| Бөлім | Бөлімше | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары. Білім алушылар тиісті: |
| 1-тоқсан | |||
| Мемлекет және құқық | Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар | Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы | 10.1.1.1 - құқық белгілерін қорытындылай отырып ұғымын түсіндіру; 10.1.1.2 - құқықтың функционалдық маңызын нақты мысалдар арқылы ашу |
| Құқық жүйесі. Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі ретінде | 10.1.1.3 - құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт); 10.1.1.4 - мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау | ||
| Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам | Құқықтық мемлекет түсінігі және оның принциптері | 10.1.2.1 - құқықтық мемлекеттің принципте рін айқындау; | |
| Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары | 10.1.2.2 - конституциялық принциптер негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату; | ||
| Адам құқықтары түсінігі | Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері | 10.1.3.1 - тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру; 10.1.3.2 - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени); 10.1.3.3 - адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт) | |
| Сот төрелігінің принциптері. Құқық қорғау органдары | Сот төрелігінің принциптері | 10.1.4.1 - сот төрелігінің принциптерін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру | |
| Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары | 10.1.4.2 - Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау | ||
| 2-тоқсан | |||
| Жария құқық | Қазақстан Республикасы ның конституция лық құқық жүйесі | Қазақстан Республикасы конституция лық құқығының институттары | 10.2.1.1 - Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру; 10.2.1.2 - Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар) |
| Әкімшілік құқық жүйесі | Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі | 10.2.2.1 - мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру | |
| Экологиялық құқық негіздері | Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны | 10.2.3.1 - экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымын және нысанын түсіндіру; 10.2.3.2 - экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну | |
| Қылмыстық құқық жүйесі | Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде | 10.2.4.1 - қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау; 10.2.4.2 - нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру | |
| Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілік ке тартылатын тұлғалар | 10.2.4.3 - нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау; 10.2.4.4 - кәмелетке толмағандарды қылмыс тық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау | ||
| Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары | 10.2.4.5 - жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау; 10.2.4.6 - адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылу шарттарын айқындау | ||
| Қазақстан Республикасы ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі | Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер | 10.2.5.1 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық-саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру; 10.2.5.2 - нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану | |
| 3-тоқсан | |||
| Жеке құқық | Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары | Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері | 10.3.1.1 - Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер); 10.3.1.2 - азаматтық құқық субъектілерін анықтау |
| Азаматтық құқықтың объектілері | 10.3.1.3 - азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу; 10.3.1.4 - нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау | ||
| Мәміле түсінігі және оның түрлері | 10.3.1.5 - құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымын және оның түрлерін түсіндіру | ||
| Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы | 10.3.1.6 - мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымын және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру; 10.3.1.7 - құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру | ||
| Міндеттемелік құқық | 10.3.1.8 - заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу; 10.3.1.9 - міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау | ||
| Тұтынушылар құқығы туралы заңнама | Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі | 10.3.2.1 - Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау; 10.3.2.2 - заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру | |
| Отбасы құқығы жүйесі | Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері | 10.3.3.1 - отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру ("Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі", "Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңы") | |
| Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі | 10.3.3.2 - Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру; 10.3.3.3 - әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу | ||
| Еңбек құқығы жүйесі | Қазақстан Республикасында еңбек қатынастары ның құқықтық реттелуі | 10.3.4.1 - Қазақстан Республикасы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру; | |
| 4-тоқсан | |||
| Іс жүргізу құқығы ның негіздері | Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері | Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері | 10.4.1.1 - қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру |
| Қылмыстық процесс субъектілері | 10.4.1.2 - қылмыстық процесс субъектілерін ажырату | ||
| Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауының негіздері | 10.4.1.3 - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету | ||
| Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері | Азаматтық процестің міндеттері мен принциптері | 10.4.2.1 - азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау | |
| Азаматтық процестің субъектілері | 10.4.2.2 - азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау; 10.4.2.3 - кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау | ||
| Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері | Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен принциптері | 10.4.3.1 - әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен принциптерін түсіндіру; 10.4.3.2 - әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау | |
| Халықаралық құқық | Халықаралық жария құқығы | Халықаралық жария құқығы түсінігі | 10.5.1.1 - халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау |
| Халықаралық құқықтағы адам құқықтарының қорғалуы | Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары | 10.5.2.1 - қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау | |
| Бөлім | Бөлімше | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары Білім алушылар тиісті: | | ||
| 1-тоқсан | | |||||
