| Білім алушылар: | |
| 10-сынып | 11-сынып |
| 10.1.1.1 - құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру | 11.1.1.1 - нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау |
| 10.1.1.2 - құқықтың функционалдық маңызын нақты мысалдар арқылы ашу | 11.1.1.2 - нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу |
| 10.1.1.3 - құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт) | 11.1.1.3 - заңдылық пен құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру |
| 10.1.1.4 - мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау | 11.1.1.4 - заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру |
| | 11.1.1.5 - қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау |
| 10.1.2.1 - құқықтық мемлекет принциптерін айқындау | 11.1.2.1 - Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 жарлы-ғы), Адам құқық-тары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 258 қаулысы) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру |
| 10.1.2.2 - конституциялық принциптер негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату | 11.1.2.2 - Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру |
| 10.1.3.1 - тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру | 11.1.3.1 - нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру |
| 10.1.3.2 - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени) | 11.1.3.2 - азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқалардың) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау |
| 10.1.3.3 - адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт) | 11.1.3.3 - Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру |
| | 11.1.3.4 - Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру |
| 10.1.4.1 - сот төрелігінің принциптерін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру | 11.1.4.1 - сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету |
| 10.1.4.2 - Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау | 11.1.4.2 - судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету |
| Білім алушылар: | |
| 10-сынып | 11-сынып |
| 10.2.1.1 - Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру | 11.2.1.1 - азаматтық ұғымын ашып көрсету |
| 10.2.1.2 - Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар) | 11.2.1.2 - қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру |
| | 11.2.1.3 – Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау |
| 10.2.2.1 - мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру | 11.2.2.1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау |
| 10.2.3.1 - экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру | 11.2.3.1 - жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру |
| 10.2.3.2 - Экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну | 11.2.3.2 - Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату |
| 10.2.4.1 - Қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау | 11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау |
| 10.2.4.2 - нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру | |
| 10.2.4.3 - нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау | |
| 10.2.4.4 - кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау | |
| 10.2.4.5 - жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау | |
| 10.2.4.6 - қылмыстық жауаптылықтан адамның босатылу шарттарын айқындау | |
| 10.2.5.1 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру | 11.2.5.1 - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату |
| 10.2.5.2 - нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану | 11.2.5.2 – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау |
| Білім алушылар: | |
| 10-сынып | 11-сынып |
| 10.3.1.1 – Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер) | 11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру |
| 10.3.1.2 - азаматтық құқық субъектілерін анықтау | 11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру |
| 10.3.1.3 - азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу | 11.3.1.3 - мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру |
| 10.3.1.4 - нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау | |
| 10.3.1.5 - құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымы және оның түрлерін түсіндіру | |
| 10.3.1.6 - мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымы және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру | |
| 10.3.1.7 - құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру | |
| 10.3.1.8 - заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу | |
| 10.3.1.9 - міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау | |
| 10.3.2.1 – Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау | 11.3.2.1 - қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру |
| 10.3.2.2 - заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру | 11.3.2.2 - нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау |
| 10.3.3.1 - отбасылық қарым-қатынастар саласын дағы нормативтік құқықтық актілердің қажетті лігін түсіндіру ("Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі", "Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңы") | 11.3.3.1 - авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру |
| 10.3.3.2 - Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру | |
| 10.3.3.3 - әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу | |
| 10.3.4.1 - Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру | |
| | 11.3.4.1 - ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру |
| | 11.3.4.2 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау |
| | 11.3.4.3 - алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау |
| | 11.3.5.1 - еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау |
| | 11.3.5.2 - кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу |
| | 11.3.5.3 - жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау |
| Білім алушылар: | |
| 10-сынып | 11-сынып |
| 10.4.1.1 - қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін түсіндіру | 11.4.1.1 - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру |
| 10.4.1.2 - қылмыстық процесс субъектілерін ажырату | 11.4.1.2 - кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау |
| 10.4.1.3 - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету | 11.4.1.3 - Қазақстан Республикасының алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау |
| 10.4.2.1 - азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау | 11.4.2.1 - талап қою шарттарын түсіндіру |
| 10.4.2.2 - азаматтық процестің субъектілерін ажырату | 11.4.2.2 - талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру |
| 10.4.2.3 - кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау | 11.4.2.3 - Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету |
| 10.4.3.1 - әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен принциптерін түсіндіру | 11.4.3.1 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу |
| 10.4.3.2 - әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау | 11.4.3.2 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету |
| 10-сынып | 11-сынып |
| 10.5.1.1 - халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар салаларын анықтау | 11.5.1.1 - Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру |
| 10.5.2.1 - қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау | 11.5.1.2 - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу |