамуына Қазақстан ортағасырлық ғалымдардың қосқан үлесін зерттеу | | ||
| XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы | XVIII-ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы зерттеулер | 11.4.2.1 XVIII-ХХ ғасырдың басында зерттеушілердің еңбектерін зерделеу негізінде Қазақстандағы ғылымды дамытуға қосқан үлесін бағалау | | |||
| XIX - ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы оқу орындарының қызметі | 11.4.2.2 XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағында оқу орындардың дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықты анықтау; 11.4.2.3 XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда өмір сүрген білім беру мекемелерін қызметтік ерекшеліктеріне сәйкес жіктеу | | ||||
| Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары | 11.4.2.4 Кеңестік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін анықтау үшін "сауатсыздықты жою", "қызыл отау", "мұғалімдер институты", "мектептегі білім беру", "кәсіби білім беру", "жоғары оқу орындары" ұғымдарын пайдалану; 11.4.2.5 Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесін реформалауды талдау, жетістіктері мен қайшылықтарын анықтау | | ||||
| Қазақ КСР Ғылым академиясы – КСРО-ның ірі ғылыми орталығы | 11.4.2.6 Кеңестік кезеңдегі ғылымның дамуына Қазақстанның көрнекті ғалымдарының қосқан үлесін бағалау; 11.4.2.7 Кеңестік саяси жүйе жағдайында Қазақстан ғылымы дамуының қиындықтарын және қарама-қайшылықтарын талдау | | ||||
| Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы білім және ғылым жүйесі | Қазақстан Республикасы білімі мен ғылымы дамуының мәселелері мен болашағы | 11.4.3.1 Қазақстан Республикасының стратегиялары мен бағдарламаларын зерттеу негізінде білім және ғылым жүйесін жаңартудың алғышарттары мен маңызын талдау; 11.4.3.2 әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ену үшін инновациялық ғылыми және білім беру ұйымдарын құрудың маңыздылығын бағалау | | |||
| Қайталау | | |||||
| | Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 119-қосымша | |||||