| Мемлекет және құқық | Заң шығару, құқықтық мәдениет, мемлекет қоғамның саяси жүйесінде | Заң шығару жүйесі | 11.1.1.1 - нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау; 11.1.1.2 - нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу | | ||
| Заңдылық және құқықтық тәртіп. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет | 11.1.1.3 - заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру; 11.1.1.4 - заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру | | ||||
| Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде | 11.1.1.5 - қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау | | ||||
| Қазақстан Республикасын да құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы | Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет | 11.1.2.1 - Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 жарлығы), Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 258 қаулысы) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру | | |||
| Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының дамуы | 11.1.2.2 - Қазақстан Республикасы азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру; | | ||||
| Қазақстан Республикасын да адам құқығын қорғау | Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы | 11.1.3.1 - нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасының адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру; 11.1.3.2 - азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқа) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау | | |||
| Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция | 11.1.3.3 - Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру | | ||||
| Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының қорғалуы және жүзеге асырылуы | 11.1.3.4 - Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру | | ||||
| Сот жүйесі | Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі | 11.1.4.1 - сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету; 11.1.4.2 - судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету | | |||
| 2-тоқсан | | |||||
| Жария құқық | Қазақстан Республикасын дағы азамат тық және сайлау | Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституция лық құқығының институты | 11.2.1.1 - азаматтық ұғымын ашу; 11.2.1.2 - қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру | | ||
| Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы | 11.2.1.3 - Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау | | ||||
| Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері | Қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық түрлері | 11.2.2.1 - Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау | | |||
| Жер құқығы негіздері | Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны | 11.2.3.1 - жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру; 11.2.3.2 - Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату | | |||
| Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері | Адам және азаматтардың конституция лық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық | 11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау | | |||
| Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық | 11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау | | ||||
| Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік | 11.2.5.1 - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату; 11.2.5.2 - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау | | |||
| 3-тоқсан | | |||||
| Жеке құқық | Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері | Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты | 11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру; 11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру | | ||
| Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты | 11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру; 11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру | | ||||
| Мұрагерлік құқық | 11.3.1.3 - мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру; | | ||||
| Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы | Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері | 11.3.2.1 - қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру; 11.3.2.2 - нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау | | |||
| Авторлық құқық негіздері | Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны | 11.3.3.1 - авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру; | | |||
| Отбасы құқығы институттары | Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері | 11.3.4.1 - ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру | | |||
| Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері | 11.3.4.2 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау | | ||||
| Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері | 11.3.4.3 - алименттік қатынастардың субъекті лерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау | | ||||
| Еңбек құқығының базалық нормалары | Еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері және олардың мемлекеттік кепілдіктері | 11.3.5.1 - еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау; 11.3.5.2 - кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу | | |||
| Еңбек дауларының қаралуы | 11.3.5.3 - жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау | | ||||
| 4-тоқсан | | |||||
| Іс жүргізу құқығы ның негіздері | Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары | Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты | 11.4.1.1 - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру | | ||
| Кәмелетке толмағандар дың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу | 11.4.1.2 - кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау | | ||||
| Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері | 11.4.1.3 – Қазақстан Республикасы алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау | | ||||
| Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары | Талап қою іс жүргізуінің негіздері | 11.4.2.1 - талап қою шарттарын түсіндіру; 11.4.2.2 - талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру | | |||
| Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері | 11.4.2.3 - Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету | | ||||
| Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары | Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдар | 11.4.3.1 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу | | |||
| Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері | 11.4.3.2 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету | | ||||
| Халықаралық құқық | Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі | Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы | 11.5.1.1 - Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру; 11.5.1.2 - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу | | ||
| | Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 122-қосымша | |||||